Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 2 страница

- Ешкі, қоян, қой — қандай жануарлар? (үй жануарлары).

- Елік, қоян, жираф — қандай жануарлар?(өсімдікпен қоректенушілер).

- Бақшада не өседі?

- Далада не өседі?

- Бір сөзбен мына заттарды ата: тал, терек, шынар.

- Қандай өсімдіктерді білесің?

- Қандай гүлдерді білесің?

- Мына заттарды бір сөзбен ата: пиала, кесе, табақ.

Балалардың мектепке даярлығын есепке алу

 

Психологиялық қызметті жүйелі ұйымдастыру үшін әр оқушыға жеке карточка арнап, зерттеу нәтижелерін соған тіркеп отыру керек. Сонда балалар туралы жиналған мағлұматтарды қажетті уақытында тауып алып, сол балаға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік туады.

Психологиялық карточканың үлгілері көп. Ал, мектепке қабылданған баланы психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу нәтижесін тіркеуге арналған кесте төмендегі үлгідей болуы мүмкін. Бұл кестенің ыңғайлығы — бағалауға арналған көрсеткіштермен оны баллға айландыру шкаласының берілгендігінде. Барлық көрсеткіштер бойынша баланың даму деңгейін бағалап шықққаннан соң оның мектепте оқуға даярлығының көрсеткіші жалпы балл бойынша өзі шығып тұрады.

Балаларды мектепке даярлығын тіркеу кестесі (үлгі)

 

Нұсқау: Бала дамуының әртүрлі деңгейін көрсететін үш варианттағы жауаптарды оқып, оның қайсысы зерттелінушіні нақты сипаттайтын болса, соны белгілеңіз. Оны анықтау үшін балаларды мектепке қабылдау барысында және қыркүйек айында жүргізілген әңгімелесу, ертегі айтқызу, басқа да жоғарыда берілген кестедегі көрсеткіштер арқылы бағаланып, нәтижесі сол кестеде тіркеледі.

Бағалау шкаласы:

26-30 балл -мектепке даярлығы жоғары;

21-25 балл -жақсы;

16-20 балл -орта;

11-15 балл -қанағаттанарлық;

6-10 балл -төмен.

Осы кесте бойынша балалардың мектепке оқуға даярлығын және бастапқы оқыту бағдарламасын меңгеруге даярлығын бағалап шығу үшін мектепке даярлық тобын зерттеуге арналған әдістемелерді немесе олардың модификацияларын қолдануға болады. Сонымен қатар бастауыш мектепке қабылданған балаларды зерттеуге арналған арнайы жинақтар қолданылады

 

Зерттеу нәтижелерін толтыру бланкісі

Фамилиясы..............................................................................................

Аты...........................................................................................................

Жынысы...................................................................................................

Оқитын сыныбы.......................................................................................

Психодиагностика жүргізілген күні.........................................................

Жиналған баллдары...................................................................................

Мектепке даярлығының көрсеткіші.........................................................

 

Бағаланатын көрсеткіштер Бағасы
1. Дыбысты дұрыс айту  
  - Көп дыбыстарды анық айта алмайды. Сөйлегенде ентігіп қалады, тыныс алуын және сөйлеу екпінін реттей алмайды. - Барлық дыбыстарды анық айтады, сөйлеу екпінін реттей алмайды. Кейбір әріптерді анық айтуға қиналады. - Тілі анық, тынысы жақсы қойылған, дауысы мәнерлі, қоңыржай екпінмен сөйлейді, әртүрлі сөйлемдерді дұрыс құра алады.      
2. Тілдік коммуникациясы  
  - Тұйық, балалармен және үлкендермен аз сөйлеседі, көңіл-күйі тұнжыраулы, жатырқағыш, жауап беруге қиналады. - Үлкендер сұрақтарына жақсы жауап береді, өзі бірінші болып әңгімелеспейді, қойған сұрақтарға жауаптары келте. - Тілдік белсенділігі жақсы дамыған, балалармен және үлкендермен қарым-қатынас жасауға құмарлығы айқын байқалады.Сұрақтары шектеусіз.      
3. Мазмұнын жеткізуі  
  - Әңгіме, ертегіні айтып беруге қиналады, көп сөздердің мағынасын түсінбейді, ұзақ уақыт зейін қойып тыңдауға қиналады, ырықсыз зейіні басым келеді. - Қысқа әңгіменің, ертегінің мазмұнын сұрақтармен жетелегенде айтып береді, қарапайым сөйлемдерді қолданады, мазмұнын толық жеткізуге қиналады, сурет бойынша әңгіме айтуы шектеулі. - Тіл байлығы жақсы дамыған, ертегінің, әңгімелердің мазмұнын жақсы жеткізеді, күрделі сөйлемдерді қолданады. Айтқан нәрсеге зейін қоюы жақсы, қызығушылығы шексіз, сұрақтары мағыналы.    
4. Сөздік қоры  
  - Тіл байлығы дамымаған, тек қарапайым сөйлемдерді қолданылады, грамматикалық қателері көп, қойылған сұрақтарға ғана жауап береді, тілдік белсенділігі шектеулі. - Өз бетімен сөздік белсенділік көрсетпейді сұрақтарға жауап бергенде белсенділік көрсетеді, сөйлемдерді дұрыс құрады, сөздік қоры онша бай емес, сөйлемдерді қарапайым және бір типті, кейде ойын толық жеткізе алмағаны анық байқалады. - Әңгімелесуге құмар, сөздік қоры мол, күрделі сөйлемдерді қолданады. Өз қатары, жолдастары, өзінен кішілер және үлкендермен тіл табыса алады, әртүрлі сипаттағы сұрақтардың мағынасын толық түсінеді және оларға дұрыс жауап береді. Қызығушылығы шексіз, сұрақтары бірінен-бірі туып тұрады және толық жауапты талап етеді. Тілі әдеби тұрғыда сипатталады.          
5. Ірі және майда қимыл әрекеттерін қадағалауға қиналады  
  - Өзінің әрекетерін қадағалауға қиналады. Қимылдары үйлесімсіз. Майда жұмыстарды дәл орындауға қиналады, саусақтары қарысып қалады, жылдам орындайтын әрекеттерге икемі жоқ, үйренуі өте қыйын. - Өз қимылын қадағалайды, майда әрекеті қалыптасқан, күрделі қимыл әрекеттерді қиналып орындайды, бірақ ол үйлесімді, бірнеше рет қайталағанда қарапайым әрекеттерді тез меңгереді. Үйренуге икемділігі анық байқалады, қызығушылығы шектеулі. - Өз қимыл-әрекеттерін толық қадағалайды, қозғалыстарының амплитудасы мен троекториясы талапқа сай. Майда, нәзік қимыл әрекеттері жақсы қалыптасқан, қолымен жасайтын әрекеттерді жеңіл және үйлесімді орындайды. Іс-әрекет түрлерін тез меңгереді және сапалы орындайды.          
6. Графикалық әрекеттері  
  - Сурет салғанда саусақтары қарысып, қаламды қатты басады, парақты жыртып жіберуі мүмкін. Суреттің жеке элементтері ғана үлгіге ұқсастық белгімен сипатталады, қалғандары — шимайлар. - Суреттегі заттардың негізгі элементтері үлгіге ұқсайды, не салынғанын түсінуге болады. Майда және нәзік элементтер көрінбейді, бұрыштар анық түспеген сызықтардың түрлері барлық жерде бірдей емес. - Суретті жақсы салады, барлық заттар анық түсіріледі, үлгіде көрсетілген заттардың майда детальдарына дейін айнытпай көшіріп салады. Әріптер, бұрыш, дөңгелек, сызық т.б. фигуралардың басым көбін ешқандай деформациясыз, анық, үлгіге ұқсас етіп салады.            
7. Оқу, ойын әрекеттеріне көзқарыс  
  - Жаңа әрекеттерді ұйымдастыру ережелерін қиналып меңгереді. Ойындарының мазмұны таяз. Әрекет барсында кездескен жаңылықтар састырады, басқалармен тіл табысуы қиын, ойнауға қызығушылығы төмен. - Жаңа әрекеттер ережесін тез меңгереді. Күрделі әрекеттерді,ережелерді қиналып меңгереді, сасқалақтық, ұмытшақтық көрініс береді, жаңа ортаға үйренуі қиын. - Барлық жаңалықтарды тез, қызығып меңгереді. Ойын барысында шығармашылық көрсетеді. Шытырман жағдайлардан шығу жолын тез табады. Жаңа адамдармен тез танысып, жатырқаушылық білдірмейді. Барлық уақытта ізденіс үстінде болады.        
8. Өз қатарларымен және үлкендермен қарым-қатынасы  
  - Қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған, үлкендерден және өз құрбыларынан жатырқайды, өзін ерекше көрсеткісі келеді. - Ашық, бірақ қарым-қатынасы шектеулі, үлкендермен қатынас құра алады, бірақ кейде еркелік анық байқалады, ескертуден кейін нормаға келеді. - Қарым-қатынас мәдениеті жақсы қалыптасқан, балалармен және үлкендермен тез танысып, емін-еркін қатынас жасайды. Ойын барысында орындайтын рольге таласпайды, тапсырманы ренжімей орындайды.      
9. Өзіне қызмет көрсету  
  - Өзіне өзі қызмет көрсету дағдысы қалыптаспаған (жуыну, киіну, тамақтану барысында үлкендердің көмегі қажет). - Өзіне өзі көмектесу дағдысы қалыптасқан, үлкеннің көмегін сирек қажет етеді, дегенмен бала өз әрекеттеріне ерекше зейін қоймаса, әркеттерінің сапасы төмен. - Өзіне өзі қызмет көрсету дағдылары өте жақсы дамыған, дербес, үлкендердің көмегін талап етпейді. Басқа балаларға көмек көрсетуге шамасы келеді.      
  Бағдарламаны меңгеру  
  - Оқу бағдарламасын нашар меңгереді, қосымша түсіндіруді немесе жеке жұмыс жүргізуді талап етеді. Оқуға қызығушылығы қалыптаспаған. - Бала-бақша оқу бағдарламасын орта деңгейде меңгерген. Мектепте оқытуға негіз болатын білімі мен дағдысы қалыптасқан, дегенмен қиналып оқиды. - Бағдарламаны жеңіл және жақсы меңгерген. Барлық сұрақтарға қиналмастан сенімді жауап береді. Оқу мотивациясы жақсы қалыптасқан, оқығанды ұнатады, мектепке қуанышпен барады.        

 

Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету

Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері

 

Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай. Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жеке психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп психологы баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ой дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.

Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды рөл атқарады, дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды. Осы әрекеті мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.

Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді. Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені мектепті бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір сатысы ретінде қабылдайды. Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады. Бұл талаптарды бала орындамауға болмайтын қағида деп қабылдайды.

Жаңа ержелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін. Срндықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.

Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыру қажет. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылар болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберіп қоюы, үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.

Бірінші сынып оқушыларының басым көбі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастармен қарым-қатынас жасауы болып табылады. Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптыстыру психологтың келесі міндеті болып анықталады. Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болу керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады. Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен көптеген режимдік жұмыстар,балаларға үй тапсырмасын орындату тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ұйымдастыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осы жас кезеңіндегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.

Қазіргі кезде көптеген мектептер гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады.

 

Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу

 

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеудің көптеген ерекшеліктері бар. Бірінші және екінші сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тесттері олардың оқу және есеп шығару шеберлігі енді қалыптасып келе жатқанын ескере отырып жасалған. Ал 3-4 сынып оқушылары сауаты ашылған, олар көптеген жазба түрде берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындап шығуға мүмкіндіктері бар. Осы ерекшеліктерін ескере отырып бастапқы оқыту кезеңіндегі балаларды зерттеу барысында арнайы жасалған тесттер қолданылады.

Мектепке қабылданған баланың оқу мазмұнын толық меңгеруге даярлығын анықтаудың маңызы өте үлкен. Психолог баланың даму деңгейін жан-жақты диагностикалау барысында осы қасиеттерді бағалаумен қатар олардың таным процестері дамып, оқытуға қажетті деңгейге жетуі мүмкін. Барлық диагностикалық тесттердің түзету дамыту әсері өте мол болғандықтан оларды орындатудың өзі дамытулық әсерін тигізеді.

Мектепке енді қабылданған баланың әлеуметтік статусы өзгергенімен ол ақыл-ой, интеллектуалдық даму жағынан мектепке даярлық тобындағы кезіндегідей. Сондықтан олардың таным процестерін зерттеуге мектепке қабылдау кезінде қолданылған әдістемелер модификациясы, немесе С.Д.Забрамная, Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер әдістемелері өте ыңғайлы болады. Сонымен қатар мектепке қабылданғандарды зерттеуге және олармен танысу үшін әңгімелесуге арнайы жасалған әдістемелер бар. Олар: «Қисынсыздықтар», «Мен қай жерде тұрамын?», «Менің көшем», «Менің достарым», «10 сөз», «10 сан», т.б. Бұл жерде осы әдістемелер көмегімен балалардың оқытуға даярлық деңгейін анықтау жолдары көрсетілген.

 

 

Баланың таным процестерін зерттеу әдістемесі.

«Қисынсыздықтар» әдістемесі.

Мақсаты: баланың еске сақтау қабілетін зерттеу, логикалық ойлауының көрініс беруін, өзінің ойын грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін зерттеу.

Бұл әдістемені Ш.Е.Рысмаханбетованың «Қисынсыздықтар» суретті бойынша жүргізуге болады. Балаға сурет көрсетілгеннен соң оған келесі нұсқау беріледі: «Мен келесі жұмысқа дайындалып болғанша сен мына суретті көріп отыр». Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көрсетілген (мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр, кит иттің үйінде, ақ қайыңда алма гүлі ашылған және алмұрт пен ананас пісіп тұр, терезе алдындағы гүл, үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен).

 

ла суретті алып, оны қарап отырған кезде психолог өз жұмысымен айналасып, балаға 30 секунд уақыт береді. Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды.

Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып, сонан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсету керек.

Бала үндемей отырса, психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп, оны әңгімеге тарту керек:

- Саған сурет ұнадыма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі сұрақтар қойылады.

- Бұл суретте саған не ұнады? Егер бала суреттің фрагменттерін ғана атаса келесі сұрақ беріледі.

- Суретте не салынған? Бала жауабына мазмұнына байланысты қосымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін.

- Тағы не бар еді?

- Сурет қызық па?

- Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?

- Өмірде осындай жағыдайлар кездеседі ме?

- Орындары ауысып кеткен жерлері бар ма?

 

Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп, орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса, онда қосымша сұрақтарды қоюдың ешқандай қажеті жоқ.

Орындау уақыты 3 минут.

 
 

Бағалау шкаласы:

- 9-10 балл – бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады және зерттелініп жатқан қасиеттер өте жақсы дамыған деп бағаланады.

- 7-8 балл – бала суреттегі қисынсыздықтардың барлығын атап беріп, олардың ақиқатқа сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып беруге қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы онша қалыптаспағанын көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп бағаланады.

- 5-6 балл – бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп қалғандарын еске түсіруге және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса қойылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.

- 3-4 балл – бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналса, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толық түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайда баланың даму деңгейі төмен екені анық байқалып тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.

- 1-2 балл – бала тек сұрақтар қойып жетелеу барысында қиынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе, немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.

 

«10 сөзді жаттау» әдістемесі.

Мақсаты: Баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы,оған қосымша стимулдық материалдар(ойын,көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.

Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады.Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс.Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріс сөзбен бастайды: «Балалар,мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын.Оларды мұқият тыңдап,есте сақтап қалуға тырысыңдар.Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар.»

Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын.Сендер сол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар.Бірінші қайталаған сөздерің мен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар»

Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі: «Мен тағыда қайталаймын,ал сендер жақсылап тыңдаңдар» Бесінші рет қайталағанда: «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын,сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар» -деп ескерту қажет.Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді.Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы керісінше,кеми береді.

Сөздер тізімін қайталап оқу барысында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ.тек қана сөздерді өте жай қайталағанда,балаларға: «тағыда қандай сөздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

Орындау уақыты 7-8 минут.

Бағалау шкаласы:

- Бір рет оқығанда -5-6, бес рет қайталағанда -8-10 сөзді қайталау -сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады.

- Бірінші оқығанда -3-4, бесіншіден кейін-5-7-орта

- Бірінші оқығанда -1-2, бесіншіден кейін-3-4-төмен


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: