Семинар № 10

Тақырыбы: І.Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру.

ІІ.Техногенді сипаттың қысаң ахуалдары.

Мақсаты: І.Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздері, тәсілдері және әдістерінің мәні жайлы түсіндіріп кету.

ІІ.Техногенді сипаттың қысаң ахуалдары жайлы түсінік беру.

№1 сұрақ

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы қандай үш топқа жіктеледі?

Жауабы:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);

— қосалқы.

№2 сұрақ

Арнаулы (жедел) жұмыстар нені қамтиды?

Жауабы:

— өрт сөндіру;

— коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

— тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

— осал құрылыстарды күшейту.

№3 сұрақ

Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Сол қызметтердің негізгі міндеттері бірі?

Жауабы:

- мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдікшаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

№4 сұрақ

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерің қамсыздандырудың негізгі түрлері атаңыз?

Жауабы:

- барлау

- инженерлік қамсыздандыру

- химиялық қамсыздандыру

- медициналық қамсыздандыру

- көлікпен қамсыздандыру

- материалдық-техникалық қамсыздандыру

- гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

№5 сұрақ

Панахана ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады, соларды атаңыз?

Жауабы:

Олар: негізгі кіре-берісте бұзынғанды тазалау, одан кейін есікті аршу немесе бұзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

№6 сұрақ

Тірі адамдарды тапқан жағдайда дәрі-дәрмектерді қандай тәсілмен тасымалдайды?

Жауабы:

Құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды.

№7 сұрақ

Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар қанша м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды?

Жауабы:

Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар әр 300—400 м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды.

№8 сұрақ

Құрама командирі қандай шараларының орындалуын қадағалайды?

Жауабы:

Құрама командирі қауіпсіздік сақтау шараларының орындалуын қадағалайды.

№9 сұрақ

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың қандай амалдары анықталады?анықтамалары?

Жауабы:

Иықтап -көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды.

Арқалап -көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғы арасына иығын беріп тұрады және бір тізесін бөгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.

Қолмен -көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынан құшақтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді.

Екі құтқарушымен -"қол ұстасып", "бірінің артынан бірі" және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да, қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды.

Зембіл -арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық-көрпе, киім, арқылы, қолайлы жағдай жасау керек.

№10 сұрақ

Техногенді сипаттың қысаң ахуалдарына қандай жағдайлар жатады?

Жауабы:

-өндірістік;

-транспорттық авариялар;

-өрттер, жарылыстар;

-ҚӘУЗ тасталуымен авариялар; РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-СҚЗ тасталуымен авариялар;

-ғимараттардың кенеттен құлауы; электр-энергетикалық жүйелеріндегі авариялар; коммуналдық тіршілікті тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

-гидродинамикалық авариялар жатады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: