Л. Фейрбах философиясы

Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Людвиг Фейербах 1804 ж. Ландсугутта туып, 1872 ж. Нюрнберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері:. «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын», т.б.

Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның диалектикасын жоғары бағалап, жас гегеляншылар қатарында болды. Кейін келе, ол Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықтан философияның бірден-бір міндеті дінге қарсы күресу деп тұжырымдады. Құдай – адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз алдына мән ретінде қалыптасқан ұғым. Шындап келгенде, құдай деп жүргеніміз адамның өзі. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін. Сондықтан, Кант пен Гегельдің адамды рухани құбылыс ретінде қараулары негізсіз. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Тәп өлгенде жан да өз өмірін тоқтатады. Адамның мәні — ақыл-ой, жігер, жүрек (жан мағынасында) және физиологиялық процестерге жатпайтын өзіндік ерекшеліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тығыз байланысты. Адам — табиғаттың ең жоғары нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті табиғатты зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде, адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. «О дүниеде» қалай жақсы өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, «осы дүниеде»-қалай жақсы өмір сүруге болатын жолдарды іздестірулері керек. Осындай жақсылыққа апаратын жол, құдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді Фейербах.

Фейербах Канттың таным тұжырымдамасын сынға ала отырып, адам ақыл-ойы объективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным процесінде басты рөлді сезім атқарады, ал ойлаулың қызметі сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстыру.

 

64.XVIII ғ. Ағылшын – француз ойшылы Ж. Ж. Руссо философиясы

Жан Жак Руссо(1712—1778 жж.) француз ағартушылық ағымының шеңберінен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы және философ. Негізгі еңбектері: «Теңсіздіктің себептері туралы»,.«Қоғамдық келісім туралы», «Эмил, немесе тәрбие туралы». Егер Вольтер адамзат тарихы прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің құлдырауы сәйкес келіп отырады дейді. Себебі, қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік, өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсудің қайнар көзі болғандықтан ол, адамгершіліктің, мінез-құлықтың азғындауына әкеліп соқтырады.

Теңсіздік мәңгі әлеуметтік құбылыс емес, алғашқы қауымдық қоғамда теңсіздік болмаған, себебі онда меншік болған жоқ, сондықтан, барлық, мәселе адамгершілік тұрғысынан шешілді. Ал кейінірек, өндірістік құралдардың жетілуі және жоғары сатыға көтерілуі — жеке меншіктің, ал ол – теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.

Әлеуметтік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы — Руссоның айтуынша, — бәсеке бостандығы арқылы адамдардың табиғи құқықтарының (өмір сүруге, ерікті болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Адам туғанда бас бостандығымен туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекелеген жігер-еркін біріккен, «ортақ жігер — ерлікке» шоғырландырады. Сөйтіп, мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті бейбітшілік пен: әділеттілікті сақтау.

Руссоның теңсіздіқ, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өмірінде мемлекеттік құқық тәрбиесі, т.б. әлеуметтік құбылыстардың қалыптасуына үлкен әсер етті.

66.Сопылық ілім

Сопылық (арабша суф - жүн, ірі қылшықты жүннен жасалған киім.) - исламдағы мистикалық - аскеттік бағыт. Алғашқы сопылық қауымдар сегіз жүз жылдың шамасында пайда болып, өмір сүріп отырған әлеуметтік теңсіздікке феодалдық ақсүйектермен ауыз біріктірген жоғары дін басыларының дүние қоңыздығына наразы төменгі топтағы мұсылман дінбасыларын біріктірді.

Алайда сопылық қанаушы қоғамға белсенді түрде қарсы шықпауға бітімге келуге құдайдан қорқуға дүниеден бас кешуге шақырды, шектелді. Кедейлік жанды құтқарудың басты ең таңдаулы құралы ретінде дәріптелді, діни сенім дәрежесіне жетті. Сопылық халық бұқарасының ерік жігерін тұншықтырды. Оларды таптық күрестен бұрып әкетті. Жалпы алғанда сопылыққа дұшпандық көз қарастағы ортодок салды. Дін басылары оның ілімінің мұсылман дінін нығайтатын жақтарын қалт жібермей пайдаланып отырды.

Алғашқы кезде сопылардың жүйелі жасалған көзқарастары болмағандықтан олар да аскетизімді өмірдегі бар қызықтан безіп о дүниедегі жұмақты уағыздады, олар сан рет қайталап дұға оқу, зікір салу арқылы жаратушыға табыну адамның алдына қойған ең жоғарғы білімге құдайды тануына жеткізеді деп сендірді.

Сопылардың алғашқы ұстаздары ретінде дәріптелген мистиктер өздерінің құдайшылдығымен діни тәртіпті бұлжытпай орындауларымен белгілі еді. Олардың арасында Аль Хасан және басқалар бар.

Сопылық ілімі VIII - IX ғасырларда қазіргі Ирак пен Сирия аумағында пайда болды. Мезопатамия хорасан Мағрипте таралды Мұхаммед пайғамбардың ілімі тәрізді сопылық ілімі де мұсылман қоғамының сан алуан жіктері өкілдерінің жүректерін жаулап алды.

Теологтардың пайымдауынша, сопылық — не нәрсені де «әділдік», «ұят» және «сұлулық» өлшемімен бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық – этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс. Құран-хадисті ең жоғары дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім — тасаууф. Ол тәңіртануды, адамзаттың этика – эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасып, танылған.

67.Философиядағы адам мәселесі

Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.

Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.

Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады.

ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.

ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.

Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.

Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.

Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.

 

68.Адамның сана сезімінің философиялық ерекшелігі

Сана - ғажап дүние. Бүкіл өнер, дін, әдебиет, философия техника әлемі және ғылым, адам санасының нәтижесі. Сана - құдіретті күш, әлемді билейтін де сана. Сана бүкіл философияда, ғылымда және дінде әртүрлі ой-пікір туғызып, оларды бір-бірімен салыстырып қояды. Сана – дүние, қоғам, адам, т. б. материя жүйелерінің бәріне нұр төгіп тұр. Сана қалай пайда болады? Бұл туралы ғылымда пікірталас көп. Адам баласына ой қалай келеді және рухани дүние мен денелік дүниенің арасындағы айырмашылық қандай? Жеткілікті білім болмағандықтан, алғашқы адамдар сананы адам денесінен бөлек өмір сүретін «жанның» қасиеті дейді. Мысалы, қазақтар оны шыбынға теңеп, жан ұшып жүреді, бақыттың болуы, оның қонуына байланысты деп санаған. Діни-идеалистік түсініктерде осы дәстүр сақталып, сана материалдық емес, «жан» субстанциясының көрінісі, ол жалпы алғанда материядан (мидан) тәуелсіз өмір сүретін, өлмейтін және мәңгілік құбылыс деп есептеледі.

Алғашқы грек философтары космостың өзін тірі организм - адамнан тәуелсіз, өзінше өмір сүреді деп санаған. Сана тікелей ғарыштың нәтижесі, бірыңғай, өзінің мәнінде бүтін, бөлінбейтін, Құдайдың ақылына байланысты туады деп есептелді. Тейяр де Шарденнің теориясы бойынша сана – адамнан жоғарғы мәні, мидың, материяның ішкі жағы. Орта ғасыр философиясының өкілі Дунс Скоттың пікірінше, тіпті таста ойлай алады-мыс. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hule- материя, zoe- тіршілік) дейді.

Сана ми арқылы пайда болады. Адам ақыл-ой арқылы пайымдайды, жоспарлайды. Ми - материя. Ми жануарларда да бар. Жануарлардың өмірі спонтандық емес, өзінің санасына бағынған, мәні бар. Жануарлар өз тәжірибелерін жинақтап, оны ебін тауып қолданады. Жануарлардың бірқатар әрекеттері күрделі, әрі саналы болады. Бұл негізінен жоғарғы сатыдағы мысық, ит және приматтарда айқын көрінеді. Жануарларда өздеріне тән «мораль», тәртіп, жетекшілік-бағыныштылық қатынастар, күрес жолдарын саналы таңдау бар. Инстинктің өзі де тек туа біткен емес, өмірде пайда болған, яғни өмірде игерілген тиімді әрекеттердің сана деңгейінде сақталып отыруы..

Өзіндік сана - сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші - өз ерекшелігіңді түсіну, өзіңді дүниеден, басқа адамдардан бөле қарап, қажеттілік, құштарлық, ұмтылыстарыңды талдап, іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау. Өзіндік сананың тұруының да тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Алғашқыда адам жеке өзі емес, кіші қоғамның, рудың мүшесі ретінде қоршаған табиғаттан бөлінеді, тіпті басқа руларға табиғаттың бөлігі деп қарап оған қарсы тұрады да, мүшелерін аң ретінде аулайды (каннибализм). Кейін еңбек қарулары жетіліп, жеке семья ретінде өмір сүру мүмкіндігі туғанда, рулық сананың орнына жекелік сана, «біз» түсінігінің орнына «мен» ұғымы келе бастайды.

Жетілген сана - өзіндік сана, өз ерекшелігіңді, қайталанбайтыныңды түсіну, ол тек адамға тән, өз-өзіне жауапкершілік жүктеудің басты себебі. Өзіндік сана - адамның танымдық, өнегелік, діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс-әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс-тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Өзіндік сана әр уақытта жеке адамға байланысты. «Өзіндік сана - білім. Менен басқа жерде еркін өмір сүре алмайды», - дейді Гегель. Оның мәні кісінің сезіну, күйзелу, ойлау ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік сананы объектендірудің қиындығы. Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы. Бұл қоғамдық сананың ұлттық сипатының белгісі және жеке адам санасы тәрізді құрып кетпейтіндігінің куәсі. Қоғамдық сананы ары қарай дамытып жетілдіретін жеке тұлғалар, бірақ олар ол үшін қоғамдық сананың белгілі бір санасын жеткілікті түрде игеріп, оны ары қарай жалғастыра білуі керек. Тек осы жағдайда ғана ол тұлғалардың санасы да мәңгілікке өтеді, қоғамдық-ұлттық сананың ажырамас бір сипатына айналады.

Қоғамдық сана – бейнелеу түрі мен рухани дүниені жасау әдістері арқылы ажыратылады. Қоғамдық сананың адам санасына әсер етуінің екі жолы бар: 1. жеке адамдар санасы арқылы: 2. қоғамдық естелік (кітап, газет, теледидар, радио) арқылы. Қоғамдық сана - өте күрделi құбылыс. Олардың әрқайсысы өзiндiк салыстырмалы рухани құрлым, сонымен бiрге басқалармен жан-жақты тiкелей және жанама байланыста болады.

Қарапайым сана - ғылыми емес, бірақ тікелей күнделікті өмірден шыққан сана. Теориялық сана – белгілі бір деректерге сүйенген ғылыми ұмтылыстан туатын қорытындылар, қағидалар, заңдылықтар, көптеген мәселелер туралы ғылыми көзқарастар. Сонымен бірге тек болжамдарға сүйенген қате қағидалар да теориялық негіз құрайды. Бұл теориялар ғылыми бола алмайды. Теориялық сананы қоғамның идеалдық моделі деуге болады, ол әрқашан деректермен толықтырылып, жаңартылып отыруы керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: