Ші субтест «Орнын табу» 2 страница

 

Сауалнама.

1а.жануарларды бағып күту немесе 1б.Машиналар мен құрал саймандарға қызмет көрсету (байқау, қарау, реттеу)
2а. Ауруларға көмектесу Немесе 2б.Есептеу машиналарында кестелер,сызбалар, бағдарлама- лар жасау
3 а. Кітап, плакат,көркем ашық хаттарды безендіру сапасын байқау. Немесе 3б.Өсімдіктердің жай-күйін, өсіп-дамуын қадағалау.  
4а.Материалдарды өңдеу (ағаш, мата, металл, пластмасс және т.б. немесе 4б.Тауарларды тұтінушыға жеткізу, жарнамалау, сату.
5а.Ғылыми-көпшілік кітаатарды, мақалаларды талқылау. немесе 5б.Көркем кітаптарды талдау (пьесалар, концерттер)
6а.Малдардың төлдерін күту, өсіру (жануарлардың тұқымдарын) немесе 6б.Жолдастарды жаттықтыру (немесе кішкентайларды) бір іс-әрекетті орындауға көмектесу (еңбекке, оқуға, спортқа қатысы)
7а.Суреттерден, бейнелерден көшірме жасау (не музыка аспаптарын жөндеп күйге келтіру) немесе 7б.жүк тасыитын, түсіретін (көтергішке тасмалдау) құралын басқару (көтергіш кран, торактор, жылумен жүретін тепловоз)
8а.Адамдарға керекті мәліметтер беру, түсіндіру (анықтама бюросы экскурсия және т.б.) немесе 8б.Көрмелер, витриналар көркемдеу, рәсімдеу (немесе пьесса, концерт дайындау)
9а.Нәрселер, бұйымдар жасау (киім-кешек, техника) тұрғын үй жөндеу немесе 9б.Мәтіндегі, кестелердегі, суреттегі қателерді тауып, түзету.
10а.Жануарларды емдеу немесе 10б.Есептеу, есеп шығаруды орындау
11а.Өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару немесе 11б.Өнеркәсіптік бұйымдардың жаңа түрлерін конструкциялау, жобалау (машиналар, киім-кешек,
12а.Адамдар арасындағы даудамайды талқылап, түсіндіріп, сендіріп, жазалау, көтермелеу немесе 12б.Сызбалар, кестелерді талқылау (тексеру, анықтау, тәртіптеу) үйлер, азық-түлік өнімдері)
13а.Көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысын байқау, тексеру немесе 13б.Микробтардың өмірін бақылап, зерттеу.
14.Медицина аспаптарын жөндеп, қызмет көрсету немесе 14б.Жараланған, күйген, ауырған адамдарға, медициналық көмек көрсету.
15а.Көрген, елестеген, қиялдағы оқиғаларды көркемдеп шығару немесе 15б.Көрген-білген оқиғалар мен құбылыстарды жазып беру, бақылаған құбылыстар бойынша есеп жазу, өлшеген обьектілерді есептеу.
16а.Аурухана лабораториясында анализ жасау немесе 16б.Ауруларды қабылдау, әңгімелесу, емге дәрілер жазып беру.
17а.Бөлменің, үйдің ішін, бұйымдарды бояу, сурет салу. немесе 17б.Машиналар мен құрал-сайманды құрастыру, жинау.
18а.Құрбы-құрдастарды, кішкене балаларды театрға, мұражайға апару, экскурсияға, туристік жорықтарға шығару. немесе 18б.сахнада ойнау, концерттерге қатысу.
19а.Сызбаларға қарап машиналардың, киім-кешек бөлшектерін жасау, үй салу. немесе 19б.Сызумен айналасу, сызбалар, карта көшірмелерін жасау.
20а.Өсімдіктер ауруларымен, баубақшаның, орман жауларымен,зиянды жәндіктермен күресу. немесе 20б.Клавишті машиналармен жұмыс жасау (жазу машинасымен, телетайп, теру машинасы және т.б.)

 

 

ДДС сауалнамасының жауап парағы.

 

Оқушының аты-жөні................................................................

Мектеп..................... сынып...................... күні.........................

 

Табиғат Техника Адам Белгілеу жүйесі Көркем бейне
10а 10б
11а 11б 12а 12б 13а
13б 14а 14б 15а 15б
16а 17б 16б 19б 17а
20а 19а 18а 20б 18б
Е+= Е+= Е+= Е+= Е+=
Е-= Е-= Е-= Е-= Е-=
Пе= Те= Че= 3Се= ХОе=

 

 

Нәтижесін талдау.

Жауап парақ 5 бағанның әрқайсысында қойылған белгілерді есептеп шығаруға ыңғайлы етіп жасалған. Бес бағанның әрқайсысы белгілі саладағы мамандыққа сәйкестендірілген. ДДС сауалнамасының жауап парағына түсірілген (+) және (-) сандары әр бағана бойынша саналады. Нәтижесін арифметикалық қосындылар ретінде шығаруға болады. Зерттелінушінің қай салаға икем және қызмет атқару барысында табысты болуы мүмкін деп болжамдау ең көп (+) белгісінің қойылғанымен анықталады, зерттелінуші сол типтегі мамандыққа жақын, икемді болып келеді, сондықтан ол сондай қатынасқа жақын келетін кәсіпті таңдап алса шеберлікке тезірек жетуі мүмкін. ДДС нәтижесі тек зерттелінген кездегі мүмкіндіктерді болжамдайды, сондықтан зерттелінуші болашақта басқа қатынастағы мамандық типін таңдағысы келсе, оған қажетті қабілеттілігін дамытуына болатындығы туралы кеңес беріледі.

Мамандықтар типтеріне сипаттама:

1. Адам – табиғат, мұнда еңбек обьектісі тірі табиғат өкілдері: өсімдіктер, жануарлар болады. Бұл қатынастағы кәсіптерге агроном, зоотехник, малшы, мал дәрігері, бағбан, орманшы, дихан кіреді.

2. Адам – техника, мұнда еңбек обьектісі техникалық жүйелер, машиналар, аппараттар мен қондырғылар, материалдар мен энергия (қуат) еңбек обьектісі болады. Бұған радиомеханик, токарь, слесарь, барлық көліктер жүргізушілері, инженер, компьютерлік техника мамандары кіреді.

3. Адам – адам қатынасындағылардың еңбек обьектісі ретінде басқа адамдар, әлеуметтік топтар, ұғымдар кіреді. Бұл саладағы мамандықтар – қызмет көрсету жүйесі, медицина, педагогика, заң қызметі.

4. Адам – белгі жүйесі. Олардың еңбек обьектісі: шартты белгілер, шифрлар, кодтар, кестелер. Бұл салада корректорлар, бағдарламашылар, машинистер, статистер, экономисттар жатады.

5. Адам – көркем бейне.бұл адамдардың еңбек обьектісі көркемдік бейнелер жасау, олардың ролі, элемметтері мен ерекшеліктері. Зергер, әртіс, фотосуретші, музыкант, сазгер, суретші, өнертанушы, жазушы.

 

Д.Голландтың мамандыққа икемділікті анықтау тесті.

Мақсаты: Адамның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты қандай саладағы мамандықтарға жақын екенін анықтау. Бұл мақсатпен Д.Голланд ұсынған әлеуметтік бағыттылық типін анықтау тестін пайдалануға болады. Тест алдын-ала даярлаған бланкіге толтырылған. Бланкідегі әр түрлі мамандықтар жұптастырылып келтірілген.

Нәтижесін талдау

Голландтың көзқарасы бойынша әр адамның мамандықты таңдауы және оған икемділік білдіруі, кәсіптік шеберлікке жетуі,өз кәсібіне қанағаттанушылығы, тұрақтылығы, т.б. көрсеткіштері ең бірінші кезекте жеке адамның кәсіптік типіне байланысты деп тұжырымдайды.Оның айтуынша әр мамандық өкілдері-біркелкі,бір-біріне ұқсас көрсеткіштері бар тұлғалар. Әр мамандық өзіне тұлғаның жалпы өмірге деген көзқарасы, қабілеті, тіл байлығы, экстраверсия және интроверсиялығы,әлеуметтілігі, интеллектуалдық икемділігі, психоматорлық ерекшеліктері, техниканы меңгеруге бейімділігі және т.б. көрсеткіштеріне қарап тартады.Сондықтан әр мамандық өкілдері топтағы мүшелерінің анық ұқсастыққа ие болады,көп жағдайларда олар өзгерістерді бір шамада сезіне алады,өзінің мінез құлқын ұқсас түрде ортаға икемдейді. Мұндай жағдайда,адамның кәсіптік ортасына икемділігінің моделінен жасауға болады. Адамдар өз ортасына лайықты мамандығын, өзінің өмірлік бағдары мен мақсатын,өздерін қызықтыратын проблемаларын табуға ұмтылады.Олар ұқсас нұсқамен жүреді.Осы тұжырымдамаға сүйене отырып голланд жеке тұлғаның кәсіптік типалогиясын жасаған.Ол типологияның сипаттамасында жеке тұлғаның кәсіпке икемділігін кең нұсқада көрсетеді: мақсаты, құндылықтары, «Мен» бейнесі, кәсіптік мақсаттары және білім алуға ұмтылысы, қалаған мамандығының ол адам өміріндегі ролі, қабілеті,арнайы дарындылығы, табысқа жетудің нақтылығы мен жеке тұлғаның өмірлік жолы.Бұл типологияға қысқаша сипаттама төменде келтірілген

Голланд 1- 3 типке ерекше зейін аударады.Әр тип сипатында оның жеке адам қасиетінің күшті және әлсіз жақтары сипатталған.Негізгі типтерде кейбір қарама қайшы көрсеткіштер ұштасып келетіндігімен (интеллектуалды және тапқыр,реалистік және әлеуметтік,конвенциялық және артисттік) ерекшеленеді және осы тип өкілдерінің көп жерде табысты болатындығы көрсетілген.

 

Орындау ережесі. Берілген бланкідегі мамандықтар аттарын жақсылап қарап шығыңыз. Егер Сіз аталған мамандық өкілі немен шұғылданатынын өзіңіз білсеңіз, онда жүргізілетін тестке көңіл аударуыңызға болады, әр жұптан өзіңізге ұнайтын және өзіңіз жоғары бағалайтын мамандықты таңдап алып соның жауап парақтағы номерінің тұсына бланкідегі сол мамандықтың әріптік индексін қойыңыз.

Мысалы: 1-ші жұпта (1Р инженер-технолог – 1и конструктор). Сіз конструктордың жұмысын ұнататын болсаңыз, онда өзіңіздің қолыңызға берілген жауап парақтағы 1 деген санның қасына «И» әріпін жазыңыз. Қалған барлық мамандықтар бойынша солай жалғастырып толтырыңыз.

Инженер-технолог Конструктор
Тоқушы Тазалық жөніндегі дәрігер
Аспазшы Әріп теруші
Фотограф Дүкен меңгерушісі
Сызушы Дизайнер
Философ Психиатр
Ғалым химик Бухгалтер
Ғылыми журнал редакторы Адвокат
Лингвист Көркем әдебиет аудармашысы
10С Педиатр 10К Стилист (театрда)
11С Сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі оқу ісін меңгеруші 11П Кәсіподақ комитетінің төрағасы
12С Спорт дәрігері 12А Фельетоншы
13К Нотариус 13П Жабдықтаушы
14К Перфораторшы 14А Карикатуршы
15П Саяси қызметкер 15А Жазушы
16Р Бағбан 16И Метеролог
17Р Трамвай жүргізуші 17С Фельдшер
18Р Инженер-электронщик 18К Хатшы –машинист(оператор)
19Р Телеоператор 19П Режиссер
20Р Бояушы-сырлаушы 20А Металл бойынша
21И Биолог 21С Бас дәрігер
22И Гидролог 22К Ревизор(салық инспекторы)
23И Зоолог 23П Бас зоотехник
24И Математик 24А Архитектор
25С Полицияның балалар бөлмесінің қызметкері 25 К Есепші
26С Мұғалім 26П Отряд командирі
27С Тәрбиеші 27А Керамикашы (балшықтан бұйымдар жасаушы)
28К Экономист 28П Бөлім меңгерушісі
29К Корректор 29А Сыншы
30П Шаруашылық меңгерушісі 30А Дирижер
31Р Радиооператор 31И Ядролық физика маманы
32Р Жөндеуші 32К Монтажшы
33Р Агроном 33П Кооператив төрағасы
34Р Тігінші қиюшы 34А Декоратор
35И Мұражай ғылыми қызметкері 35С Кеңес беруші
36И Археолог 36П Сарапшы
37И Ғалым 37А Актер
38С Логопед 38К Стенографшы
39С Дәрігер 39П Дипломат
40С Психолог 40А Ақын
41К Бас бухгалтер 41п Директор

 

 

Қорытындысын өңдеуде зерттелінушінің таңдаған әр жұптағы бірдей әріптер саны есептелінеді.Жазылған жұптарына сәйкес әріптер келесі нұсқа бойынша талданады. Мысалы:

Р - 1

И- 7

С - 6

К- 5

П - 2

А - 1 2

Р -әрпі реалисттік типті,И-интеллекутуалдық типті, С- әлеуметтік типті, К –конвенциялық типті және А-артисттік типті білдіреді.

Ары қарай көп балл жинаған әріптер анықталады.Жеке адамның нақты моделі А(12 балл),И(7 балл) қатысты,рет-ретімен С,К,Р,П жалғаса береді.

 

Голланд тестінің жауап парағы

Реалистік тип Интеллектуалды тип Әлеуметтік тип Конвенциялық тип Тапқыр тип Артистік тип
10а 10б 11б 12б
11а 13а 13б 14б
12а 14а 15а 15б
16а 16б 17б 18б 23б 19б
17а 20а 20б 22б 26б 21б
18а 22а 25а 25б 28б 24б
19а 23а 26а 28а 30а 27б
21а 24а 27а 29а 33б 29б
31а 31б 36б 32б 35б 30б
32а 35а 38а 38б 37б 37а
33а 36а 39а 40а 39б 41а
34в 37а 41б 42а 40б 42б
Е= Е= Е= Е= Е= Е=

 

Голланд ұсынылған жеке тұлғаның кәсіптік типтеріне сипаттама

1.Реалистік тип. Ақиқатқа бағытталған, эмоциясы тұрақты, барлық нәрсеге байсалдылықпен қарайды. Әлеуметтік мақсаттар мен міндеттерді және құндылықтарды мойындайды, нақты объектілермен шұғылданады және оларды пайдалану жолдарын іздеп, құндылықтарын арттырады: заттар, құрал саймандар, аңдар және машиналар. Ол абстрактілі ойлаудан, әлеуметтік қарым-қатынастан өзін алыс ұстайды. Бұл ер адам типі, социалды емес, эмоциясы тұрақты, заманына қарай бейімделе алады. Ол ұжымда белсенділік көрсеткендерді және басшыларды жоғары бағалайды, өзі басқарушы рөліне жоламайды. Маторлық қабілеті мол, физикалық ептілігі жоғары, нақты кәсіппен айналысқанды жөн көреді. Бұл типтер көбінесе математикаға жақын, ауызша сөзге жоқ, психомоторлық жұмыстарға қабілетті. Ол негізінен техника және спорт саласында көп табыстарға жетеді. Бұл тип өкілдері өмірге көзқарасы жайбарақат, шешім қабылдауда басқаларға тәуелді. Олар келсі мамандықтарда шеберлікке тез жетеді: механик, инженер, электрик, агроном, бағбан, жүргізуші және т.б.

2. Интеллектуалды тип. Көпшіл емес, тәуелсіз, өзіндік ерекшелігі бар, қызыққыш, интровертті. Қоршаған орта проблемаларын шешумен айналысады, адамдарға қол ұшын беріп, көмектесуге барлық уақытта даяр.Тұлғаның ақыл-ойы талдамалығымен, ұтымдылығымен, тәуелсіздігімен ерекшеленеді. Теориялық құндылықтарды жоғары бағалайды, қиялы дамыған, танымдық қабілеттілігі жоғары. Олардың тілдік қатынасқа және вербальды емес қатынастарға қабілеттері бірдей үйлесімді дамыған. Ақыл-ойы нақты, шығармашылық іс-әрекеттер саласында жетістікке жете алады.Әлеуметтік және моторлық дағдылары бірдей дамыған, интеллектуал. Олар ғылыми тұрғыдағы мамандықтарды таңдайды: ботаника, астрономия, физика, математика т.б. фундаментальдық ғылымдармен шұғылданса өте табысты болады.

3. Әлеуметтік тип. Қоршаған ортамен байланыс орнату үшін өз алдына қарым-қатынаста болуды мақсат етіп қояды және өзінің комуникативтік дағдыларын дамыту үшін басқа адамдардың мінез-құлқының ерекшеліктері туралы білімін пайдаланады. Сондықтан қарым-қатынаста айрықша әлеуметтік ептілікті білдіреді. Бұл саладағы өкіл өзінің әлеуметтілігімен, басқаларды тәрбиелеуге қабілеттілігімен, адамгершілігімен, нәзіктігімен, психологиялық көңіл-күйімен ерекше көрінеді. Проблемалы сұрақтарды шешуде интеллектуалды ресурстарға қарағанда эмоциясына, сезіміне көп сүйенеді. Бұл типтегілерге әлеуметтік ортада белсенділік көрсетеді, дегенмен топтардың пікіріне тәуелді. «Ер адам» роліне жарамайды, феминистігі басым. Олардың тіл байлығы жақсы дамыған, бірақ математикалық қабілеті төмен. Мұндай адамдар басқару саласында, өнер және емдеу саласындағы мамандықтарға жақын: дәрігер, мұғалім, психолог, кеңесші, т.б.

4.Конвенциялық тип. Қоршаған ортада қалыптасқан дәстүрлер мен әлеуметтік құндылықтарды, мақсат міндеттерді мойындайды.Бұл типтегілер проблемаға стереотипті, консервативті, тәуелді, сыншыл емес, практикалық және әдептілік көзқараста. Кейбір кездерде кертартпа, нақты және сенімді.

 

Мінез-құлқы байсалды. Оған сөйлеуді және абстракциялануды талап ететін мамандықтары ұнамайды. Конвенциал типтегілер ауызша сөзге жоқ, керісінше есеп қисапқа жақын. Ол шешен немесе жетекші бола алмайды. Шешім қабылдауда басқа адамдарға тәуелді, өмірге қарапайым көзқараста. Ол құрылымдық жағынан нақты іс-әрекеттермен айналысқанды ұнатады:машинопись, бухгалтер, экономист.

5. Тапқыр тип. Белсенділікті,қызбалықты, құлшынысты, ынта жігерді талап ететін міндеттер мен мақсаттарды таңдайды. Ол интеллектуал, іс-әрекеттерінде қиындықтарға шыдамды, тіл байлығы жақсы дамыған, қарым-қатынаста мінез-құлқы байсалды, тіл табысуға икем, өз-өзіне сенімді және агрессивті. Бұл тұлғалар жауапкершілікті мойнына алуды үлкен қажеттілік деп санайды. Олар үшін адам-адам қатынасы шектеулі, қол жұмыстарын және дене күшін талап ететін жұмыстар тиімсіз. Олар басқаларға әсерлі болатын және жоғары статусқа ие болуға жол ашатын қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекеттерде табысты болады, яғни, «ер адамға» тән басқарушы ролін атқара алады: басшы, директор,телеоператор, кәсіпкер, сатушы, артист, журналист,дипломат және т.б. мамандықтарды ұнатады.

6.Артистік тип. Қоршаған ортамен қарым-қатынаста өз сезімі мен эмоциясын, интуициясы мен қиялын пайдаланады. Проблеманы шешуде өзінің субъективті фантазиясына сенеді, қиялы мен талғамы арқылы іс жүзіне асырады, өмірге көзқарасы күрделі, бірізді емес, шешім қабылдауда тәуелсіз, қатал.Ол эстетикалық құндылықты бәрінен жоғары қояды, көркем шығармашылыққа ұмтылады. Оның негізгі жетістігі- өнер саласы. Бұл нағыз нақтылы тип, сондықтан оның шығармашылығында ең бірінші кезекте моторлық және вербалдық қабілеттері көрініс береді. Оған «ер адам» кәсібі ұнамайды, мысалы: спорт, машина жөндеу және т.б. Артистік типтегілер тіл қабілеті бай болғандықтан өнердің ірі жетістіктерін түсіну, қабылдау, ұғынуға мүмкіндіктері мол.Артист өнерлік бейнелерді қоршаған ортадан алады, шығармашылық дарындылығын дамытады.Ол көпшілікпен күнделікті қарым-қатынаста болудан өзін алыс ұстап интроверттік элементтерін көрсетеді. Бұл артист типтегілерге көп пайда алып келеді, шығармашылықты дамыту үшін оларға балалық «Менін» сақтау, еркін ойлау, өзін сыйлату, және мойындату керек. Оларда өмірлік идеал жоғары болады.Артист шығармашылық мамандықты ұнатады: музыка, сурет, әдеби шығарма, фотосурет және т.б.

Типологияның негізінде жеке адамның тұлғалық көрсеткіштерінің моделі (құрылымы) бейнеленген. Дегенмен ақиқатта аралас тип өкілдері жиі кездеседі. Барлық адамдарда 6 типтің бәрі кездеспейді, олардың ішінде бір-бірімен үйлесетін және үйлеспейтін көрсеткіштері бар. Голланд тестімен зерттеу барлық басқа психодиагностикалық көрсеткіштермен салыстырылып талданады.

 

«Мамандақ таңдау мотивін анықтау» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауға негіз болатын жетекші мотивін анықтау.

Орындау ережесі: тесті орындау бланкісінде мамандықтардың адамға қоятын талаптарын сипаттайтын тұжырымдамалар берілген. Оларды мұқият оқып шығып қай-қайсысы мамандық таңдауға үлкен әсерін тигізгенін бағалап шығу керек. Таңдаған мамандықты атап жазыңыз. Бағалау шкаласы

5-өте күшті әсері болды

4 – күшті әсері болды

3 - орта әсер тигізді

2 -әсері төмен болды.

1- ешқандай әсері болған жоқ

Шартты белгілері:

Ж- жеке тұлғалық маңыздылығы бар мотивтер


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: