Авторы Э.Г.Эйдемиллер

 

Мақсаты: баланың ата-аналармен өзара қарым-қатынасын зерттеу, ата-аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудегі кемшіліктерін диагностикалау.

Орындау ережесі. Сауалнама екі блок тапсырмалардан тұрады. Біріншісі ата-аналарға арналған, ал екіншісі олардың балаларына арналған. Зерттелінушілерге алдын-ала тапсырманы түсіндіріп даярланған бланкілер таратылып беріледі. Сауалнаманың әр сұрағының тұсында жауап нұсқаларын таңдап алып, оны белгілеуге арналған бос бағандар бар. Сол жерге әркім өзі дұрыс деп тапқан жауап нұсқаларының тұсына белгі қояды.

 

 

Ата- аналарға арналған сауалнама

 

Тапсырмалар Иә Кейде Жоқ
  Сіз отбасының барлық мүшелері тең құқықты болуы керек деп санайсыз ба?      
  Балаңыз Сізбен бірге үйдің шаруашылық істеріне араласады ма?      
  Баланы күш көрсетіп жазалау – тәрбиелеудің ең тиімді әдісі дегенге келісесіз бе?      
  Баланы жиі мадақтау пайдалы ма?      
  Сіз балаңызбен әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды және отбасылық мәселелерді жиі талқылайсыз ба?      
  Кейбір тақырыптарды балаларға жария ету аса қажет емес деп санайсыз ба?      
  Сіздің ойыңызша, педагогтар Сіздің балаңызға әділетсіз қарайды ма?      
  Сіздің қолыңыз жетпеген нәрсеге балаңыздың жетуін қалайсыз ба?      
  Баланың өз ата-анасын сынауға құқығы бар ма?      
  Балаңыздың отбасылық кеңестің шешімін бұзуға құқығы бар ма?      
  Отбасының әрбір мүшесі өз көзқарасын білдіруге құқығы бар ма?      
  Балаларыңыз Сізбен сырласа ма және жеке бас мәселесіне байланысты Сізден кеңес сұрайды ма?      
  Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін педагогикалық ұстанымдарға жүгінесіз бе?      
  Баланың өткен қателіктерін есіне түсіресіз бе?      
  Отбасымда балаларыммен өзара түсінушілік бар деп есептейсіз бе?      

 

Балаларға арналған сауалнама

 

Тапсырмалар Иә Кейде Жоқ
  Демалыс күндері ата-анаңмен қыдырасың ба?      
  Ата-анаңмен бірге үй шаруашылық істеріне араласасың ба?      
  Ата-аналар баланы тәрбиелеу үшін физикалық жазаны жиі қолданады ма?(қол көтеру,ұрып-соғу т.б)      
  Отбасың сені жиі мақтайды ма?      
  Жеке бастық мәселені ата-анама айтудың аса қажеті жоқ деп ойлайсың ба?      
  Кейбір жағдайларды ата-анаға сеніп айтудың аса қажеті жоқ деп ойлайсың ба?      
  Ата-анаң сені мұғалімнің алдында жиі жақтайды ма?      
  Менің қолым жетпеген нәрсеге балам жетеді деп ата-анаң ойлайды ма?      
  Ата-ана өздерін дұрыс ұстамаса баласына ескерту айтуға құқығы бар ма?      
  Ата-анаңның әрекеттерін дұрыс емес деп санасаң, отбасылық кеңестің шешімін орындаудан бас тартасың ба?      
  Әрбір жағдайды ата-анаң немесе өзің шешесің бе?      
  Ата-анаңмен жақын әрі жиі сырласасың ба?      
  Ата-анаңның бала тәрбиелеуде сөзі мен ісі бір-біріне сай келеді ме?      
  Ата-анаң сенің бұрынғы теріс әрекеттеріңді жиі есіңе түсіреді ме?      
  Ата-анам мені жақсы түсінеді деп ойлайсың ба, ал сен ше?      

«Отбасылық қарым - қатынастың аймағы» тесті


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: