Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 4 страница

а) Майлин; ә) Алиев; б) Қалиев.

15.Сара Әменге қарағанда бірталай әлсіз. Әмен Баянға қарағанда күшті. Бәріненде ең әлсіз кім?

а) Сара; ә) Әмен; б) Баян.

16.Болат Әсетке қарағанда қара. Болат Гүлімге қарағанда бірталай ақ. Бәріненде ақ кім?

а) Болат; ә) Әсет; б) Гүлім.

17.Ұлан Әлімге қарағанда баяу. Бота Ұланға қарағанда жылдам. Ең жылдамы кім?

а) Ұлан; ә) Әлім; б) Бота.

18.Сәкен Мәдиге қарағанда ауырлау. Әли Сәкенге қарағанда жеңілдеу. Ең жеңілі кім?

а) Сәкен; ә) Мәди; б) Әли.

19.Бану Қатираға қарағанда көңілді және Майраға қарағанда жеңіл. Бану Майраға қарағанда көңілсіз және Қатираға қарағанда ауыр. Ең көңілсіз және ең ауыры кім?

а) Бану; ә) Қатира; б) Майра.

20.Айшаға қарағанда Рита қаралау, әрі Нұрланнан кіші. Рита Нұрланға қарағанда ашық және Айшадан үлкен. Ең қарасы, ең жасы кім?

а) Айша; ә) Рита; б) Нұрлан.

21.Ұлжан Әлиден көңілді, Әсемнен жеңіл. Әсем Ұлжаннан күшті. Ұлжан Әсемнен ауыр, Әсем Әлиден көңілсіз, Әли Ұлжаннан әлсіз. Ең көңілдісі, ең жеңілі және ең күштісі кім?

а) Ұлжан; ә) Әли; б) Әсем.

22.Төкен маяға қарағанда қара, Мая Бекке қарағанда кіші. Бек Төкенге қарағанда аласа. Төкен Бекке қарағанда үлкен. Бек Маяға қарағанда ақ. Мая Төкеннен биік. Ең ағы, ең үлкені, ең биігі кім? а) Төкен; ә) Мая; б)Бек

 

Бастауыш сынып оқушыларының біліктілігін анықтауға арналаған тесттер жинағы.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының біліктілік деңгейін бағалау және олармен жүргізілетін түзету-дамыту шараларының мазмұнын анықтау.

Төрт субтестілерден тұрартын тапсырмалар жинағы төртінші сынып оқушыларының біліктілігін анықтауға және оларды жалпы интеллектуалдық дамуын бағалауға кеңінен қолданылуда. Оның бірінеше варианттарын Л.К.Көмекбаева т.б. авторлар ұсынып отыр. Бұл жерде тапсырмалар жинағының бір варианты келтірілген.

Орындау ережесі: әр субтестіне орындау ережесі түсіндірілгеннен кейін оқушыларға бланкі-парақ таратылып беріледі. Оқушылар бірінші тапсырманы орындап, оның жауап парағын толтырып болғанан соң, екінші субтестінің орындау ережесі түсіндіріледі. Сол сияқты үшінші және төртінші субтестілер орындалады. Тест төрт субтестерінен тұрады

Бағалау шкаласы

(баланың жинаған ұпайларын бағалау оның жасына қарай анықталады)

8 жастағы бала 9 жастағы бала біліктілігінің даму деңгейі

36-40 40 жоғары деңгей

32-35 37-39 ортадан жоғары

26-31 32-36 орта деңгей

20-25 27-31 ортадан төмен

0-19 0-26 төмен

 

Ескерту: Балалардың ақыл ой дамуын зерттеуді келесі тәртіп бойынша жүргізу керек.Әр оқушыға тапсырмалар жинағы және үлгі бойынша жасалған жауап парақтар беріледі.Тапсырмалардың әрқайсысын орындауға қанша уақыт берілетіндігі түсіндірілгеннен соң балалар оны ретімен жасауға кіріседі.Бірінші тапсырманы орындау уақыты аяқталғанда психолог бірінші жауап парақтарын жинап алу керек.Сонан соң балаларға келесі тапсырманы орындауға кірісу қажет екені айтылып,оны орындау ережесі түсіндіріледі.Тапсырманы орындау уақыты секундомер бойынша анықталады және барлық қатысушыларға бірдей мезгілде беріледі.

Тапсырмалардың дұрыс жауаптары (кілті)

 

1-субтест 2-субтест 3-субтест 4-субтест

1.Д)табаны 1.г)гүл 1.балық 1.бидай
2.Г)түйе 2.б)ауру адам 2.құрал-сайман 2.көпір
3.в)12 3.б)алма 3.жыл мезгілі 3.құм
4.в)ақпан 4.а)тұмсық 4.көк-өніс 4.Астана
5.б)түйеқұс 5.г)аяқ 5.ағаш түрлері 5.жаңғақ
6.в)әрқашан 6.в)құрғақ 6.жиһаз түрлері 6.таяқша
7.г)күн 7.б)температура 7.жаз айлары 7.Смагулов
8.д)тамыр 8.г)ескек 8.уақыт мерзімі 8.аққу
9.б)күз 9.д)болаттан 9.жануарлар 9.сан
10.в)автобус 10.д)тақтай 10.өсімдіктер 10.тез

Субтестілер. 1-субтест.

Орындау ережесі: Әр тапсырма екі қатардан тұрды. Бірінші қатардағы сөйлемді толықтыратын сөзді немесе сұраққа жауапты екінші қатардан тауып, оның әріптік белгісін жауап параққа жазу керек.

Орындау уақыты 7 минут.

Тапсырмалар.

Әрқашанда етікте... бар.

а) етіктің бауы, ә) қайыс, б) ұлтан, в) түйме, г) табаны бар.

Жылы жерде мекендейтін:

а) аю, ә) марал, б) балық, в) түйе, г) қасқыр.

Бір жылда неше ай бар?

а) 24, ә) 3, б) 12, в) 4, г) 1.

Қыс айы;

а) қыркүйек, ә) қазан, б) ақпан, в) қараша, г) наурыз.

Біздің мемлекете мекендемейтін:

а) бұлбұл, ә)түйеқұс, б) шымшық, в) қара торғай, г) ләйлек.

Әкесі баласынан.... үлкен.

а) жиі, ә) ай, б) апта, в) сирек, г) кейде.

Тәулік уақыты -....

а) жыл, ә) ай, б) апта, в) күн, г) дүйсенбі.

Ағаштарда әрқашан..... бар.

а) жапырақ, ә) гүл, б) жеміс, в) бүршік, г) тамыр.

Жыл мерзімі -......

а) тамыз, ә) күз, б) сенбі, в) таңертең, г) демалыс.

Адам таситын көлік -.....

а) комбайн, ә) самосвал, б) автобус, в) жүк поезды, г) автокар.

2- субтест. Орындау ережесі: Әр тапсырманың бірінші қатарында бөлек жазылған бір сөз бар. Екінші қатарда берілген бес сөздің ішінен алынған заттың ерекшелігін көрсететін мағынасы бар, оларсыз бірінші заттың мағынасы толық бомайтын сөзді тауып оны жауап параққа жазу керек.

Орындау уақыты 5 минут.

Тапсырмалар.

Қызғалдақ....

а) арам шөп, б) шық, в) бақша, г) гүл, д) жер.

Дәрігер.....

а) шабу, б) ауру адам, в) палата, г) термометр, д) аурухана.

Бақ...

а) қоршау, б) алма, в) құдық, г) орындық, д) гүл.

Құс....

а) тұмсық, б) шағала, в) ұя г) жұмыртқа, д) қанат.

Етік....

а) шалхат, б) табақ, в) тері, г) аяқ, д) шөтке.

Ылғалды.....

а) күндей, б) сырғанақ, в) құрғақ, г) жылы, д) салқын.

Градусник.....

а) әйнек, б)температура, в) төсек, г) ауру, д) дәрігер.

Қайық.....

а) өзен, б)торғай, в) ескек, г) балық, д) жаға.

Ине....

а) өзен, б) жіңішке, в) жылтырақ, г) қысқа, д) болаттан.

Еден....

а) жиһаз, б) кілем, в) шаң, г) алаша, д) тақтай.

3-субтест.

Орындау ережесі: Тапсырмада аталған заттарды жалпылама бір сөзбен айтуға болады. Осы сөзді тауып жауап параққа жазу керек.

Орындау уақыты 5 минут.

 

Тапсырмалар.

 

- Жайын, бекре -

- Сыпырғыш, күрек -

- Қияр, помидор -

- Қарағай, жаңғақ ағашы -

- Шкаф, диван -

- Шілде, маусым -

- Күн, түн -

- Піл, құмырсқа -

- Ағаш, гүл -

 

Субтест.

Орындау ережесі: Тапсырмаларда берілген бес сөздердің төртеуі ортақ қасиеттермен сипатталады, ал бесіншісінің басқаларынан айырмашылығы бар. Оны артық сөз деп айтамыз. Әр тапсырмадағы артық сөзді тауып оны жауап параққа жазу керек.

Орындау уақыты 7 минут.

Тапсырмалар

1.а)қызғалдақ; б)сарғалдақ; в)бидай; г)бәйшешек; д)раушан

 

2.а)өзен: б)көл; в)теңіз;г)көпір; д)батпақ;

 

3.а)қуыршақ; б)машина; в)доп; г)шар;д)құм;

 

4.а)Ақтау; б)Тараз; в)Атырау; г)Астана; д)Өскемен

 

5.а)емен; б)қайың; в)жаңғақ; г)терек; д)қара тал

 

6.а) дөңгелек; б)үшбұрыш;в)төртбұрыш; г)таяқша; д)шаршы;

 

7.а)Ләйлә; б)Смағұлов; в)Дәмір; г)Темірлан; д)Бану.

 

8.а)тауық б)күрке тауық; в)аққу; г)қаз; д)үйрек

 

9.а)сан; б)бөл; в)қосу; г)алу; д)көбейту.

 

10.а)көңілді; б)тез; в)қайғылы; г)дәмді; д)әдемі

Жауап беру бланкісі (үлгі)

 

Аты-жөні- Мектебі-

Өткізілген күні- Сыныбы-

 

 

№ 1- субтест № 2- субтест
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д
а б в г д а
а б в Г д   а б в г д а
3- субтест 4- субтест
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    
  а б в Г д    

 

Жеткіншек жас кезеңнің психологиялық ерекшеліктері.

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы» т.б көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс дағдарыс деп аталады.Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды, болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшіліктерін анықтау қажеттілігі туғаннан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірістік орын алу мүмкін.Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым жан сезінуі» деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасындану да бала өмірінде едауыр орын алады.Осы жас кезеңінің ерекшіліктерін ата — аналар, мектеп мұғалімдрі, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

-барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл- кеңесінен құтылғысы келуі;

-үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;

-үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар.Олар; 1.Балалардың оқудан басқа айналасатын шаруасының болмауы.2. Радио, телидидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған електейтіндігі.3. Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.4. Күні — түні фантастикалық және криминалистикалық әдибиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі.

5. Акцентуацияның көрінісін беруі. 6.Агрессиясының анық байқалуы.

Психологтың жеткіншек жас кезегіндегілермен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдылығына үлкен көңіл бөлу қажет. 47

Жеткіншектердің таным процестерін зерттеу.

Сөздер қатарын есте сақтау әдістемесі.

 

Мақсаты: Қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін бағалау және вербалдық интеллектін дамыту.

Барлық вербалдық тестерді қолдану барысында балаларға бірнеше қосымша тапсырмаларды орындату арқылы олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жұмысы жүргізіледі. Ұсынылып отырған тестті орындау барысында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен мән беріледі.

Балаларға тапсырмаларды орындауға 6 ға бөлінген бір парақ қағаз таратылды. Оның әрқайсысына тапсырмадағы сөздер қатармен орындалатын операциялардың біреуі толтырылады да, жауап парақ сол сәтте психологқа қайтарылып беріледі. Әр қатардағы сөздермен алты тапсырма орындалады.

Оқушыларға тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: «Қазір мен сөздер қатарын асықпай оқимын. Ол сөздерді сол ретімен, есте сақтаңыздар. Бір сәт өткеннен соң мен белгі беремін, ал сіздер естеріңізде қалған сөздерді берілген парақтың біріншісіне жазып, оны маған тапсырыңыздар».

Орындау ережесі түсіндірілгеннен соң келесі тәртіп бойынша зерттеу жүргізіледі. Қағазға жазылған 15 сөз бір рет асықпай, оқылады. Бір-екі секунд өткеннен соң балалар сөздер ретін бұзбастан бірінші параққа жазып береді. Бұл бірінші тапсырма. Оны орындау нәтижесі балалардың қысқа мерзімдік ес көлемін көрсетеді.

 

Бағалау шкаласы: 1,2- тапсырма (қысқа және ұзақ ес көлемін бағалау)

- 9 және одан көп сөздің реті бұзылмаған — жоғары;

- 5-8 — орта,

- 1-4 — төмен

қортындылау барысында сөздер саны және олардың реті сақталғаны ескеріледі.

Ес көлемі өлшенгенен соң интеллекті зеттеуге және дамытуға арналған тапсырмалар орындатылады. Оның нәтижесін бағалау келесі шкала бойынша жүргізіледі.

Бағалау шкаласы 3,4,5- тапсырма (интеллектуалдық дамуын бағалау)

- Тапсырмаларда толық және мағыналы орындаған — жоғары;

- Төрт-бес тапсырманы орындаған — орта;

- Тек біріншіден үшіншіге дейін орындаған — төмен.

6-тапсырма

Тапсырма орындалғаннан соң сценариилар конкурсын өткізіп жіберген артық болмайды. Өйкені мұндай тапсырма баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасайды.

 

Бірінші тапсырма.

1-ші вариант:

 

(Бірінші тапсырма ретінде келесі сөздер қатарын қолдануға болады).

1.Май. 2. Қол. 3.Шар. 4. Ой. 5.Күн.6. Киім. 7. Мезет. 8. Күміс 9. Аяқ. 10. Бет.

11.Қоян. 12. Балық. 13. Мұрын. 14. Мата. 15. Жыл.

2-ші вариант:

 

(Жоғарда айтылған тәртіп бойынша тапсырманы екінші рет орындауға болады).

1,Сөз. 2. Мұрын. 3. бас. 4. Шкаф. 5. мыс 6. Көйлек: 7. Сабын 8. Құлақ 9. Түлкі. 10.Ай11.Балға. 12. Сағат 13.Асхана.14.Шеге 15.От

 

2-ші тапсырма:

 

Бірінші тапсырманы орындап болғаннан соң зерттеушілермен ауа райы т.с.с. мәселелер бойынша әңгімелесу жүргізіледі. Бұл тәсіл балалардың көңілін тапсырмадан басқа нәрсеге аудару үшін қолданылады.

10 минут өткеннен соң екінші параққа алдында оқылған сөздердің есте қалғандары қайта жаңғыртылып жазылады. Бұл екінші тапсырма. Оның көмегімен ұзақ мерзімдік ес көлемін өлшеуге болады.

 

Ші тапсырма.

Үшінші параққа алдыңғы жаттығудан үш сөзді еске түсіріп, сол сөздерді қолдана отырып сөйлем құру, келесі үш сөзді еске түсіріп, олармен сөйлем құру тапсырылады. Жалпы алты сөзді қолдана отырып екі сөйлем құрау керек.

 

Ші тапсырма.

Төртінші параққа есте қалған сөздерді түгел қолданып және сөйлемдер қолданылған алты сөз негізінде қысқа әңгіме жазу тапсырылады. Ол әңгіме ертегі болуы мүмкін немесе өмірде болған оқиғалардан қызық бір көріністі жазып беруге болады.

 

Ші тапсырма.

Бесінші параққа, есте қалған сөздерді қолдана отырып достарына, туыстарына мереке күнімен құттықтау хат жазу ұсынылады.

 

Шы тапсырма.

Алтыншы параққа есте қалған сөздерді қолдана отырып мультфильмге сценарии жазу керек.

Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесі.

 

Мақсаты: Балалардың ассоциациясының көрініс беруін және ассоциация бойынша есте сақтау механизмінің қалыптасқанын анықтау.

Зертенушілерге тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: Мен сөз тіркестерін жұптастырып оқимын.

Мысалы: «трактор –дала». Ал сіздер оқылған сөздерді жақсылап тыңдап, әр сөзді екінші сөзбен қандай белгі бойынша жұптастырылғанын, олардың бір-бірімен байланысын түсініп есте сақтаңыздар. Сөз тіркестерін оқимын. Екі секундтан соң әр жұптың бір сөзін ғана қайтадан оқимын. Ал сіздер сөз жұптарының екіншісін естеріңізге түсіріп, оны жауап параққа жазыңыздар.

Мысалы: мен «трактор» деген сөзді оқығанда сіздер оның жұбы «дала» деген сөзді жазасыздар».

 

 

Бағалау шкаласы.

Дұрыс жазылған сөздер (+) белгіленеді.

Қалып кеткен және басқа сөзбен жаңартылған сөз жұптары дұрыс жауапқа есептелінбейді.

 

- 15 және оданда көп (+) - ассоциативтік ес көлемі жақсы;

- 10-14 — орта;

- 1-9 — төмен:

 

Тапсырмалар.

- Жаңа — үй

- Мәдениет — кітап.

- Құрыш — эксковатор.

- Күндіз — азан.

- Кеш — түн.

- Стол — журнал

- Машина — дөңгелек.

- Даналық — Сабақ

- Су — құбыр.

- Қоңырау — сабақ.

- Есік — терезе.

- Сәуле — дыбыс.

- Шу — тыныштық.

- Мереке - би

- Қатынас — тіл.

- Ақша - киім

- Материал — ағаш.

- Спорт - күрес

- Қате — жазу.

- Мәскеу — қала


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: