Порта-кавальды анастомоздар. 30 страница

 

1.3.6 Қолқаның іштік бөлімінің париетальды және де жұп висцеральды тармақтары: топографиясы, қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы:

Қолқаның барлық тармақтары париеталды –қуыстар қабырғаларына баратындар-rami parietales және висцералды –қуыс ішіндегіге, яғни ішкі ағзаларға баратындар- rami viscerales болып бөлінеді.

Қолқаның іштік бөлігінің қабырғалық тармақтары-rami parietales-жұп (a.sacralis mediana-дан басқасы);висцералды тармақтары-rami viscerles –жұп және тақ болып бөлінеді.

Жұп висцералды тармақтар ағзалардың орналасу ретімен шығады:

1.A.suprarenalis media-ортаңғы бүйрекүсті безі артериясы, a.mesenterica superior-дың бастамасы қасында қолқадан басталып, gl.suprarenalis-ке қарай кетеді.

2.A.renalis-бүйрек артериясы, ІІ бел омыртқа деңгейінде қолқадан тік бұрыш жасай шығып, көлденең бағытта сәйкес бүйректің қақпаларына қарай жүреді.Бүйрек артериясы көлемі жағынан жоғарғы шажырқай артериясына тең келіп қалады, бұл қанды көп керек ететін бүйректің несеп шығару қызметімен байланысты. Кейде бүйрек артериясы қолқадан екі немесе үш сабау түзе шығады, ал кейде бүйрекке қақпа аймағында ғана емес, сонымен бірге бүкіл медиалды жиек бойында көптеген сабау түрінде кіреді, мұны бүйректі алып тастағанда алдын ала артерияларды байлау кеінде ескеру керек. Бүйрек қақпаларында a.renalis әдетте үш тармаққа бөлінеді, олар бүйрек қойнауында өз кезегінде көптген тармақтарға тармақталады.

Оң жақ бүйрек артериясы v.cava inferior-дың, ұйқы безі басының және pars descendens duodeni-дің артында, ал сол жақ бүйрек артериясы pancreas-тың артында жатады. V.renalis артерияның алдында шамалы төмендеу орналасады. A.renalis-тен жоғары қарай бүйрекүсті безінің төменгі бөлігіне a.suprarenalis inferior, сондай-ақ несепағарға тармақша шығады.

3.A.testicularis(әйелдерде a.ovarica) a.renalis басталатын жерден төмендеу, кейде оның өзінен басталатын жіңішке ұзын сабау болып табылады. Атабезді қоректендіретін артерияның мұндай биік жерден шығуы оның бел аймағында болуына байланысты a.testicularis қолқадан ең қысқа қашықтықта пайда болады. Кейін, атабез ұмаға түскенде сонымен бірге a.testicularis-те ұзарады, ол нәресте туар кезде m.psoas major-дың алдыңғы бетімен түседі, несепағарға тармақ береді, шап өзегінің ішкі сақинасы келіп, ductus deferens-пен бірге атабезге жетеді. Әйелдерде сәйкес артерия (a.ovarica) шап өзегіне емес, кіші жамбас астауына, ал одан әрі lig.suspensorium ovarii құрамында анабезге қарай келеді.

 

1.3.7 Қақпа венасы: түзілуі, топографиясы, қан жинайтын тармақтары. Порта-кавальды анастомоздар және олардың маңызы.

Қақпа венасы,v.portae, бауырдан басқа іш қуысының барлық сыңар ағзаларынан қан жинайды,қоектік заттар сіңірілетін бүкіл асқазан –ішек жолынан, қоректік заттар залалсыздандырылып, гликоген жиналу үшін қақпа венасымен бауырға келеді, ұйқы безінен қант алмасуын реттейтін инсулин келеді, көкбауырдан бауырда өт жасау үшін пайдаланылатын қант түйіршіктерінің ыдырау өнімдері келеді. Қақпа венасының асқазан-ішек жолымен және оның ірі бездерімен (бауыр және pancreas тиімді байланысы)функционалдық байланысынан басқа олардың даму ортақтығының бірлігімен (генетикалық байланыс) белгіленеді. V.portae- қақпа венасы, бауыр артериясы және ductus choledochus-пен lig.hepatoduodenale-де орналасқан жуан веналық сабау болып табылады. V.portae ұйқы безінің артқы жағында көкбауыр венасы мен екі-жоғарғы және төменгі шажырқай веналарынан құралады. Олар өз жолында v.gastricae sinistra et dextra және v.prepylorica-ны қабылдап, бауыр қақпаларында бауыр паренхимасына кететін екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар бауыр үлесшелерін шырмайтын көптеген ұсақ тармақшаларға (vv.interlobularis)ыдырайды; көптеген капиллярлар бөліктердің ішіне өтіп, ақыр соңында v.centralis-ке қосылып төменгі қуыс венаға құятын бауыр веналарына жиналады. Қақпа венасы капиллярлардың екі торының арасында жатады, бірінші торы қақпа венасын құрайтын вена сабауларына бастама береді, екінші торы бауыр затында жатып, соңғы тармақтарына бөлінеді. V. lienalis, көкбауыр венасы көкбауыр, асқазан және ұйқы безінен қан жинап, V.portae-ға барады. Vv.mesenterica superior et inferior- жоғарғы және төменгі шажырқай веналары аттас веналарға сәйкес келеді. Жоғарғы шажырқай веналары өз жолында жіңішке ішектен, соқыр ішектен, жоғарылаған жиек және көлденең жиек ішектен вена қанын жинап, ұйқы безінің басында төменгі шажырқай венасымен қосылады. Төменгі шажырқай венасы тік ішектің веналық өрімімен басталып, жоғары бағытталады, жолында оған сигматәрізді тоқ ішектің, төмендеген тоқ ішектің және көлденең тоқ ішектің сол жақ жартысынан салалар қосылады. Ұйқы бездің артында алдын ала көкбауыр венасымен қосылып,кейін жоғарғы шажырқай артериясымен қосылады.

Порта-кавальды анастомоздар.

Қақпа венасы түбірлері жоғарғы және төменгі қуыс веналар жүйелеріне жататын венлар түбірлерімен анастомозданып, тәжірибелік маңызы бар портокавалды анастомоздар түзеді.

Егер құрсақ қуысын шаршымен салыстырсақ, онда бұл анастомоздар оның барлық жақтарында жатады:

1.Жоғарыда, өңештің, pars abdominalis-інде қақпа венасына құятын v.gastricae sinistrae мен vv.azygos et hemiazygos-те арқылы v.cava superior -ға құятын vv.esophagae түбірлері арасында

2.Төменде тік ішектің төменгі бөлігінде v.mesenterica inferior арқылы қақпа венасына құятын v.rectalis superior мен v.iliaca interna-ға, одан әрі v.cava inferior -ға баратын v.iliaca communis-ке құятын vv.rectales media(v.iliaca interna саласы) et inferior (v.pudenda interna саласы) арасында.

3.Алдыңғы жағында, кіндік аймағында lig.teres hepatic қабатындақақпа венасына баратын vv.paraumbilicalis пен v.cava superior жүйесіне баратын (v.thoracica interna, v.brachiocephalica арқылы) v.epicastrica superior және v.cava inferior жүйесіне баратын (v.iliaca externa, v.iliaca communis арқылы) v.epicastrica inferior салалары анастомозданады.

 

 

1.3.8. Жоғарғы қуысты вена: түзілуі, топографиясы, қан жинайтын тармақтары. Порта-кавальды анастомоздар және олардың маңызы.

Жоғарғы қуысты вена, vena cava superior, жоғарылаған қолқаның оң жағы мен сәл артына таман орналасқан жуан (2,5 см шамасында), бірақ қысқа (5-6 см) сабау. Жоғарғы қуыс вена І оң жақ қабырғаның төспен қосылатын жерінде vv.brachiocephalicae dextra et sinistra-лардың қосылуынан пайда болады. Ол бұл жерден төстің оң жақ жиегінен бойлай бірінші және екінші қабырғааралықтардың артымен жүріп ІІІ қабырғаның жоғарғы деңгейіне дейін төмен түсіп, жүректің оң жақ құлақшасы артында орналасып, оң жақ жүрекшеге құяды. Оның артқы қабырғасы оны оң жақ бронхтан бөліп тұратын a.pulmonalis dextar-мен жүрекшеге құйылар жерінде оң жақ жоғарғы өкпе венасымен жанасады, бұл екі тамыр да оны көлденеңінен қиып өтеді. Оң жақ өкпе артериясының жоғарғы жиегі деңгейінде оң жақ өкпенің түбірі иіліп (сол жақ өкпенің түбірі арқылы қолқа иіледі)жоғарғы қуыс венаға құяды- v.azygos –құяды.Оның алдыңғы қабырғасы кеуде торының алдыңғы қабырғасының едәуір қалың оң жақ өкпе қабатымен бөлінеді.

Қақпа венасы,v.portae, бауырдан басқа іш қуысының барлық сыңар ағзаларынан қан жинайды,қоектік заттар сіңірілетін бүкіл асқазан –ішек жолынан, қоректік заттар залалсыздандырылып, гликоген жиналу үшін қақпа венасымен бауырға келеді, ұйқы безінен қант алмасуын реттейтін инсулин келеді, көкбауырдан бауырда өт жасау үшін пайдаланылатын қант түйіршіктерінің ыдырау өнімдері келеді. Қақпа венасының асқазан-ішек жолымен және оның ірі бездерімен (бауыр және pancreas тиімді байланысы)функционалдық байланысынан басқа олардың даму ортақтығының бірлігімен (генетикалық байланыс) белгіленеді. V.portae- қақпа венасы, бауыр артериясы және ductus choledochus-пен lig.hepatoduodenale-де орналасқан жуан веналық сабау болып табылады. V.portae ұйқы безінің артқы жағында көкбауыр венасы мен екі-жоғарғы және төменгі шажырқай веналарынан құралады. Олар өз жолында v.gastricae sinistra et dextra  және v.prepylorica-ны қабылдап, бауыр қақпаларында бауыр паренхимасына кететін екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар бауыр үлесшелерін шырмайтын көптеген ұсақ тармақшаларға (vv.interlobularis)ыдырайды; көптеген капиллярлар бөліктердің ішіне өтіп, ақыр соңында v.centralis-ке қосылып төменгі қуыс венаға құятын бауыр веналарына жиналады. Қақпа венасы капиллярлардың екі торының арасында жатады, бірінші торы қақпа венасын құрайтын вена сабауларына бастама береді, екінші торы бауыр затында жатып, соңғы тармақтарына бөлінеді. V. lienalis, көкбауыр венасы көкбауыр, асқазан және ұйқы безінен қан жинап, V.portae-ға барады. Vv.mesenterica superior et inferior- жоғарғы және төменгі шажырқай веналары аттас веналарға сәйкес келеді. Жоғарғы шажырқай веналары өз жолында жіңішке ішектен, соқыр ішектен, жоғарылаған жиек және көлденең жиек ішектен вена қанын жинап, ұйқы безінің басында төменгі шажырқай венасымен қосылады. Төменгі шажырқай венасы тік ішектің веналық өрімімен басталып, жоғары бағытталады, жолында оған сигматәрізді тоқ ішектің, төмендеген тоқ ішектің және көлденең тоқ ішектің сол жақ жартысынан салалар қосылады. Ұйқы бездің артында алдын ала көкбауыр венасымен қосылып,кейін жоғарғы шажырқай артериясымен қосылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: