Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 3 страница

- Бірінші оқығанда -0 бесіншіден кейін-1-2-өте төмен

Сөздер:уақыт,нан,аспан,өсімдік,қар, май,ағаш,көрпе,киім,дала

осы сияқты бірнеше варианттағы тапсырмалар жасап алу керек.

 

«10 сан» әдістемесі

Мақсаты: Баланың қарапайым математикалық білімін тексеру.

Әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға болады.

Тапсырмалар:

  1. Келесі сандар қалай аталады: бірнеше бірлік сандар айтылады: (2,7,6)
  2. 5,7 сандарына көрші сандарды ата.Олар неге көрші сандар деп айтылады?
  3. 9 дан бір санға кіші санды ата,енді бір санға жоғары санды ата.
  4. 3 пен 5 сандарының арасында қандай сан тұрады?
  5. Бірден онға дейін санап берші
  6. Оннан бірге дейін қалай саналады.
  7. Қатар орналасқан үш санды ата.
  8. 7 санынан кейін орналасқан санды ата
  9. Аталған саннан үлкен немесе кіші санды қалай шығаруға болады?
  10. Санамақ қандай саннан басталады?

 

Бағалау шкаласы:

-8-10 сұраққа жауап берсе -жоғары деп бағаланады.

-3- 7 сұраққа жауап берсе -орта деп бағаланады.

-1 -4-сұраққа жауап берсе- төмен деп бағаланады.

«10 фигура» әдістемесі.

 

Мақсаты: Баланың геометриялық фигураларды білуін анықтау.

Төменде берілген сұрақтарды қолдана отырып баламен әңгімелесу барысында, оның білімі туралы мағлұмат жиналады.

Бұл әдістемені ойын ретінде балалар тобымен жүргізуге де әбден болады, мысалы, психолог балаларды ертегі әлеміне қыдыруға шақырады. Бұл әлемдегі заттардың барлығы геометриялық фигуралардан тұрады екен.Осы фигураларды дұрыс атағандар басқа бөлмеге шығуына, үзіліс жасауына, келесі тапсырманы орындауына рұқсат алады (балаларды қызықтыратын нәрселерді қолдану қажет)

 

Әңгімелесуге келесі сұрақтарды қолдануға болады.

1. Қандай фигуралардың атын білесің?

2. Үстелдің беті қандай фигураға ұқсайды?

3. Терезе айналары фигураларын атап берші?

4. Ыдыстардың басым көбі қандай фигураға ұқсайды?

5. Дөңгелек пен шардың айырмашылығы неде?

6. Осы бөлмеде пирамидаға ұқсас не бар?

7. Сынып бөлмесінде үшбұрышқа ұқсайтын зат барма?

8. Менің оң жағымда орналасқан нәрселерді аташы?Олар қандай фигураларға ұқсайды?

9. Қиыққа ұқсас нәрсені тапшы.

10.Фигураларға қарап оларды ата: үшбұрыш, қиық, шаршы, төртбұрыш, ромб, куб, дөңгелек, сопақ, пирамида, бесбұрыш.

Бағалау шкаласы:

- 7-10 фигураны атаса – өте жақсы

- 5-6 – жақсы

- 3-4 – орта

- 1-2 – төмен

«Ертегі айтып берші» әдістемесі

Мақсаты: Баланың сөйлеу техникасын және тіл байлығын анықтау.

Балаға өзі білетін ертегіні айтқызып, ондағы кейіпкерлер қандай ерекшеліктермен сипатталатынын қосымша сұрақтар қойып анықтау арқылы жүргізіледі. Бұл тәсілдің көмегімен балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, тіл байлығын тереңдетуге болады.

Тапсырманы орындату барысында келесі көрсеткіштер бағаланады.

- Дыбыстардың дұрыс айтылуы

- Дикциясының анықтығы

- Дауысының мәнерлігі

- Сөздік қоры

- Сөзді орнымен нақты қолдана білуі

- Ұғымдарды түсіндіретін лексикондағы сөздің бары

- Сөйлеуде грамматикалық қатенің болмауы

- Әр түрлі грамматикалық формаларды қолдануы

- Әр түрлі сөйлемдерді дұрыс құра білуі

- Сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс анықтай білуі

- Сөйлемде аяқталған ойды айта білуі

- Әр түрлі сипаттағы сұрақтарға жауап беруі

- Қысқа әңгіме құра білуі

- Құбылыстарды, әрекеттерді, фактілерді бір-бірімен байланыстыруы.

Үшінші-төртінші сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту

Есте сақтау процесін зерттеу әдістемелері

 

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау және ес процестерін жетілдіруге ықпал жасау. Есте сақтау қабілетін зерттеуге қолданылатын әдістемелер өте көп. Мысалы ретінде сандар қатарын есте сақтау әдістемесін келтіреміз.

Бірінші тапсырма.

Орындау ережесі: оқушыларға тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: «Мен сандар қатарын асықпай оқып беремін. Оларды ретін бұзбай есте сақтау керек. Бұл сандар – бірінші қатар сандары болады. 2-3 секунд өткеннен соң мен екінші қатардағы сандарды оқимын. Олардың көптігі тура бірінші қатардағыдай. Жаңа оқылған қатардағы бірінші санды бұрын оқылып, есте сақталған қатардағы бірінші санға қосыңдар.

Сол сияқты екінші қатардың екінші санын бірінші есте сақталған қатардағы екінші санға, ал үшіншіні үшінші санға, төртіншіні – төртінші санға қосыңыздар. Барлық амалдарды ойда орындап болғаннан соң нәтижелерін берілген параққа жазыңдар».

Сандар бір секунд үзіліспен оқылады.

 

Сандар қатары:

 

1-ші вариант.

1 қатар: 3 1 5 2

2 қатар: 2 4 2 3

Нәтижесі: 5 5 7 5

 

 

2-ші вариант.

1 қатар: 2 3 9 8

2 қатар: 1 3 2 4

Нәтижесі: 3 6 11 12

 

Санның ретін бұзу немесе басқа санды жазу қате деп есептелінеді.

Екінші тапсырма.

Ес көлемін өлшеу үшін 15 ондық сандар оқылады. Әр сан арасында бір секунд уақыт өткеннен соң келесі сан оқылады.

Бірінші қатар:

16, 72, 98, 53, 46, 29, 14, 93, 48, 32, 51,74, 26, 69,19.

Екінші қатар: бұл тапсырма сол тәртіппен орындалады.

23, 17, 43, 12, 29, 94, 67, 11, 48, 60, 37, 41, 74, 53, 96.

Бағалау шкаласы:

Реті бұзылған, ұмытылған сандар қате болып есептелінеді.

- 7-10 ес көлемі жақсы

- 4-6 ес көлемі орта

- 2-3 ес көлемі төмен

Бұл көрсеткіштерге баланың денсаулығы, эмоционалдық жағдайы, шаршауы әсерін тигізуі мүмкін. Сандармен амалдар жүргізетін жаттығулар ес операцияларын, ойлау процесін жетілдіруге үлкен әсері бар. Сондықтан, бірнеше вариантын жасап алып қайта-қайта өткізіп тұруға болады.

 

Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері. Бурдон тесті.

 

Мақсаты: зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау.

Орындау ережесі: «5 минут ішінде осы кестедегі әріптерді қатар бойынша оқып, «с», «қ», «ә» әріптерін былай етіп «/с», «/қ», «/ә» сызып таста. Әр бір минут аяқталғанда (оны психолог айтып отырады) келген жеріңе белгі қойып, жұмысыңды одан әрі жалғастыра бер,5 минут өткеннен соң жұмысыңды бағалаймыз».

Тапсырманы орындау барысында балаларға қосымша тапсырма берудің және тапсырманы орындау ережесін қайта түсіндірудің қажеті жоқ. Тапсырмаларды орындауға берілген 5 минут уақыт аяқталғаннан соң орындау парақтарды жинап алу керек.

Бағалау шкаласы: Әр минутта қарап шыққан әріптер көлемі және қате сызылған әріптер саны анықталады. Қате сызылған әріптер саны қарап шыққан қатар санына бөлінеді. Осы қатынас қанша көп болса, бала зейіні сонша бағаланады.

 

 

Тапсырма парағы

 

С х қ е х а р с т у л ә с қ ж ф в д л қ ә ө т с я с в к е қ г ұ ш а і ы с м ә ы ф ж қ а с ч о р п к ә ң ж ю л д ң ә с қ о г і и м ы ж ғ ә с в п и н г қ з ш ғ с е а ә в д с щ қ н е х ф қ с ә б д л о р п қ і ә д ж б о с в п р и ғ р ә ф д ш о ө р қ е н ә я ч к е і с м қ р л ә в ж з о қ п л ы в ә с б э ч ә и п с ы д э п н і г у қ ш о л н г ә м л ы ф ч с п и в ш б ұ қ і ғ а с е п и т ы ю л ә і ң а ғ п с м и р г ш қ ұ о г ц ң ә с ч в а о л ә л о ш қ ұ р н з в а т с ә в ы ф ч с б д о п ш г ұ т қ д ц е ә п к г т с и п э г ә в ц қ з ы е п с р п н ә з в қ ұ и м с г д в ә с ы ц й х қ б ә о р с н е к ә қ д л о з у ә л а ф қ ө ғ ң с б ш л ә и р а ә т и с қ г о р д а н ш ә т и б с я в ф ө қ ұ ү ғ ң д ә э ю я ф ы в с о у х з қ л к е ә т и д с в ж д л ә ш л н қ р п а ұ с а к ғ н ә і қ т и с г н ж ә п н қ а м қ н и р с и д г ә с в қ л ш г ә ы в с д л о э с л қ н е а қ о т в ә м д с щ н г о ц с ң с о т и қ р н ұ қ т ш і ә м с х б л ә т ш с қ о н р а е ә қ о р т и қ с а д л қ о н ә т р ы н л ә о ы ш қ и х з с ч і ә г н қ п а ц қ с м а с у а н ш қ э д ә ф о а н қ и д с в а о г з х у ш к қ с в д л т р ә в қ ш ы қ ө о д с ң н г ә в з х қ т о г ә м к ы қ т в с э ә ч я қ а д л е қ т р в

 

«Қызыл-қара кесте» тестінің модификациясы

Мақсаты: зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аудару қажетті уақыттын анықтау және осы процесті дамыту.

Бұл әдістеменің екі модификациясы қолданылады. Біріншісінде сандар қара және қызыл болып жазылған. Ал екінші модификациясында қызыл санның орнына шеңбердің ішінде жазылған сандар қолданылады. Келтірілген кестенің «А» варианты 5-10 жас аралығындағы балалар зейінін өлшеуге және дамытуға қолданылады. «Б» варианты 11 жастан бастап үлкендерге дейін барлық жас кезеңдеріне арналған. Бұл кесте модификацияларын психолог үлгі бойынша өзі жасап алуына болады. Кесте размері және түр-түсі берілген үлгіге сай болуға тиісті (кесте үлгісі 2-суретте берілген).

Орындау ережесі. Бұл тесттің зейін аудару уақытын өлшеумен қатар осы процесті дамытуға тигізетін әсері өте үлкен. Сондықтан оны көрсетілген ретімен үш кезеңде орындатқан дұрыс болады.

1-ші кезең. Шеңбер ішіндегі сандарды тез, ретімен тауып, оларды дауыстап оқып және көрсетіп беру.

2-ші кезең. Шеңберсіз сандарды тез, ретімен, дауыстап оқып, оларды тауып беру.

3-ші кезең. Бір санынан бастап шеңберсіз және шеңбер ішіндегі сандарды кезегімен атап, олардың кестеде орналасқан жерін көрсетіп беру. Мысалы: «бір-бір шеңберлі, екі-екі шеңберлі т.с.с.» Әр тапсырманы орындауға жіберілген уақыт секундомермен есептелінеді.

Бағалау шкаласы.

1-ші және 2-ші кезеңдегі тапсырманы орындауға жұмсалған уақытпен 3-іне кеткен уақыттың айырмашылығы зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аударуға қажет уақытты көрсетеді.

- 1,2-тапсырма — 55 секундта орындалса — жақсы;

- 3-тапсырма - 90 секунд — жақсы;

- көрсетілгеннен көп уақыт — орта және төмен деп бағаланады.

Жаттығуды 1-2 күннен кейін орындау қажет. Бала бірнеше рет ойнағаннан кейін төмен нәтиже көрсетсе денсаулығы немесе психологиялық жағдайы нашар болып жүргеннің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан ол баланы жеке диагностикалап, жаттығудың дамытулық әсеріне не бөгет болып тұрғанын анықтап алу керек және түзету шараларын қолдану қажет.

 

 

 

Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау

және дамыту әдістемелері

 

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнелеулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол — зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі операцияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процесін зерттеуге арналған әдістемелер мол. Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен, логикалық мағынасы барларын осы жерде келтіреміз.

 

Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі

Мақсаты: Балалардың логикалық ойын дамыту.

Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.

Графикалық сандық тест.

Орындау ережесі: 1 санынан 19 ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бар сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.

Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30 ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30 ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығуы керек. Сандарды толық орналастырып болғанан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30 ға тең болатындай ретін табу керек.

Дұрыс жауабы: Ортадағы шеңберге 10 санын орналастыру керек. Сонан соң, сыртқы шеңберлер ішіне 1 санынан 9 ға дейін ретімен жазып шығамыз. Олардың қарсы тұсында диогналь бойымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30 ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.

Оқушылардың әрекеттеріне психолог араласпай,өздері шешу жолын дербес табуына мүмкіндік беруі қажет.

 

 

                       
   
     
   
         
   
 
 
 
 
 
 

 

 


 

 

А.З. Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі.

Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтап, оларды дамыту. Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

 

 

1-тапсырма «Анаграммалар» әдістемесі.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Дұрыс жауаптары.

 

 

ЕСЕП

2. ӘДЕМІ

АРМАН

4.ЖАҒЫДАЙ

5.ОРЫНДЫҚ

6.ҒИМАРАТ

7.БАТЫРЛЫҚ

ШЕШЕНДІК

ТАПСЫРМА

 

А.З. Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі.

 

 

Орындау ережесі: Тапсырманы орындату алдында балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз- сөздегі әріптердің орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз құрылады. Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап. Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.

Анаграммалар.

 

 

  1. СЕПЕ
  2. ДӘМЕІ
  3. РАМНА
  4. АЖДҒАЙА
  5. РОНЫДҚЫ
  6. ИҒАМРТА
  7. АБЫТРЛҚЫ
  8. ЕШЕШДНКІ
  9. АТСПРЫАМ

 

2-тапсырма. А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесі.

 

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау және дамыту.

Балалардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.

Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

«Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен тұрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.

1-4 есептер өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып, мағынасын түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.

5-10 есептерде бір түрлі, мағынасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер колданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздрдің мағынасын білдіреді. Бұл есептерді шешу үшін, онда қолданылған жасанды сөздерді кәдімгі, мағынасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде «ойда» мағынасы сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады.

Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздердің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.

11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нәрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.

13-16 есптерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек. Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде — олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып аталған адамның басқалар мен арақатынасын көрсетіп беру керек».

Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.

Психологқа ескерту: есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді.

1. 1-ден 18-ге дейінгі септерде 1 сұраққа жауап беріледі;

2. 19-шы-20-шы есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;

3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.

Есеп шарттарында тек қажетті ақпарат ғана емес, тіптен артық мағлұматтар, жасанды сөздер, әр түрлі атаулар, есте қалатын арақатынастарының неше түрлері берілген. Сонымен қатар көрші есептегі сұрақтар бір-біріне ұқсамайды.

Кілті.

  1. Ә) Марат. 15. Б) Баян
  2. Б) Ләйлә. 16. Ә) Әсет
  3. Ә) Майра. 17. Ә) Әлім
  4. Ә) Қатира. 18. Ә) мәди
  5. Б) Әсел. 19. Ә) Қатира ең көңілсіз
  6. А) Әділ Б) Майра ең ауыр.
  7. А) Лднқ 20. А) Айша ең жасы.
  8. Б) Ғмтн Б) Нұрлан қара.
  9. А) Мнрн 21. А) Ұлжан Ең Көңілді.
  10. А) Дшлт Ә) Әли ең жеңіл.
  11. Б) Піл Б) Әсем ең күшті.
  12. Ә) шыбын 22. А) Төкен үлкен
  13. Б) Серіковтан Ә) Мая биік
  14. А) Майлинм Б) Бек ақ.

 

Тапсырмалар:

1.Қатираға қарағанда Марат көңілді.Қатира Әлияға қарағанда көңілді.Ең көңілді кім?

А)Қатира Б)Марат В)Әлия

2.Бануға қарағанда Садық күшті,Бану Ләйләға қарағанда күшті,ең күшті кім?

А)Бану Б)Садық В)Ләйлә

3.Қалиға қарағанда Майра қара,Әсетке қарағанда Майра қара,бәріненде ең қарасы кім?

А)Қали Б)Майра В)Әсет

4.Бану Қатираға қарағанда ауыр.Бану Зауреге қарағанда жеңіл.Бәріненде ең жеңіл кім?

А)Бану Б)Қатира В)Зәуре

5.Әли Мәдиге қарағанда иасе.Мади Әселге қарағанда иасе.Кім ең иасе?

А)Әли Б)Мәди В)Әсел

6.Әсел Мәдиге қарағанда тпрқ, Мәди Әділге қарағанда тпрқ.Кім ең тпрқ?

А)Әсел Б)Мәди В)Әділ

7.Прсн Лднқға қарағанда көңілді. Прсн Қршнға қарағанда көңілсіз. Кім ең көңілсіз?

А)Прсн Ә)Лднк; Қршн.

8.Бртн Ртбңға қарғанда әлсіз. Бртн Ғмтнға қарғанда күшті. Ең әлсіз кім?

А)Бртн Ә)Ртбн Б)Ғмтн

9.мнрн Нбстға қарағанда уиее. Нбст Стпжға қарағанда уиее. Кім ең уиее?

а)Мнрн; ә) Нбст; б)Стпж;

10.Дшлт Сптрға қарғанда клмн. Спрт Пнбрға қарғанда клмн. Кім ең клмн?

а)Дшлт; ә)Спрт; б)Пнбрға.

11.Ит қоңызға қарғанда жеңіл. Ит пілге қарағанда ауыр. Бәріненде жеңіл не?

а) Ит; ә) қоңыз; б)піл.

12.Ат шыбынға қарғанда аласа, ат жирафқа қарағанда биік. Бәріненде биік кім?

а) ат; ә) шыбын; б)жираф.

13.Әлиев Махановтан 68 жас кіші. Әлиев Серіковтан екі жас үлкен. Бәрінен кішісі кім?

а) Әлиев; ә)Маханов; б) Серіков.

14.Майлин Алиевке қарағанда 3кг жеңіл. Майлин Қалиевке қарғанда 74кг ауыр. Бәріненде ең ауыр кім?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: