Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 5 страница

 

 

Зейінді бағалау (Мюнстербег әдістемесі).

Мақсаты: Зейіннің таңдамалығын және кедергілерге көңіл аудармай іс-әрекетін тиянақты орындауын бағалау.

Орындау ережесі; әріптерден тұратын текстің ішінде мағынасы бар сөздер кездеседі. Тексті мүмкіндігінше тезірек қарап шығып, әріптер арасындағы «жасырынып» тұрған сөздерді тауып, олардың астын сызып отыру керек.

 

Мысалы; рюкледпсихологфыврукэж. Бұл қатардағы әріптер арасында «психолог» деген сөз жасырынып тұр.

 

 

Тапсырма

Орындау уақыты 2 минут.

Аты-жөні........................................... өткізілген күні................!

 

Тапсырма:

 

Б л о с ы г х к ү н і г е э ж д р у х т а ң е р т е ң б ю ф ы к л е с м е н щ з х ъ ф ы е р т е г р т ы х т ұ р а м ы н ж д э х ш и ж у ы н ы п п а в ы ф т а р а н ы п о л д ж э а л ғ а н н а н х з д л о со ң қ р ы ф я т а м а қ т а н ы п ң к у і ғ к и і н і п к у ц й і ң м е к т е п к е щ ұ ш з қ х ы ф б а р а м ы н һ ө қ з щ ш о н д а ж дл о р э қ м е н і ң ю д щ ұ ү ш д о с т а р ы м ф ц ң і у в с ю ө з ж л о кө п д л л о р о л а р м е н в к ғ н е і б і р г е ъ х з щ ш с а б а қ т а р д ы е к у ц й ң і ң ж а қ с ы л а п н г ш г ш щ щ з м е ң г е р і п е к у ц й й ц у у к з щ т ү с і н б е г е н л д д ж а ғ д а й д а к у ц ң ғ е м ұ ғ а л і м н е н р о о л л д ж ж к ө м е к н е к у у ц с ұ р а й м ы з г ш щ з л о т м е к т е п г ш ш г е у ң ң ө м і р і ъ х з ш г ө т е ң ғ й ц у қ ы з ы қ щ з з х ъ х б ю б ь к ө п т е г е н е к у к у ц й с а б а қ т а н ң ғ л д ж ж ь ю т ы с ш з щ ш а р а л а р ғ а к у ц й ғ ң қ а т ы н а с ы п г ш щ з х қ а б і л і к т і л і г і м і з д і і ң ң ғ ь ж д а м ы т п қ з о п р д д р с т а ж а р т т ы р а м ы з ю х з з щ г ш ж а қ ы н д а й к е о қ у д ы ғ ң е н б і т і р е м і з н г ш щ м а м а н д ы қ г ш ш щ а л у ғ а г щ щ з ө ү а т т а н а м ы з е э ж д о у н г ш з щ

«Шульте кестелері» әдістемесі.

 

         
         
         
         
         

 

         
         
         
         
         

 

         
         
         
         
         

 

         
         
         
         
         

 

         
         
         
         
         

 

«Шульте кестелері» әдістемесі.

Мақсаты: Зейіннің тұрақтылығын және жұмысқа қабілеттілік динамикасын анықтауға арналған. Шульте кестесі зейінді дамытуға да қолданылады.

Орындау ережесі: Бұл әдістеме 1 ден 25 ке дейін сандар аралас орналасқан бес кестеден тұрады. Зерттелінушіге олар ретімен көрсетіліп, келесі нұсқау беріледі: «Сізге бірінен соң бірі бес кесте көрсетіледі. Олардың әрқайсысында 1 ден 25 ке дейін сандар араластырып жазылған. Әр кестеде сандарды тез-тез, ретімен тауып көрсетіңіз. Бірінші кестені орындап болғаннан соң екіншісін ашып, ондағы сандарды, дәл сол тәртіппен 1ден 25 ке дейін ретімен табыңыздар»

Кестені ашып бергеннен соң секундомер қосылып, тапсырмаға жіберілген уақыт анықталады. Зерттелінуші бірінші кестедегі сандарды тауып болғаннан соң, келесі кесте ашылып, оны орындау уақыты секундомер бойынша анықталады. Солайша үшінші, төртінші және бесінші кестемен жұмыс жүргізіледі. Әр тапсырманы орындау уақытының өзіне тән мән-мағнасы бар. Сондықтан, оның әрқайсысына қажет болған уақыт Т1,Т2,Т3,Т4,Т5 — деп белгіленеді де, олар секундомер көрсеткіші бойынша тіркеледі.

Нәтижесін талдау.

Тапсырмаларды орындау уақыты және әр кесте бойынша жіберген қателерді зерттеу графигіне түсіндіріледі. График бойынша зейіннің тұрақтылығы және жұмысқа қабілеттілігі «шаршау қисығы» бойынша анықталады.

     
           
           
           
           

 

Кестелер 1 2 3 4 5

А.Ю Козыреваның ұсынысы бойынша осы тест көмегімен жұмыс сапасын (ЖС), орындауға күшін жұмсауы (КЖ) және психикалық тұрақтылықты (ПТ) анықталады. Оларды келесі формулаларды қолданыпесептеп шығуға болады.

Т1,+Т2,+Т3,+Т4+Т5

ЖС һ----------------------------

Т1- бірінші кестені орындауға кеткен уақыты

Т2- екінші кестені орындауға кеткен уақыты

Т3- үшінші кестені орындауға кеткен уақыты

Т4- төртінші кестені орындауға кеткен уақыты

Т5- бесінші кестені орындауға кеткен уақыты

ЖС көрсеткішін секундпен бағалағанда баланың жасын келесі кесте бойынша есептеу қажет:

Балл Жасы 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл 1 балл
  45 сек. одан аз 46-55 56-65 66-75 76 және одан көп
  35 сек. одан аз 36-45 46-55 56-65 66 және одан көп
  30 сек. одан аз 31-35 36-45 46-55 56 және одан көп

 

Күшін жұмсауы келесі формуламен анықталады.

Т1

КЖ- ----------

ЖС

Бірінші тапсырманы орындау уақыты мен жұмыс сапасының ара қатынасы 1,0 тең болса ол зерттелінушінің жұмысқа бар күшін салатынын көрсетеді,1,0 ден қанша көп болса,ол адамның жұмысқа даярланатын уақыты мол болуы керек.

Психикалық тұрақтылықты (шыдамдылықты) анықтауға келесі формула қолданылады:

Т4

ПТ- -----------

ЖС

Нәтижесі 1,0 ден аз болса ол адамның психикалық тұрақтылығы өте жақсы екенін, ал 1,0 ден жоғары болса – бұл қасиеттің төмен болғанын көрсетеді.

 

Жеткіншектердің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау тесті

(ШТУР тестінің жеткіншектерге арналған модификациясы)

Мақсаты: орта буын оқушыларының интеллектуалдық даму деңгейін және жалпы мағлуматтылығын бағалау.

Бұл тест төрт субтесттен тұрады.Субтестілер тапсырмалары жеке жеке бланкілерге түсіріледі және әр субтестіге жеке жауап парақ дайындалады. Тапсырмаларды орындату алдында балаларға оның ережесі түсіндіріледі. Сонан соң жауап парақтар көрсетіліп, оған белгіні қалай түсіру керек екені айтылады.Бірінші тапсырманы орындау уақыты аяқталғаннан соң тапсырма бланкісі мен жауап парақты жинап алып, екінші субтест тапсырмалары мен жауап парағы беріледі.

Субтестердің дұрыс жауаптары (кілті).

 

1-с\т 2- с\т 3- с\т   4- СУБТЕСТ
  В Г   А Д 2- ҰПАЙ 1 ҰПАЙ 0 ҰПАЙ
  Г Б   Б Г   Балалар,адамдар Оқушылар Басқа жауап
  В Г   В Д   Өнер туындылары Шығармашылық Басқа жауап
  Д Б   Б Д   Дыбыс Айқай-шу Басқа жауап
  Г Д   Г Д   Физиологиялық күй Жоқтық,ашаршылық Басқа жауап
  А Д   В Д   Көлік,транспорт Транспорт Басқа жауап
  Б Б   А Г   Қосмекенділер жануарлар Басқа жауап
  В Г   В Г   Ауа райының құбылысы Ауа райы Басқа жауап
  Г В   В Д
  А Д   А Г   Ғылым салалары әдебиет Басқа жауап
  Б А     Халық ауыз әдебиеті әдебиет Басқа жауап  
  Г Г
  Г А   Математикалық амалдар Таңбалар Басқа жауап
  В Б
  Б В   Сезім мүшелері Бас мүшелері Басқа жауап
ж\саны                  

 

Бағалау шкаласы.

Бірінші үш субтестке берілген дұрыс жауаптардың әрқайсысы бір балл деп бағаланады. Жалпы жинаған ұпайлар дұрыс жауаптар санымен есептеледі. Төртінші субтест жауаптарының мазмұны кілт кестесінде көрсетілген жауаптардың қайсы вариантына сай келсе сол бағандағы балл бойынша бағаланады. Интеллектуалдық дамудың жалпы көрсеткіші төрт субтест бойынша жинаған баллдардың қосындылары бойынша шығарылады.

35-40 балл — жоғары.

30-34 — жақсы.

25-29 — орта.

20-24 — төмен

1-19 — өте төмен.

Сынып оқушыларының неше пайызы жоғары, нешеуі жақсы, орта және төмен көрсеткішке ие болғанына байланысты олардың жалпы мағлұматтылығын және оқытудың сапасын болжамдауға болады.

 

Ші субтест.

Орындау ережесі: Әр тапсырмада бес сөз берілген. Олардың төртеуі ортақ қасиеттермен ерекше болып тұр. Сол сөз артық деп аталады. Артық сөзді тауып оның әріптік белгісін жауап парақта көрсету керек.

Мысалы; а) кірпіш, б) тас; в) балшық; г) әк; д) үй.

Бұл қатарда алғашқы төрт сөз құрылыс материалдары, ал соңғы сөз

(д) үй артық, сондықтан осы сөздің әріптік белгісін (д) жауап парақта күрсету керек.

Орындау уақыты 7 минут.

Тапсырмалар.

а) тәрелке, б)кесе, в)үстел. г) қазан, д) шәугім.

 

а) жүру, б) секіру, в) билеу, г) отыру, д) жүгіру.

 

а)биік, б) аласа, в) сымбатты, г) өсімтал, д) ергежейлі.

 

а) қыл қалам, б) қаламсап, в) қалам, г)фламастер, д) сурет.

 

а) алма, б) алмұрт, в) алхор, г) қарақат, д)шабдалы.

 

а) шаршы, б) шеңбер, в)эллипс, г) доға, д) қисық.

 

а)мұғалім, б) оқушы, в) жаттықтырушы, г) профессор, д) доцент.

 

а)көру, б) есту, в) жазу, г) сезу, д) иіскеу.

 

а) батыр, б) қорқақ, в) ержүрек, в)қабілетті, г) таланты,

д) жасқаншақ.

а) шекара, б) көпір, в) достық, г) ерлі-зайыптылар, д) бекіткіш.

 

а) ұқыптылық, б) жігер, в) тырысушылық, г) тазалық, д)адалдық.

 

а)Арман, б) Үсен, в) Сәкен, г)Асанбаев, д) Жұман,

 

а) ақ қайың, б) қарағай, в) емен, г) шырша, д) раушан.

 

а) қара-қоңыр, б) ашық, в) көк, г) жарық, д) күңгірт.

 

а) жақын арада, б) үнемі, в) шапшаң, г) асығыс, д) жылдам.

 

 

Ші субтест.

Орындау ережесі: Тапсырмада бірінші қатарда 3 сөз берілген. Бірінші екі сөздің арасында қандай да бір байланыс бар. Ал екінші қатарда берілген 5 сөздің біреуі бірінші қатардағы үшінші сөзбенен байланысты. Осы сөзді тауып оның әріптік белгісін жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Орман: ағаш — кітапхана:?

а) жазушы; б) әңгіме; в) кітапхана; г) кітап; д) католог.

Орындау уақыты 6 минут.

Тапсырмалар.

 

Орман; ағаш — кітапхана:?

а) жазушы; б) әңгіме; в) кітапхана; г) кітап; д) католог.

 

Қайырымды: мейірімсіз — күн:?

а) күн, б) түн, в) апта, г) сәрсенбі, д) тәулік.

 

Мектеп; оқу — ауырухана.

а) дәрігер; б) оқушы; в) ғимарат; г)емдеу; д) ауру.

 

Ән: керең — сурет;;?

а) ақсақ; б) соқыр; в) суретші; г) сурет; д) бояқжақыштар.

Пышақ; болат — стол:?

а) шанышқы; б) орындық; в) таға; г) дастрхан; д)ағаш.

Балық; тор — шыбын:?

а) торшабақ; б) маса; в) бөлме; г) ызыңдау; д) өрмекші өрнегі.

Құс; ін — адам;?

а) адмдар; б) балапан; в) үй; г) жұмысшы; д) есік.

Пальто: түйме — бәтеңке;?

а) тігінші; б) дүкен; в) аяқ; г) бау; д) бас киім.

Шылғы; шөп — ұстара:?

а) шөп; б) шаш; в) өткір; г) болат; д) аспан.

Аяқ; етік — қол.:?

а) галош; б) жұдырық; в) саусақ; г) білезік; д) қолғап.

Су; құрғақшылық — тағым::?

а) аштық;: б) ішу; в) нан; г) ауыз; д) тамақ.

Паравоз; агондар — ат:?

а) поезд; б) жылқы; в) жем; г) арба; д) қора.

Жүргізу; тұру — айқайлау,;?

а) үндемеу; б) еңбектеу; в) шулау; г) шақыру; д) жылау.

Қасқыр; арлан — құс:?

а) ауа; б) тұмсық; в) бұлбұл; г) жұрмыртқа; д) жылау.

Темір; ұста — ағаш;?

а) ағаш түбірі; б) ара; в) ағаш шебері; г) теннис алаңы; д) бұтақ.

 

Субтест.

Орындау ережесі: Тапсырманың бірінші қатарындағы сөзді анықтайтын екі сөзді екінші қатарда берілген бес сөздің ішінен тауып, олардың әріптік белгілерін жауап параққа жазу керек.

Мысалы; Бақ:

а) орман, б) бақша, в) жеміс ағаштар, г) тал; д) шөптер.

Дұрыс жауабы; в) жеміс ағаштары және д) шөптер.

Орындау уақыты 5 минут.

 

 

Тапсырмалар

1.Өзен:

а) жаға, б) балық, в) балықшы, г) су өсімдіктері, д) су.

2.Қала:

а) автомобиль, б) ғимарат, в) тобыр, г) көше, д) велосипед.

3.Сарай;

а) пішін сарай, б) жылқы, в) шатыр, г) мал, д(қабырғалар.

4.Кітап оқу;

а) мөр, б) кітап, в) шағын сурет, г) көз, д) сөз.

5.Ойын;

а) карталар, б)ойыншылар, в) айыптар, г) жазалар, д) ережелер.

6.Соғыс;

а) аэроплан, б) зеңбіректер, в) атыс, г) мылтық, д) сарбаздар.

7.Кітап;

а) қағаз; б) суреттер, в) өнер, г) мәтін, д) мөр.

8.Ән айту:

а) дыбыс; б) көрермендер, в) дауыс, г) ән ырғағы, д) қол 9.шапалақтау.

10.Спорт:

а) медаль, б) оркестр, в) жарыс, г) стадион, д) жеңіс.

11.Емхана;

а) бөлме, б) бақ, в) радио, г) дәрігер, д) науқастар.

 

Субтест.

Орындау ережесі: Тапсырмада ортақ қасиеттермен сипатталатын заттар мен құбылыстар білдіретін екі сөз берілген. Олардың анықтамасын немесе жалпылап көрсететін ұғымды тауып оны жауап параққа жазу керек.

 

Мысалы; Шырша — қарағай.

Дұрыс жауабы; Қылқан жапырақты ағаштар.

Орындау уақыты 6 минут.

 

Тапсырмалар.

 

- Ұл — қыз.

- Повесть — кинофильм.

- Ысқырық — шу.

- Аштық -құрғақшылық.

- Автомобиль — ұшық.

- Құрбақа — жылан.

- Жаңбыр — бұршық.

- Жаратылыстану — математика.

- Ертегі — аңыз.

- Бөлу — алу.

- Мұрын — құлақ.

 

Жас өспірім жас кезеңіндегілерге психологиялық қызмет көрсету

 

Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері.

 

Жас өспірімдік шақ баланың жыныстық толысуынан басталып, ересектік орын алғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және әлеуметтік жағдайларға байланысты шектері анықталатын жас кезеңі. Бұл кезең 15-18 жас аралығында өтеді және көптеген өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста пубертаттық кезеңде болады. Осы физиологиялық процеске байланысты ұл-қыздардың бір-біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы орын ала бастайды. Жас өспірімдік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде, сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды талап етеді. Бұл жағдай мектептен басқа жердеде анық байқалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылар болашақта некелесуге, отбасын құруға әзірлену кезеңінде. Сондықтан, психолог алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі – жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне даярлау, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты даярлықты талап етсе, үлкендер жағынан баланың мұқтаждығын жақсы түсініп оған кеңес беріп, қол ұшын беруді қажет етеді. Мамандық таңдау баланың жалпы дүниетанымдық ізденістері мен өмірлік жоспарларында орнығып, нақтыланады.

Жас өспірім есейген сайын таңдау қажеттігі күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы немесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішінен неғұрлым шындыққа жақынын, қабылдауға келетін варианттарды таңдау керек болады. Сондықтан мамандыққа баулу, баланың мамандық таңдау мотивациясын, қызығушылығын, денсаулығын және анатомо-физиологиялық мүмкіншілігін зерттеп кәсіби бағдар беру – психолог алдында тұрған екінші міндет болады.

Жас өспірімдік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалықты құнды, қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп белгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Оның біріншісі - өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелерімен салыстырып бағалау, ал екіншісі - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз «менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.

Мұнда нақты «мен» (қазір қандаймын), динамикалық «мен» (қандай болғым келеді), мұраттық «мен» (өзімнің адамгершілік ұстанымдарыма байланысты сондай болуға тиістімен), қиялдағы «мен» (қолымнан бәрі келетін болса, сондай болар едім!) т.с.с. көз алдына елестететін «мен» бейнелері бар. Өзін-өзі талдау нәтижесінде балалар өзін объективті, төмен немесе асыра бағалауы мүмкін. Балалар психолог көмегімен «Мен» көріністерін анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндіктері болуы керек. Сондықтан әр баланы өзін-өзі танып білуге үйрету психологиялық қызметтің келесі міндеті.

Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болуы әбден мүмкін.Сонымен қатар жас өспірімдік рефлексияның тереңділігі мен қанықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік (әлеуметтік тегі мен ортасы, білім деңгейі) жеке типологиялық (интроверсия-экстраверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында тәрбиелену жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынасы, оқыған кітаптары мен көрген кинофильмдерінің сипаты) факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсысына қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.

Жас өспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жас өспірімдік ұғым мен оның оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтар жоғалады.

Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болу керек деп санайды.Ал екіншілерінде екі, үш және одан да көп достар болады. Тіптен барлық таныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім тәрбие барысында көңіл аударатын проблемалардың бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән-мағнасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.

Жасөспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уақытқа да жалғыз қала алмайды. Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке дара қажетті көмек көрсетуі керек.Адамның күрделі интеллектілік операцияларды меңгеруі және ұғымдық аппаратының баюы, теориялық интеллектінің қалыптасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңде жетіледі. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл ой қызметінің құрылымы кіші жастағыларға қарағанда күрделі де дара сипат береді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: