Авторы Э.Г.Эйдемиллер 1 страница

Жауаптарды бағалау кілті

Иә Кейде Жоқ
  Ж Ж ҚҚ
  ББ ЖЖ ЖПП
  ҚҚҚ БББ Қ ББ Ж
  ЖБ Ж ҚП
  ЖБ П ҚП
  ЖБ ҚП ЖБ
  ҚҚ ПП ЖЖ Қ
  ҚА Қ ЖП
  Ж Ж Қ
  Ж Ж Қ
  П БП Б
  БББ ППБ ППП
  ПҚ Қ ЖБ
  ҚҚ Қ ЖЖ
  ББ БПП ППП

 

 

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас 4 полюс арқылы көріс береді:

Б – белсенділік

П – пссивтік

Ж – жұмсақтық

Қ – қаталдық

 

Егер 3-4 шкала бойынша бірдей ұпай жиналса, онда отбасындағы тәрбие үйлесімді, қызық әрі ата-ананың балаға қоятын талабы бір-біріне сәйкес келеді. Егер 2 шкалада ұпай саны жоғары болса, онда қорытындысы төмендегідей:

ЖБ – ауыруға бағыттап тәрбиелеу

БЖ – қарсыласу гиперпротекциясы

ҚБ – қатаң өзара қатынас жағдайлары

БҚ – доминаттау гиперпротекциясы

ЖП – қарсыласу гиперпротекциясы

ПЖ - гиперпротекция

ҚП - өте жоғары моральдық жауапкершілік

ПҚ – эмоциялық шеттету

Осы жұптар бойынша отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктерін бағалап шығу керек.

 

Семантикалық дифференциал әдісі

 

Мақсаты: Топтағылардың бір-бірін эмоционалдық бағалауын талдау.

Семантикалық дифференциал әдісі адамның басқа бір адамға деген эмоционалдық қатынасын анықтау үшін қолданылатын зерттеу. Топтағы қарым-қатынас әр түрлі болады: іскерлік, жолдастық, достық немесе негативтік. Адам аралық қарым-қатынастың осы ерекшеліктерін даралап анықтау әдісі семантикалық дифференциал деп аталады.

О рындау ережесі. Өз тобыңыздан екі адамды таңдап алыңыз. Олардың ішінен өзіңіз жақсы білетін және олардың ішінен біреуіне көзқарасыңыз оң, ал екіншісіне теріс эмоционалдық қатынаста болғандарыңызды таңдап алыңыз. Олардың әрқайсысына қарама-қарсы мағынасы бар сөздермен көзқарастарыңызды белгілеп шығыңыз. Егер қатынасыңыз оң болса белгіні кестенің оң жағындағы «+» белгісі бар жағына үш баллдық жүйемен бағалаңыз, ал қатынасыңыз теріс болса сол жағына қойыңыз (0 баллдан 3 баллға дейін).

Бағалауға ұсынылатын мінез көрсеткіштері төмендегі кестеде берілген.

 

Теріс көрсеткіштер -3 -2 -1   +1 +2 +3 Оң көрсеткіштер
Жаман               Жақсы
Жағымсыз               Жағымды
Тартымсыз               Ұнамды
Пайдасыз               Пайдалы
Керексіз               Керекті
Салмақсыз               Салмақты
Қажетсіз               Қажетті
Елеусіз               Елеулі
Дөрекі               Жұмсақ

 

Нәтижесін талдау

Әр адамға берген бағалары бөлек бланкілерге толтырылады. Бағасы екі ортада орналасқан болса бағалардың орта баллы алынады. Бағалап болғаннан соң оң көрсеткіштер бойынша және теріс көрсеткіштер бойынша әр адамның орта баллы шығарылады. Ол эмоционалдық қатынас көрсеткіші болады. Балл оң белгіде болса, ол адамды қабылдауы оң, қанша 3 баллға жақын болса сонша жақсы (теріс болса қарама-қарсы көрсеткіште болады)

 

Социометрия әдісі

 

Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған көптеген әдістемелер жасалған. Олардың көпшілігі мектеп психологиялық қызметінде сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін, оқушының әлеуметтік статусын зерттеуге кеңінен пайдаланып жүр. Казіргі кезде ең жиі пайдаланылатын топты зерттеу әдістемесі социаметрия деп атауға болады.Социометриялық талдауды ұсынған және оны психологиялық зерттеулерде қолдану ережелерін жасаған Австрия ғалымы Джекоб Морено. Венадағы психиатериялық клиникада жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде ол өте маңызды қорытынды жасайды: көптеген психикалық ауытқулар адамның әлеуметтік ортада өзін ыңғайсыз сезінуімен, әлеуметтік адаптациядан өте алмағанымен байланыста деп тапқан.Осы себептің әсерін төмендету үшін әр адамның өз ортасындағы әлеуметтік статусын және қарым-қатынас мәдениетін зерттеу қажет екенін дәлелдеген.

Өткен ғасырдың 20- жылдары Дж. Морено психиатриялық зерттеулерден әлеуметтік-психологиялық проблемаларды зерттеуге бет бұрады.Ол социометриялық әдістемелерді әлеуметтік топтардағы әр адамның күй-жағдайын зерттеуге пайдалану жолдарын іздеді.Морено адамдарға әлеуметтік ортаның әсерін зерттеуге «триадикалық» деп атаған жүйені ұсынды.Бұл жүйенің құрамды бөліктері социометрия, топтық психотерапия және психодрама деп аталды. Осы ұсынылған триадикалық әдістемелердің ішінде мектеп психологиялық қызметінде оқушылар ұжымын зерттеуге кеңінен пайдалынылатаны- социометриялық талдау.Бұл әдістеме көмегімен оқушылардың сынып ұжымындағы орны, олардың достары мен жолдастарының бар екендігі, ұжымның ішкі құрылымы, үлкен топтың құрамында микротоптардың барлығы және ол топтардағы тұлғааралық қатынастардың қалыптасқандығы анықталады.

Мақсаты: Ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және татулығын өлшеу.

Орындау ережесі: Тесті орындау алдында зерттелінушілерге жауап парақпен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі.Жауап бланкісі алдын-ала төменде берілген үлгі бойынша даярланады

Мен сіздерге сұрақтары бар парақ таратып беремін. Әр сұраққа терең ойланып,дұрыс жауап беруге тырысыңыздар

Жауап беру бланкісі:

Аты,жөні:

Оқитын сыныбы:

Төмендегі сұрақтардың әрқайсысына сыныпта бірге оқитын оқушылардың үшеуінің атын жазыңыз.

1. Мектепті бітіргеннен соң кіммен достық қарым-қатынаста болғыңыз келеді?

А)

Б)

В)

2.Туған күніңізге кімді шақырғыңыз келеді?

А)

Б)

В)

3.Саяхатқа кіммен шыққыңыз келеді?

А)

Б)

В)

 

Нәтижесін талдау: Жиналған материалдарды социоматрица және социограмма жасап талдау керек.

Жоғарыда берілген үш тапсырма бойынша жиналған материалдарды жеке-жеке матрица мен социограмма жасауды талап етеді. Олардың жалпы көрсеткіштері бір-біріне сәйкес келуі және айырмашылығы көп болуы мүмкін.Бұл жерде мысал ретінде бір тапсырма бойынша жиналған мәліметті кестеге түсіру ретінде ғана көрсеттік.Басқа екі тапсырма бойынша матрица мен социограмма жасау керек.

Социоматрица жасау

Кестеге зерттелінушілер тізімі түсіріледі және олардың қалаулары жоғарғы қатардағы олардың нөмірімен қиылысқан жеріне түсіріледі. Кестенің төменгі қатарына әрқайсы-

сының жинаған қалауларының саны жазылады.

Бағалау шкаласы:

6 және одан көп –жұлдыздар

3-5-қалаулылар

1-2-қалаусыздар

0-шеттетулілер

Ұсынылған кестедегі көрсеткіштер бойынша топтағы балалардың 2 «жұлдыз», 5 «қалаулылар», 10 «қалаусыздар»,2 «шеттетулілер» болады.Осы көрсеткіштердің өзі сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып саналады.

Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық таңдаулар санын өзара таңдау санына бөлу керек.Бұл сыныпта ұжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты.

 

өзара таңдау 8

Р=-------------------------------- = - -------------- = 0,15

Таңдау саны 57

 

Социометриядағы көрсеткіштер бойынша зерттелінушілер статусына байланысты социограмма жасалады. Ең ішкі шеңберге «жұлдыздар»,екінші шеңбер ішіне «қалаулылар», үшіншісіне «қалаусыздар»,ал сыртқысына «шеттетулілер» белгісі түсіріледі.

 

Социограмма


-ұлдар


-қыздар

 

-қалау

 

-бір-бірін қалау

 

 

 

 

 

Жиналған материалдарды талдау нәтижесінде келесі қорытынды жасауға болады. Социометриалық талдау барысында сыныптағылардың екеуі жұлдыз болып шықты.Олардың белгілері ішкі шеңберде орналасқан.Сонымен қатар сыныптағы оқушылардың ауызбіршілігі төмен,бір-бірімен қарым-қатынасы шектеулі екендігін байқауға болады.33 оқушының алтауы шеттетіулі (олардың белгілері сыртқы шеңберде орналасқан),оңаша қалғандар.Бұл оқушылар басқалармен, әсіресе сыныптағы майталман лидерлермен қарым-қатынаста болғысы келеді, тек оларды бұл оқушылар қабылдамайды.Сонымен қатар 13 оқушыны 1-2 сыныптастары ғана қалап алған, олар басқаларға ұнамсыз,қалаусыз деп айтсақ болады.Ал 12 оқушыны 3-4 адам таңдап алған. Оларды қалаулыларға жатқызуға болады.Бұл жерде бір атап өтетін мәселе-ұл балалар мен қыз балалардың арасында қарым-қатынас шектеулі, тек қана 1 қалау орын алған.Бір сыныптағы балалар жеке топтар болып оқып жүрген себептерін зерттеп,оң көрсеткіштерін нығайтып, арақатынастарын жақсарту нәтижесінде ұжым ішілік татулықты тереңдетуге мүмкіндік туады.

Қарым-қатынас мәдениетін зерттеуде және коррекциялауда

ТРАНСАКТІЛІК ТАЛДАУ әдістемесінің орны

 

Психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық көмек көрсету барысында оқушылар арасында, педагогтар мен оқушылар, ата-аналар мен олардың балалары арасында бір-бірін түсінбеушілік, қарым-қатынасының бұзылуы, шиеленісті жағдай тууы жиі орын алады. Келіспеушіліктің себебі қарым-қатынас барысында оған қатысушылардың біреуінің өзін ыңғайсыз сезінуі, басқалардан қысым көруі, оның іс-әрекетін өзгелер дұрыс бағаламауы, т.с.с. жағдайлармен байланысты «жәбірленуші» өзін-өзі психологиялық қорғау әдістерін іздеуге мәжбүр болады. Бұл жағдай қарым-қатынас жасаушылар арасында қатынас мәдениетінің сақталмағанын көрсетеді. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында, қызметкерлер тобында кәсіби іскерлік қарым-қатынаста орын алған түсінбеушіліктердің себебін анықтап, осы жағдайдан шығару шаралары ретінде трансактілік талдау кеңінен пайдаланылады. Бұл талдау барысында зерттелінушілердің қатынас жүргізу ерекшеліктерін функционалдық-рөлдік дәрежеде талдауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың, үлкендердің бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады.

Көптеген ғалымдар қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтаманы береді:

қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуы. Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқандығын, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжірибелік мәселелердің тиімді шешілгені қарым-қатынаста болған барлық субъектілер үшін оң, психологиялық жағынан ыңғайлы жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізілгенде ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталады деп айтуға болады.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына байланысты өз мінез-құлқының моделін жасап, оны жүзеге асырады. Осы модельге көптеген психологиялық көрсеткіштер әсерін тигізеді. Г.М.Андреева, Э.Берн зерттеулерінде қарым-қатынас мәдениетінің келесі көрсеткіштері анықталған: адамның дүниетанымы, қарым-қатынас объектісіне көзқарасы, өз құқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі бағалауы, әдеттері, қарым-қатынас тәжірибесі, мінезі, көңіл-күйі, т.б. Бұл көрсеткіштердің барлығы жеке адамның өмір сүретін ортасының мәдениетіне, ол адамның өзін-өзі басқару механизмінің қалыптасқанына тәуелді. Сыртқы ортаның қойған талаптары біртіндеп әр адамның ішкі «Меніне» айналады. Осы «Менді» талдау жолын АҚШ психологы Э.Берн 1955 жылы жасап шығарған. Ол трансактілік талдауды жеке адамның мінез-құлық моделінің қалыптасу ерекшеліктерін талдау әдісі ретінде ұсынған.

Трансакция – бұл басқа адамға бағытталған әрекет (акция) немесе қатынасты тасымалдау. Ол адамның басқалармен қарым-қатынасының бірлік бөлігі болып табылады. Э.Берннің концепциясы қарым-қатынаста қиындық көріп жүрген адамдарға психологиялық көмек көрсету қажеттілігін қанағаттандыру әдістемесі ретінде жасалынған.

Адамдардың қарым-қатынас барысында көрсететін мінез-құлқын ұзақ уақыт ішінде бақылап, жиналған материалдарды талдау нәтижесінде автор келесі тұжырымдама жасаған: қарым-қатынас барысында адамдардың мінез-құлқы, бет-әлпеті, сөйлеу техникасы, дене қимылы өзгеріп тұрады. Олар бірде кішкентай бала сияқты бір күліп, бірде жылайды, ал екінші жағдайда үлкендер сияқты байсалдылық пен сабырлық көрсетеді, үшіншіде – ата-аналарының үлгісінің көшірмесі болады. Осындай ерекшеліктерді талдай отырып, Э.Берн жеке тұлға негізгі үш құрамды бөліктің бірлігі екендігін көрсеткен. Адамдардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тәжірибесінен алынған «Трансакция» терминін қазақшаға аударғанда «қарым-қатынас барысындағы әсер ету» деген мағынаны береді, ал трансакциялық талдау – осы әсерді талдау әдісі болып табылады. Басқа адамға әсер ету қарым-қатынас барысында жүреді. Осы қарым-қатынас жасау барысында басқаларға әсерлі болу үлгісін көрсету, келісімділік тәжірибесін ұйымдастыру әдісі ретінде трансакция ұсынылған.

Адамның қарым-қатынас мәдениетін сақтауы жағдайға байланысты болғандықтан оның позициясы кішкентай бала, ата-ана немесе үлкен адамдар позициясына ұқсайды. Трансакциялық талдау барысында осы позициялар толық талданады. Трансакциялық талдау келесі 4 тақырыптық бөлімдердің ерекшеліктерін толық талдау аарқылы жүргізіледі:

Құрылымды талдау;

Трансакцияны талдау;

Ойындарды талдау;

Сценарийлерді талдау.

1. Құрылымды талдау

Адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақыл-ойы мен сана-сезімі үш қарапайым нәрселерге тәуелді болады, яғни әрбір адам:

Бір кездері ол кішкентай бала болған;

Оның ата-анасы немесе олардың орнында болған адамдары болған;

Егер оның дені сау болса, ол қоршаған болмысты ақиқатқа сай бағалауға қабілеті жетеді.

Осы үш жағдайға байланысты үш құрамдастардан тұратын жеке адам жайлы елестер қалыптасады да, олар «Мен» жағдайларының әр түрі ретінде көрініс береді:

1. Ата –аналық Меннің көріністері

қамқор ата-аналық Мен жағдайында,

сыншыл ата-аналық Мен жағдайында.

Мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас ережелері мен номалардан тұратын Ата-аналық Мен жеке тұлғаға стандартты жағдайларда қалыптасқан және өмір сынынан өткен стеротип бойынша ыңғайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Ол стереотиптер сананы күнделікті кездесетін қарапайым, үйреншікті мәселелерді талдап шешу жүгінен босатады. өйткені өмірде адам орындайтын көптеген әрекеттер күнделікті неше рет қайталанатын болғандықтан (қолды жуу керек пе?) оны күніге бір күрделі мәселе сияқты шешетін болса, оның алдында тұрған шынайы күрделі, ойланып толғануды талап ететін проблемаларды шешуге шамасы қалмас еді. Ата-аналық Мен бұл әр адамның ішкі бақылаушысы, реттеушісі және бағалаушысы болып табылады. Сондықтан уақыт тапшы болған жағдайларды Меннің осы құрамды бөлігіне адам бейсаналы түрде көптеген жүгін артады.

2. Үлкендік Мен көріністері:

Мағлұматтың логикалық құрамдарын қабылдайды және өңдейді, көбінесе шешімдерді ойлап алып және олардың шынайылығын эмоциясыз тексере отырып қабылдайды. Үлкендік Мен Ата-аналыққа қарағанда стандартты, бір мағыналы жағдайларға емес, ол бірегей, ойлануды қажет ететін, таңдауға еркіндік беретін, сонымен қатар шешім қабылдаудың салдарын жауапкершілігін ұғынуды қажет ететін жағдайларға бейімделеді.

Үлкендік Мен жеке тұлға құрылымындағы балалық Мен және Ата-аналық Мен көріністерін тексеріп, шынайы жағдаймен салыстырып, бағалап отырады.

Балалық Мен көріністері:

Тіршілікте сезімдер ұстанымында болады.қазіргі кездегі мінез-құлыққа бабалық шақтан қалған жасырынды сезімдер әсерін тигізіп тұрады. Сонымен қатар Балалық Мен тек өзіне тән ерекше қызметтерді атқарады: шығармашылық қабілеттің көрініс беруі, қақтығыс жағдайдан шығу жолдарын табу, өзінше бір ерекшеліктерді көрсетуді, кейде өткір әзіл және т.с.с. Өмірге қажетті жағдайларды туғызуы,Адам өз бетімен мәселені шешуге шамасы келмеген кезде, басқа адамдардан қысым көргенде Балалық «мен»шатақ мінезбен көрініс береді. Э. Берннің сыныптастыруы бойынша қарым –қатынас барысындағы «Мен» көріністері жағдайға байланысты 3 түрде орын алады. Балалық Мен көріністері:

табиғи Балалық «Мен»(қуаныш, қайғы және т.б. эмоционалдық күйлерін спонтандық түрде бейнелеуі)

Икемделуші балалық «Мен» (бейімделуші, құлақ қоюшы, қорқақтық білдіруі, кінәлі болуы, жалтақтаушы және т.с.)

Қарсылық білдіретін балалық «Мен»(өзін басқаларға таныту үшін қарсыласып, мен оны орындамаймын, бармаймын деген байбаламшылық, қырсықтық белгісін көрсетуі)

Адамның қарым - қатынаста ұстанған позициясына байланысты «Мен»інің үш құрамды бөлектері әр түрлі болады:

Мен көрінісі ата-аналық позицияда болса ол әке, ана, әпке, педагог, бастық рөлдерін ойнайды.

Мен көрініс үлкендік позициясында болса ол өзінің бағасын білетін көрші, жолаушы, бағынышты әріптес, кездойсоқ серік және т.б. рөлдерде болады

Мен көрінісі үлкендік позициясында болса жас маман, халықтың сүйікті қайраткері, «қылжың-мылжың», еркетай, жезде рөлдерінде болады.

Әр бір адамның жеке тұлғасында осы үш құрамдастық байқалады. Олар бір-бірімен гормониялық байланыста болуы керек. Егер біреуінің көрінісі сыртқы жағдайға сай болмаса қарым-қатынас бұзылып, шиеленіс жағдай туы мүмкін. Шиеленіс жағдайларды шешу жолын қалай іздеу керек екенін Э Берн ұсынған. Оның пікірінше адамның осы құрамды бөліктерінің қайсысы бәсең, жағдайға сай емес көрініс берсе, соны оятып жандандыру – психотерапияның негізгі мақсаты болып табылады.

Мен көрінісін диагностикалау және оны гармониялық жағдайға келтіру жеке адамның барлық функцияларын атқарады.

Қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау оның мақсатына байланысты. «Мен» нің үш позициясының үлес салмағы әр түрлі болады. Олардың арақатынасын трансакциялық талдау бойынша анықтауға мүмкіндік туады. Талдау барысында мінез-құлық құрылымын, оның ерекшелігін, әр құрамды бөліктерінің жалпы көрініске қосатын үлесін анықтап алғаннан соң трансактілік талдау қарым-қатынас мәдениетінің өлшемі бола алады.

Трансакцияны талдау.

Трансакция-дегеніміз – бұл екі немесе одан көп адамдар арасындағы екіжақты коммуникация. Ол негізгі 2 бөліктен тұрады.

Түрткі трансакция (бір адам екінші адамды не көптеген адамдарды қарым-қатынасқа шақырады)

Жауап трансакция (түрткіге сай, одан басым немесе төмен жауап беру)

Осы бөліктердің бір-бірімен ұштасып жүруі барысында қатынасқа түсушілердің Мені әртүрлі жағдайда болады.Сондықтан, трансакцияның нәтижесінде адамдар не бір-бірімен тіл табысады, не қақтығысқа ұшырайды.

Трансакциялар әртүрлі болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: