Аппендикулярлы инфильтрат сипаттамасы

Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы жедел хирургияда күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аурудың кең таралуына және асқынған түрлерінің жиі кездесуіне байланысты, операциядан кейінгі кезеңде де, асқынулар жиі кездеседі. Операциядан кейінгі асқыну 5-9% кездеседі.+

Асқынулар келесідей түрлерін ажыратады:

1.Тесілуі 2.Жайылған перитонит 3.Аппендикулялы инфильтрат 4.Іш қуысының абсцесстері (периаппендикулярлы, жамбастық, диафрагма асты, ішек аралық)5.Іш пердесі арты флегмонасы 6.Пилефлебит;

Аппендикулярлы инфильтрат деп- қабынған құрт тәрізді өсіндіні қоршай және оған жабыса орналасатын, бір немесе бірнеше ағзалардан тұратын ісік тәрізді құраманы айтады. АИ-тың негізін, іш қуысының күзетшісі деп аталып кеткен, іш майы (сальник) құрайды, бірақ оның құрамында ащы ішек ілмектері, соқыр ішек, әйелдерде жатыр түтікшелері, ана бездері болуы мүмкін. АИ өсіндінің жедел қабынуымен ауырған адамдар арасында орта есеппен 1-3% кездеседі. Ол, әдетте, Жедел аппендицит ауруы басталған сәттен 2-3 тәулік арасында хирургиялық көмек көрсетілмеген жағдайда құрала бастайды. Патологиялық физиология тұрғысынан қарағанда АИ-тің пайда болуы организмнің дертке, бұл жерде өсіндідегі қабыну құбылысына, қарсы күресінің бір көрінісі деп ұғу керек. Өйткені АИ өсіндіде туған қабыну процесінің іш қуысының басқа болімдеріне таралып, жайылмалы перитониттің пайда болуына және инфекцияның басқа ағзаларға қарай отуіне тосқауыл құрады. АИ пайда болуы ауру адамның жасына, иммунологиялық қасиеттерінің даму дәрежесіне, қабыну тудырған микроорганизмдердің вируленттілігіне т.б. жағдайларға байланысты болып келеді.Жедел аппендициттің жиі кездесетін асқынулары бұл аппендикулярлы инфильтрат пен периаппендикулярлы абцесс. Аппендикулярлы инфильтраттың кездесу жиілігі 0,3% — 3,4%. Инфильтраттың клиникалық көрінісі; пальпация кезінде іш пердесінің қабыну белгілерінің айқын болмауы, құрсақ қуысында ісіктің байқалуы және анамнезінде 3-4 тәулік бұрын оң мықын аймағында ауырсыну ұстамасының, жедел аппендицит клиникасының болуы мен сипатталады.+Науқастардың көбісінде инфильтрат жамбас қуысына түсіп, тік ішекті саусақпен тексергенде анықталады. Бұл белгі инфильтраттың күмәнсіз белгісі болып табылады және оның сатыларын (абцесс және сіңірілу) бақылауға көмектеседі.Қарт адамдарда оң мықын аймағындағы іш қуысының ісігі, қатерлі ісіктің белгісі болуы да мүмкін.Сонымен қатар науқас әлсіздікке,үлкен дәретінінің жүрмеуіне шағымданады.Тілі ақ жабындымен жабылған,ылғал.Іші дұрыс түрлі немеесе оң мықын аймағында шығып тұрады,ал палпацияда тығыз қозғалыссыз түзілім анықталады.Инфилтраттың шекарасы айқын.Ішастардың тітіркену синдромы теріс мәнді н\е әлсіз. Тоқ ішек рагымен ауруханаға жатқызылған науқастрадың 30%-не алғашқы кезде жедел аппендицит немесе аппендикулярлы инфильтрат диагнозы қойылған. Аппендикулярлы инфилтрат ары қарай 3 жолмен жүреді:

1.Процестің өршіп,жайылған перитонитке өтуі-науқастың жағдайы нашарлап,дене температурасы жоғарылайды,іштің үрленуі,құсу,нәжіс пен газдың шықпауы,тәуліктік несеп мөлшерінің азаюыболады.

2.Инфильтраттың сіңірілуі-ауырсыну басылады,температурасы қалыпты деңгейге дейін төмендейді,ішектің функциясы қалпына келеді.

3.Инфильтраттың сіңірілуі-науқас бозарған,кешкі уақытта дене қызуыныңжоғарлауы,шекаралары айқындана түседі,7-8 күннен кейін флюктуация анықталады.

 

24.Механикалық іш өтімсіздігі

Ішек өтімсіздігі — ішек бойымен нәжістің әртүрлі себептерімен жүрмей қалуынан туатын ауру. Ішек өтімсіздігін іш бүлігі тобына жататын аурулар ішінде сипаттары көп, қауіп-қатері мол аурулардың бірі.Ішек өтімсіздігі бұрынғы уақытта дәрігерлерге аян болған. Ең негізгі симптомдары алғашқы мың жылдықта Н.Э.Гален және Гиппократпен айқындалған. Алғашқы орыстардың жұмысында ішек өтімсіздігі Н.М. Максимовичпен Амбодинге көрсетілген (1781).+Қазіргі кезде аса қоркынышты жағдай ішек өтімсіздігінің іш бүлігі тобындағы аурулар арасында жиі кездесуі және өлім пайызының азаймауы. Статистика мәліметтеріне жүгінетін болсақ ішек өтімсіздігімен ауырған адамдардың 4-30 пайызға дейіні шығын болады екен.Статистика мәліметтеріне қарасак ішек өтімсіздігі болған адамдардың 23-78%-ке дейінгілері ауру басталғаннан бастап 24 сағаттан кейін емделетін көрінеді. Бұл аурудың қауіпті қатерлі екенін осы келтірілген сандардан-ақ айтып отыр. Ішек өтімсіздігі жедел көмек көрсететін хирургтар тәжірибесінде кездеседі. Ол барлық хирургиялық әдіспен емделетін аурулардың 3,5 пайызы. Ал енді іш бүлігі ауруларынан өлген адамдардың 39-40% осы ішек өтімсіздігінен өлетін көрінеді. Ішек өтімсіздігінің этиологиясы (пайда болу себебі):

Жедел ішек өтімсіздігініңдамуында бейім және әсер ету факторларды айырамыз.+

1 – топ бейім болу факторы:

  1. туа біткен себебі (Мерккель дивертикуласы, мальротация, ішек атрезиясы, мықын және соқыр ішектің жалпы шажырқайы, әртүрлі қуыстар, құрсақ қуысына енуі, осының салдарынан ішек түйілуінің қысылуы болады.)
  2. ішектердің түйілуі, күш түсуі, жабысуы, қайырылуы, деформациясы, ішектің басылуы.
  3. ішек қуысында әртүрлі бөгде заттардың болуы (өт тастары, нәжіс тастары, аскаридалар және т.б.). Сонымен қатар ішек қабырғасында (ісінулер тыртықтар) немесе көрші мүшелерде кисталар, жүктілік жатыр және т.б).
  4. мүшелердің артық қозғалуы (сигманың ұзындығы, соқыр ішектің қозғалғыштығы).

Алиментарлы фактор (С.И. Спасокукоцкий, 1908)+

  1. тамақтану ережесінің бұзылуы (уақытсыз тамақтану, көп сіңірілуі, қатты тағамдарды қолданғанда)
  2. Толық тамақтанбау, май клеткаларының азаюы, құрсақтағы бұлшық ет тонусының төмендеуі, ішектің моторлыфункциясының өзгеруі.

2-ші топ: Әсер ету факторлары:

  • құрсақ ішілік қысымның жедел көтерілуі
  • Физикалық күш түсу
  • Асқазан жолына көп тамақтың түсуі мен ауыртпашылық тудыруы
  • Ішектің түйілуі немесе салдануы, 30-60 жастағы әйелдерден қарағанда ер адамдар жедел ішек өтімсіздігімен 2 есе ауырады.100 000 ішінен 4-тен 20-ға дейін ауырады.
  • Хирургиялық аурулар ішінде орташа кездесетіндер 2-3 %-ды құрайды.

Механикалық ішек өтімсіздігі кезінде ішектің қуысы әлдеқалай жабылып, бекітіліп қалады. Ішек қуысы бекітіліп қалғанда ішек іргесінің қан айналысы бұзылуына қарай механикалық ішек өтімсіздігі ішек қуысының бітелуі (обтурациялы) және ішектін түйінге қыстырылып қалуы (странгуляциялы) болып екіге бөлінеді.Аурудың обтурациялы түріне себеп болатын мынадай жағдайлар: іш қуысындағы ағзалардың бір-бірімен жабысуы, туа біткен ақаулар, қатерлі және үра ісіктер, кездейсоқ ішек ішіне түскен заттар, әр түрлі ішек қуысында пайда болатын тастар, аскарида құрттары, ішекті әртүрлі қабынғаннан кейінгі қалатын тыртық және т.б.

Ішектің түйінге қыстырылуы түріне: ішек бұралуы (заворот), ішектің түйінделуі (узлообразование), ішектің жарық тесігінде қысылып қалуы, ішектің бір бөлігінің екінші бөлігіне енуі (инвагинация) жатады. Аурудың бұл түрі өте қауіпті, өйткені, ауру басталысымен ішек іргесінің қан айналысы нашарлап, аз уақыт ішінде түйінге қыстырылған ішек өліеттеніп кетеді де, жидіп жарылады. Оның ішіндегі нәжіс іш қуысына құйылып, іш астарының қабынуы перитонитке әкеліп согады.Нәжістің ішек бойымен жүрмей қалуы кейде оның қуысы тарылмай, ешқандай заттармен не ісікпен бекітілмей, тек жиырылып созылу қабілетінің (перистальтика) бұзылуынан болады. Аурудың бұл түрін динамикалық ішек өтімсіздігі деп атайды. Перистальтика екі түрде бұзылады. Бірде ішек іргесі қатты жиырылып тұрып қалады. Бұл статистикалық түрі, кейде ішек іргесі жиырылмай созыла береді, бүл паралитикалық түрі. Динамикалық іш өтімсіздігіне себеп болатын жағдайлар:+

  • Іштің жарақаттануы
  • Іш астарының сыртына қан ұюы. Іш астарының кабынуы. Бүйрек шаншуы.
  • Ішек іргесіндегі құрт аурулары
  • Жүрек инфарктісі Невроздар
  • Миға қан кұйылуы
  • Никотин
  • Кокаин
  • Қорғасынмен улану
  • Қандағы кальцийдің азаюы

Ішек өтімсіздігінің пайда болу себептерінен басқа ішектің түйілу деңгейіне байланысты жоғары және төмен түйілулері болады.+ Ішек өтімсіздігі кезінде болатын өзгерістер. Ең алдымен ішек өтімсіздігінің механикалық түрі туралы, обтурациялық ішек өтімсіздігі кезінде ішек қуысы жіңішкеріп қалады, не болмаса мүлдем жабылады. Ішек көбіне іш жағынан таспен, ісікпен, аскарида тобымен, кездейсоқ заттармен бекіп, жабылып қалады. Ішек қуысы сыртынан ісікпен, не жабысу процессімен, қабыну кезіндегі ісікпен басылып қалады. Көбіне ішектің бекітілген жерден жоғарғы бөлігі зардап шегеді. Ішек қуысы қай деңгейде бекітіліп қалса да оның іргесі бұзыла бастайды. Кедергіге дейінгі ішек бөлігі кеңейеді, қан тамырлары білеуленіп, қан жүрісіне нашарлайды, ішектің ішкі қабаты қанталап кетеді. Бастапқы кедергіге дейінгі ішектің түсі қызарады, одан әрі іседі, біраздан соң ішектің басылып не бекітіліп қалған жерінің қан айналысы нашарлайды өлі еттеніп шіриді. Уақыт өте келе жарылады. Кедергіден кейінгі ішек әбден босап қалады, ішектің сыртқы түсі көпке дейін өзгермейді, бірақ ішектің бұл бөлігі де қабынып, бүліне бастайды. Кедергіге дейінгі ішектің он бес- жиырма сантиметрі ал кедергіден кейінгі ішектің он сантиметрдей бөлігі өлі еттеніп қарайып кетеді. Қабыну және бүліну процессі ішектің ішкі қабатынан басталады да біртіндеп басқа қабаттарына жалгасады. Қан айналысы нашарлағанда қан тамырларынан қанның сұйық бөлігі ішек қуысына құйылады. Кейде тіпті іш қуысна құйылады да сарысу пайда болады. Ішек өтімсіздігі болғандағы сарысу қан аралас болады. Сарысуға тез арада микробтар қосылып іріңге айналады.Ішек өтімсіздігінің обтурациялық түрінде бұл айтылған өзгерістер кедергінің деңгейіне қарай дамиды. Кедергі тым жоғары болса, соғұрлым өзгерістер де жылдам пайда болады. Өйткені, организм аз уақыт ішінде қанның сұйық бөлігінен ферменттер, тұздар, тағы сондай өмір сүруге керек заттардан айрылып қалады. Ішек қуысы бірден бекітіліп қалмай біртіндеп жіңішкерген кедергіге дейінгі ішек іргесі қатайып кеңейе береді.Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрі кездескенде ішектегі өзгерістер өте айқын және әрқилы болады. Өйткені, ішек өтімсіздігіне тек ішек іргесі ғана қатысып қоймайды, оган қан тамырлары, нерв талшықтары өтетін шажырқай да ілігеді. Странгуляциялық ішек өтімсіздігі төрт түрде кездесетінін жоғарыда келтірілген болатынбыз. Енді соларға тікелей тоқталайық.Ішектің бұралуы ішектің өз осінің айналасында бұралып, ширатылып қалуы. Түйін көбіне еркін қозғалыста болатын ішек бөліктерінде болады. Көбіне бүралып қалу ашы ігцекте, шажырқайы ұяң болып кездескенде сигма тәріздес ішекте, мықын ішегі мен бүйен шажырқайы бір болып кездескенде болады. Ішектің бұзылып қалуы шығыс Европа елдерінде жиі кездесетін көрінеді. Ішек бұралуы көбіне үлкен ер адамдарда кездеседі. Ішедсгің қан айналысының бұзылуы бұралу шырайына қарай білінеді. Егер ішек өз осі бойымен 180° бұралса қан айналысы өзгермеуі мүмкін. Ал 270-360°-қа бұрылғанда шажырқайда өтетін қан тамырлары әбден қысылып қалады да ішек аз уақыт ішінде өліеттеніп кетеді. Странгуляциялык ішек өтімсіздігіне іш қуысындағы болған ауруларда, операциядан кейін органдардың бір бірімен жабысуы себеп болады. Аурудың бұл түрі өте жиі кездеседі. Көбіне аппендицит туралы жасалған операциядан кейін болады. Олай болатыны аппендицит өте жиі кездеседі және қабыну процесінен кейін әдетте ағзалардың жабысып қалуымен аяқталады.Ішектің бір бөлігіне екінші бөлігінің енуі (инвагинация) әртүрлі болып кездеседі. Жоғарғы не төмен кейде бүйірлес. Ащы ішектің тоқ ішекке, ащы ішектің ащы ішекке, ащы ішектің бүйенге енуі жиі кездеседі.+Инвагинация іш өтімсіздігінің екі түріне де жатады. Ішектің бір бөлігі екінші бөлігіне енгенде оның қуысы бекітіледі де аурудың обтурациялық түрі болса, инвагинацияға ішек шажырқайымен бірге қатысы онда аурудың странгуляциялық түрі болады.+Аурудың ағымы аурудың жасына байланысты әртүрлі жағдайда кездеседі. Жас балаларда өте жедел қатты ауыратын болса, үлкен адамдарда сипаты біртіндеп айқындалады, кейде созылмалы түрге айналуы мүмкін. Инвагинацияға қатыскан ішек шіріп тесіледі де, нәжіс іш қуысына құйылып перитонитке әкеліп соғады.Ішек өтімсіздігі ауруының қай түрі кездессе де ауруға тек ішек қана қатысып қоймайды, оған бүкіл организм жауап береді. Ауру ошағынан басталған импульстардан бастап зат алмасу процессіндегі өте күрделі өзгерістер адам денесіндегі органдар мен системаларга әсерін тигізеді.

25.Динамикалық және паралитикалық ішек өтімсіздігінің этиологиясы,патогенезі.

Нәжістің ішек бойымен жүрмей қалуы кейде оның қуысы тарылмай, ешқандай заттармен не ісікпен бекітілмей, тек жиырылып созылу қабілетінің (перистальтика) бұзылуынан болады. Аурудың бұл түрін динамикалық ішек өтімсіздігі деп атайды. Перистальтика екі түрде бұзылады. Бірде ішек іргесі қатты жиырылып тұрып қалады. Бұл статистикалық түрі, кейде ішек іргесі жиырылмай созыла береді, бүл паралитикалық түрі.

Динамикалық іш өтімсіздігіне себеп болатын жағдайлар:

Іштің жарақаттануы

Іш астарының сыртына қан ұюы.

Іш астарының кабынуы.

Бүйрек шаншуы.

Ішек іргесіндегі құрт аурулары

Жүрек инфарктісі

Невроздар

Миға қан кұйылуы

Никотин Кокаин Қорғасынмен улану

Қандағы кальцийдің азаюы

Ішек өтімсіздігінің пайда болу себептерінен басқа ішектің түйілу деңгейіне байланысты жоғары және төмен түйілулері болады. Ішек өтімсіздігі кезінде болатын өзгерістер. Ең алдымен ішек өтімсіздігінің механикалық түрі туралы, обтурациялық ішек өтімсіздігі кезінде ішек қуысы жіңішкеріп қалады, не болмаса мүлдем жабылады. Ішек көбіне іш жағынан таспен, ісікпен, аскарида тобымен, кездейсоқ заттармен бекіп, жабылып қалады. Ішек қуысы сыртынан ісікпен, не жабысу процессімен, қабыну кезіндегі ісікпен басылып қалады. Көбіне ішектің бекітілген жерден жоғарғы бөлігі зардап шегеді. Ішек қуысы қай деңгейде бекітіліп қалса да оның іргесі бұзыла бастайды. Кедергіге дейінгі ішек бөлігі кеңейеді, қан тамырлары білеуленіп, қан жүрісіне нашарлайды, ішектің ішкі қабаты қанталап кетеді. Бастапқы кедергіге дейінгі ішектің түсі қызарады, одан әрі іседі, біраздан соң ішектің басылып не бекітіліп қалған жерінің қан айналысы нашарлайды өлі еттеніп шіриді. Уақыт өте келе жарылады. Кедергіден кейінгі ішек әбден босап қалады, ішектің сыртқы түсі көпке дейін өзгермейді, бірақ ішектің бұл бөлігі де қабынып, бүліне бастайды. Кедергіге дейінгі ішектің он бес- жиырма сантиметрі ал кедергіден кейінгі ішектің он сантиметрдей бөлігі өлі еттеніп қарайып кетеді. Қабыну және бүліну процессі ішектің ішкі қабатынан басталады да біртіндеп басқа қабаттарына жалгасады. Қан айналысы нашарлағанда қан тамырларынан қанның сұйық бөлігі ішек қуысына құйылады. Кейде тіпті іш қуысна құйылады да сарысу пайда болады. Ішек өтімсіздігі болғандағы сарысу қан аралас болады. Сарысуға тез арада микробтар қосылып іріңге айналады.

Ішек өтімсіздігінің этиологиясы (пайда болу себебі): Жедел ішек өтімсіздігініңдамуында бейім және әсер ету факторларды айырамыз. 1 – топ бейім болу факторы: туа біткен себебі (Мерккель дивертикуласы, мальротация, ішек атрезиясы, мықын және соқыр ішектің жалпы шажырқайы, әртүрлі қуыстар, құрсақ қуысына енуі, осының салдарынан ішек түйілуінің қысылуы болады.) ішектердің түйілуі, күш түсуі, жабысуы, қайырылуы, деформациясы, ішектің басылуы. ішек қуысында әртүрлі бөгде заттардың болуы (өт тастары, нәжіс тастары, аскаридалар және т.б.). Сонымен қатар ішек қабырғасында (ісінулер тыртықтар) немесе көрші мүшелерде кисталар, жүктілік жатыр және т.б). мүшелердің артық қозғалуы (сигманың ұзындығы, соқыр ішектің қозғалғыштығы). Алиментарлы фактор (С.И. Спасокукоцкий, 1908) тамақтану ережесінің бұзылуы (уақытсыз тамақтану, көп сіңірілуі, қатты тағамдарды қолданғанда) Толық тамақтанбау, май клеткаларының азаюы, құрсақтағы бұлшық ет тонусының төмендеуі, ішектің моторлыфункциясының өзгеруі.

2-ші топ: Әсер ету факторлары: құрсақ ішілік қысымның жедел көтерілуі Физикалық күш түсу Асқазан жолына көп тамақтың түсуі мен ауыртпашылық тудыруы Ішектің түйілуі немесе салдануы, 30-60 жастағы әйелдерден қарағанда ер адамдар жедел ішек өтімсіздігімен 2 есе ауырады.100 000 ішінен 4-тен 20-ға дейін ауырады.

 

26. Созылмалы ішек өтімсіздігі. Себептері,патогенезі.

27.Ішек инвагинациясы. Этиологиясы және патогенезі.

Ішек инвагинациясы - ішек өтімсіздігінің бір түрі. Инвагинация түсінігі негізінен бір ішек бөлігі бір біріне кіріп, саңылауды жауып,обтурациялық іш түйілуге алып келеді.Ішек инвагинациясы алғаш рет 1674 жылы Barbette атымен аталған. 1834 жылы Wilson бірінші рет инвагинацияға хирургиялық ем жүргізген. 1876 жылы Hirschprung осындай әдісті ұсынған бақылауда анықталған. Инвагинация көбінесе 9-24 айлық балаларда кездеседі. Инвагинация мерзімдік ауру ол жазда, көктемде және қыстың ортасында болады. Осы мезгілде бала тексеріліп отыруы қажет. Инвагинация ішеккежасалғаноперацияданкейін 1% кездеседі.

Балалардағыішекинвагинациясыныңэтиологиясыбелгісіз. Әсеретуфакторларына: тамақтанурежимініңбұзылуы, ішекаурулары, лимфаденопатия, ішжарақаты, полиптер, ішекісігі, Меккель дивертикулы.

Инвагинацияғаәкелетінанатомиялықсебептер: тоқішектіңжоғарылағанбөлігі мен соқырішектіңпатологиялықөзгерістері,илеоцекальдыканалдыңақауы.

Патогенезі:

Инвагинацияныңпайдаболуыішекперистальтикасыныңаяқастыдискоординациясы. Бастапқыкездестрангуляциондыішекөтімсіздігіболады. Нәжісбасындашырышпенараласыпбөлінсеасқынакелеқандытранссудатпенараласыпқарақаттәрізді, кейде желе тәріздіболуымүмкін. Ісіктіңкүшеюіартериальдықанайналымжәнеішекгангренасынтудырады. Гангрена инвагинаттың бас жағынанбасталыпартқақарайжайылады. Соданстрангуляциондыішекөтімсіздігіненобтурациондыішекөтімсіздігінеауысады. Балалардақұсудыңәсерінен дегидратация дамиды. Ішектіңишемиясы мен некрозы ішектіңперфорациясы мен сепсискеәкеледі. Ішек некрозы осы синдромғаәкеледі.

28. Жабысқақ ауруы. Этиологиясы және патогенезі

Жабысқақты ішек өткізбеушілік деп құрсақ ішіндегі жабысқақтың болуына байланысты ішек ішіндегі пассаждың бұзылуы.

Құрсақ қуысы органдарына жасалатын операциялар көлемі артқандықтан, абдоминальды хирургиядағы негізгі асқынулардың бірі ретінде жабысқақ ауруы хирургтар мен гастроэнтерологтардың назарын аудартуда. Оперативті араласулардан кейін 20-80% жағдайда жабысқақ процесс дамыса, 2-8% жабысқақ ауруы дамиды.

Эпидемиологиясы. Барлық жедел ішек өтімсіздігі түрлерінің ішінде спайкалық ІӨ 71-78% құрайды. Спайкалық ЖІӨ летальділік көрсеткіші: 16-25%.

Спайкалар (жабысқақтар) – органдарды немесе/және құрсақ қабырғасының ішкі беткейін байланыстыратын фибринозды жіптер. Жабысқақ ауруы (morbus adhaesivus) – ішпердеішілік және т.б. спайкалардың болуына байланысты спайкалық ішек өтімсіздігін тудыратын жағдай.

Этиологиясы. Механикалық – ішпердені кесу кезінде, құралдармен ұстағанда, құрғақ дәкелі салфеткалармен сүрткенде жарақаттау; хирургиялық араласулар кезінде жарақаттау Физикалық – ішпердені ауамен құрғату, электропышақты, лазер сәулесін, ыстық ерітінділерді қолданғанда жоғары температураның әсері Инфекциялық – эндогенді және экзогенді (жарақаттар, тесілу) жолмен инфекцияның құрсақ қуысына енуі Имплантациялық – құрсақ қуысында тампондар, дренажды түтіктер, бітіспейтін жіптер, дәке қалдықтары, қолғаптың талькы қалған кездегі асептикалық қабыну; өткір емес (атравматикалық емес) инелерді қолданғандағы шажырқай гематомалары есебінен қабыну. Химиялық – операция кезінде химиялық күйіктерді және ішперденің асептикалық қабынуын шақыратын заттарды қолдану (мысалы, йод, спирт, антибиотиктердің концентрленген ерітінділері, антисептиктер т.б.)

Аномалияларда жабысқаққа әкеледі. Лейна жабысқағы,Джексон мембранасы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: