Карбункул. Клиникасы, диагностикасы, емі

Карбункул –тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және теріасты май клетчаткасының некрозымен, ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді –некротикалық қабынуы

Этиологиясы [өңдеу]

1. Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек стерптококк, кейде аралас инфекция.

2. Бейімдеуші факторлар: Ағзаның әлсізденуі,зат алмасу бұзылыстары, авитоминоздар.

· Негізгі карбункулдың орналасатын жерлері:

· Мойынның артқы беті

· Шүйде аймағы

· Жоғарғы және төменгі ерін

· Арқа, бел аймақтары

Клиникасы [өңдеу]

Жалпы белгілері айқын, дене температурасы фебрильдіге дейін көтерілуі мүмкін.Науқасты тексергенде іріңді қабынудың жалпы белгілерінен басқа (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, аппетит төмендеу, бас ауру) орналасатын аймақтарда көк-қошқыл түсті ісіну байқалады.Аурудың басында бірнеше инфильтрат түзіліп, кейін олар бір-бірімен қосылып, тері үстінен жоғарылаған ортақ инфильтрат түзіледі. Инфильтраттың бетінде бірнеше некротикалық пустулалар болады, олар ортасында қосылып, жайылмалы тін некрозын түзеді. Некроз аймағының жұқарған беті бірнеше жерден тесіліп, тесіктер пайда болады (сито симптомы) Жиі лимфоаденит пен лимфангитпен бірге жүреді. Егер науқаста тіндердің ісінуі ұлғайса, жалпы симптомдары өрістесе, онда карбункулдың ағымы қолайсыз деп бағаланып, ары қарай флегмона, сепсис дамуына түрткі болады. Карбункулды сібір жарасының карбункулынан ажырату керек, сібірлі жара карбункулында геморрагиялық көпіршіктер болады, іріңді бөлініс болмайды,инфильтрат ауырсынбайды және некротикалық стержень қара түсті болады. Көпіршік құрамында сібір жарасының таяқшалары анықталады.

Емі [өңдеу]

· Карбункулдың бастапқы стадияларында консервативті ем қолданады.

· Төсектік режим

· Спиртпен өңдеп,асептикалық таңу салу

· Парентеральді, пероральді антибиотиктер, ұзақ әсерлі сульфаниламидтер қолданады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда зат алмасу бұзылыстарын коррекциялау, инсулинотерапия жүргізу қажет. 2-3 күннен кейін консервативті ем нәтижесіз болса,яғни интоксикация белгілері жоғарылап,некроз өршісе- наркоз арқылы операцияға көрсеткіш болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: