Простатит. Этиологиясы, классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емі

Простатит — қуық асты безінің қабынуы — еркектердің жыныс мүшелерінің ең жиі кездесетін ауруы. Үрпі, қуық қабынғанда, үрпіні құралдармен зерттегенде қуық безіне микробтар енуі мүмкін. Баска жағдайларда микробтар қуық асты безіне организмдегі іріндеу ошактарынан (сыздауық, баспа, гайморит, пневмония) гематогендік жолмен өтеді. Куык асты безі секретінің бактерицидтік қасиеттері бар, сондықтан бездің қабынуы үшін микробтар енумен қатар, вена стазы және секреттің ұюы секілді оған жол беретін факторлар болуы тиіс. Бұлар дене қатты суынғанда, іш бітелгенде, мастурбация салдарынан, ішімдікке салынғанда, ұзақ уақыт отырып жұмыс істеуде (мысалы, автомашина жүргізушілерде) пайда болады. Простатитті көбіне стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшалары, трихомонадалар туғызады. Жедел жөне созылмалы простатит болып жіктеледі. Жіктемесі (Ұлттық Денсаулық Институты, АҚШ):

1. Созылмалы бактериялық простатит.

2. Созылмалы бактериялық емес простатит (созылмалы жамбас астауы ауруы синдромы):

А тип - қуықасты безінің сөлінде лейкоциттер санының көп болуы.

Б тип - қуықасты безінің сөлінде лейкоциттер санының көп болмауы.

3. Қуықасты безінің симптомсыз қабынуы.

4. Катаралді, фолликулдық (түйіншіктік).

Шағымдар мен анамнез:

1. Несеп шығарудың жиілеуі, іштің төменгі жағы күйіп ауыруы.

2. Несеп шығарғанда ауырсыну.

3. Несепқуық толық босамаған сияқты сезіну.

4. Шатта, артқы өтісте жəне оның алдыңғы бөлігінде қысымды сезіну.

5. Атабездердің жəне жыныс мүшесінің бас жағы ауыруы.

6. Гематоспермия, ауыру сезіммен эякуляция, тез эякуляция.

7. Жыныстық құмартуының төмендеуі, аурудың ұзақ ағымы кезінде жартылай эрекциялық белсіздік.

8. Қызба жəне жалпы жағдайының қиындауы.

9. Іштің төменгі жағын пальпациялағанда ауырсынудың болуы.

10. Қуықасты безінің пальпациясы кезінде айқын ауыру сезімінің болуы.


Физикалық тексеру: ректальды тексергенде простата ауырсынады, тыртықты фиброзды аймақтар простатаның қабынуымен жүруі мүмкін


Лабораториялық тексеру: лейкоцитурия, несепте шырыш пен бактериялардың болуы.


Инструменталдық зерттеулер: УДЗ-де тыртықтық, фиброздық учаскелердің эхографиялық белгілері, кальцинаттар, гипоэхогенді учаскелер болуы мүмкін, простата көлімі қалыпты. Урофлоуметрияда төменгі зəр жолдарының уродинамика бұзылыстары.


Ем мақсаты: симптомдарды азайту жəне кері əсері барынша аз болатындай жағдайда инфекцияның көзін жою, жыныстық қатынасқа жəне ұрықтану қабілетін қалпына келтіру.


Дəрі-дəрмексіз ем: стол №15, физиоем, простата массажы, отыру ванналары, биологиялық қайтымды байланысты қалыптастыру (жамбас түбі бұлшықеттерін шынықтыру).


Дəрі-дəрмекті ем:

1. Этиологиялық факторды жою (микрофлораның сезімталдығына байланысты антибиотикотерапия) фторхинолондар (норфлоксацин 400 мг 2 рет күніне, ципрофлоксацин 250-500 мг 2 рет күніне), цефалоспориндер 2,3 кезеңдегі, амоксициллин+клавулан қышқылы жəне клиндамицин, макролидтер (кларитромицин, сумамед, азивок, рокситромицин), тетрациклиндер жəне т.б.).

2. Ұзақ уақыт күшті антибиотиктермен емдегеннен кейін микоз болмау үшін итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 400 мг\тəул. 7 күн бойы.

3. α-блокаторлар (тамсулозин, теразозин 1-2 немесе 2,5 1 рет тəул. немесе альфузозин 2,5 мг 1-2 рет тəул.) антибактериялық препараттармен бірге беріледі (1,2).

4. Органотропты препараттар (простакор, витапрост балауыздары (свеча).

5. Қуықасты безіне массаж жасау, отыру ванналары, биологиялық кері байланыс түзу əдістері (жамбас астауы түбінің бұлшық еттерін жаттықтыру).

6. Иммунотерапия (тимоген, циклоферон).

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: