1-ші варианты «сандарды реттеу».
Тапсырма топтамада он сан жазылған карточкаларды ондағы әрбір санның клеткасы көрсетілген плакатқа орналастыру керек. Орындауға белгіленген уақыт беріледі. Сандарды дұрыс орналастырған жауаптар бағаланады.
2-ші варианты «Жануарлар үйі»
«Жануарлар үйі» «Сандарды реттеу» тапсырмасына сәйкес келеді. Мұнда балаға карта көрсетіледі, онда ит, балапан, мысық және балық суреттері бар. Картаның жоғары жағында әр жануарларды сол ұяшықтарына орналастыру. Уақыты және жіберген қателері бағаланады.
8-ші субтест «Жетпейтін бөлшегін тап»
Тапсырма карточкаларға түсірілген заттардың суреттерінен тұрады. Суреттегі әр заттың бір бөлшегі жетіспейді. Зерттелінуші осы жетпейтін бөліктерін таба білуі керек. Зерттелінушіге 21 тапсырма беріледі, онда жетіспейтін бөліктерін немесе сәйкес келмейтіндерін табу керек.
Дұрыс жауапқа – 1 балл.
Орындау уақытты – 20 сек.
9-субтест «Косаның кубиктері»
Кубиктерді бір-бірімен біріктіру арқылы көрсетілген үлгі бойынша неше түрлі фигуралар жасап шығару тапсырылады. Баланың форманы құрастыруға қабілеті және сенсомоторлық координациясы бағаланады. Зерттелінушіге 10 әртүрлі түсті ағаштан жасалған кубиктер беріледі және одан құратын фигураның үлгісі көрсетіледі. Зерттелінуші бала тез арада жаңадан сол үлгіні қайталайтын фигура жасауы керек. Әр тапсырманың уақытын белгілеп отырады. Үлгіні дәл қайталап жасауы және тапсырманы орындаған уақыты бағаланады.
10-субтест «суреттерді жүйеге келтіру»
Мұнда ұйымдастыру қабілетін, логикасын, мәселелерді түсінуін және оқиғаны талдай білуін зерттейді. Зерттелушіге 8 сурет тапсырмасы беріледі. Әр суреттегі сюжеттер шатасып кеткен. Зерттелінуші ондағы оқиғаларды логикасына сәйкестендіріп әр суреттің орнын анықтап, жүйе бойынша орналастыруы қажет.
Дұрыс жауабы және жіберген уақытты бағаланады.
11-субтест «Фигуралардың қойылуы»
Бұл субтест 9 субтестке ұқсас. Зерттелушіге 4 фигура беріледі: «адам», «профиль», «қол», «аяқ». Бұл фигуралар бір-бірімен сәйкес орналастырылып қойылуы керек.
Дұрыс жауабы және жіберген уақытты бағаланады.
Жаттау динамикасын анықтау әдістемесі.
Мақсаты: еске сақтау қабілетін дамыту.
Орындау ережесі:
Зерттеуді жүргізу үшін 20 онша таныс емес сөздер немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі. Жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: «Қазір Сіздерге бірнеше сөздер оқып беремін. Оларды мұқият тыңдап, есте сақтап қалуға тырысыңыздар. Мен оқып болғаннан соң, Сіздер олардың ішінен естеріңде қалғандарын ретін бұзбастан қайталап айтасыздар».
Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сіздер ол сөздерді тағы да қайталап айтасыздар. Бірінші қайталаған сөздеріңізбен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтасыздар».
Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:
«Мен жаңағы сөздерді тағы да бір рет қайталап оқимын, ал Сіздер оны жақсылап тыңдаңыздар». Бесінші рет қайталағанда «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, Сіздер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңыздар» - деп ескерту қажет.
Сөздер тізімін қайталап оқу барысында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді қайталағанда зерттелінушілерге өте жай: «Тағы қандай сөздер есіңізге түсті?» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.
Орындау уақыты – 7-8минут.
Сөздер қатарының бірінші варианты:
1.Детерминизм 7.Эвакуатор 13.Апафиоз
2.Папильотка 8.Мелонхолия 14.Деперсонализация
3.Виолончель 9.Конъюнктура 15.Жарамсақтық
4.Гемеостаз 10.Апперцепция 16.Стандарттау
5.Манускрипт 11.Филантроп 17.Ультиматум
6.Альманах 12.Манифестация 18.Кинестезия
Сөздер қатарының екінші варианты:
1.Демократизм 7.Гиппокамп 13.Импритинг
2.Жауапкершілік 8.Мезонсцена 14.Диагностика
3.Келемеждеу 9.Интерпретация 15.Кинестезия
4.Коммуникация 10.Апликация 16.Статика
5.Корреляция 11.Фибриома 17.Унификация
6.Социометрия 12.Дүниетаным 18.Коррекция.
Жаттау динамикасын анықтау әдістемесі.
Бағалау шкаласы:
Бір рет оқығанда – 5-6, бес рет қайталанғанда – 8-10 сөзді қайталау сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады.
Бірінші оқығанда – 3-4, бесіншіден кейін – 5-7 – орта.
Бірінші оқығанда – 1-2, бесіншіден кейін – 3-4 – төмен.
Біріншіден оқығанда – 0, бесіншіден кейін – 1-2 – өте төмен.
Логикалық ойлаудың диагностикалау әдістемесі.
Дұрыс жауаптар:
В < А 10.А > В
А < В 11.В < А
В > А 12.А < В
В < А 13.В < А
А > В 14.А < В
В > А 15. В < А
А < В 16.А < В
В < А 17.В > А
В > А 18.А > В
Логикалық ойлаудың диагностикалау әдістемесі.
Мақсаты: Логикалық ойлаудың даму деңгейін бағалау.
Орындау ережесі: Әдістеме үлкендерге арналған. Зерттелінушіге 18 логикалық мәселе ұсынылады. Олардың әрқайсысын сипаттайтын екі логикалық алдыңғы жағдай берілген (Олар сызық үстіне жазылған). Олардағы әріптік белгілердің бір-бірімен сандық қатынас логикасына сүйене отырып, сызық астындағы әріптік белгілердің сандық қатынасын тауып, ол қатынасты “<” немесе “>” белгілерімен көрсету керек.
Бағалау шкаласы; Әр дұрыс жауапқа бір балл.
Тапсырмалар.
| 1.А Б-дан 9есе көп Б В-дан 4есе аз В мен А қатынасы? | 10.А Б-дан 2 есе аз Б В-дан 8 есе көп А мен В қатынасы? |
| 2. А Б-дан 10 есе аз Б В-дан 6 есе көп А мен В қатынасы | 11.А Б-дан 3есе аз Б В-дан 4 есе көп В мен А қатынасы? |
| 3.А Бдан 3 есе көп Б В дан 6 есе аз В мен А қатынасы | 12.А Б-дан 2 есе көп Б В-дан 5 есе аз А мен В қатынасы? |
| 4.А Б дан 4 есе көп Б В дан 3 есе аз В мен А қатынасы | 13.А Б-дан 5 есе аз Б В-дан 6 есе көп В мен А қатынасы? |
| 5. А Б-дан 3 есе аз Б В-дан 7 есе көп А мен В қатынасы | 14.А Б-дан 5 есе аз Б В-дан 2 есе көп А мен В қатынасы? |
| 6.А Б-дан 9 есе көп Б В-дан 12 есе аз В мен А қатынасы | 15.А Б-дан 4 есе көп Б В-дан 3 есе аз В мен А қатынасы? |
| 7.А Б-дан 6 есе көп Б В-дан 7есе көп А мен В қатынасы | 16.А Б-дан 3 есе аз Б В-дан 3есе көп А мен В қатынасы? |
| 8.А Б-дан 3 есе аз Б В-дан 5 есе көп В мен А қатынасы | 17.А Б-дан 4 есе көп Б В-дан 7 есе аз В мен А қатынасы? |
| 9. А Б-дан 10 есе аз Б В-дан 3 есе көп В мен А қатынасы | 18.А Б-дан 3 есе көп Б В-дан 5 есе аз А мен В қатынасы? |
Жеке тұлғалық қасиеттерді диагностикалау әдістері
Павловтың ойлау типін анықтау әдістемесі
Мақсаты: зерттелінушінің ойлау типін анықтау.
Орындау ережесі: Келесі тапсырмаларда көрсетілген мәселелерге көзқарасты білдіретін жауаптарыңызға байланысты 0 баллдан 10 баллға дейін бағалап шығыңыз.
Төменде екі қатарға бөлініп мінез қасиеттері берілген.
Нәтижені талдау.
Бірінші қатардағы қасиеттердің көпшілігі таңдалатын болса, адамның техникалық бейнелеуіндегі жетекші болатын 1-ші сигналдық жүйе жақсы дамыған екендігі дәлелденеді. Яғни, нақты бейнелі ойлауы басым, И.П.Павлов зерттеуі бойынша көрнекі ойлау типі.
Екінші қатардағы қасиеттердің басым көпшілігі таңдалынатын болса ол адамның сөздік-логикалық абстарктілі ойлауының басым болғаны. Яғни, техникалық бейнелеуде ІІ-ші сигнал жүйесінің жетекші екендігін дәлелдейді. Бұл И.П.Павловтың зерттеуі бойынша «ойшыл тип».
Төмендегі берілген мінез қасиеттерінің ішінен қайсысы сіздің бойыңызда анық байқалады?
| І-ші | ІІ-ші |
| 1.Айқын және образды етіп елестете білу. 2.Оқиғаларға тез эмоциялық әсер беру. 3.Затты, адамның түрін жақсы есте сақтау. 4.Театрда, киноны, көркем әдебиетті сүю. 5.Ашық мінезді таныстарының, достарының ауқымы кең. 6.Гуманитарлық ғылымдарды ұнату. 7.Көркем творчествоға әуес. 8.Қол дағдылары шеберлігіне жоғары қабілеттілік. 9.Тәжірибелік. 10.Ым ишараты мен қозғалыстары ның айқын көрінуі. | 1.Қабылдауының, эмоциясының, елестеуінің айқын еместігі. 2.Көркем образдықтан сөздік ойлауының басымдығы. 3.Фактілерден, оқиғалардан, атаулардан гөрі, оқиғаның терминдері, анықтамаларды жақсы есте сақтау. 4.Кино мен театрдан гөрі лекция мен баяндамаларды, кітап оқығанды ұнату. 5.Тұйықтық. 6.Нақты ғылымдардың ғылыми әдебиетін ұнату. 7.Ақыл-ой жұмысына бейім. 8.Қол дағдылары қабілеттің төмендегі теорияға сүйенушілік. 9.Тәжірибесі жетіспейді. 10.ым ишараты мен қозғалыстары ның әлсіз байқалуы. |
Ойлау типін анықтауға арналған тест.
Мақсаты: зерттелінушінің ойлау типін анықтау.
Орындау ережесі: Келесі тапсырмаларда көрсетілген мәселелерге көзқарасты білдіретін жауаптарыңызға байланысты 0 баллдан 10 баллға дейін бағалап шығыңыз. Егер жауабыңыз «жоқ», «еш уақытта» болса – 0 балл. Жауабыңыз «иә», «дәл сондай» болса – 10 балл. Жауап беруге қиналсаңыз, бірде сондай, бірден тіптен басқаша болуы мүмкін, кейде болады, жиі болады деген жауаптарға 1 баллдан 9 баллға дейін бір бағаны таңдап алыңыз. «Жоқ» деген жауапқа жақын болса баллдарыңыз төмен, ал мақұлдауға жақын болса – баллдарыңыз жоғары бағаланады.
Өз көңіл-күйіңізді дұрыс бағалауға тырысыңыз.
Тапсырмалар:
- Менің көңіл-күйім көбінесе көтеріңкі болады.
- Бұдан неше жыл бұрын оқығандарымның барлығы есімде.
- Әуенді бірнеше рет тыңдағаннан соң оны дәлме-дәл қайталаймын.
- Әңгімені тыңдаған кезде мен барлық кейіпкерлерді көз алдымда бейнелеймін
- Әңгімелескен кезде эмоциялар тек оның мазмұнына түсінуге кедергі жасайды.
- Алгебраны меңгеруге қиналамын.
- Таныс емес адамдардың түрін есімде сақтап қалу маған оңай.
- Таныстарымның ортасында әңгімені мен бірінші болып бастаймын.
- Біреудің идеяларын тыңдағанда оны дәлелдеуді талап етемін.
- Көбінесе тұнжырап жүремін.
Ойлау типін анықтауға арналған тест.
Бағалау шкаласы:
Сол сыңарының жетекшілігінің көрсеткіші: келесі сұрақтарға жауап ретінде берілген баллдардың қосындысын шығарыңыздар: 1,2,5,8,9.
Оң сыңарының жетекшілігінің көрсеткіші: келесі сұрақтарға жауап ретінде берілген баллдардың қосындысын шығарыңыздар: 3,4,6,7,10.
«Солжақтылықтың» (С) көрсеткіші «оңжақтылықтан» (О) 5 балл және одан көпке артық болса, онда зерттелінушінің логикалық ойлауы үстем болғаны, сондықтан ол адам ойшыл типке жатады. С – оптимист болғандықтан барлық мәселелерін өзі шеше алатындығына сенімді. Олар өзгелермен қарым-қатынас жасауға қиналмайды. Жұмыста және отбасында барлық мәселлерді шешкенде интуицияға сүйенбестен, оны орындау жолдарын талдап, есептеп алады. Ақпарат әрекетте логикалық ойлауды талап ететін түрлерін меңгеру және орындау оңайырақ болады. Олардың меңгерейін деп жүрген мамандығы логикалық қабілетті талап ететін болса шеберлікке тез жетеді. Солжақтыларға математикамен байланысты, конструкторлық, ұйымдастырушылық қызмет, ұшқыш, ЭЕТ программисті, жүргізуші, сызушы болу ыңғайлы.
«Оңжақтылық» (О) көрсеткіштері (С) көрсеткіштерінен басым болса, ол адам көркемөнерлер типіне жатады. Бұл тип өкілдері пессимизмге жақынырақ болады. Ол барлық жағдайды логикалық жағынан талдаудан гөрі өз сезіміне жүгінгенді артығырақ көреді, дегенмен сезімі оларды алдамайды. Көбінесе тұйық, қарым-қатынасқа онша жақын емес, бірақ ыңғайсыз жағдайларда да өте өнімді қызмет етуге шамасы келеді. Мамандық таңдағанда бейнелі ойлауды талап ететін түрлерінде табысты болады: суретші, әртіс, сәулетші, дәрігер, тәрбиеші.
Екі жағының көрсеткіштері бір-біріне тең болған жағдайда ол адамдардың логикалық және бейнелі ойлауы бірдей жақсы дамығандығын көрсетеді. Оларға өз қабілетін көрсетуге кең мүмкіндік ашылады. Олар бірізділікті, сонымен қатар барлық оқиғаларды бейнелі, біртұтас түрде талдап, орындау жолдарын оймен реке келтіріп, барлық жағдайларда саспастан орынды және жылдам шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Басшы қызметі, күрделі техникалық жүйелерді сынаушы, лектор және әскери қолбасшы – осы мамандықтардың барлығы ойлаудың қарама-қарсы типтерінің гармониялық байланыста болғанын талап етеді. Сондықтан әмбебап типтер тезірек шеберлікке жетеді.
Ойлау типі адамның ақылдылығының көрсеткіші емес, оның қоршаған әлемді және өзін өзі қабылдауының ерекшелігі. Ойшылдардың заттар мен құбылыстарды ойымен бейнелеуі нашар дамыған болса, оның ғылымда табысты болуы өте қиын. Сонымен қатар, көркемөнер типі ойшылдықтан басымырақ болмаса оның атақты суретші, актер, әуенші, скульптор болуы өте қиын, бұл көрсеткішке жету олардан өте ұзақ уақыт пен қайсар еңбекті талап етеді.
Жетекші ми сыңарын анықтауға арналған экспресс талдау әдісі
Келесі тапсырмаларды орындау керек.
А) Қолымыздағы саусақтарымызды шатастырамыз. Сол қолымыздың саусағын жоғары қоямыз.Нәтижесін жазыңыз.
Б) Аздаған парақ қағазға саңлау жасап(дүрбі) бір көзіңізбен қарау, келесі көзіңізбен қарау, қай көзбен қараған ыңғайлы немесе анық? Нәтижесін жазыңыз.
В) «Напалеон» қолды көкірекке қойып тұрыңыз, жоғарыда қайсы қол тұрады.
Нәтижесін жазыңыз.
Г) қарқынды қол шапалақтауды көз алдыңызға келтіріңіз, енді өзіңізде қол соғыңыз. Жоғарыда қай қолыңыз,нәтижесін жазыңыз.
Нәтижесі келесі көрсеткіштермен бағаланады.
ОООО- консервативті мінездің иесі, жүріс-тұрыс нормасын жалпы қабылдап алуды көздейді.
ОООС- темперамент әлсіз, батылсыз.
ООСО- күшті мінезді, артист. Мұндай адамға қарым-қатынаста батылдығы кедергі жасамайды, әзіл қалжыңға сенгіш.
ООСС- алдыңғы типке жақынырақ мінез, бірақ жұмсағырақ, контактілі, жаңа жағдайларға жай үйренеді.Жеткіліксіздігі аз кездеседі.
ОСОО-әлсіз тип, тек әйелдер ортасында кездеседі.Әртүрлі ортаға бейімді мінез, қорғансыз,бірақ ұрыс керіске қабілетті.
ОСОС –ақылдың динамикалық кені, негізгі белгісі байұағыш, жұмсақ.Ұрыс керістен қашқақтайды, есепшіл және шыдамды дистанциялық
ОССО – артист, кейбіреуі тұрақсыз, жаңа ортаға бейімделгіш. Қарым- қатынаста батыл, ұрыс керістен қашқақтауды біледі жаңа жүріс- тұрыс түрін қосып алады.Әйцелдер ортасында ерлердің ортасына қарағанда шамамен екінің бірінде жиіріек кездеседі.
ОССС бұл тип керісінше ерлердің мінезі.Тәуелсіз, тұрақсыз,ақылдың аналитикалық кені.
СООО – бірден-бір көбірек таралған тип. Ол эмоционалды, барлығын оңай тәжірибемен байланыстырады. Бір жағынан қайсарлық жеткіліксіз, бөтен ортаға әсер қалдырады.
СООС- алдыңғы типке ұқсас, бірақ қайсарлау жұмсақ және аңқау. Зіне бұрынғы қарым қатынасты қалайды.
СОСО- бұл өте күшті мінез типі. Қайсар, күшті, сенуі қиын. Қаншалықты консервативті, бөтеннің ойымен аз санасады.
ССОО-қарапайым, достық қарым-қатынасты сүбші, кейбіреуі қызықшыл.
ССОС- ақкөңіл, жұмсақ, сенім артқыш, оның негізгі бөлігі өте аз, негізінен ерлерде көп кездеседі.
СССО-эмоционалды,шешім қабылдағанда ойланбай жасайды.
СССС- затқа жаңаша көзқарасқа ие.Эмоциясын ашық көрсетеді,жеке тұлғамын деп есептейді,кейде жігерлік танытады.
Оқушылардың мамандық таңдау мотивациясын диагностикалау.
Мамандықты таңдауға жастарды баулудың бастамасын Ф.Парсонс 1909 жылы ғылыми жолға қойып, ол жеке тұлға теориясын құрып осы теория негізінде психометриялық әдістемелерді пайдалану жолдарын ұсынған.Оның ғылыми қағидаларына сүйене отырып зерттеушілер адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты мамандыққа жарамдылықтары туралы зерттелінушілерге мәліметтер беру негіздері ретінде келесі қағидаларды ұсынды.
А) Әр адам өзінің жекелік психофизиологиялық қасиеттеріне және таным процестерінің ерекшеліктеріне байланысты тек бір мамандыққа икем болады.
Б) Мамандық қызметте табысты болу және өз мамандығына көңілі толу адамның жекелік қасиеттерінің мамандық қызмет талаптарына сай келуіне тәуелді
В) Кәсіби бағдар беретін кеңесші мамандық таңдаушының жекелік ерекшеліктерімен оның диспозицияларын ескере отырып,мамандықты таңдауды саналы жүретін процеске айналдырып, таңдаудың тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Психологиялық тестілеу теориясы мен тәжірибесінің дамуы барысында бұл бағыттағы жұмыстардың методологиясы даму үстінде болды. Дегенмен кәсіби бағдар берудің негізгі қағидасы өзгермеді. Бұл тұжырым бойынша мамандықты таңдау барысында жеке тұлға құрылымы және мамандықтың сол тұлғаға тән психофизиологиялық ерекшеліктеріне қойып отырған талаптардың кездесуі. Кәсіби бағдар беру барысында кеңесші психолог әр адамның өзіне тән ерекшеліктерімен байланысты қай саладағы қызмет оған дәл сай келетінін болжамдап беру. Ф.Парсонстың кәсіби бағдар беру теориялары көптеген ғалымдарды қызықтырып, мамандыққа баулу проблемасын зерттеушілер молайды. Психологиялық зерттеулерге математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс,Фишер,Спирмен деген математиктер психологиялық орталықтарда қызмет жасауға шақырылды. Олар жеке тұлғалық ерекшеліктерді жүйелі түрде анықтау жолдарын ұсынды. Әр адамның өзінің болашақ мамандығын анықтауға негіз болатын көптеген себептер бар. Кәсіби бағдар беру проблемасын зерттеушілердің ішінде Д. Сьюпер өзіне дейін жүргізілген зерттеулерді жүйеге келтіріп, мамандық таңдауға негіз болатын келесі баптарды анықтады.
әр адам өзіне тән қабілет, қызығушылық, мінез және басқа ерекшеліктерімен сипатталады.
Осы ерекшеліктеріне байланысты әр адам бірнеше мамандықтарға икем болып келеді.
Адамның өмір тәжірибесімен байланысты оның мамандыққа көзқарасы және мамандық шеберлігі, оларға әсерін тигізетін обьективтік және субективтік факторлар өзгереді,
Мамандық таңдауға көзқарас бірнеше кезеңде жүреді
Мамандыққа көзқарастың дамуы ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына, баланың жекелік ерекшеліктеріне және мамандыққа даярлықтан өту мүмкіндіктеріне байланысты жүреді.
Баланың мамандық таңдау ниетінің қалыптасу кезеңдерінде оның дамуын басқаруға және бағыт бағдар беруге, мамандыққа қажетті қабілетін басқаруға мүмкіндіктер мол,
Кәсіби бағдар берудің мәні жеке тұлғаның «Мен- концепциясын»дамыту және іске асыру болып табылады
Психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізу «Мен -концепция» мен ақиқаттың бір бірімен түйісуін қамтамасыз етеді.
Адам мамандық қызметте өзінің қабілеттілігі мен іскерлігін көрсетуге мүмкіндігі болғанда ол жұмыс жеке тұлғаны қанағатттандырады және мамандық шеберлігіне жетуіне түрткі болады.
Осы зерттеулерге сүйене отырып оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру жолдарын анықтау жеңілдеді. Мектеп психологиялық қызмет кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және мамандыққа икемділіктерін анықтау негізінде психологиялық кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылады.
Бұл әдістеме Е.А. Климовтың жіктеуі бойынша әр түрлі мамандықты адамның таңдауын анықтауға арналған.Әдістемені жас өспірімдер мен ересек адамдарды кәсіптік бағдарлауда қолдануға болады.
Климовтың даралап диагностикалау сауалнамасы «ДДС»
Оқушылардың мамандықтарға қызығушылығы туралы бастапқы мәлімет алып, оны кәсіби бағдар беру жұмысында пайдалану үшін арнайы жасалған анкетаны және Е.А. Климов ұсынған даралап диагностикалау сауалнамасын «ДДС» пайдалануға болады. Бұл сауалнаманы 60- жылдардың аяғында 70- жылдардың басында Е.А.Климов басқарған кәсіптік білім берудің зерттеу тобы жасап шығарған.
Е.А.Климовтың сыныптастыруы бойынша адамдарды олардың таңдауларына байланысты түрлі мамандық қатынасқа икемділігіне байланысты 5 топқа бөлуге болады.Оның ұсынған әдістемесі зерттелінушінің осы қатынастардың қайсысына жақын екенін анықтауға арналған.Әдістемені жас өспірімдер мен ересек адамдарды кәсіптік бағдар беру барысында қолдануға ұсынылады.
Тапсырма: Тиісті оқуды бітіргеннен кейін Сіз кез-келген жұмысты алып кете аласыз дейік. Дегенмен Сізге екі мүмкіндіктің біреуін ғана таңдау қажет болса қайсысын қалар едіңіз.
Орындау ережесі: зерттелінуші ДДС сауалнамасында ұсынылған 20 жұп тапсырмаларға онша көп ойланбастан жауап беруі керек.Әр жұпта аталған қызметтің ішінен оның бір түрін таңдап алып, жауап парақтың тиісті торына белгі қоюы керек.Жауаптарыңыз дараланған болуға тиіс. Егер сізге ДДС тағы аталған мамандық бойынша іс әрекет ұнамайды дегенннен гөрі ұнайдыға жақын болса жауап парақтың тиісті торына «+» белгісін қоясыз, ұнайтын болса –екі плюс «++» қойыңыз, ал егер өте ұнайды деп бағласаңыз үш плюс «+++». Егер іс-әрекеттің түрінің Сізге ұнауынан ұнамауы басым болса –бір минус «-», ұнамайды десеңіз екі минус «--», тіптен ұнамайтын болса –үш минус «---»деп белгілеңіз.