Авторы Э.Г.Эйдемиллер 6 страница

 

 

Ең жақсы досыңыз сізді қандай адам деп бағалайды?
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

 

. Енді үш кестеге түсірген жауаптарды бір-бірімен салыстырып,олардың ортақ көрсеткіштері қандай және айырмашылығы неде екенін келесі форма бойынша талдаңыз.

1. Олардың ұқсас жерлері неде:

2. Олардың айырмашылығы неде:

3. Кездескен айырмашылықты өзіңізге қалай түсіндіресіз?

4. Мінездемедегі айырмашылықтар сол пікірдің авторы деп сіз анықтаған адамның қандай жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты деп ойлайсыз?

5. Өзіңізге берген мінездемедегі 10 көрсеткіштің нешеуі келесі көрсеткіштермен сай келеді:

А) физикалық қасиеттерімен (сыртқы көрініс, денсаулық т.с.с)

 

Б) психологиялық ерекшеліктерімен (интеллект, эмоция т.с.с)

 

В) әлеуметтік рөлдерімен (мамандық, отбасылық)

 

Д. Жоғарыда аталған үш топтағы қасиеттердің ретін ауыстырып, оларды өзіңізге дұрыс және талдауға ыңғайлы түрге келтіріңіз. Енді өзіңізге берген мінездемеңізді бірінші нұсқада қалдырасызба жоқ па оны өзгерту қажет па екенін шешіңіз.Егер өзгерту қажет деп ойласаңыз оның ретін ауыстырып, жаңа көрсеткіштерді қосып келесі параққа жазыңыз. Неше жаңа көрсеткіштер жазылды, бұрынғылардың нешеуі өзгертілді және өзгерістердің орын алғанын қалай түсіндіресіз?

Жаттығуларды ретімен толық орындасаңыз оның нәтижесі өзіңіздің «Мен-концепцияңыздың» көрсеткіштерінің үйлесімді екендігінің белгісі. Өзіңізді-өзіңіз бағалау мен сіздің ойыңызша басқалардың сізді бағалауының арасындағы айырмашылығы айтарлықтай үлкен болса сіздің «Мен-концепцияңыз» басқаларға тәуелді екендігінің белгісі.

 

 

2-ші жаттығу

А.Өзіңізге өте ұнайтын екі адамды еске түсіріңіз және олардың қандай қасиеттері сізге ұнайтынын тізімге түсіріңіз.

 

Бірінші адам инициалдары: Екінші адам инециалдары:

___________________________ ______________________________

Қасиеттері

1. ________________________ 1. ___________________________

2. ________________________ 2. ___________________________

3. ________________________ 3. ___________________________

4. ________________________ 4. ___________________________

 

Б.Өзіңізге еш ұнамайтын екі адамды еске түсіріңіз және олардың қандай қасиеттері сізге ұнамайтынын тізімге түсіріңіз.

 

Бірінші адам инициалдары: Екінші адам инециалдары:

___________________________ ______________________________

Қасиеттері

1. ________________________ 1. ___________________________

2. ________________________ 2. ___________________________

3. ________________________ 3. ___________________________

4. ________________________ 4. ___________________________

 

В.Осы қасиеттерді талдау барысында сізге ұнайтын және ұнамайтын адамдардың бір-біріне ұқсас жерлері кездеседі ме? Оларды бір талдап шығыңыз. Мысалы: «мейірімді», «көңілді». Енді айырмашылығы неде екенін анықтаңыз. Мысалы: «қатыгез», «ұрысқақ» т.с.с. Енді осы көрсеткіштерді салыстыра отырып адамдарды ұнату немесе ұнатпауға, жақсы көру немесе жаман көруге не негіз болатынын анықтаңыз. Қандай қасиеттер адамдарды басқаларға ұнамсыз, жағымсыз ететінін анықтаңыз. Өз тұжырымдамаларыңызды қорытындылап жазыңыз:

 

 

Енді өздеріңіздің мінездемелеріңізді басқаларға берген оң және теріс мінездемелермен салыстырып көріңіз. Әр адам басқаларды тек өзінің «Мен-концепциясы» арқылы бағалайтыны анық байқалады.

 

3-ші жаттығу. Сіз өзіңіз орындағыңыз келетіннен нені орындайсыз, орындағыңыз келмегеннен нені орындайсыз? Осы мәселелерді салыстырып көріңіз.

 

 

Психологтың кеңесі:

 

Адам қалай өзіне сенімді болады?

  1. Өзіне және өз өміріне сенімді адам, өзінің жеке құндылықтары мен мінез ерекшеліктеріне еркін басшылық жасай алады.
  2. Әр адам өзіне-өзі жоғары төреші, өзінің ойы мен сезімін, мінез-құлқын өздігінше бағалауға толық құқығы бар.
  3. Әр адам өз әрекеті үшін біреудің алдында ақталмауға және кешірім сұрамауға құқығы бар, егер кінәсі болмаса.
  4. Әр адам басқа біреудің мәселесі үшін жауап беруге өзінің шешуіне мүмкіндігі бар.
  5. Әр адам өзінің шешімін өзгертуге толық құқығы бар, өйткені ол өзімен-өзі болғысы келуі мүмкін.
  6. Адам өзінің дүниетанымын өз көзқарасын әр түрлі жағдайларға байланысты өзгертуге құқылы.
  7. Әр адам қателесуге құқылы.
  8. Әр адамның бір нәрсені білмеуге құқығы бар.
  9. Әр адам біреудің қамқорлығынан тәуелсіз болуға құқығы бар.
  10. Әр адам өз еркімен қисынсыз шешімдер қабылдауы мүмкін.
  11. Әр адам тұспалды түсінбеуге құқығы бар.

 

Осы тақырып бойынша жүргізілген өз-өзін реттеу жұмысының нәтижесін анық байқасаңыз бұл жұмысты жалғастыруға болады. Ал ешқандай өзгерісті байқамасаңыз онда өзімшілдігіңізден әлі шыға алмай жүрсіз. Сондықтан бірнеше күннен кейін, өзімді реттеуім керек деген қажеттілікті сезінген кезіңізде барлық тапсырмаларды басынан бастап қайтадан орындаңыз

 

Депрессия мен мазасызданудан қалай арылуға болады?

 

1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек.

2. Қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылғаннан пайда бар ма? Өмірде одан да басқа көптеген, денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, олар – жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.

3. Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгілі адамдармен талас-тартысқа, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыңызға немесе ұзақ уақытқа созылған стреске байланысты шығар. Мұндай жағдайларда Сізге әсері ауыр тиетін нәрселердің болмағаны жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге сеніңіз.

4. Өзіңізді терең ойландыратын толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспестен жаңалықтар ендіруге тырысыңыз.

5. Ең басты мәселе: депрессия мен мазасыздану кернеп жүрген кезде оның себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда Сіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам қабылданған шешім қызбалықпен әрекет жасауға алып келуі мүмкін. Оқиғаның мән-жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізге қатты өкініп, кінәлі сезінуден айырыла алмай қиналасыз.

6. Өзіңіздің таныстарыңыз, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе Сіз өз жағдайыңыздан шыға алмай, қайғы-қасіретке бөленіп жүресіз.

7. Көбінесе депрессияға жыл мезгілі де себеп болады. Мысалы: көптеген адамдар үшін, қыс айларындағы күннің тұнжыраңқысы, тәуліктің жарық уақытының қысқаруы, табиғат көрінісінің біркелкілігі, көктем айларында ағзаның қыстағы қысылыстан шаршауы т.с.с. жыл мезгілі жағдайларымен түсіндірілетін психологиялық қарым- қатынас жасауда қиындықтар орын алады. Бұл мезгілде қатты шаршататын жұмыстарды бөліп істеуге, таза ауада серуендеуге, қысқа табиғаттың өзіне тән ерекшеліктеріне, көктемгі табиғаттың оянғанына ләззаттануға көбірек көңіл бөліңіз. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтудің үлкен мәнді түрі – витаминдерді қабылдау, бірқалыпты және уақытылы ұйықтау, тынығудың басқа түрлерімен ұштастырған дұрыс.

8. Көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда-шүйдаларына дейін еске түсіріп, қайтадан бастан өткізгендей сезімге бөленіңіз.

9. Менің барлық алдымда тұрған проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз.

 

 

Психодиагностика

 

Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдалынады.

Диагностика ұғымы медицинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықтау және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин 19-ғасырдан бері кеңінен пайдалануда.

Психодиагностика (грекше Psyche –жан, Diagnostikos- тануға қабілетті, танып білу) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда.

Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады.Біріншісі психодиагностика

- адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Бұл анықтама бойынша психодиагностиканың негізгі мақсаты- психологиялық диагноз қоюға пайдалынатын ғылыми жағынан тексерілген, сенімді және нақты әдістемелер мен психодиагностикалық құралдар жасау. Бұл бағытта психодиагностиканың алдында келесі мәселелер зерттелінеді.

1. Психологиялық қасиеттердің табиғаты және оларды ғылыми негізде бағалау қаншалықты мүмкін екендігін анықтау.

2. Психологиялық қасиеттерді танып білуге және оның көрсеткіштерін нақты сандармен бағалауға қазіргі ғылыми білімнің негіз бола алатындығын дәлелдеу.

3.Қазіргі кезде пайдаланылатын психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің жалпы ғылыми әдіснамалық талаптарға қаншалықты сай келетінін бағалау.

4.Психодиагностикалық әдіс-тәсілдерге қойылатын әдістемелік талаптар.

5. Психодиагностика жүргізуге қойылатын талаптардың,әдіс-тәсілдер пайдаланып жинаған материалдардың нәтижесін талдау және түсіндіру ережелерінің сенімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздеу.

6. Психодиагностикалық әдіс тәсілдерді құру тәртібі мен ғылымилық талапқа сай екендігін тексеру.

Психодиагностиканың екінші анықтамасы оның психолог қызметінің ерекшеліктерін көрсететіндігіне бағытталған, сондықтан нақты тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін көрсететіндігіне бағыттталған,сондықтан нақты тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау-психологиялық ғылымдардың бір саласы. Психодиагностикалық әдістердің көмегімен әр адамның жан дүниесінің қасиеттерін нақты бағалау арқылы оның психологиялық ерекшеліктерін жүйелі түрде сипаттауға мүмкіндік туады. Психодиагностика көмегімен әр адамның жан дүние қасиеттерінің көрініс беру ерекшеліктерін ғана анықтап қоймастан,сонымен қатар зерттелінушілердің оқу-тәрбие жұмысында, қарым-қатынас барысында белгілі бір мәселелерді шешуде орын алған қиындықтардың психологиялық себептері анықталады. Бұл көрсеткіштер зерттелінушінің психологиялық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін, жекелік құрылымының даму деңгейін бағалау, қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау нәтижесі болғандықтан сол адамға қажетті психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтауға негіз болады. Сондықтан психодиагностика жүргізуге психологиялық қызмет көрсету барысында үлкен мән беріледі.

Психологиялық диагноз қою - бұл бір-бірімен байланысты психологиялық қасиеттер мен күй - жағдайлар комплексін- динамикасын, қабілетін, мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін құрылымдық жағынан талдау жасап бейнелеу. Зерттеу нәтижесінде анықталған диагнозға сүйене отырып зерттелінген қасиеттерді жетілдіру, өңдеу және дамыту туралы нұсқаулар жасалады. Сондықтан психодиагностиканың екінші бағытының мақсатын келесі түрде анықтауға болады: психологтардың жүйелі жүргізген зерттеулері көмегімен балалар, оқытушылар, тәрбиешілер, ата-аналар т.б.зертелінушілердің, жеке даралық психологиялық даму ерекшеліктері туралы толық мәлімет жинап, оның психологиялық бейнесін құру, олардың өмір сүретін әлеуметтік топтарының құрылымдық және қарым-қатынастық ерекшеліктерін анықтау. Сондықтан бұл бағыттағы психодиагностиканың алдында келесі мәселелерді шешу талап етіледі:

Психодиагностика жүргізетін психологтың кәсіби даярлығына қойылатын талаптарды анықтау,

Психологтың кәсіби қызметін атқаруға қажетті білім, іскерлік және дағдылар тізімін анықтау.

3.Психологтың психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді меңгергендігінің көрсеткіштерін анықтау.

4.Психологтарды кәсіби қызметке даярлау бағдарламаларын жасау және кәсіби қызметті жүргізуге құзырлығын бағалау құралдарын анықтау.

Теориялық және тәжірбиелік мәселелерді шешу бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Жоғары білікті маман болу үшін психолог психодиагностиканың осы екі бағытының да ғылыми негіздерін жақсы меңгеруі керек. Психодиагностиканың осы екі бағытындағы білімдер психолог жұмысында бір-бірімен ұштастырылып, кеңінен пайдаланылады.

Психодиагностика психологиялық қызыметтің барлық бағыттарының негізін құрады: білім беру жүйесінде психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойының, жеке тұлғалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысында, оқу-тәрбие процесін жетілдіру және педагогтар мен ата-аналарға балаларды тәрбиелеудегі орын алатын қайшылықтарды шешу жолдарын анықтауға көмектесуде, психокоррекциялық жұмыстарды ұйымдастырғанда психодиагностикалық зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. әлеуметтік ортада психологиялық құзметті ұйымдастыруда да психолог жұмысы психодиагностикалық зерттеулерге негізделіп жүргізіледі.

Жеке тұлғаның әрбір психологиялық қасиеттері бір-бірімен өзара байланысты және олар үнемі даму үстінде болады. Сондықтан психодиагностикалық зерттеулердің басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуына ықпал жасау болып табылады. Сонықтан барлық психологиялық қызмет көрсету жағдайларында психодиагностика алдында келесі міндеттер тұр:

1.Зерттелініп жатқан адамда психологиялық қасиеттің бар екендігін анықтау.

2.Анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін сандық және сапалық көрсеткіштермен бағалау.

3.Диагностикаланған психологиялық қасиеттің және мінез-құлқұының көрініс беру ерекшеліктерін талдап сипаттау.

4.Даму деңгейін салыстырмалы түрде талдау арқылы оның нормасы мен ауытқуларын анықтау.

5.Психологиялық дамуында ауытқуы байқалған қасиеттерді түзету жолдарын анықтау.

Психодиагностиканың осы аталған міндеттерінің әрқайсысы жеке-дара немесе бір-бірімен ұштастырылып шешіледі. Олардың қайсыбірін шешкенде де нәтижелерін талдауға математикалық және статистикалық талдау әдістерінің элементтері міндетті түрде пайдаланады.

Психодиагностика – арнайы даярлықты талап ететін психологиялық қызмет көрсетудің өте күрделі бір бағыты. Психодиагностика жүргізуге қажетті білім мен іскерліктің, әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланып, зерттеу нәтижесін талдаудың өте күрделі және қиындығына байланысты бұл қызмет арнайы біліктілікті және мамандыруды талап етеді. Сондықтан тәжірбиеленуші психологтар арасында психолог-диагност, кеңес беруші психолог, коррекциялық тренинг жүргізуші тренер-психолог деп бөлінеді. Психологтар арасындағы осындай жіктелу олардың біліктілігін арттыруға, өз бағытында кәсіби шеберлікке жетуге мүмкіндік береді.

Психологиялық мамандықтар ішінде психодиагностика себепсіз бірінші орында тұрған жоқ. Психологиялық қызмет көрсетудің қай саласын алып қарасақ та барлық мамандар өз жұмысын психологиялық диагноз қоюдан бастайды. Психодиагностикалық қызметті атқарушыларға қойылатын қатал талаптар бар. Бірінші талап – психологтың теориялық білімі терең болуы. Барлық пайдаланылатын психодиагностикалық әдістер қандай теориялық қағидаларға негізделгенін және жиналған мәліметтерді сол теория тұрғысында талдау жолдарын меңгерген болуы керек. Мысалы, проективтік әдістерді пайдалану құзырлықпен пайдалану үшін психоаналитикалық теоррияларды жақсы меңгеру керек. Онсыз психодиагностикалық тұжырымдар зерттелінушінің жеке тұлғалық қасиеттерін дұрыс талдау және ерекшеліктерін толық ашып көрсету мүмкін емес.

Келесі талап – пайдаланылатын психодиагностикалық әдістерді егжей-тегжейлі меңгеруі қажет. Барлық пайдалынатын әдіс-тәсілдермен психолог алдын-ала танысып, оны өзі орындап, апробациядан өткізуі керек.сонымен қатар орындау ережелерін, бағалау шкалаларын, нәтижелерін талдау жолдарын толық меңгеріп алуы керек.Тек сонда ғана психологиялық диагнозды нақты анықтауға болады.Жеке тұлғаны зерттеу барысында психодиагностикалық белгілер, психодиагностикалық категориялар және психодиагностикалық қорытындылар ұғымдары кеңінен пайдаланылады. Психодиагностикалық белгілерді тікелей байқауға және тіркеуге болады, ал психодиагностикалық категориялар – адамның ерекше мінез- құлық көрсетуіне себеп болатын, астыртын, бүркемелі түрде әсерін тигізетін ішкі факторлар. Психологиялық диагноз қоюдың қиындығы – осы екі көрсеткіштердің арасындағы байланыстардың біркелкі еместігінде. Осыған байланысты психодиагностикалық белгілерді жүйеге келтіріп психологиялық категорияға келтіру технологияларын жасау – психодиагностика пәнінің негізі болып табылады. Психодиагностикалық зерттеу әдістері көмегімен жиналған материалдарды талдауда стандарттау, математикалық талдау технологиясын пайдалану ұстанымдарын психометрика жасайды. Оны психодиагностикада пайдалану арқылы зерттеу нәтижелері ретке келтіріліп, нәтижесін түсіндіру ережелері жасалады.

 

Психодиагностиканы жүргізу жолдары.

Ұзақ жылдар бойы психологияда адам жанының сырын өзін-өзі байқау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді. Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделді. АҚШ психологы Э.Титченердің айтуынша, егер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, олар сондай ортада өмір сүрсе, солардың қылығын жасар еді. Дегенмен, адамдар хайуанаттарды адамға тән саналы әрекетке үйрету арқылы оларда да адамдық қасиеттерді туғызар алар еді деген. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі көмегімен адам сансы мен әрекетін бірлікте зерттей отырып, адамның өзін-өзі басқару арқылы өз ісәрекеті мен қылығына есеп бере алатыны дәлелдеуді талап етпейді. Сондықтан адамның психологиялық қасиеттерін зерттеуге пайдаланылатын әдіс тәсілдер адамның саналы әрекеті барысында қалыптасатын және адам өмірі тіршілігі барысында өзгеріп тұратын қасиеттерді бағалайтын болуы керек.

Қазіргі кезде пайдалалынатын психодиагностикалық әдістер адамның жеке тұлғалық қасиеттерін, таным процестері мен интелектуалдық қабілетін, күй жағдайын бағалауға арналған және жеке тұлғаның психологиялық профилін жасауға арналған комплекстік зерттеу әдістері деп топтастырылады.

Психодиагностикада пайдаланылатын әдістер стандартталған және эксперттік- клиникалық деп бөлінеді.

Стандартталған әдістерді қысқа мерзім ішінде көптеген адамдарды, топтарды зерттеп, оларға психологиялық қызмет көрсету мазмұнын анықтау қажет болғанда пайдалынады. Стандартталған әдістер көмегімен жиналған мәліметтердің сенімділігі жоғары және бұл әдістер субьективтік факторлардың әсеріне төзімді болады.Сондықтан зерттеу нәтижелері оны жүргізген адамның құзырлылығына, кәсіби шеберлігіне онша тәуелді емес.

Эксперттік- клиникалық әдістер көмегімен адамның тек өзіне тән тұлғалық ерекшеліктерін терең және дәлірек зерттеп бағалауға болады. Сондықтан бұл әдістерді арнайы даярлықтан өткен, кәсіби шеберлігі қалыптасқан мамандар ғана жүргізеді. Мұндай әдістермен зерттеу әр адаммен жеке дара және ұзақ уақыт ішінде жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі бойынша зерттеушінің өзі коррекциялық іс- шараларды өткізеді.

Психодиагностикада пайдалынатын әдістер формалдандыру деңгейіне байланысты аз формалдандырылған және жоғары формальдандырылған деп бөлінеді. Аз формалдандырылған әдістерге байқау, әңгімелесу, интервью жүргізу, іс-нәтижелерін талдау жатады.Бұл әдістер көмегімен адамдардың жағдайға байланысты эмоциясын қайғы-қасірет жағдайындағы мінез-құлық көрсету ерекшеліктері, қарым-қатынас мәдениеті, т.с.с. жеке тұлғалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұл әдістердің нәтижесі ақиқатқа сай болуы зерттеу жүргізген психологтың шеберлігіне тікелей байланысты. Мұндай зерттеулер ұзақ уақыт ішінде жүргізіледі және психологтан шыдамдылықты, көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан өз формалдандырылған әдістерді жоғары формальдандырылған әдістермен ұштастырып пайдаланған, зерттеудің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: