Авторы Э.Г.Эйдемиллер 2 страница

1) параллель жүретін трансакция, түрткі трансакция мен жауап трансакция

Бір-бірінен қайшыласпайды және бір-бірін толықтырып отырады.(мысалы, түрткі трансакция-үлкендік –Балалыққа, жауап трансакция- Балалық –үлкендікке)

2) қайшылас жүретін трансакция, бұл жағдайда түрткі трансакция мен жауап трансакция бір бірімен қайшылас келеді.(мысалы, түрткі трансакция үлкендік –үлкендікке, жауап трансакция сыншыл Ата-аналық- балалыққа)

3) бүркемелі жүретін трансакция. Бұл трансакция барысында шиеленіс анық көрініс бермесе де, ішкі мазмұны бір-біріне қайшылас болып келеді.

Бұл қатынастарды келесі нұсқамен көрсетуге болады.(трансакция

диаграммасында көрсетілген)

 

Қатынастар диаграммасы

 

 
 

 


Ата-аналық Ата-аналық

 
 

 


Үлкендік Үлкендік

 
 


 

       
 
   
 

 

 


Балалық Балалық

 

 

Қатынастар диаграммасында көрсетілгендей, қарым қатынастың позитивті аяқталуына параллель трансакциялардың ықпалы зор. Ал қайшылас жүретін трансакциялар көп жағдайда ұрыс-керіске, дау-дамайларға, қарым-қатынастың негативті аяқталуына алып келеді, нәтижесінде көптеген бүркемелі трансакциялар туындайды.

Ойындарды талдау

Трансактілік талдау – стандартты хабарларда қайта өндірілетін және өзара түсінушілікке жиі кедергі болатын коммуникациның стереотипі (қылықтар стереотиптері) тізбектерін зерттеу. Осындай қылықтар стереотиптерінде ойындар негізгі орын алады. Ойындар бұл трансакцияның стандартты тізбектері болып табылады. Осындай трансакцияларға психологиялық факторлар фон болады. Ойындар спонтандық, ашық қарым қатынасқа қарсы қойылады.көптеген ойындар адамның шынайы көңіл көтеруіне бағытталған. Барлық ойындар барысында барлық әрекеттер мен эмоциялар ережелерге, келісімге негізделген болуы керек. Ойындар белгілі бір «сый құрметке бөлену», ішкі кернеуді жеңілдету үшін, уақытты өткізу үшін жүзеге асырылады., ішкі эмоционалдық зорлану жағдайынан шығу, уақытты реттеу және т.с.с.

Трансакциялық талдау барысында ойындардың үш түрі (типі) қолданылады.

құрбандық жасау (ымырашыл басшы өзін-өзі құрбандыққа келтіргендей болып отырады)

қудалаушы (авторитарлы басшыға тән)

құтқарушы (демократия жолымен басқаратын басшы)

Трансакция арқылы адамдар өз уақыттарын реттеп, оны үнемді пайдаланады. Трансакцияны ұйымдастыру барысында ойын арқылы уақытты реттеудің 6 тәсілі анықталған. Осы тәсілдерді қолдану арқылы әр адам өз рөлін қалай атқарып жүргені жан-жақта талданады.

түйсініп қалу тәсілі (шет жүрушілік), қарым-қатынастан қашқақтап, трансакциямен алмасудан бас тартады.

Ритуалды кездесу тәсілі, бұл жағдайда уақытты өткізу реті, қолданылатын әдістері толық қалыптасқан салт – дәстүрге сай алдын-ала болжамдалған. Қарым – қатынасқа түсушілердің барлығы алдын-ала кім не істейтінін біледі, сондықтан қатынас барысында қақтығыс болады-ау деген қорқыныш пен тәуекелшілік орын алмайды. Ритуалдық қатынасқа түсушілер – бірін-бірі түсініп қабылдағандар.

Іс -әрекет тәсілі –қоршаған дүниенің обьектілеріне мақсатталған әрекеттер көмегімен уақытты ретке келтіру. Бұған іскерлік кездесулерді, сабақ жүргізу, кітап жазу, емтиханға дайындалу, киім кешекті тазалау, ыдыс жуу, және т.с.с. жатады.

Ермекпен уақыт өткізу тәсілі. Э Берннің айтуынша: «тек бақытты адамдар ермектік трансакцияға даяр болады. Олар ешқандай жалтармалы мағынасы жоқ, жартылай ритуалды трансакцияларға жатады. Невротиктер бос уақытын ермекпен өткізе алмайды.

Ойын арқылы уақытты реттеу тәсілі. Ойын –дегеніміз – бір-бірін толықтыратын, алдын-ала немен аяқталатынын болжамдауға болатын трансакция. Ойын барысында өзін қолдауды қажетсініп жүргендер, бірақ өз тұлғалық жағдайын төмен бағалайтындар осы қажеттілікті қанағаттандыруға толық мүмкіндік алады.

Жақындасу тәсілі көбінесе уақытты өткізудің алғашқы бес тәсілінен бас тартқандарға тән. Трансакцияға түскен партнерлер «Мен -жақсы», «Сен жақсы» деген позицияны ұстанады.

Осы қатынас барысында бір-бірімен көріскеніне қуанышын білдіруге ешқандай ритуалдық әрекеттер жасауды талап етпейді, сондықтан партнерлер қысылып -қымтырылмай, өз-өзін емін-еркін ұстайды.

Әр адам өз уақытын тиімді пайдалану үшін неше түрлі шаралар пайдаланады, осы шаралар жиынтығын бағдарламалау деп атайды.Трансакция барысында әр адам өз уақытын 3 фактор бойынша бағдарлап реттей алатын болуы керек.Материалдық факторлар- қоршаған объектив болмыспен қатынастың өзгеруіне байланысты, бағдарланудың әлеуметтік факторлардың орын алуын қалыптасқан салт –дәстүрді күнделікті пайдаланумен (мысалы, сәлемдесу ритуалдары) байланысты, жекелік факторлар-уақыт өткізуге көзқарасына байланысты орын алады.

Сценарийлерді талдау

Ойындар трансакциясы өте күрделі және үлкен ансамбілінің бір көрінісі болып табылады.ол ансамбль сценарийлер деп аталады. Сценарийді талдау – бұл өмірді қалай сүру жайлы ертеректе, бейсана түрде қабылданған шешімдерін табу әдісі.Трансакцияның бұл құрамды бөлігінің басқа маңызды аспектісі пассивті жүріс-тұрысты зерттеу болып тәлкіленеді.Бұл жерде әрекетсіздікті емес,шешім қабылдаудан қашу деп деп түсініледі. Адамның барлық іс-әрекеттеріне өзін және басқаларды бағалау модальдағы өмірге деген позициясы әр адамның өзінің өмір сценарийімен байланысты дамиды.

Адамның әр-түрлі жағдайдағы мінез құлқы мен өмір сүруге деген көзқарасы кішкентай кезінде қалыптаса бастайды.Отбасындағы мінез-құлық стереотиптері баланың тек өмір сүру салтын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оның ой-өрісін де анықтайды.Сондықтан трансакция барысында әр клиенттің өмір сценарийі талданады. Трансакциялық талдау бойынша Адам өмірі бірнеше кезеңге бөлінеді.

Әр кезең өмір сценарийына өз үлесін қосады.

Осы кезеңдерде адамдардың мінез құлық,оның позициясы өзгере береді.Бірақ ол өзгерістердің сценарийін ата-аналар, сол адамды қоршаған үлкендер бағдарламалап қойған және оның өмірлік позициясын құрған. Позиция- бұл адамның қоршаған дүниеге және өзіне деген қатынастар базасында қалыптасатын,интегралды екі аспектілі нұсқау болып табылады.Осы концепция бойынша жеке адамның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүреді.

 

Адам өмірінің кезеңдері.

 

 

Әлеуметтік туу

(мектептің бірінші сыныбында)

 

 

Психологиялық туу

(алғаш сипап сезуі)

Жатырқаушылық

 

Физикалық туу

(бірінші дем алуы)

 

Жасушалы тууы

(бала бітуі)

 

 

Осы кестеде көрсетілгендей өмір кезеңдері бала бітуінен басталады да, ананың бала бітуіне көзқарасы оның болашақ концепциясын құра бастайды. Біртіндеп өмір кезеңдері осы позицияға өз үлесін қосады.

Жеке адам позициясы сол бағдарлама бойынша құрылады.,қалыптасқан көзқарас екі аспектіден тұрады.

  1. Объективтік болмысқа көзқарасы
  2. Өзіне-өзі көзқарасы

Позиция бір қалыптасқаннан соң оны бұзу өте қиын. Ол үшін саналы түрде өзінің позициясының дұрыс емес екенін түсініп, басқа позицияға өту туралы шешім қабылдауы қажет. Әр адам жақындасу теориясын қабылдағаннан соң оның өмір сценарийін талдап, өмірге деген көзқарасын анықтап, позициясының қай нұсқада екенін көрсету қажет.

Трансактілік талдау концепциясы бойынша даму барысында адамның мінез-құлық сценарийінің бағдарламасы жасалады да оның өмірлік позициясы анықталады.

Қарапайым екі жақты позициялар «Мен» және «Сен» болып саналады.

Олардың 2 модальдығы бар:

1.Позитівті (+)

2. Негативті (-)

Осы белгілер бір-бірімен қосылған уақытта 4 түрлі варианттағы басқа адамды қабылдау көрініс береді:

  1. Мен -,Сен + (Мен жаман,Сен жақсы деп бағалау позициясы) Психологиялық түрде бұл депрессивті позиция болып табылады және ол әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі кемсітуді білдіреді. Кәсіби іс-әрекетте көбінесе бұл позиция әртүрлі адамның өзгелер алдында саналы түрде өзін кемсітуіне түрткі болады.
  2. Мен -, Сен – (Мен жаман,Сен жаман деп бағалау позициясы.) Бұл позиция адамды үмітсіздікке, болашақтан ешқандай жақсылықты күтпеуге алып келеді. Осындай өмірлік позицияны қабылдау үлкендіктің психикалық дамудың бәсеңдеуіне немесе тоқтап қалуына да алып келеді.Бұл болашақтан үміт үзу позициясы болып табылады.
  3. Мен +, Сен – (Мен жақсы, Сен жаман деп бағалау позициясы) Бұл позиция басымдық сезім туғызады, адам өзін өзгелерден артық санап,ешкімді менсінбеей, мен-мен болып кетеді.Бұл позиция біреуден құтылу қажет болған жағдайға сай келеді.Бұл позиция көбінесе бейдарын орташаларға тән.
  4. Мен +,Сен +, (Мен жақсы, Сен жақсы деп бағалау позициясы) Бұл өмірлік позиция ерте балалық шақта бейсаналы деңгейде қалыптасады және барлық уақытта табысты болу мотивациясы жетекші болады. Бұл позиция саналы деңгейде қабылданады.Онда адамның өзі және басқа адамдар жайлы көптеген мәнді мағлұматтар бейнеленеді.Бұл позиция өзіне және қоршаған ортаға позитивті көзқарасы бар, дені және жаны сау адамның позициялары болып табылады. Қорыта айтқанда трансакциядан мыналар көрінеді:

- әрбір адам келіп жатқан мағлұматты 3 канал бойынша, яғни Э (эмоционалдық),Ж (жауап реакция) және Е (ерікті) каналдары бойынша қабылдайды және әсерленеді.

- Эмоционалды канал Э -өте тез әсер ететін канал. Е каналы бойынша реакция ерік және физикалық күш жігерді талап етеді.

- Параллель бағытталған мағлұматпен алмасу көп жағдайда гармониялық қатынасты дәлелдейді

- Қайшылас трансакциялар қақтығыс жағдайлар туғызады.

- Ж канал бойынша жауап реакциясы түрткі сигналдарға байланысты.Әңгімелесуші түсінбеген бүркемелі трансакциялар дау-дамаймен аяқталуы мүмкін болатын жосықсыз қарым-қатынасқа алып келеді.

Трансактілік талдау нәтижесінеде зерттелінушінің қарым-қатынас мәдениетіне, оның жан-дүниесіндегі үш негіз «Ата-аналық Мен», «Үлкендік Мен», «Балалық Мен» әсерлерін анықтау, олардың оң және теріс әсерін, қайшылық және сәтсіздікке жетелейтін түрлерін талдау арқылы әр адамға өзімен-өзі гармонияда болу жолдарын тауып беру болып табылады.

Трансакция элементтерін мектеп психологы оқушылардың қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруға және өмір сүру сценарийіндегі,қарым-қатынас моделіндегі кемшіліктерді коррекциялауға қолдануға болады.Қарым-қатынас адамдардың бір-бірін тану және қабылдауы ретінде (қарым қатынастың перцептивтік жағы) талданғанда бір адам (бақылаушы) басқа адамды (бақыланушыны) қабылдауы жалпы түрде қалай өрістейтінін қарастырғанда бақыланушыны қабылдау тек оның сыртқы белгілерін көре алады.Олардың ішінде ең мағлұматтысы сыртқы кейпі (физикалық сапалары мен сыртқы келбетінің безендірілуі) және жүріс тұрысы (істеп тұрған әрекеттерімен экспрессивті реакциялары). Бұл сапаларды қабылдай отырып, бақылаушы белгілі амалдармен оларды бағалайды және қарым-қатынастағы партнердің ішкі психологиялық қасиеттері туралы кейбір ой тұжырымдарын жасайды (көп жағдайда бейсаналы түрде) Бақыланушы мінездемесіне тіркелген қасиеттердің жалпы саны оған белгілі қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді (бұл қатынас көбінесе эмоционалды сипатта болады және «ұнайды-ұнамайды»деген шешімнің шегінде орналасады) Жоғарыда атап өткен феномендер әлеуметтік перцепцияға жатқызылады.

 

Коррекциялық ойындар

Мектепалды тобындағыларға арналған коррекциялық ойындар.

Мектепке бейімделуді тексеруде жүргізілген бақылаулар, әңгімелесулер,отбасы суреті,біз қандай ата-анамыз, отбасылық қарым қатынастың аймағы тесті,Оқу мотивациясын анықтау т.б. әдістемелер негізінде бастауыш сынып оқушыларына арналған адаптациялық коррекциялар мен тренингтік жаттығулар өткізуге болады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде балалардың өз ата-аналарымен түсінісуін нығайту мәселелері шешіледі. Балалардың басқаларға деген зейінділігін және байқағыштығын дамытуға арналған психокоррекциялық ойындарды кеңінен пайдалану керек. Бұл ойындар тек таным процесстерін дамытып қоймайды,сонымен қатар балалардың қарым-қатынас мәдениетін нығайтуға, қоршаған адамдарға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және ашық жарқындықты тәрбиелеуге үлкен үлесін қосады.Бұл тренингті бірнеше кездесулер, қосымша сабақтар немесе ата-аналар жиналысының тәжірибелік бөлімі ретінде ұйымдастыруға болады. Әр кездесуде тренинг ойындарының көптеген түрлерін пайдалана отырып ата-аналар мен балаларды бірге «балалық шаққа» саяқатқа шақырып, олардың белсенділігін және қарым-қатынасқа икемділігін қалыптастыруға, мектепте оқытуға даярлауға арналған көптеген іс-әрекеттер ұйымдастырылады.

Осы сияқты ойындардың түрлері өте көп. Оларды әртүрлі нұсқада пайдалану үшін «Бәйге», «Аңшы», «Жұлдызшы», «Үй құстары», т.б. ойындарын элементтерін қолдануға болады.

Психокоррекциялық ойындарды пайдалану арқылы балалардың оқуға қызығушылығы, танымдық белсенділігі дамиды. Топтағы «Үндеместер» ашылып, түсінген сұрақтарға өз жауаптарын беруге асығады, олар қолдарын көтеріп тұра бастайды. Сондықтан таным процестерін дамыту ойындарын жеке тұлғалық қасиеттерді де түзетіп дамытуға тигізетін әсері мол екенін ескере отырып, оны пайдалану аймағын кеңейтуге болады.

 

 

Мектепалды тобындағыларға арналған ойындар.

«Жел кімге қарай соғады» ойыны

Мақсаты: Балалардың зейінділігін нығайту,басқа адамдардың жақсы қасиеттеріне көңіл аударып оны бағалауға үйрету.

Ойын барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады.Жүргізуші ойынды бастар алдында оның ережесімен таныстырады. «Мен әрқайсысыңның өздеріңе тән ерекшеліктеріңді атап отырамын,ал сендер ол кім екенін табуларың керек!».Ыстық күнде салқын жел жирен шашты балаға қарай ауды. Ол кім? Енді желдің беті әпкесі бар балаға қарай ауды.Оны табыңдар. Жел жылауық баланы көргенде күшейіп кетеді. Біздің ортамызда ондайлар барма? Жоқ..Жел інісі бар балаға қарай соқты.Оның атын атаңдар. Мамасына үлкен көмекші болып жүрген кішкентай қызға қарай бет бұрды. Оны танисыңдар ма? Ойын барысында балалардың барлық оң қасиеттері аталып, теріс көріністерін «бізде жоқ»қа шығарып отырғанның тәрбиелік мәні өте жоғары.Теріс мінез көрсететіндер ол қасиеттің теріс бағалатынына түсініп, біртіндеп осы теріс мінезден қол үзуге талпынады. Балалар өздерінің жағымды мінездеріне сүйсініп, оны нығайтуға ниет білдіре бастайды.

 

«Құпия» ойыны

Жүргізуші қобдишадан әр балаға «ешкімге көрсетпе» деп құпия затты алақанына салып береді. Қобдишада түйме, сағат, значок, скрепка, болт, винт, моншақ т.с.с майда заттар болуы керек.Сұрақтар тікелей қойылмағаны дұрыс.Балалар жанама сұрақтар арқылы қандай зат екенін табу барысында олар зат пен құбылыстардың қасиеттерін толығырақ сипаттауға үйренеді. Барлық құпиялар ашылғаннан соң әр бала өзінің жүргізген зерттеуінің нәтижесімен басқаларды таныстырады,тапқан заттарымен басқаларды таныстыру барысында ол «құпияны»қай жерде және қалай пайдалануға болатындығын айтып беруі керек. Бұл ойын баланың ойлауын,қиялын,шығармашылық қабілетін,тіл байлығын дамытады. Сонымен қатар баланы заттармен таныстырып,көрген-білгенін басқаларға әңгімелеп беру тәжірибесі мен дағдысын қалыптастырады. Ойынға балалар өте үлкен қызығушылық білдіреді және белсене қатынасады.

 

«Ертегі ойлап табайық» ойыны

 

Жүргізуші ертегіні бастайды: «Баяғы заманда....» келесі қатынасушы келесі сөзді айтады. Шеңбер бойынша әр бала бір сөзден қосқанда ертегінің алдыңғы айтылған сөзін, онда айтылған ойын жалғастырып, әңгіме біртұтас оқиға болып шығатындай сөз айтуы керек.Ертегінің тақырыбын алдын-ала анықтап,оны мектеп өмірімен байланыстырса да болады.Мысалы, «Ерте, ерте,ерте екен,ешкі жүні келте екен,қырғауылы қызыл екен,құйрығының жүні үлкен екен... сол қырғауыл баласын мектепке даярлаған екен..» Келесі ертегіні жалғастырған өзінің мектеп туралы ойларын қосып айтуы керек. Осылайша құрастырылатын ертектің тақырыбын алдын-ала анықтап алып көптеген мектепке даярлық мәселелерін шешуге болады. Нәтижесінде топ бір ертекті жазып шығарады. Балалар ертегі айтуға құмарлығын көрсетеді және өздері тақырып ұсына бастайды.

 

«Көңіл-күй неге ұқсаған» ойыны

Әр бала көңіл-күй жағдайларының жыл мезгілінің қай кезіндегі қандай табиғат құбылыстарына ұқсас екенін суреттеп береді. Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдері жүйеге келтіріліп, оны әңгімелеп беруге үйренеді. Жүргізуші өзінің көңіл күйін ашық аспанда сирек орналасқан аппақ бұлтқа ұқсас екенін түсіндіріп береді. Барлық балалар өздерінің күй жағдайларын табиғат көріністерімен салыстырып түсіндіріп болғаннан соң жүргізуші қорытындылайды. Сонымен қатар балалар өздерінің көңіл күйін гүлдермен, көктемдегі ағаштармен т.б табиғат құбылыстарымен салыстырып түсіндіруін ұйымдастыруға болады. Балалар өздерінің қоршаған ортадағы табиғи құбылыстарды білетіндігін көрсетеді.

 

Сандар құрамыз

Қатынасушыларға жүргізуші келесі тапсырманы береді. Мен онға дейін санаймын,ал сендер сол мен атаған сандарды құрасыңдар. Жүргізуші сандарды атайды.Ал балалар аталған санға сай мөлшердегі топтарды түзеді. Әр топтағы бала саны аталған санға сай мөлшердегі топтарды түзеді. Әр топтағы бала саны аталған санға сай келуі керек. Осы ойын барысында балалар өздерінің сапқа тұрғаны бойынша және топтағы бала саны бойынша сандарды білетінін көрсетеді.

 

Жауап құрамыз

Алдында жүргізген ойынды күрделендіріп, балалардың арифметикалық амалдарды орындауының нәтижесін көрсетуді талап етеді. «Мен атаған сандармен қосу және азайту амалдарын жүргізіп,жауабын өздеріңнің топтағы сандарыңмен көрсетіңдер»-деген тапсырма беріледі. Мысалы, 5 +2 нешеге тең болады? Топтасып тұрып, топтан топқа ауысу,бір-бірімен қосылу,бөлініп тұру арқылы берілген тапсырмадағы амалдарды орындау жолын және нәтижесін көрсету керек. Балалар өздері орындарын ауыстыру арқылы басқа да тапсырылған мәселелерді шығарады.

 

Көктемде елге оралған құстар

Көптеген құстар қыстауға басқа елдерге ұшып кереді. Қай уақытта құстар басқа елге көшеді? Ол қандай себептермен байланысты? Құстар қай жыл мезгілінде біздің елге мекендеуге қайтып оралады? Бұл жерде құстар өмірінде қандай өзгерістер болады. Құстардың ұялауы, жұмыртқалауы, балапанын асырауы және қанағаттандыру туралы балалар әңгімелеп беруіне жетелейтін сұрықтар қойылады. Балалардың қоршаған ортаны білуі, байқағыштығы және тіл байлығы дамиды.

 

 

Бастауыш сынып оқушыларына арналған коррекциялық ойындар.

Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағытында жүргізілген сынып ата-аналары мен олардың балаларын қосып өткізген тренинг сағаттарының үлгі-жоспарларын ұсынамыз. Мектепке бейімделуді тексеруде жүргізілген бақылаулар, әңгімелесулер, «Отбасы суреті», «Біз қандай ата-анамыз?» «Отбасылық қарым-қатынастың аймағы» тесті, Кондаштың «Әлеуметтік-ситуациялы мазасыздану шкаласы», «Оқу мотивациясын анықтау» әдістемелері көмегімен зерттеу нәтижелері оқушылар және олардың ата-аналарымен психологиялық ағарту және психокоррекциялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін толық дәлелдеп берді. Осының негізінде бастауыш сынып оқушыларына арналған адаптациялық курстар, тренингтік жаттығулары ұсынылады. Бұл жұмыстар нәтижесінде балалардың ата-аналарымен түсінісуін нығайту мәселелері шешіледі. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағытында жүргізуге ұсынылып отырған сынып ата-аналарымен олардың балаларын қосып өткізген тренинг сағаттарының келесі үлгі жоспарларын пайдалануға болады. Дүниенің ең асылы, бағалысы адам болып саналады. Олай болса сол асылдың бойындағы ең басты шешуші қасиеттері неден тұрады деген сауал туындайды. Осы жас ұрпақтың адамшылық сипаттарының негіздері қандай болмақ деген сұрақ қазақтың ақын-жазушы, ағартушыларын қатты ойландырған, толғандырған. Әрбір халық өзінің данышпан адамдарын жадынан шығармайды,оларды әрқашан құрметтейді, қалдырған мұраларын сақтайды дәстүрлерін пайдаланып отырады. Осы жөнінен біз де Шоқан, Ыбырай, Абай, Жамбыл сияқты тарихи қайраткерлерімізді әрдайым еске алып, дәстүрлерін пайдаланып отырамыз. Бұлардың педагогикалық ілімінде баланың адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі, іс-тәжірибесімен, еңбекпен ұштасып отырады. Оларды бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарында кеңінен пайдалануға болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: