Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 1 страница

Йирасек-Керн тесті.

Мақсаты: Баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау.Бұл әдістемені әр баламен жеке дара немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады:

  1. ойға сүйене отырып ер адамның суретін салып дене бітімін бейнелеу;
  2. жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу;
  3. нүктелер тобын көшіріп салу.

Бұл тесттің тиімді жағы — балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағдар беретіндігінде. Сонымен қатар, оқуға қажет саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталады.

1. Бағалау шкаласы.

- Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ-қолы салынған, басы мен денесінің пропорциясы сақталған, шашы, бет мүшелері толық көрсетілген, үстіне ер адамның киімі кигізілген болса, фигура біртұтас болып салынса —1 балл деп бағаланады.

- Басы, бет мүшелері, денесі, аяқ-қолы салынған, бірақ шашы, мойны, қолының бір саусағы жетпесе — 2 балл.

- Басы, денесі, аяқ-қолы салынған, ал шашы, мойны, құлағы, киімі, саусақтары салынбаған болса — 3 балл.

- Өте қарапайым, дене мен басы жобаланған сурет — 4 балл.

- Денені анық көрсетпеген, бас қолдың белгісі бар суретке — 5 балл.

2. Бағалау шкаласы.

- Көшіріп салынған әріптер үлгіге өте ұқсас, әріптердің үлкендігі үлгідегіден екі еседен аспайтын, бірінші әріп басқалардан үлкенірек болып салынған (бас әріптің белгісі тәрізді) және олар горизонталды сызық бойымен жазылғанға жақын болып түссе бұл жұмысқа — 1 балл қойылады.

- Үлгі анық көшірілген, әріптер размері және горизонталдық орналасуы нашар — 2 балл.

- Көшіру барысында сөзді үш-төртке бөліп жазған, төрт әріпке дейін түсінуге болады — 3 балл.

- Үлгіге ең болмаса екі әріп ұқсаған, көшірме бір қатарға түсірілген деп айтуға болады — 4 балл.

- Шимайлар — 5 балл.

3. Нәтижесін бағалау.

Бірінші жаттығу бағаланбайды. Келесі жаттығуларды бағалағанда тапсырманың психологтың айтуы бойынша орындалған бөлігі мен балалардың өз бетімен орындаған өрнектері бөлек бағаланады.

Бағалау шкаласы:

- ою-өрнек дәл орындалса-4 балл (қолы дірілдегені,жұмыс лас орындалғаны қате деп есептелмейді)

- Бір сызық дұрыс жүргізілмесе — 3 балл.

- Бірнеше қате жіберілсе — 2 балл.

- Кейбір элементтері ғана нұсқауға келсе — 1 балл.

- Ешқандай ұқсастық болмаса-0 балл

Бала жұмысты өз бетімен жалғастырса оның салған өрнектері осы шкала бойынша бағаланып онда жинаған ұпайлар жалпы баллға қосылады.

Баланың әр тапсырманы психолог сөзі бойынша және өз бетімен орындағандарының баллдарын қосу арқылы қорытынды бағасы шығарылады. Жалпы бал 0 (ең төменгі көрсеткіш) ден 16-ға (ең жоғарғы көрсеткіш) дейін болады. жоғарғы көрсеткіштер баланың сөзбен түсіндірген тапсырманы орындай алатындығын және майда қимыл әрекеттерінің жетілгенін көрсетеді.

 

1. «Ер адамның суретін салу» әдістемесі.

Орындау ережесі: «Сендер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп жүрсіңдер. Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші. Енді ер адамның суретін салыңдар».

Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойына түсіріп сол қиялын бейнелеу бойынша салады.

 

2. «Әріптерді көшіріп салу» әдістемесі.

Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратып беріледі. Оның бетінде алты әріптен тұратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі: «Мына парақта әріптер жазылған, оны дәл осындай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма».

3.«Бір топ нүктелерді көшіріп салу» әдістемесі.

Балаға бір топ нүктелер (саны 20 дан аспауы керек) геометриялық фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау шарты түсіндіріледі: «Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер салынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал».

- Үлгіні дәл қайталаған, сурет кішірейтілген болуы мүмкін, бір нүкте қатардан кішкене шетке шыққан — 1 балл.

- Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі-үш нүкте қатардан шығып кеткен — 2 балл.

- Контуры үлгіге ұқсас, бойы мен кеңдігі үлгіден екі есеге дейін үлкен, кеңістікте 180 градусқа дейін бұрылған — 3 балл.

- Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады — 4 балл.

- Шимайлар — 5 балл.

Барлық тапсырмалар орындалғаннан соң психолог парақтарды жинап алып оны бағалап шығады. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған балдарын бір-біріне қосып, жалпы суммасы шығарылады. Нәтижесіне қарай балалардың мектепке даярлығы өте төмен, төмен, орта, жақсы, жоғары деп бағаланады. Бұл тапсырмалар орындау барысында балалардың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығы сипатталады.

 

Баланың оқу әрекеттерін зерттеу.

Мектепке баратын баланың ақыл-ойының оралымдылығын, логикалық ойлауының көрінісін бергенін, математикалық ұғымдардан хабардарлығын, кеңістікті бағдарлауын, зейіні, қабылдау, есте сақтау процесін анықтау үшін қолданылатын тестер алуан түрде жасалған. Оларды орындату барысында баланың таным процестерін бағалаумен қатар сол зерттелінген қасиеттер дамытылады. Сондықтан, тапсырманы орындауға қиналған балаларға ең бірінші оның фрагменттерін орындату арқылы, біртіндеп, қажетті дағдыны қалыптастырып алу керек. Бала жаттығуды орындауға икемділгеннен соң оны басынан аяғына дейін толық орындатуға болады.

Д.Б. Элькониннің «Графикалық диктант» әдістемесі.

Мақсаты: Әдістемені қолдану арқылы бала үлкендердің айтқанын зейін салып тыңдауы, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды дәл орындай алатындығы, қағаз бетіне сызықтарды айтылған бағытта түсіретіндігі, тапсырманы өз бетімен орындауға мүмкіндігі анықталады.

Тапсырманы орындату үшін әр балаға тор көз дәптердің бір парағына төрт нүкте түсіріліп береді.Психолог балаларға тапсырманы орындау ретін түсіндіреді: «Біз қазір осы параққа әр түрлі ою-өрнек саламыз. Оларды қолдарыңнан келгенше әдемі етіп салуға тырысыңдар. Ою-өрнек жақсы шығуы үшін менің айтқан сөздерімді жақсылап тыңдаңдар. Мен неше клетка бойыменен қалай сызық жүргізу керек екенін айтып отырамын. Тек мен айтқан сызықтарды ғана жүргізіңдер. Әр сызықты аяқтағаннан соң қаламды қағаздан алмастан келесі жолды сол жерден бастайсыңдар.

Енді,қаламды оң қолдарыңа алыңдар. Оң қолдарыңды көтеріңдерші.

Мен, сызықты оңға қарай жүргізіңдер, дегенде оны мына қабырғаға қарай жүргізесіңдер (оң жақтағы қабырға көрсетіледі, немесе оң жақта орналасқан зат айтылады және тақтада оң жаққа қарай сызық салынып көрсетіледі). Мен бір клетка бойымен оңға қарай сызық түсірдім. Енді борды тақтадан алмай екі клетка бойымен жоғары қарай сызық сызамын. Ою-өрнек түсіру үшін сызықты енді солға қарай бұрып түсіремін. Сол қолдарыңды көтеріңдерші. Сызықты терезеге қарай түсірсек ол солға болады (сол жақта орналысқан зат аталады). Борды тақтадан алмай осы бағытта үш клетка бойымен сызық түсіремін. Бұл өрнекті қалай салу керек екенін барлығың түсіндіңдер ме?» - деген сұрақтан кейін балаларға бірінші өрнекті салғызу керек.

«Осы өрнекті өздерің салыңдар. Қаламды ең жоғарғы клеткаға қойыңдар. Енді менің түсіндіруім бойынша ою-өрнекті асықпай салыңдар». Психолог балалардың әрекеті қандай болатынын олардың жұмыс темпіне қарай айтып отырады. Балалардың барлығы әр сызықты толық аяқтауына мүмкіндік жасау қажет. Сондықтан орындау уақыты шектелмейді.

Психолог, өзінің айтуы бойынша жасалған өрнекті тексеріп болғаннан соң, зерттелушілерге бір-екі минут ішінде оюды өздігінен жалғастырып салуына мүмкіндік береді. Тапсырманы орындау барысында балалардың жұмысын мақтап, сызықтары қисық шыққандарға: «қолың біраз жаттыққаннан соң жақсы салатын боласың», деп оларға үлкен үмітпен қарайтынын білдіріп отырады, бірақ ешқандай қосымша қажеті жоқ.

Бірінші жаттығуды орындап болғаннан соң оны жалғастырудың қажеті жоқ екені түсіндіріліп, келесі ою-өрнекті салу үшін қаламды қай клеткаға қою керек, одан сызықтарды қалай қарап түсіру реті бұрынғы үлгі бойынша жүргізіледі. Әр тапсырманы орындауға 1,5 -2 минут уақыт беріледі. Барлығы төрт тапсырма орындалады.

 

А.Л.Венгердің «Үлгі мен ереже» әдістемесі.

 

Мақсаты: Баланың сөзбен айтылған ережеге, үлкендер қойған талапқа түсінуін; тапсырманы дұрыс орындауын және бейнелі ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау.

Тапсырманы орындату үшін алдын ала оны орындауға арналған белгілер түсірілген парақтар даярланады. Парақтың артқы бетіне баланың аты-жөні, жасы жазылады.

Балаларға тапсырма беруден алдын оларға орындау тәртібі түсіндіріледі.

Бағалау шкаласы

Алты тапсырманың әрқайсысы 0 ден 2 баллға дейін бағаланады.

Тапсырманы орындау ережесі бұзылған және үлгі дұрыс көшірілмеген болса -0балл.

Ереже бұзылған, үлгі дәл қайталанған -1 балл.

Ереже бұзылмаған,үлгі дұрыс көшірілмеген -1 балл.

Ереже бұзылмаған,үлгі дұрыс көшірілген-2 балл.

Барлық алты тапсырманы орындаған балалардың жинаған баллдары 0 ден 12 ге дейін болады.

Зерттеу барысында балалардың сенсо-моторлық қабілеті, нақты көрсетілген үлгіні қабылдауы, сөзбен айтылған ереженің мағынасына түсінуі бағаланады. Нәтижесінде баланың психологиялық дамуының көрсеткіштеріне байланысты оны «мектепке дейінгі» немесе «мектептік»типтердің қайсысына жататыны анықталады.

Бала тек үлгіні көшіруге ғана барлық ынтасын жұмылдырып, ережеге онша көңіл аудармаса, ол «мектепке дейінгі»типтің белгісі.

Тапсырманы орындауда баланың ережені бұзбауға өте көп көңіл бөлгендігі «мектептік»типтің көрсеткіші және оның мектепте оқуға даярлығы жақсы екендігінің белгісі болып табылады.

Егер «мектептік» типтегі бала тапсырмаларды орындағанда үлгіде берілген формаларды қайталауға, өзі салған суретті үлгі пішініне келтіруге қиналса, оны қосымша жаттығулар көмегімен түзету- дамытудан өткізу қажет.

Орындау ережесі:

Психолог қолына үлгі парақты алып оның бетіне салынған бұрышты иректі балаларға көрсетіп тұрып тапсырманы орындау ережесін түсіндіреді: «Сендердің қолдарыңда дәл осындай парақ бар. Парақ бетінде бірнеше белгілер салынған еді. Оларды бір-бірімен қосқаннан соң мына сурет шықты (қаламмен үшбұрыштың бұрыштары көрсетіледі және оларды бір-бірімен қосып тұрған қабырғалардың ұзына бойы көрсетіледі) Осы парақтың бетінде тағы бірнеше белгілер бар. Өздерің оларды бір-бірімен қосып, дәл осындай сурет салып шығарыңдар (үлгі және бір рет көрсетіледі) бұл жерде артық белгілер бар, олардың сызықпен қоспай, тастап кетіңдер. Енді парақтағы белгілерге жақсылап қарап алыңдар. Олардың барлығы бірдей ме?»

Тапсырманы балалар жақсылап қарап шығып, белгілер әртүрлі екенін айтқаннан соң, психолог түсіндіруін жалғастарады: «Дұрыс, олар шеңбер, қиықша және шаршы болып келеді. Енді мына ережені есте сақтаңдар: екі бірдей белгілер арасына сызық жүргізуге болмайды (екі шеңбер, екі шаршы екі қыйықшаларды бір-бірімен қосуға болмайды) Қазір үлгі бойынша парақ бетіндегі белгілер арасын сызықпен қосып мына фигураны шығарыңдар(үлгі көрсетіледі) Егер қате сызсаңдар оны маған айтыңдар, мен ол сызықты өшіріп беремін. Бір фигураны салып болғаннан соң айтылған ереже бойынша келесі суретті салыңдар(ереже қайталанады)» Тапсырма түсіндірілген соң балалар оны орындауға кіріседі.Жұмыс барысында психолог балалардың тапсырманы орындауға ынтасын көтеріп, дұрыс жасағандарды мақтап, қажеттілік туғанда ережені қайталап отырады. Бірақ ешқандай қосымша нұсқаулар берілмейді. Барлығы алты тапсырма орындалады.

 

Үлгі:


 

 

                                                       
                           

 

 


осы сияқты тапсырма 6 рет түсірілген парақты әр зерттелінушіге берілетіндей етіп алдын ала даярлап қою керек. Балалардың жұмысын ұйымдастырғанда олардың әрқайсысына барлық тапсырмалардың шаблоны бар парақтар беріледі.

 

«Корректура жасап көру» әдістемесі.

 

Мақсаты: Бала өз әрекетін ұйымдастырғанда мақсат қоя білуін анықтау.

Балаға таныс геометриялық фигуралар салынған парақ беріледі. Ол әр түрлі фигуралардың ішіне шартты белгілер салуы керек.

 

Мысалы:

           
   
 
     
 


   

+

 

Осы үлгі бір рет көрсетілгеннен кейін балаға бос фигуралардың ішіне белгілер салынатыны түсіндіріледі. Ол белгілер ирек, қосу немесе теңдік белгісі т.б. болуы мүмкін. Үлгі қайта көрсетілмейді. Тапсырманы орындап болғаннан соң бала өзінің орындаған тапсырманы мұқият қарап, қатесі болса, оны қызыл қаламмен түзетеді. Қатесі жоқ болса немесе жіберілген қатені баланың өзі жөндесе оның өз алдында тұрған мақсатты дұрыс түсінгенінің белгісі.

Психолог осы үлгі бойынша бірнеше тапсырмалар жасап алса, оларды кезегімен қолдануға болады.

Орындау уақыты 5 минут.

Л.С. Выготскийдің «Жалпылап айт» әдістемесі.

Мақсаты: баланың ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау.

Баларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.

Мысалы: көйлек, тон, шалбар, етік, бөрік, күрте. Осы аталғандарды бір сөзбен қалай атауға болады?

Бала олар киім деген сөзбен белгіленетінін айтуға тиіс.

Тапсырмалар:

  1. Тәрелке, тостаған, қазан, шәйнек.
  2. Қыл қалам, фламастер, қалам, рушке.
  3. Алма, алмұрт, шие, шабдалы.
  4. Етік, голош, туфли, мәсі.
  5. Қауын, дарбыз, қияр, памидор.
  6. Қайың, қарағай, тал, емен.
  7. Үстел, керует, шкаф, кітап сөрелері.
  8. Өрік, жүзім, алхор, анар.
  9. Орамал, бөрік, тақия, малақай.
  10. Әмір, Уалихан, Жәнібек, Ұлан.

Е.Е.Кравцовтың «Кім үлкен» әдістемесі.

 

Мақсаты; балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтау.

Психолог балаларға ауызша тапсырмаларды оқып береді. Мысалы: қоян қасқыр аюдан үлкен. Ең үлкені қандай аң болды? Қоян ба, аю ма? Салыстырмалы тапсырмаларда қисынсыздықтар жиі кездесетін сөйлемдер болуға тиіс. Оларды психолог алдын ала тауып немесе өзі жасап, жазып алады.

Тапсырмалар оқылғанда кездескен қисынсыздықтарды бала тауып, дұрыс салыстырмасы қандай болуы керек екенін айтып беруі керек. Қисынсыздықтарды түгел таба алса, баланың ойлау операциялары дұрыс қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады. Егер бала тапсырманы орындауға қиналса, онымен түзету-дамыту жұмысын жүргізу керек. Дамыту жаттығулары ретінде алдын-ала даярланған сөйлемдерді алып, оларды баламен бірге талдау керек. Салыстырмалы талдаудың ойлау процесін дамытуға тигізетін әсірі өте үлкен. Сондықтан мұндай жаттығуды бірнеше рет қайталап орындату артық болмайды.

«Мен не білемін?» әдістемесі.

 

Мақсаты: Баланың табиғат туралы білімін анықтау.

Баланың қоршаған орта туралы білімін анықтау үшін арнайы әңгімелесу жүргізіліп, оның барысында келесі сұрақтарға баланың берген жауаптарының мағынасы талданады.

Бағалау шкаласы:

- Баланың қоршаған орта заттары мен құбылыстарын білуі кең көлемде және жүйеленген болса — жоғары;

- Білімі кең көлемде, бірақ жүйеленбеген болса — орта;

- Баланың қоршаған орта туралы білімі таяз, үстіртін, жүйеленбеген болса — төмен.

Осы бағалау нәтижесіне сүйене отырып көрсеткіші төмен және орта болған балалармен дамыту машықтары жүргізіледі. Дамыту жұмыстарын табиғат аясында жүргізген тиімді болады. Экскурсия, қоршаған ортаға серуендеу, зоопаркке бару, саяжайлармен танысу т.с.с. машықтарын кеңінен қолдану баланың қоршаған орта туралы білімін кеңітеді. Түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың осы формаларын жиі қолдануды ұсынамыз

 

Әңгімелесуге арналған сұрақтар:

- Жылдың қандай мерзімдерін білесің?

- Көктемнің келгенін, келмегенін қандай белгілермен анықтайсың?

- Құстар көктемде қайда қарай ұшады?

- Жаз мерзімі қандай ерекшеліктермен сипатталады?

- Қандай жеміс-жидектер жазда піседі?

- Күздің келгенін қалай білуге болады?

- Ағаштар күздің келгенін қалай білдіреді?

- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Жаңа жыл мерекесі жылдың қай мезгілінде келеді?

- Үй жануарын ата.

- Жыртқыш аңды ата.

- Қасқыр, түлкі, жолбарыс — қандай жануарлар? (жыртқыш аңдар).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: