Жедел аппендицитін. Дифференциальді диагностика

Негізгі симптомдары Жергілікті ауыру, іш бетінің қатаюы, Блюмберг, Ровзинг симптомдары, қан тамыры соғуының жиіленуі, дене қызуы, лоқсу, құсу, іш кебуі, іш өтуі.

Клиникалық көріністерге әсер ететін факторлар: өсіндідегі морфологиялық бұзылыстар, өсіндінің орналасқан орны (ретроцекальды, жамбас қуысында, іштің орта бөлімінде), науқастың жасы- қартайған, жас бала.

Диагнозды ажырату:

1. Асқазан және ұлтабар ішегі аурулары (гастрит, ойық жара, перфорация).

2. Өт және ұйқы безі аурулары (бауыр коликасы, холецестит, панкереатит).

3. Ішек аурулары (энтероколит, терминальды илеит, дивертикулит, ішек түйілуі).

4. Гинекологиялық аурулары (аднексит, пельвиоперитонит, жатырдан тысқары жүктілік, аналық безінің бұралуы, жыртылуы).

5. Бүйрек коликасы.

6. Жүрек және өкпе аурулары (миокард инфаркттісі, плевропневмония, плеврит).

Жедел аппендицит ауруының асқынулары:

1. Аппендикуляры инфильтрат.

2. Дуглас абсцессі.

3. Көк ет астының абсцессі.

4. Ішек арасының абсцессі.

5. Ішпердесінен тысқары абсцесс.

6. Пилефлебит.

7. Ішектер жыланкөздері.

 

2 Жедел апендицит: диагностикасы, емі.

 

Кохер-эпигастральді аумақтағы ауырсынудың оң жақ мықын аймағына көшуі Ситковский науқас сол жаққа жатқанда-ауырсыну. Ровзинг-сол жақтан төменгі тоқ ішекті басқанда, оң жақ мықын аймағы ауырсынуы Воскресенский (көйлек симптомы) Раздольский –оң жақ мықын аймағында тері гиперестезиясы, саусақпен ұрғылау Образцов-оң аяғын бүкпей көтергенде оң жақ мықын аймағында ауырсыну күшейеді Щеткин-Блюмберг симптомы - алақанмен абайлап ішті басқанда іш ауыруы күшейеді.

Бұдан соң іштен қолды шапшаң көтеріп алғанда іш ауыруы одан әрі күшейеді. Бұл симптом әр түрлі себептер әсерінен басталған перитонитті дәлелдейді

ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ сырқатын анықтау, дұрысырақ айтқанда диагнозды дәлелдеу үшін аталған белгілермен қатар, зерттеудің келесі кезеңінде, ауру адамның қаны мен зәрін лабораториялық зерттеулерден өткізу керек. Өсіндінің жедел қабынуында қанның ақ түйіршіктерінің (лейкоцитгердің) саны әр дәрежеде жоғарылайды, нейтрофильдік лей­коцитоз байқалады. Лейкоцит көрсеткіштері, орта есеппен, 12-14 х 102/ л жетеді, ал кейбір пациенттерде одан да жоғары болуы мүмкін. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) жоғарылайды және, со­нымен қатар, сырқаттың түріне қарай, лейкоцитарлық формуланың солға қарай ығысуы, нейтрофилез т.б. өзгерістер байқалады. Әдетте қандағы бұндай өзгерістер ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТтің деструктивтік түріне тән және олар организмнің улану (интоксикация) дәрежесін көрсетеді. Емі ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТте операция (аппендэктомия), көбінесе, жергілікті Жедел аппендицитнсыздандыру әдісін қолдану арқылы орындалады


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: