Авторы Э.Г.Эйдемиллер 4 страница

Бірінші машықта қатынасушылар өздеріне есім таңдап алады да сол атымен тренингтің соңына дейін аталатындығы түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы бала өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне психологиялық негіз болады. Өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамнаң атын, өсімдіктер мен жануарлардың атауларын таңдап алуына болады.

Психологта өз атын немесе басқа бір атты таңдап алуына болады. Осы жерде айтатын бір мәселе,тренинг барысында барлығы бір-біріне сен немесе сіз деп айтуын келісіп алу қажет.

Барлық қатынасушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтап қалу үшін сол аттарымен атауға арналған жүгіртпе ойындар ұйымдастырылады. (допты бір-біріне бергенде өз партнерінің атын атап, оған ұнамды сөз айту, жаңа танысқан досына презентация жасау) бірнеше жаттығуларға тоқталып өтейік.

 

«Амандасу»

 

Бұл жаттығуды екі нұсқада өткізуге болады.

Бірінші нұсқасы.Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен) қол қимылы арқылы,дене қимылымен (пантомимикамен),вербалды әрекеттерді қолданбай,амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдегі кездесетін амандасу тәсілдерін еске түсіру керек.

Екінші нұсқасы.

Қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады.Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.

 

«Тұсаукесер»

 

Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: «Ыммен, қол қимылы,дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз.Таныстыру барысында қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз» деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді..Содан кейін әр қатысушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, өзін таныстыруы қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

Психолог келесі сұрақтарды қояды.

- Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?

- Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

- Кімнің өзін таныстыруы Сізге түсініксіз немесе таңқалатындай болды?

- Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар.

Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылығы барма, жоқпа екенін анықтауға болады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.

«Көпір»

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып,ойынның мәнін былай түсіндіреді:

«Бұл сызық – тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір.Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бірізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам-екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тіліне түсінбейді, қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін өту керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.

Талқылау:

-Тапсырма ненің көмегімен орындалады?

Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?

Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?

 

«Танысыңыз, Шетелдік»

 

Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Ол карточкада әр адамға білгілі бір ұлттың(ағылшын, француз, итальяндық,түрік, жапон, кәріс және тағы басқа да ұлт өкілдері) мінез-құлықтағы қол дене қимыл қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген, қалған қатысушылар тапсырма алғандардың қай ұлт өкілі екенін табуы керек.

Талқылау:

- ұлттың қандай көрсеткіштерге сүйене отырып анықтадық?

- Ұлттық ерекшеліктерді табу оңай ма?

- Қазақ халқын қандай ерекшеліктермен сипаттауға болады?

Осы сұрақтар бойынша топ екіге бөлінеді.

 

«Елсіз арал»

Психолог ойынның шарттарымен қатысушыларды таныстырады:

«Мұхит бойындағы бірнеше күнгі болған оқиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады.Әрі олда жарамсыз екендігі анықталды.»

Ойынның шарты: «Сіздер елсіз аралда қалдыңыздар.20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздар.Енді үш топқа бөлініңіздер»

Топтардың әрқайсысында бір ұлттың халқы. Ұлттарын шек тастап анықтап алуға болады. Ойынның аяғына дейін ұлт өкілдері басқа топтағылардың ұлтын білмейді және өздерінің өздерінің ұлтын басқаларға айтуға болмайды.

Жиырма жылдың аралығында әр ұлттың өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай заттарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылықтары мен салт дәстүрі тағы сондай ерекшеліктерін мейрам тойлар өткізіп, басқаларға өздерін таныстыруы керек. әр топ қағаз, түрлі түсті қарандаш, фламастер, желім және тағы басқа затттармен қамтамасыз етіледі.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді.Топқа көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі.Топ қай ұлт өкілдері екендігін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды көп мөлшерде дайындайды. Көрермендер олар қай елдің және қай ұлттың өкілдері екендігін анықтайды.

Талқылау.

- қандай белгілер арқылы ұлтты анықтауға мүмкіндік болды.

- Аралды «мәдениеттендіру» мәселесі қалай шешілді.

«Көзқиық.»

Қатысушыларға адам санымен бірдей ішкі және сыртқы шеңберлер құру ұсынылады.Ішкі шеңбердегілер сыртындағыларға қарап тұрады.Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай,күлмей, бет-аузын қисатпай,тыжыраймай қарап тұруы керек.содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлығы сағат тілі бойынша бір орынға жылжып, келесі серіктеске барады. Сонан соң осы көрініс қайталанады.осымен жаттығу аяқталып,қатысушылар өз орындарына отырады.

Ескерту. Жаттығу көптеген жеке тұлғалық тосқауылдарды жеңуді талап етеді.Топтың барлық мүшелері өздерін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін.Мұндай жағдайларда келесі жаттығуларды немесе олардың біреуін орындатуға болады.

А) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару

Б) шеңбер құрып, барлығы бірге тебінуі,бір мезетте қолды жұдырықтап сілкуі

В) барлығы бірге бар дауысымен «а-а-а-а» деп айқайлауы керек.

Талқылау.

- жаттығудың басында және аяғында өзінің күй жағдайы қандай болғанын

- не айтқысы, қандай әрекет жасағысы келгенін

- бір-біріне қарап тұрғанда қандай ойлар пайда болғанын

- серіктесің не туралы ойлағанын болжамдап айтып бер.

- Талқылау барысында бір-біріне талап қою немесе ақыл айтуға тиым салынады.

«Құрметті қонақ»

Жетекші қатысушыларға ойынның мәнін түсіндіреді. Казір арамыздағы бір адам осы ортадан сыртқа шығып тұрады. Ол бөлмеге тек біз шақырғанда ғана кіреді. Қалған адамдардың бесеуі ойынға қатысатын әр адамның мінез-құлқын бағалауға әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам- біздің құрметті қонағымыз. Ол шетелдік, өзінің және біздің халық аралығындағы шынайы қатынасты дамытуға белгілі үлес қосқан адам.

Шетелдік адам алдын-ала өзінің қай ұлт екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам сол қонақты алып жүруші және оның тілмашы болып қонақты ортаға алып келеді. Ары қарай әр адам қонақпен қол алысып, одан бір нәрсені сұрап, әңгімелесіп, қалайда оның уақытты көңілді, қызықты өткізуіне өз үлесін қосады.

Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай, шешім қабылдап, қай адам өзін қонақпен араласуда салқындық көрсетіп қысылатын болса,оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылардың әрқайсысының қойған бағаларының орта арифметикалық көрсеткіші анықталып, әр қатысушының бағасы шығарылады.

Талқылау:

- қарым-қатынас қандай қиындықтарға тап болды?

- Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл, еркін сезінесіз бе?

- Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме едіңіз.?

«Таңдау»

Топ мүшелері орындарынан тұрады. Орындықтарды екі жақтағы қабырғаға тізбектеп орналастыру қажет. Жетекші қатысушыларға тапсырманы түсіндіреді. «Сіздер ұрпаққа таралған, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіндегі өсиет сөздер мен мақал-мәтелдердің сан түрін білесіздер. Кәзір Сіздерге олардың кейбіреулерін оқып беремін. Егер оның мазмұнымен келіссеңіздер оң жақтағы орындыққа отырасыз,ал келіспесеңіз сол шеттегі орындыққа отырасыз.Ортада ешкім қалмауы керек сіз жауаптың тек біреуін таңдауыңыз керек.

 

  1. Жер тағдыры-ел тағдыры
  2. Әр адам өз халқының жасаған қателеріне кішкене болса да кінәлі.
  3. Бір дінге сенген халықтардың бір-біріне түсінуі оңай.
  4. Жаңбырсыз жер жетім,басшысыз ел жетім.
  5. Бірлік бар жерде тірлік бар
  6. Адамның ұлтынан оның халқын көруге болады.
  7. Есің барда елің тап
  8. Адам өзін қандай да халықтың бөлігі ретінде сезінуі қажет
  9. Ер-елдің қорғаны.
  10. Әрқашан адам өз ұлтын есінде сақтауы қажет.
  11. Халықтар арасында өзара ұғыну,олардың қандай дінге сенуіне бьайланысты.
  12. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
  13. Өз халқының өмірдегі салт-дәстүрін, әдеп ғұрпын ұстауға тырысу керек.
  14. Ұяда не көрсең ұшқанда соны істейсің
  15. Жер көркі -гүл, ел көркі- қыз
  16. Наннан үлкен ұлық жоқ

Қатысушылар екі топқа бөініп, талқылау жүргізіледі.Жүргізуші топтың біреуіне мақал мәтелдер, өсиет сөздерің мағынасын түсіндіруді талап етеді. Мұндай жаттығу ішкі бағыттың анықталуына, өз ойын басқаларға жеткізе алуын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

«Мүсін өнерінің аукционы»

Жұптық жұмыс.Топ мүшелері екі адамнан жұптасады.Әр жұптағылардың біреуіне мүсіншінің рөлін атқару тапсырылады,ал екіншісі-мүсінге қажнетті материал болып ойнайды. Мүсінші тек өз қолын пайдаланып,мүсінді үндемей жасап шығарады.Мүсін өнерін көпшілікке көрсету үшін жұмыстың ең соңғы, шешуші нұсқасын есте сақтау керек.Содан кейін,жұптағылар рөлдерімен алмасады. Мүсінді көрсету кезінде топ мүшелері ненің мүсіні,қандай адам және ол қай мамандықтың немесе ұлттың өкілі екенін табады. Сонан кейін ғана мүсіннің шынайы атын мүсінші жариялайды.

Талдау.

- материал икемді ме?

- Мүсінші қолының материалға тиген, оны ұстаған кезде қандай әсер етті?

- Мүсінді қабылдаудағы субьективтілікке назар аудару дененің сол не басқа жағдайына қандай сезім туды?

- Сіздің денеңіз Сізді әрқашан тыңдайдыма?

- «Материалдың» денесі өз бетімен өмір сүреді деген ой пайда болады ма?

- Өз ұлтыңыздың және қандай да бір басқа заттар ерекшеліктерін мүсіннен байқадыңыз ба?

«Қамалды жаулап алу.»

 

Топ мүшелері екі командаға бөлініп, бір-біріне қарсы орындарда тұрады. Бір топ қамал ішіндегі тұрғындар, ал екінші топ –осы қамалды жаулап алушылар болады. Қару жарақтар ретінде доптар, шарлар, мыжықталған қағаздар, жұмсақ ойыншықтар пайдалынылады. Жетекші қатысушыларға тапсырманы түсіндіреді: «Қамал тұрғындары, сіздердің отандарыңызды жаулап алуға құмарлар көп. Олардың бір тобы кәзір шабауыл жасайды.Сіздер қорғануларыңыз керек. Қамалды қорғаушыларда, басқыншыларда тек рұқсат етілген қару жарақты пайдалануына болады.» Екі жақ сарбаздары бір команда жеңілгенше күреседі.

Бұл жаттығуды орындау барысында ішкі эмоционалдық зорлану және жоғары көрініс берген агрессиядан айырылуға мүмкіндік туады.

Психолог өз қызметінде диагностикалау нәтижесіне сүйене отырып ойын тренингтерін жиі ұйымдастырғаны орынды. Бастапқы ойын тренингтеріне қатысушыларды жас шамаларына қарай топтастырады.Ал, екінші, үшінші тренингтерді әртүрлі жастағыларды қосып жүргізудің де тәрбиелік мағынасы өте терең. Өйткені адам өз өмірінде неше түрлі жас кезеңдегілер аралас топтар мент ұжымдарда қызмет атқарып, өмір сүреді.Отбасы, жұмыс топтары, көшедегі топтар аралас жастағылар болып келеді. Сондықтан осы мәселеге де көңіл аудару қажет.

 

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша мінездеме жасау.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігі анықталады.Осыған орай келесі негізгі міндет- мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу және оның нәтижесін талдап, баланың психологиялық көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Жеткіншек жасындағы оқушылардың мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі- көкіректік, өзімшілдік, акцентуация және агрессия екендігін барлық мектептерде жүргізген психодиагностика дәлелдейді. Ал эгоизм (өзімшілдік, дарашылық) түрлі себептермен (табиғи ерекшелігімен, сыртқы түрімен, байлығымен,өз кемшілігін жасырғысы келуімен және баланы қоршаған көпшілік орта ыңғайына байланысты) сипатталады.

Коррекциялық топ құрмас бұрын,оқушылардың ең алдымен бағдарлау фазасынан өткізген дұрыс болады.Бұл фазада қатынасушылар арасында емін-еркін қарым-қатынас қалыптасып, келесі міндеттер атқарылады.

  1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету.
  2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп,әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету
  3. Топтағылардың ішкі қайшылығын,эмоционалдық зорлануын сыртқа шығаруға даярлау,ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып,бір-біріне жақындастыру.

Бұл фазада топ қалыптастырып,бір-бірімен эмоционалдық жақындық туып,топтағылар адаптациядан өтеді.Осы адаптациядан өткеннен соң коррекцияны міндетті түрде керек деп тапқан оқушыларды бір топқа жинақтаған дұрыс. Бұл топпен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы қарама-қайшылықты жоюға бағытталады.

 

Психокоррекциялық топтағыларға қысқаша психологиялық мінездеме. (үлгі)

5-сынып оқушысы Назымның «Оқу және қарым-қатынас қиындығын анықтау үшін жүргізілген зерттеу» хаттамасы.

Назым орташа үлгеріммен аяқтайды.Бірақ сабақ үлгерімі өте нашар,оқу қиындығы барлық пән бойынша байқалады.Осыған байланысты, оның жалпы мәліметтілігін анықтауға арналған ШТУР және таным процесстерін зерттеуге арналған (зейін,ес,)түрлі тестер пайдалынылды. Нәтижесінде Назымның таным процестерінің біршама дефектілігін,ақыл-ой әрекетінің төмен деңгейде екенін көрсетті.Интеллектуалдық дамуының жалпы деңгейі орташадан төмен,ал вербальды тестінің толық қатары бойынша нәтижесі норманың төменгі шегіне жақын(сөздік қоры, ұғымдық түсінігі төмен) Танымдық сферасының тарлығы жазған шығармасынанда байқалады. Мысалы, онымен жасалған «идеалды мектептің сабақ кестесінде» мектеп бағдарламасының дене тәрбиесі мен еңбек сабағынан басқа бірде-бір пән жазылмаған.

Назыммен әңгімелесу,оның іс-әрекетін бақылау барысында баланың мінез құлық реакциясында айналадағылармен қарым-қатынас сипатына негативті әсер етуі мүмкін,бәсеңдік,флегмативтік анық байқалғанымен,жеке тұлғалық салада мазасыздануы онша көрініс бермеді.Өйткені оның қайырымдылығы,мінез-құлқының үйлесімділігі,агрессивтіліктің жоқтығы бірқатар сыныптастарымен жақсы қатынас құруына себеп болады.Назымның анасымен әңгімелесу барысында оның оқуындағы қиындықтарының себебі анықталды. Анасының айтуы бойынша,Назым 5 жасынан бастап өз-өзінен кекештене бастаған,бірақ логопедке апарылмаған,Сондықтанда,оның фонетикалық есту және басқа да деффектілері нақ осы сөйлеу дамуының бұзылысымен байланысты болуы мүмкін.Мектепке түскеннен кейін мұғалім тарапынан ешқандай шағым түспеген,оқу барысындағы үлгермеушілігі оның жалқаулығы немесе оның темпераментінің т.б. жекелік ерекшелігімен байланысты деп түсіндірілген.

Қорытынды:Назымның оқу мазмұнын меңгерудегі қиындықтары ол мектепке барған күннен басталған, мектеп талаптары оның мәселесін тереңдеткен,сонымен қатар,баланы жалпы қызықтыратын әрекеттердің барлығына мән беріп,онымен көп айналысып,үй жұмысын орындауын бақылап,кітап оқуға тарту арқылы белсенділігін дамыту керек.

 

6-сынып оқушысы Айданаға «Оқу және қарым-қатынас қиындығын анықтау үшін жүргізілген зерттеу» хаттамасы.

Айдана «4» пен «5» ке оқитын үлгілі оқушылардың қатарында. Бірақ соңғы уақытта математика пәнінен тіпті қарапайым тапсырмалардың өзін орындаудан бас тартады. Мұғалімнің ескертуіне агрессивті жауап береді. Оқушыны зерттеу барысында оның таным процестерінің көрсеткіштері нормаға сай екендігі анықталды.

Таным процестерінің дамуын зерттеу нәтижелері.

Таным процестерін зерттеуге арналған зейін ерекшеліктерін,ес процестерін,ойлау процестерін анықтауға арналған түрлі тесттер қолданылды, сонымен қатар интеллектуалдық қабілеттерді зерттеуге арналған Векслер тесті, ақыл-ой әрекеттерінің деңгейін зерттеу тестері бойынша көрсеткіштері нормада,интеллектуалдық қабілеттің коэффициентін анықтау тесті бойынша Айдананың коэффициенті 145 тен асты. Интеллектті зерттеу әдістемелерін пайдалана отырып Айдананың интеллектуалдық дамуында ешқандай кемістіктер жоқ екені анықталды.

Жеке тұлғалық қасиеттерді зерттеу.

Айданамен әңгімелесу және жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу барысында оның ұялшақ, меланхолик, интроверт көрсеткіштері анық байқалатын, өзіне және айналасындағыларға сенбеушілікпен қарайтындығы анықталды. Айдананың мазасыздануы норма дисперсиясында. Яғни, балаға мінез-құлықтың тұрақтылығы тән Әйтсе де, Айдананың ата-анасымен әңгімелесу барысында оның қарым-қатынастағы қиындықтарының себебі анықталды. Айданаға кішкентайынан өзінен кіші сіңлісіне қарауға тура келген.Оның өз қатарластарымен ойнауға мүмкіндігі болмаған, сондықтан ол өзімен-өзі қалып кеткен. Бастауыш сыныптарда оқу материалдарын меңгеру Айданаға қиынға соқпаған. Оның үндеместігі темпераментінің ерекшелігімен және оны қайта тәрбиелеуге мектеп жағынан да, ата-анасы тарапынан да ешқандай әсердің болмағанымен түсіндіріледі.Айданада қарым-қатынас қиындығы ерте балалық шағында қалыптасқан. Орта буында осы өзін -өзі құрбыларынан шектеуімен байланысты циклоидтық типтегі (тұйықталып қалушылық) акцентуация орын алғандығы анықталды. Жеткіншектік кезеңде көптеген қиыншылықтарға кездесуімен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүруімен ерекшеленеді.

 

Ата-аналарға келесі кеңестер берілді.

Айданамен қарым-қатынас жасауға,оны әңгімеге тартып, барлық болған оқиғаларды күнделікті айтқызуға және басқалармен бірге болуға қызығушылығын тудыру үшін балаға бос уақытының көпшілігін басқа балалармен өткізуіне көңіл бөліп,оны компанияда (сыныптастарымен саябаққа, зообаққа және тағы басқа орындарда болуына) мүмкіндік беруі керек екендігі түсіндіріледі.Баланың қатарластарымен қарым-қатынасына аса-көңіл аударып,сыныптастарын үйіне жиі шақырып, баласына мейрамдар ұйымдастыруы қажет екені түсіндіріледі. Сонымен қатар, баланың өзіндік бағалауын жоғарылатуға,қарым-қатынасын кеңейруге, үндеместігін жоюға көмектесетін тапсырмаларды орындатып,нәтижесін сывнып алдында көрсетуіне жағдай жасау ұсынылды.

 

 

5- сынып оқушысы Мұхаметжанға «тереңдетіліп жүргізілген зерттеу» хаттамасы.

Мұхаметжан жақсы оқитын оқушылардың қатарында.Мұғалімдер пікіріне сүйенсек,ол ешкімді менсінбейтін,өзін өте жоғары бағалайтын,өрқөкірек бала.Осы жағдайға байланысты сыныптағы оқушылармен және мұғалімдерімен қарым қатынасы жақсы қалыптаспаған.осы шағымдарға негізделе жүргізілген психологиялық зерттеулер нәтижесі бұл пікірді растамады.

Таным процесстерін зекрттеуге жүргізілген Айзенк,Векслер әдістемелері нәтижесі бойынша, оның таным процесстері жоғары деңгейде дамыған,ақыл-ой әрекетінің деңгейі жоғары, интеллектуалдық қабілеті және лабильдігі жақсы дамыған.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: