Порта-кавальды анастомоздар. 29 страница

Сыртқы ұйқы артериясы- a.carotis externa бас пен мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді.Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп,m.digastricus-тің артқы қарыншасы мен m.stylohyoideus–тің артқы бөлігінің ішкі жағынан құлаққасы безін тесіп өтіп,төменгі жақ өсіндісінің мойында өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді.Олар алдыңғы,ортаңғы және артқы топтарға бөлінеді.

 Алдыңғы топқа жататын артериялар,қамтамасыз ететін ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты,желбезек доғаларының туындылары болып табылады,атап айтқанда:қалқанша без бен көмейдікі-a.thyroidea superior,тілдікі-a.lingualis,беттікі-a.facialis.

1. A.thyroidea superior - қалқанша бездің жоғарғы артериясы сыртқы ұйқы артериясының басталатын жерінен сәл жоғарыдан шығып,төмен және алдыға қарай жүріп,қалқанша безге келіп,сол жерде басқа қалқанша артерияларымен қосылады.

Жолында n.laryngeus superior–мен бірге lig.thyroideum –ды тесіп өтіп,тармақтарымен көмейдің бұлшықеттерін,байламдарын және шырышты қабығын қанмен қамтамасыз ететін a.laryngea superior-ді береді.

2. A.lingualis - тіл артериясы,тіласты сүйегінің үлкен мүйіздері деңгейінен шығып,m.hyoglossus-пен жабылған Пирогов үшбұрышы арқылы жоғары өтіп,тілге қарай келеді.оған енгенге дейін тіласты безіне тармақтар береді.Тілге енгеннен кейін тіл артериясының сабауы-a.profunda linguae деген атпен тілдің ұшына дейін созылып,жолында тіл арқасына көптеген тармақтар- rr.dorsales linguae береді.

3. A.facialis - бет артериясы,алдыңғы артериядан сәл биіктеу төменгі жақ бұрышы деңгейінен шығып, m.digastricus-тың артқы қарыншасынан ішке өтіп,m.masseter-дің алдыңғы жиегі тұсында,төменгі жақтың жиегінен иіліп бетке өтеді.Бұл жерде, m.masseter алдында,оны төменгі жаққа қарай қысуға болады(қан тоқтағанда).Одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай жүріп,сол жерде ақырғы тармағы-a.angularis пен ішкі ұйқы артериясы жүйесінің тармағы a.ophtalmica–дан кететін a.dorsalis nasi- мен анастомоз құрады.Төменгі жақ арқылы иілгенге дейін жақын жатқан құрылымдарға:жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайға,таңдай бадамшаларына,төменгі жақасты безі мен ауыз көкетіне,сілекей бездеріне,иілгеннен кейін жоғарғы және төменгі еріндерге тармақтар береді.

Артқы топ.

4.A.occipitalis -шүйде артериясында, processus mastoideus-тегі жүлге арқылы өтіп,желке аймағындағы тері астына келіп төбеге дейін тамақталады.өз жолында a.occipitalis бірқатар қоршаған бұлшықеттерге,құлақ қалқандарына,артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты қабығына кішкене тармақтар береді.

5.A.auricularis posterior -құлақтың артқы артериясы, жоғары және артқы қарай жүріп,құлақ қалқаны артындағы теріге қарай өтеді.Оның тармақтары құлақ қалқанында,шүйде терісі мен бұлшықеттерінде,сондай-ақ дабыл қуысында(оған артерияның тармағы foramen stylomastoideum арқылы өтеді.)таралады.

6.A.sternocleidomastoidea,аттас бұлшықетке барады.

Ортаңғы топ артерия доғаларының қалдықтарынан тұрады.

7. A.pharyngea ascendens - жоғары көтерілетін жұтқыншақ артериясы,жоғары қарай оның қабырғасымен көтеріле жұтқыншақты,жұмсақ таңдайды,таңдай бадамшасымен,есту түтігін,дабыл қуысын және мидың қатты қабықшасын қанмен қамтамасыз етеді.

8. A.temporalis superficialis - самай беткей артериясы,сыртқы ұйқы артериясының екі соңғы тармақтарының бірі-a.carotis externa сабауының жалғасы ретінде самай бұлшықеті шандырында терінің астында сыртқы есту тесігінің алдынан самайға барады.Бұл жерде артерияны самай сүйегіне қысуға болады.Оның ақырғы тармақтары-ramus frontalis және ramus parietals,шеке мен самай аймағында тармақталады.Ол жол-жөнекей құлаққасы безіне,құлақ қалқанының латералды беті мен сыртқы есту тесігіне тармақтар береді;тармақтардың бір бөлігі беттің артқы жағына,көздің сыртқы бұрышына-m.orbicularis oculi және бет сүйегіне барады.A.temporalis superficialis –ті де қанмен жабдықтайды.

9. A.maxillaries - жоғарғы жақсүйек артериясы,сыртқы ұйқы артериясының басқа бір соңғы тармағы болып табылады.тармақтарды зерттеу оңай болу үшін оның қысқа сабауын үш бөлімге бөледі:бірінші бөлім төменгі жақ мойнын орап өтеді,екінші бөлім m.pterygoideus lateralis–тің бетімен fossa infratemporalis –ке өтеді,үшінші бөлім-fossa pterygopalatina-ға өтеді.

 Бірінші бөлімнің тармақтары жоғары қарай сыртқы есту тесігіне fissure pterygotympanica арқылы дабыл қуысына барады;мидың қатты қабықшасына foramen spinosum арқылы a.meningea media-ортаңғы менингеалдық артерия(ең ірі тармақ)өтеді және төмен қарай төменгі тістерге-a.alveolaris inferior- төменгі ұяшықтық артерия барады.Соңғы артерия төменгі жаққа canalis mandibulae арқылы өтеді.Өзекке енгенге дейін a.alveolaris inferior аттас бұлшықетке r.mylohyoideus береді,ал өзекте өзінің тармақтарымен төменгі тістерді қамтамасыз етіп,a.mentalis деген атпен foramen mentale арқылы шығып,иек терісі мен бұлшықеттерінде тармақталады.

Екінші бөлім тармақтары:ұрт бұлшықетіне және барлық шайнау тобы бұлшықеттеріне аттас артеирялар арқылы,сондай-ақ sinus maxillaries–тің шырышты қабығына және жоғарғы азу тістерге артқы жоғарғы ұяшықтық артериялары арқылы барады.

Үшінші бөлімнің тармақатары.1) a.infraotbitalis -көзұяасты артериясы,fissure orbitalis inferior арқылы көзұясына енеді,содан кейін canalis infraorbitalis арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне шығып,төменгі қабаққа,көз жасы қабына және төмен қарай жоғарғы ерін мен ұртқа тармақтар береі.Бұл жерде бет артериясы тармақтарымен қосылады,сондықтан a.maxillaries сабауында қан ағысы қиындағанда,қан оның бассейніне a.facialis арқылы келеді.Көзұясының өзінде-ақ a.infraorbitalis көз алмасыбұлшықеттеріне тармақтар береді;көзасты тілігінен өткенде ит және күректістерді (aa.alveolarae superiors anteriores)және sinus maxillaries –тің шырышты қабығын тармақтармен жабдықтайды;2)таңдай,жұтқыншақ және есту түтікшесіне баратын тармақтар,олардың бір бөлігі canalis palatinus major арқылы төмен түсіп,foramina palatine majus et minores арқылы шығып,қатты және жұмсақ таңдайда тармақталады.3) a.sphenopalatina -сынатәрізді-таңдай артериясы,аттас тесік арқылы мұрын қуысына өтіп,оның латералды қабырғасы мен қалқасына тармақтар береді;мұрын қуысының алдыңғы бөлігі aa.ethmoidales anterior et posterior арқылы қан алады(a.ophtalmica-дан).

 

1.3.2 Ішкі ұйқы артериясы: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Ішкі ұйқы артериясы, a.carotis interna -жалпы ұйқы артериясынан басталып,бассүйек негізіне көтеріліп,самай сүйектегі –canalis caroticus- ке енеді.Мойын аймағында тармақталмайды;басталатын жерінде дорсалды қолқаның латералды орналасқан сабауынан дамуына сәйкесті,a.carotis externa-дан сыртқа қарай жатады,алайда көп ұзамай оның медиалды бетіне ығыса бастайды.Ішкі ұйқы артериясы canalis caroticus –тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік жүріп,содан кейін алдыңғы медиалды бағытта иіліп самай сүйектің ұшында,foramen lacerum жанында бассуйек қуысына енеді;жоғары қайырылып,сынатәрізді сүйек (sulcus caroticus)арқылы түрік ершігінің түбі деңгейінде қайтадан алға бұрылып,кеуекті қойнау қабаты арқылы өтіп,canalis opticus қасында соңғы рет жоғары және сіл артқа қарай иілім жасап,бірінші тармақты-a.ophtalmica -береді де,содан кейін қатты және торлы қабықты тесіп,ақырында өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.

A.carotis interna -ның тармақтары:

1.Дабыл қуысына өтетін -rr.caroticotympanici.

2. A.ophtalmica - көз артериясы,canalis opticus арқылыn.opticus –пен бірге көзұясы қуысына өтіп,сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.Көзұсына дейінгі жолында бірнеше тармақ береді.

A.ophtalmica тармақтары:1)мидың қатты қабығына баратын,a.meningea media-мен(a.carotis externa жүйесінен a.maxillaries тармағы)жалғасып кететін тармақтар;2)көз жасы безіне баратын a.lacrimalis;3)көз алмасына баратын aa.ciliares –көздің тамырлы қабығында аяқталады;олардың арасында a.centralis retinae көру нервіне өтіп,сонымен бірге торлы қабықта тармақталады;4)көз алмасы бұлшықеттеріне баратын тармақтар;5)қабақтарға баратын a.palpebrales laterals et mediales –тер;6)мұрын қуысының шырышты қабықшасына a.ethmoidales et posterior–лар барады;7)a.supraorbitalis-көзұясынан арқылы шығады;8)a.dorsales nasi-мұрын қырының жиегімен төмен кетеді.

3. A.cerebri anterior - алдыңғы ми артериясы,көлемі кішілеу,алға және мидың бойлық жүлгесінің алдына қарай медиалды жүріп,мүйізді дененің тізесін орай,ми сыңарының ішкі бетімен артқа өтіп,шүйде бөлігінң басталар жеріне дейін созылып,өз жолында ми жүлгесінің бас жағында көлденең сабау a.communicans anterior - алдыңғы байланыстырушы артерия арқылы басқа жағының аттас артериясымен жалғасады.

4. A.cerebri media - ортаңғы ми артериясы,латералды жаққа мидың латералды жүлгесiнің тереңіне қарай жүріп,сол жерде-ibsula бетінде тармақтарға бөлінеді,ол тармақтар ми сыңарларының бетіне шығып,маңдай,самай және төбе бөліктерінің сыртқы бетін қанмен қамтамасыз етеді,мидың артқы бөлімдері қанды a.vertebralis жүйесінен алады.

5. A.choroidea - тамырлы өрім артериясы,бүйір қарыншасһның төменгі мүйізіне еніп,plexus choroideus-те аяталады.

6. A.communicans posterior - артқы байланыстырушы артерия,көз артериясын бергеннен кейін a.carotis interna–дан шығады,кейін бұрылып,a.cerebri posterior-ға (a.vertebralis-тен)құяды.

A.communicans anterior,aa.cerebri anteriores- тердің бөліктері, a.communicans posterior s жәнеa.cerebri posteriores (a.vertebralis-тен)бірігіп торасты кеңістігінде мидың негізінде тұйық үлкен мидың артерия шеңберін- circulus anteriosus cerebri -түзеді.

 

1.3.3 Бұғанаастылық артерия: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Тек сол жақ бұған асты артериясы-a.subclavia-қолқа доғасынан тікелей шығатын тармақтарға жатады,ал оң жақ бұғанаасты артериясы –truncus brachiocephalicus-тың тармағы болып саналады.

Бұғанаасты артериясының бірінші бөлімінің тармақтары(septicum intercalenum-ге кіргенде дейін)

1.A.vertebralis- омыртқа артериясы m.scalenus anterior мен m. longus coli аралығында орналасқан foramen processus transversalis –іне кіріп, мойын омыртқаларындағы көлденең өсінді тесіктер арқылы membrane atlantoocipitalis posterior-ға дейін жоғары көтеріліп,оны тесіп өтіп,шүйде сүйектің foramen magnum- ы арқылы бассүйек қуысына енеді.Бассүйек қуысында екі (оң,сол) жақтың артериялары орталық сызыққа түйісіп.көпіршенің артқы жиегіне жақын жерде тақ базиллярлы артерияға a.basilaris- бірігеді. Ол өз жолында бұлшықеттерге,жұлынға және мидың шүйде бөліктерінің қатты қабықшасына ұсақ тармақтар, сондай-ақ маңдай ірі ірі тармақтар береді:

а)a.spinalis anterior- бассүйек қуысында,екі омыртқа артериясы қосылатын жерге жақын өтіп, төмен және орталық сызыққа қарай жүріп,қарсы жақтың аттас артериясымен бір сабауға бірігеді;

 ә)a spinalis posterior – омыртқа артериясы бассүйек қуысына кірісімен дереу одан бөлініп шығып,жұлынның төмен жүреді.Нәтижесінде жұлын бойында үш артериялық сабау төмен түседі; тақ (a.spinalis anterior)алдыңғы бетімен және екі жұп –әр жағынан біреуден артқы бүйір бетімен (a spinalis posterior). Бұлар жұлыннның төменгі ұшына дейінгі жолында rr.spinalis түрінде омыртқалық тесіктер арқылы қосымша қан алады: мойын аймағында –aa. vertebralis, кеуде бөлімінде - a.intercostalis posterioris, бел бөлімінде- aa.lumbalis-тен.Осы тармақтар арқылы омыртқа артериясы бұғанаасты артериясымен және төмен түсетін қолқамен анастамоздар құрайды:в) a.cerebelli inferior posterior, a.vertebralis- тің ең ірі тармағы көпір қасынан басталып,артқа қарай жүріп, сопақша миды айналып, мишықтың төменгі бетінде тармақталады.

A.Basilaris – негізгі (базиллярлық) артерия,екі омыртқа артериясының қосылуынан пайда болады, тақ, көпірдің ортаңғы жүлгесіне жайғасады, оның алдыңғы жиегінде екі –aa. cerebri pasterioris(әр жағынан біреуден) бөлінеді, ал бұлар кейін және жоғары жүріп,ми аяқшаларының бүйір бетін орап өтіп,шүйде бөлігінің төменгі,ішкі және сыртқы беттерінде тармақталады. Артқы ми артериялары a.carotis interna –дан жоғарыда айтылған aa.comunicantes pasteriores-терді өзіне қабылдап, үлкен мидың артериялық шеңберін- circulus arteriosus cerebri түзуге қатысады. A.Basilaris сабауынан meatus acusticus internus арқылы ішкі құлаққа,көпірге баратын кішкене тармақшалар, мишыққа қарай екі тармақ - a.cerebelli inferior anterior және - a.cerebelli superior шығады.

2.Truncus thyrocervicalis – қалқанша-мойын сабауы, бұғанаасты артериясынан m.sclenus anterior-дың медиалды жиегі тұсында жоғары қарай шығады,үзындығы 4 см,мынадай тармақтарға бөлінеді:а) a.tryroidea inferior- қаланша бездің артқы бетіне қарай жүреді де,көмейдің бұлшықеттерімен шырышты қаьбатында тармақталып a.laringea superior –мен жалғасатын a.laringea inferior-ді және кеңірдекке,өңешке,қалқанша безге тармақтар береді.Бұл тармақтар carotis externa жүйесіне кететін a.tryroidea superior –дың тармақтарымен жалғасады.ә)a.cervicflis ascendens m.sclenus anterior-дың бойымен жоғары көтеріліп,мойынның терең бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді.б) a.suprascapularis – сабаудың insesura scapule –ге қарай төмен және латериалды жүріп, lig.transversum scapulaе арқылы иіліп, жауырынның дорсальды бұлшықеттерінде тармақталады: a.circbmflexsia scapulaе-мен жалғасады.

3.A.thoracica interna –ішкі кеуде артериясы a. vertebralis-тің бастамасына қарсы жерден a.subclavia-дан шығады,өкпеқапқа жанаса төмен және медиалды жүреді:I қабырға шеміршегінен бастап төс жиегіне 12 мм-дей қашықтықта тік төмен кетеді.VII қабырға шеміршегіне жеткеннен кейін а.thoracica interna -екі соңы тармаққа бөлінеді:a.musculophrenica көкеттің беку сызығы бойымен латериалды созыла,оған және ең жақын қабырғааралық кеңістікке тармақтар щығарады және a.epigastrica superior, а.thoracica interna жолын төмен қарай созып, іштің тік бұлшықет қынабына өтіп, кіндік деңгейіне жетіп a.epigastrica inferior-ге (a.iliaca externa-дан) жалғасады.

A.thoracica interna-өз жолындағф ең жақын анатомиялық құрылымдарға.Алдыңғы көкірекаралыққа,айырша безге,кеңірдекке төменгі шеті мен бронхтарға,алты жоғарғы қабырғааралықтарға және сүтбездеріне тармақтар береді.Оның ұзын тармағы a.pericardia –cophenica. n.phrenicus – пен бірге көкетке қарай жүріп,өз жолында өкпеқап пен жүрекқапқа тармақшалар береді.Оның rami intercostalis anteriores-тері жоғарғы алты қабырғааралықпен жүріп, aa.intercostalis pasteriorеs-пен жалғасады.

Бұғанаасты артериясының екінші бөлімінің тармақтары:

4.Truncus costocervicalis-қабырға –мойын сабауы, spatium intercalenum-де шығады,Одан 1 қабырға мойнына қарай артқа және жоғары жүріп,сол жерде екі тармаққа бөлінеді, бірінші артериядан тармақтар мойынның артқы бұлшықеттеріне еніп, canalis vertebralis арқылы жұлынға барады,ал екінші артерия бірінші және екінші қабырғааралыққа тармақтар береді.

5.A.Transversa coli-мойынның көлденең артериясы,plexus brachialis-ті тесіп өтіп,көршілес бұлшықеттердіқанмен қамтамасыз етеді де, жауырынның медиалды жиегі бойымен оның төменгі бұрышына дейін төмен түседі.

 

1.3.4 Ішкі мойындырық вена, оның түзілуі мен жолы. Бассүйекішілік және бассүйексыртылық салалары, олардың өзара анастомоздары.

   V.Jugularis interna-ішкі мойындырық вена,бассүйек қуысы мен мойын ағзаларынан қанды алып шығады;бұл вена foramen jugulare-ден басталады, сол жерде кеңейген буылтық bulbus superior venae jugularis internae- түзіп,одан кейін a.carotis communis-тен латериалды орналасып, төмен кетеді. V.Jugularis interna-ның төменгі шетінде, оның v.subclava-мен қосылуы алдында екінші буылтық bulbus inferior venae jugularis internae- түзіледі;мойын аумағында осы буылтықтан жоғары, венада бір немесе екі қақпақша болады. Мойын аумағындағы жолында ішкі мойын венасын m.sternocleidomastoideus мен m.omohyoideus жауып тұрады.

Ішкі мойындырық венасының тармақтары бассүйек ішіндегі және юассүйек сыртындағы болып 2 топқа бөлінеді. Біріншілерге мидың қатты қабығының қойнаулары-sinus durae matris және оған құятын ми веналары-vv.cerebri,ми сауыты сүйектерінің веналары-vv.piloicae,есту мүшесі веналары-vv.aditivae,көз шарасы веналары-vv.ophtalmicae,және қатта қабықша веналары –vv.meningeae, жатады.Екіншілерге бассүекпен беттің ішкі мойындырық венасына құятын веналары жатады.

Бассүйек ішіндегі жіне юассүйек сыртындағы веналар арасындағы ми сауты сүйектеріндегі тесіктер(Foramen parietale,foramen mastoideum,canalis condylaris)арқылы өтетін шығарушылар - vv.emissriae –арқылы байланыстар болады.

V.Jugularis interna-ға мына тармақтар құяды:

1.V.facialis-бет венасы.Оның салалары a.facialis тармақтарына сәйкес келеді және беттің түрлі құрылымарынан қан алады.

2.V.retromandibularis төменгі жақ сүйек астындағы вена,самай аумағынан қан жинайды.Одан әрі қарай.V.retromandibularis –ке plexus pterygoideus- тен (m. pterygoideі арасындағы қою өрім) қанды әкететін сабау құяды, содан соң V.retromandibularis сыртқы ұйқы артериясымен бірге шықшы безі қабатынан өтіп, төменгі жақ бұрышынан төмендеу жерде п.facialis-пен қосылады.

Бет венасын қанат тәрізді өріммен жағастыратын ең қысқа жол төменгі жақтың ұяшықтық жиегі деңгейінде орналасқан анастамоздық вена болып табылады.

анастамоздық вена беттің беткей және терең веналарын байланыстырып,инфекцияның таралу жолына айналуы мүмкін,сондықтан оның тәжірибелік маңызы бар.бет венасының көз венасыменде анастамозы бар.

3.V.pharyngeae-жұтқыншақ веналары,жұтқыншақта өрім (pl. pharyngeus)түзіп,тікелей не V.Jugularis internaға немесе V.facialis-ке құяды.

4.V.lingualis-тіл венасы,аттас артериямен қосарлана жүреді.

5. v.thyroideae superiores -жоғарғы қалқанша веналары,қалқагша без бен жұтұыншақтың жоғарғы жығынан қан жинайды.

6.V. thyroidea media - ортаңғы қалқанша вена, қалқанша бездің бүйір жиегінен шығып,

V.Jugularis interna-ға құяды.Қалқана бездің төменгі жиегінде веналық өрім- plexus thyroideus impar-бар,одан vv.thyroideae superiores арқылы V.Jugularis interna-ға,сондай -ақ vv.thyroideae inferiors және vv.thyroideae ima алдыңғы көкірекаралық веналарға қан ағады.

 

1.3.5 Сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары: топографиясы, түзілу көздері, қан әкелуші веналары. Иық-бас веналары: топографиясы, түзілу көздері, қан әкелуші веналары.

Жауабы:

Сыртқы мойындырық венасы, v.jugularis externa –құлақ қалқаны артында төменгі жақсүйек бұрышы деңгейінде басталып, m.platysma-ның астында жатады, ол төмен және артқа қарай қиғаштап жүріп, төс- бұғана- емізік бұлшықетінің сыртқы бетімен төмен түсіп, бұғанаүсті аймағына келеді, ол жерде көбінесе v.jugularis anterior-мен жалпы сабаумен бұғанаасты венасына құяды.Құлақ қалқаны артында v.jugularis externa-ға v.auricularis posterio r мен v.occipitalis құйылады.

Алдыңғы мойындырық венасы, v.jugularis anterior, тіласты сүйегі үстінде ұсақ веналардан түзіліп, сол жерден тік төмен түседі. Екі vv.jugularis anterior-те, оң жақ және сол жақтағы fascia collipropria-ның терең жапырақшасын тесіп өтіп, spatium interaponeuroticum suprasternale-ге енеді де, бұғанаасты венасына құйылады. Төсүсті аралығында екі vv.jugularis anteriores бір немесе екі сабаумен өзара жалғасады. Төстің жоғарғы жиегі мен бұғаналардың үстінде веналық доға, arcus venosus juguli, орналасады.Кейбір жағдайларда vv.jugularis anteriorіs бір тақ vv.jugularis anterior-мен алмасады, ол ортаңғы сызықпен төмен түсіп, vv.jugularis externae-лар арасындағы анастомоздан құралатын жоғарыда аталған веналық доғаға келіп құяды.

Иық-бас веналары, vv. Brachiocephalicae dextra et sinistra, жоғарғы қуысты венаны түзеді, ал ол өз кезегінде әрқайсысы v.subclaviae мен  v.jugularis internae-лардың қосылуынан пайда болады. Оң жақ иық-бас венасы сол жақтағыдан қысқалау, 2-3 см-дей; ол оң жақ төс-бұғана буыны артында түзіліп, қиғаш төмен және медиалды бағытта сол жақтағы аттас венамен қосылатын жерге келеді. Оң жақ иық-басы венасын алдынан mm.sternicleidomastoideus, sternohyoideus және sternothyroideus, ал төменде І қабырға шеміршегі жауып тұрады. Сол жақ иық-басы венасы оң жақтағы венадан шамамен екі еседей ұзындау.Ол сол жақ төс-бұғана қосылысының артқы жағында түзіліп, өзінен тек шелмай және айырша безімен ғана бөлінген төс сабының артынан оңға және төмен оң жақ иық-бас венасымен қосылатын жерге қарай бағыт алады. Ол төменгі қабырғасымен қолқа доғасының дөңесіне тығыз жанасып, сол жақ бұғанаасты артериясын және сол жақ жалпы ұйқы артериясы мен иық-бас сабауының бастапқы бөліктерін, олардың алдыңғы жағынан қиып өтеді. Иық-бас веналарына қалқанша бездің төменгі жиегіндегі қою веналық өрімнен түзілетін vv.thyroideae inferiors пен v.thyroidea ima айырша безі веналары-vv.vertebrales, cervicales et thoracicae internae құяды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: