Авторы Э.Г.Эйдемиллер 10 страница

Экспериментке дейін жасалған жоспарлар кейде квазиэкспериментке ұқсас деп шатастырылады. Экспериментке жейін жасалған жоспарлар дегеніміз –ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға ноқта болған, эмперикалық зерттеу жүргізуге пайдаланылған әдістемелер.

Мұндай зерттеулерде қателіктер өте көп болады. Себептері;

-Жалқы кездесетін кездейсоқ жағдайларды зерттеу.

-Байқау тобының жоқтығы.

-Репрезативтік емес іріктеу жүргізу.

-Айнымалы көрсеткіштердің зерттеу нәтижесінің әсерін тигізу.

Мұндай жағдайларда зерттеу логикасы бұзылады.

 

Өлшемдерді анықтау (шкала жасау.)

Эксперименттің процедурасының компоненті психологиялық өлшем, дербес зерттеу әдісі бола алады. Дербес зерттеу әдісі дейтін себебіміз ол субъектінің мінез-құлқындағы жеке дараның өзгешеліктерін көрсетеді. Осымен теориялардың негізін психологиялық тест құрады. Тест практикалық тапсырмаларды шешу кезінде қолданылатын психологиялық өлшемінің уақыт бойынша қысқартылған және жинақталған процедурасы. Психологияда өлшемнің үш процедурасы бар. Олардың өзгешелігінің негізі өлшем объектісі болып табылады.

Біріншіден, психолог бір адамның екінші адамнан өзгешелігін анықтау үшін адамның мінез-құлық ерекшелігін өлшейді. Психолог адамның мінез-құлық ерекшелігін өлшей отырып адамның ұқсастығы мен өзгешелігін анықтайды. Яғни психодиагностиканың өлшемі – зерттелінушінің өзі болып табылады.

Екіншіден, зерттеуші зерттелінушінің тапсырмаларын орындау барысында сыртқы объектіге (басқа адмдар, сыртқы стимулдар, мәні, өзіндік күйі, т.б.) өлшеуге қолданылады.

Үшіншіден, ынталандыратын материалдар мен адамдардың бірлестігін өлшеу процедурасын қарастырады. Яғни ынталандыратын материалдар зерттелінушілер бір түсте болуы мүмкін.

1. Өзін өлшейміз.

2. Оның сыртқы түрткілерін өлшейміз (не себеп болғанын).

3. Екеуін бір жағдайда қарастырамыз.

Психологиялық өлшеу прцедурасы бірнеше кезеңнен тұрады. Психологиялық өлшемнің негізгі математикалық көзқарас бойынша көптеген объектілер мен белгілердің өзара бір мәндік сәйкестікті құру операциясы өлшем деп аталады. Мұндай белгілер нақты ережелер бойынша сипатталады. Объектінің саласына байланысты құрылған ереже өлшем шкаласы бойынша анықталады. «Өлшем шкаласы» терминін психология ғылымын 1950 жылы С.Стивенс енгізген. Оның бұл анықтамасы әлі күнге дейін ғылыми еңбектерде қолданылып келеді.

Шкалалар типтері алынған өлшемді өңдеу үшін қолданылады. Шкала латын сөзі, «баспалдақ» деген мағынаны білдіреді. Яғни өлшем құралы болып табылады. Суппес Дзиппес шкалаларға класикалық анықтама береді.

Шкаланың төмендегідей типтері бар.

1)атаулар шкаласы. 3) интервалдар шкаласы.

2)жүйелік, реттік шкала. 4) қатынастар шкаласы.

 

Тест әдістері және тест жүргізу.

Сынау немесе тест әдісі – адам бойындағы түрлі психологиялық қасиеттердің сапалары мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психодиагностикада пайдаланатын әдістердің ішінде ең жиі қолданылатыны тест болып отыр. Олар жоғары стандартталған тапсырмалар жүйесі болғандықтан тапсырмалар қысқартылған түрде беріліп, нақты уақыт ішінде жеке тұлғаның психолгиялық ерекшеліктерін бағалауға анықталған көрсеткіштер бойынша талдап шығуға мүмкіндік береді.

Тесттердің бірнеше түрлері бар. Олар зерттеу пәніне, тапсырмалардың ерекшеліктеріне, тапсырманы беру формасына, орындау уақытына және жүргізу формасына байланысты сараланады.

Зерттеу пәніне байланысты тесттер келесі түрлерге бөлінеді:

-интеллектуалдық тестер – ойлаудың (интелекттің) даму деңгейін және жеке когнитивтік процестерді бағалауға пайдаланылады.

-қабілетті өлшеу тестері – үйренуінің, білім мен іскерлікті меңгеруінің жеңілдігін және таным процестерінің ерекшеліктерін зерттейді.

-педагогикалық тестер немесе жетістік тестері – үйренгендігін, білім мен іскерлікті меңгергендігін бағалауға арналаған.

-жеке тұлғалық тестер – жеке тұлға құрылымы аспектілерін: қызығушылықтарын, мотивтерін, күй-жағдайын және топ ішілік қарым-қатынастар ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

-тұлғааралық қатынасты зерттеу тестер – коммуникативтік қабілеттің ерекшеліктерін зерттейді.

2. Тест тапсырмаларының ерекшеліктеріне байланысты топтастыру:

-Вербалдық тестер – материалдар сөздік түрде беріледі.

-Бейнелік тестер – суреттер, сызба нұсқалар көрсетілгендегі орын алатын қиылысты талдау арқылы жүргізіледі.

-Практикалық – заттармен неше түрлі әрекеттер жасау.

-Аралас (комбинированные) тапсырмаларда вербалдық және заттармен әрекет жасау жолдары қарастырылған.

3.Тапсырманы беру формасына байланысты:

-бланкте орындайтын.

-аппаратуралық.

-сурет салатын.

-ауызша орындайтын.

4. Орындау уақытына байланысты.

-тапсырмаларды орындау темпін бағалайтын тестер, берілген уақыт ішінде орындалған тапсырмалар санымен бағаланады.

-орындау нәтижессіне байланысты орындау уақыты анықталмайды, орындаушының тапсырманы орындау нәтижесі бойынша бағаланады. Мұндай жағдайда орындау уақыты емес, өнімділігі бағаланады, уақыт стандарттаудың бір түрі ретінде пайдаланылады.

5. жүргізу формасына байланысты тестер жеке дара және топпен жүргізілетін түрлеріне бөлінеді.

Тест құрылымы.

Әр тест бірнеше бөлімнен тұрады: тесті орындау ережесі немесе нұсқау, тест тапсырмалары, қажеттігіне байланысты ынталандыруға арналған қосымша материалдар (суреттер, графикалық материалдар, мәтіндер), жауап парақтары, нәтижесін талқылау ережелері беріледі.

Тест тапсырмалар субтесттерге бөлініп берілуі мүмкін. Мұндай тесттердің әр субтестін өз бетінше жеке әдістеме ретінде пайдалануға болады.

Психодиагностикада тест ең нақты және дәл өлшеу құралы болып табылады. Сондықтан оған ерекше талаптар қойылады.

Бірінші талап – тесттің мәдени-әлеуметтік адаптацияланғандығы. Тест тапсырмалары мен оны бағалау жолдары зерттелінушінің өмір сүретін ортасының салт-дәстүріне, мәдениетіне, қарым-қатынас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.

Екінші талап – тапсырмалардың қарапайымдығы мен бір мағыналылығы.

Тест жүргізуге және оның нәтижесін талдауға келесі талаптар қойылады:

1. Тестті пайдалану алдында психолог онымен танысып алады және өзі орындап немесе басқа біреуге орындатып, нәтижесін талдап көреді. Бұл процедура тест жүргізгенде қателіктердің орын алуынан сақтандырады.

2. Зерттелінушілерді тестті орындау ережесімен таныстырып, барлық тапсырмаларды қалай және қанша уақытта орындау керек екені түсіндіріледі.

3. Барлық зерттелінушілер тест тапсырмаларын ешкімнің көмегін пайдаланбай, өз бетімен, дербес, тек өзінің пікіріне сүйене отырып орындауын қамтамасыз етілген болуы керек.

4. Әр тест зерттеу нәтижесін талдау ережелерімен және бағалау шкаласымен қамтамсыз етілген болуы керек.

5. Тестті пайдаланып зерттеу жүргізу алдында даярлық жұмысы жүргізіледі.

 

Проективтік әдістемелерді психодиагностикада пайдалану ерекшеліктері.

Проективтік әдістемелерге анықтама.

Проективтік немесе жобалау әдістерін (проекция – латынша алға түсіру деген мағынаны білдіреді) психологияға Л.Франк (1939) ендірді. Бұл әдіс адамның ішкі психологиялық ерекшеліктерін сыртқы заттар немесе іс-әрекеттерінің нәтижесіне бейнелеп түсіруін зерттеуге арналған көптеген тәсілдердің басын қосады.

Шынында, адамның көптеген әрекеттерінде, шығармаларында оның ішкі проблемалары, қажеттіліктері, мотивациясы, оларды шешу үшін бейсаналы түрде басшылыққа алуға болады деген жолдары бейнеленеді.Зерттеушінің міндеті – жеке тұлғаның осы бейсаналы мінез-құлыққа негіз болатын жүйесінің мағынасын және стратегияларын айқындау болып табылады. Проективтік әдістерді пайдаланғанда келесі мәселелерді ескеру қажет:

зерттелінушіге ұсынылған ынталандыру материалдардың құрылымдық жағынан онша түсініксіз болуына байланысты зерттелінуші оны көптеген жолдармен өзінше талдауына мүмкіндіктер мол болады. Бірінші орында ұсынылған материалдардың мазмұны емес, зерттелінушінің оған түсінгендігі емес, оның неше түрлі операциялар жасау барысында әсерленуі және түрлі ассоциацияларының орын алуымен байланысты нәрселер талданады;зерттелінушінің өз ерекшеліктерін және қиялын еркін көрсетуіне жағдай жасау үшін барлық нұсқаулар мен орындау ережесі өте қысқа және жалпылама түрде беріледі;

зерттелінушінің әрекеттері оның барлық орындаған жұмыстарында қате болмайтындығы мен «дұрыс емес» деп бағаланбайтындығы, әр адам берілген тапсырманы орындауда өзінің көзқарасын еркін көрсетуіне мүмкіндігі, зерттеушінің барлық уақытта тілектестік білдіретіндігі.

зерттеленушінің тапсырманы орындау нәтижесінің диагностикалық мағынасын түсінбеушілігі оның өз әрекеттерінің нәтижесін «өңдеп», «дұрыс» жақтарын көрсетуге әрекет жасамауы.

Проективтік әдістердің осы ерекшеліктері жиналған мәліметтердің объективтік болуына мүмкіндік туғызады.

Проективтік әдістердің көпшілігі тек өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, ол жеке тұлға аспектілерінің ішіде біркеме түрдегі, немесе адам онша түсінбеген, кейде тіпті бейсаналы психикалық феномендерді талдауға бағытталған. Екіншіден, зерттелінушіге тікелей қойған сауалдар оның қорғаныс бейсаналы механизмдерін шақырып, зерттелініп жатқан қасиеттердің кейбір көріністері «жасырынып» қалады. Үшіншіден, зерттелінушіге берілген тапсырмалардың психодиагностикалық мағнасы түсініксіз болғандықтан, зерттеу барысында ешқандай қысым сезінбегендіктен, ол өзін еркін сезініп, көптеген ерекшеліктерін «жүгендемейді». Сондықтан адам өз психикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ақиқатқа сай көрсетеді.

Сонымен қатар проективтік әдістер аз стандартталған, жүргізу тәртібі қатал емес. Сондықтан зерттеуші зерттелінушінің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Зерттелінуші ашық-жарқын, әңгімелескіш болса, оған берілген нұсқаулар толығырақ болады, ал тұйық, аз сөйлейтіндерге берілген түсініктемелер де сараң болады. Осы ерекшеліктердің барлығы жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріп, ортақ шкала бойынша бағалауға кедергі жасайды.

Зерттеу нәтижесін талдауда да көптеген қиындықтар бар. Талдау арнайы категориялар бойынша жүргізіледі. Олар: «әсерлену типі», аффектілігі және оны қадағалау деңгейі, интеллектуалдық қабілетінің кейбір көрсеткіштері, қорғаныс механизмдерінің басым келетін түрлері.

Проективтік әдістерді пайдалану үшін психолог көптеген талдау варианттарын меңгеріп, іскерлігі мен кәсіби шеберлігі қалыптасқан болуы керек. Сондықтан бұл кітапта проективтік әдістердің теориялық негіздері жалпылама түрде берілген.

Мысал ретінде келесі проективтік әдістерді қарастыруға болады.

 

Роршах тесті (сия дақтары тесті)

Бұл тестті швейцар психотерапевті Г.Роршах өткен ғасырдың 20-шы жылдары ұсынған.

Зерттелінушіге ұсынылған ынталандыру материалдары ретінде ешқандай кескіндерінің үйлесімі жоқ, орта өзіне симметриялы орналасқан он дақтың суреті көрсетіледі. Олардың әрқайсысы 18х24 см қағазға басылған. Олардың бесеуі ақ-қара түсті, ал қалған бесеуі – түрлі түсті. Қағаз бетіне үлкен тамшы бояуды тамызып, содан соң ол қағазды екі бүктегенде ондай дақтар пайда болады. «Роршах дақтары» көптеген осыған ұқсас әдістердің ішінен диагностикалық жағынан тиімді деп табылаған. Бұл әдістің көмегімен адам мінезінің және ұстанымдарының бүркеме, елеусіз жақтарын диагностикалауға пайдаланылады.

Зерттеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде зерттелінушіге әр парақты қарап шығып, ондағы дақтардан не көргенін, неге ұқсатқанын айтып беру ұсынылады. Зерттелінушінің бір сөзін қалдырмай дәлме-дәл жазып алу керек. Екінші кезеңде сол парақтар қайтадан көрсетіледі де, алдында айтқан сөздері қандай көрсеткіштерге негізделгенін түсіндіріп беру талап етіледі. Әңгімелесу барысында зерттелінушінің не көргеніне, неге ұқсатқанына ерекше көңіл аударылып (адамдар фигураларын, мифологиялық немесе өмірде кездесетін жануарларды, географиялық бейнелерді, табиғат көрінісі, сексуалдық жағдайлар, т.с.с.), ол бейнелердің дақтың бетінде орналасуы (түрі, формасы, қимыл үстінде болуы), жауаптарының өзіндік ерекшелігі немесе басқалардың жауабына ұқсайтындығы тиянақты талданады.

Құрылымдық талдау әдістемелері

Зерттелінушіге бір тапсырма беріледі. Тапсырма – сол затқа мағына беріп талдау ұсынылады. Розенцвейг (1940) ұсынған талдауда аудиокасетаға жазылған, сөздері анық емес, ер адамның даусын мұқият тыңдап, ол хабарда не туралы айтылғанын талдап беру тапсырылады. Жазылған тексттің ақиқатта ешқандай мағынасы жоқ. Ол мәтінде мағынасыз дыбыстардың жиынтығы қайта-қайта айтылады. Зерттелінушінің сол мәліметтің мағынасын талдауы бойынша оның басқаларға ашықтығы, иланушылығы, айтқан сөздерінің субъективтілігі талданады.

Твитчел-Аллен тесті

Твитчел-Аллен тесті ешқандай формасы анық емес 28 көлемді заттардан тұрады (шар, целиндр, куб тәрізділерден жануарлар мен адамның пішіне ұқсағанға дейін). Формаларының анық еместігі зерттелінушілердің оларды талдағанда көрсетілген заттарға қатынасының неше түрлі болуына алып келеді.

Зерттеу барысында екі мәселе талданады..

Біріншіден, зерттелінуші ұсынылған заттардың ішінен бірнеше фигураларды таңдап алып, олар туралы сюжеттері бір-бірімен ұштасқан әңгіме құрады. Ол әңгімені баяндау барысында өзі іріктеп алған заттарымен неше түрлі манипуляциялар жасайды.

Екіншіден, таңдап алған заттарының не екенін және оны қалай атағанын талдап беруі бағаланады.

Кейде зерттелінушінің көзін байлап қойып, оның тек қана кинестетикалық және тактилдік сезімдері бойынша құрған әңгімелері талданады. Мұндай жағдайда адамның сезімталдығын бағалау бірінші орында болады.

 

Конструкциялау әдістемесі.

 

Конструкциялау әдістемесінің ішіндегі ең танымалы М.Ловенфильд (1939) жасаған «Жаһан тесті). Тесттің негізінен 232 данадан тұратын өте майда, түрлі түсті модельдер құрады (үйлер, ағаштар, ұшақтар, жануарлар, адамдар және т.с.с.). зерттелінуші сол заттарда пайдалана отырып «кіші жаһан» құруы керек. Талдау барысында зерттелінушінің ең бірінші таңдап алған заттары, неше затты пайдаланғаны, құрылысты орналастырған жерінің көлемі, құрылыс жасауға таңдап алған заттарының формалары бағаланады.

Мозаика тесті М.Ловенфельд тестінің екінші варианты. Ол 465 ағаштан немесе пластиктен жасалған квадрат, ромб және үшбұрыштардан тұрады. Олардың көмегімен зерттелінуші ешқандай анық көрініс беретін фигура жасай алмауы оның дамуындағы мешеуліктің көрсеткіші деп есептелінеді.

 

Түсініктеме беру әдістері.

 

Түсініктеме беру әдістемесін пайдаланғанда зерттелінушіге ұсынылған неше түрлі оқиғаларды, жағдайларды, бейнелерді өзінше түсіндіріп беруін талдауға негізделген.

бұл топтағы кең пайдаланылып жүрген әдіске «Тақырыптық апперцепция тесті» (ТАТ) жатады. Бұл әдісті Г.Моррей мен К.Морган 1935 жылы жасаған.

Зерттелінушіге стандарттық белгімен топтастырылған 20 сурет бірінен кейін бірі өз ретімен көрсетіледі. Олардың барлығында мағынасы онша анық емес, әркім өзінше талқылауына болатын жағдайлар бейнеленген. Сонымен қатар әр суретте отбасындағы шиелініс жағдай, депрессия, агрессивтік реакция, т.с.с. мәселелерден туған сезімді байқауға болады. Зерттелінушілерге осы суреттер бойынша кейіпкерлердің ойы мен эмоционалдық жағдайын, ол немен байланысты орын алғанын, немен аяқталатынын көрсететін әңгіме құру ұсынылады. Барлық баяндалған әңгімелер сөзбе-сөз магниттік таспаға жазылады. әңгіме мәтінін жазғанда баяндаушының паузалары, даусының ырғағы, дене қимылы, мимикасы ескеріледі. ТАТ суреттерін талдау әр зерттелінушімен жеке дара және екі күнге бөліп жүргізіледі.

Талдау барысында зерттелінушінің өзін қандай кейіпкермен салыстырып жүргені, ол кейіпкердің мінезінің жетекші көрсеткіштері, қоршаған ортаның оған тигізетін әсері анықталады. Осы көрсеткіштердің ара қатынасы талдауға «тақырып» болады. әдістің аты осы екі көрсеткіштің бір-біріне әсерін «тақырып» деп анықтаудан алынған.

Моррейдің тұжырымы бойынша «тақырыптар»мазмұны зерттелінушінің шынайы қылықтары мен талпынуын, қиялын, болашақта болжамдауының ерекшеліктерін анық көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде зерттелінушінің қалаулары, талаптары мен қажеттіктері, ішкі қайшылықтары және оны шешу жолдары туралы мәліметтер алынады.

2. Бұл топтағы әдістердің екінші түрі – С.Розенцвейг 1940 жылы ұсынған аудиомәтінді талдау. Зерттелінушіге аудиокасетаға жазылған, сөздері анық емес, ер адамның даусымен айтылған мәліметті мұқият тыңдап, ол хабарда не туралы айтылғанын талдап беру тапсырылады. Жазылған текстің, ақиқатта, ешқандай мағынасы жоқ. Ол мәтінде мағынасыз дыбыстардың жиынтығы қайта-қайта айтылады. Зерттелінушінің сол мәліметтің мағынасы талдауы бойынша оның басқаларға ашықтығы айтқан сөздерінің субъективтілігі талданады.

3. Талдау әдістерің ішінде С.Розенцвейг 1945 жылы ұсынған фрустрацияны талдау (фрустрация латын «алданып қалу», «жабырқаулық») әдістемесі пайдалануда. Ынталандыратын материалдары 24 суреттен тұрады. Ол суреттерде әр түрлі жағдайға ұшыраған адамдар бейнеленген. Кейіпкерлердің біреуінің айтқан сөзі көрсетілген, ал екіншісінің жауабының орнына бос квадрат берілген. Зерттелінуші екінші кейіпкердің жауабын айтуға тиіс. Осы жауаптарды талдау арқылы зерттелінушінің агрессиясының типі және оның кімге бағытталғандығы (өзіне немесе өзгелерге) анықталады.

 

 

Катарсис әдістемесі

 

Катарсис әдістемесінің кең тараған түрі – психодрама. Психодраманың негізін құрған Якоб Морено. Аристотель берген анықтама бойынша катарсис деген ерекше сезімге, жан түршігетін сезімге бөлену арқылы жан дүниені тазарту. Фрейдтің анықтамасы да осы мағынаны береді. Я.Морено бұл ұғымның мағынасын кеңейтіп, оның әсері көрермендерге де, актерларға да ортақ екенін дәлелдеді. Оның айтуынша психодраманың емдік амалы көрермендерге бағытталған. Дегенмен екіншілік катарсис әсері, «драманы ойнап жүріп күйзеліс жағдайдан өзін босататын» актердің өзіне деген емдік әсері өте зор екенін көрсетті. Психодрамада катарсис бірінші орында тұрады да, оның емдік мәні маңызды орынға ие болады.

Я.Морено бірінші болып 1946 жылы драматикалық әдістемені жеке тұлға проблемаларын, түс көруін, аман-мұңын, мазасыздануын зерттеуге пайдаланды.

Венада «ішкі сезім театрын (спонтандық театр)» ашты. өйткені оның пікірі бойынша драмалық жағдайлар көмегімен психотерапевтикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік туады және псисходраманың сөздік қатынас алдында көптеген өзіне тән ұтымдық жерлері бар екенін дәлелдеді. Драматизация барысында адамның мұңын зерттеу тездетіледі және жаңа мінез-құлық негізінде қатынастар құруды жеделдетеді.

Психодраманы пайдаланғанда зерттелінуші бас кейіпкердің ролін орындайды. Басқа көрермендердің қолдауымен ол өзіне тән мінез-құлық, қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен қатар ол өзінің ішкі эмоционалдық кернеу жағдайын сыртқа шығарып, күйзелтіп жүрген ойдан қол үзеді.

Балаларды диагностикалауға катарсис элементтерін пайдалағанда ойын қуыршақтарды пайдалану арқылы жүргізіледі.(Психодрама туралы екінші кітапта тереңірек берілген).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: