Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен

Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған.

Фалес (640-560 б.э.д.ғ) Милеттік мектептің негізін қалаушы, әйгілі грек ғалымы, философиялық мұралар қалдырған.

Негізгі көзқарастар

Барлық тіршіліктің негізі су дейді. Жерді тегіс диск ретінде көрсетіп, суда тыныш деп айтқан.

Барлық өлі табиғат пен заттардың жаны бар деп есептеген көптеген құдайлар болуы мүмкін деген.

Жер жүзінің орталығы жер деп білген жылдың нақты ұзақтығын анықтады 365 күн. Бірқатар математикалық жаңалықтар жасады (Фалес теоремасы)Анаксимандр (б.э.д 610-540 ғ) Фалестің ізбасары.

Негізгі көзқарастар.

Барлық тіршілікті бастауы Апейрон деп есептеген, яғни бәрі шексіз, мәңгілік, өлшенбейтін субстанция дейді.

Материяның сақталуының заңын ашты (заттың аталарлық құрылымын айтты.) Барлық тіршілік атаулы заттар микроскопиялық элементтерден тұрады.Тірі организмнің өлімінен кейін заттар элементі (атомдар) қалады, нәтижесінде жаңа заттар организмдер пайда болады. Алғашқы болып адамның басқа жануарлардың эволюциясының нәтижесінде қалыптасқан деген ойды ұсынған. Анаксимен (б.э.д. 546-526 ғ) Анаксимандрдің оқушысы

Негізгі көзқарастар

Барлық тіршіліктің бастауы ауа деп есептейді. Жердегі барлық заттар ауаның түрлі концен-нан туған деген ойды ұстанды. (ауа қысылып суға, сосын жерге, тасқа айналды деген.Адам жаны мен ауа арасында паралельдер жүргізді) Құдайшылықты табиғат күштерін қатар көрген.

62.Материя және оның атрибуттары

Материя атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя болмысының үш атрибуты бар – кеңістік, уақыт, қозғалыс.

Материяның басты қасиеті - қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. Қозғалысты кез келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Қозғалыстың өзiне қарама-қарсы сәтi: тыныштық материя объектілерінің өзгеру ерекшеліктері. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп.

Қозғалыстың әмбебаптығы туралы, оның бастапқы қасиет екендігін антикалық Милет мектебі, Гераклит, Демокрит, Эпикур сияқты философтар айтып кеткен. П. Гольбах XVIII ғасырда қозғалысты материяның өмір сүру тәсілі деп түсіндірді. Бірақ ол оны механикалық орын ауыстыру деп түсінген. XIX ғасырда қозғалыс формаларының байлынысы мен олардың классификациясын Ф. Энгельс ұсынды. Ол қозғалыстың механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті. Материя қозғалысының ең жоғарғы формасы - әлеуметтік қозғалыс болып табылатындығын айтты. Қазіргі заман ғылымында қозғалыстың геометриялық, термоядролық, планетарлық формалары туралы сөз етіліп жүр.

Кеңістік - материяның маңызды атрибуты. Кеңістік уақыт сияқты емес, ол қайта оралады. Кеңістік - материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.Кеңістік объектілердің және олардың қалыптарының бірінің қасына бірі жайғасып тұруының тәртібінен қалыптасады. Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар, біріктірудің тұрақты көрсеткіші.

Кеңістік үш өлшемді. Ол өлшемдерге ұзындық, ен, биіктік жатады. А. Энштейннің салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем - уақыт қосылады.

Уақыт - әртүрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және заңды атрибуты. Басты қасиеттері - бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, ылғи да өткеннен болашаққа қарай жүреді.

А. Энштейннің салыстырмалылық теориясы кеңістік пен уақыттың нақты қасиеттерінің материалдық объектілердің ерекшелігіне, олардың қозғалыс пен өзара әрекетіне тәуелділігін анықтайды.

Кеңістік пен уақыттағы дененің қасиеттері қозғалыстың жылдамдығына байланысты. Мысалы, дененің қозғалыс жылдамдығының жарық жылдамдығына жақындауы, жылжу бағытындағы өлшемдерді қысқартады, ал уақыттың өтуі бәсеңдейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: