Созылмалы отит. Патогенезі, дифференциалды диагностикасы

Созылмалы ортаңғы іріңді отит (СОІО) - дабыл қуысындағы немесе емізіктəрізді үңгірде (мастоидит) ұзақ уақыт қабынудың болуы, құлақтан 2-6 апта бойы үнемі немесе кезеңімен тесілген дабыл жарғағы арқылы ірің ағады. Созылмалы ағымда дабыл қуысының шырышты қабатының жұқаруы жəне түйіршіктелуі, полиптер, холестеатома байқалады.

Қауіп-қатерлі факторлар: евстахий түтігінде жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы салдарынан обструкция болуы, мұрын-жұтқыншақ ісіктері, барожарақат

Созылмалы ортаңғы отитте - дабыл жарғағындағы тесік арқылы ағатын сұйықтық сарғыш немесе жасылдау түсті, дабыл жарғағындағы тесіктің саңылауы арқылы ортаңғы құлақтың ылғалды, жылтыраған, қызарған медиалді қабырғасын көруге болады.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Самай сүйек пирамидасының рентгенографиясы.

2. Отоскопия.

3. Вестибулометрия.

4. Камертон көмегімен есту ағзасын зерттеу.

5. ЖҚА (лейкоциттік формула, ЭТЖ).

6. Тондық аудиометрия.

7. Сөйлеу аудиометриясы.

8. Объективті аудиометрия.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: