Порта-кавальды анастомоздар

Қақпа венасы түбірлері жоғарғы және төменгі қуыс веналар жүйелеріне жататын венлар түбірлерімен анастомозданып, тәжірибелік маңызы бар портокавалды анастомоздар түзеді.

Егер құрсақ қуысын шаршымен салыстырсақ, онда бұл анастомоздар оның барлық жақтарында жатады:

1.Жоғарыда, өңештің, pars abdominalis-інде қақпа венасына құятын v.gastricae sinistrae мен vv.azygos et hemiazygos-те арқылы v.cava superior -ға құятын vv.esophagae түбірлері арасында

2.Төменде тік ішектің төменгі бөлігінде v.mesenterica inferior арқылы қақпа венасына құятын v.rectalis superior мен v.iliaca interna-ға, одан әрі v.cava inferior -ға баратын v.iliaca communis-ке құятын vv.rectales media(v.iliaca interna саласы) et inferior (v.pudenda interna саласы) арасында.

3.Алдыңғы жағында, кіндік аймағында lig.teres hepatic қабатындақақпа венасына баратын vv.paraumbilicalis пен v.cava superior жүйесіне баратын (v.thoracica interna, v.brachiocephalica арқылы) v.epicastrica superior және v.cava inferior жүйесіне баратын (v.iliaca externa, v.iliaca communis арқылы) v.epicastrica inferior салалары анастомозданады.

 

 

1.3.9 Төменгі қуысты вена жүйесі, сыңар және жартылай сыңар веналар: түзілуі, топографиясы, қан жинайтын тармақтары. Кава-кавальды анастомоздар және олардың маңызы.

Жауабы:

Төменгі қуысты вена, vena cava inferior, денедегі ең ірі вена сабауы, іш қуысында қолқамен қатар, оның оң жағында жатады.Ол IV бел омыртқаның деңгейінде қолқаның бөлінетін жерінен сәл төмендеу және одан оңға қарай екі ортақ мықын веналарының қосылуынан түзіледі. Төменгі қуыс вена қолқаның оң жағында орналасып, жоғары көтерілген сайын қолқадан алшақтай береді. Оның төменгі бөлімі оң жақтағы m.psoas-тың медиалды жиегіне жанасып жатады, содан кейін оның алдыңғы бетіне өтіп, жоғарғы жағында көкеттің бел бөлігі арқылы және бауырдың артқы бетінде sulcus venae cavae-де жайғасып, көкеттің foramen venae cavae арқылы кеуде қуысына өтіп, бірден оң жақ жүрекшеге құяды. Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді (v.hepatica-дан басқалары). Олар қабырғақасылық веналарға және ішкі ағзалар веналарына бөлінеді.

Қабырғақасылық веналар:

1.vv.lumbales dextrae et sinistrae-әр жағынан төртеуден, аттас артерияларға сәйкес келеді, омыртқалық өрімдерден анастомоздар қабылдайды; олар өзара бойлық сабаулармен-vv.lumbales ascendens-қосылады

2.vv.phrenica inferiors бауыр жүлгесінен өтер жерде төменгі қуыс венаға құяды.

Ішкі ағзалар веналары:

1.vv.testiculares- еркектерде (v.ovaricae-әйелдерде) атабез аймағында басталып, аттас артерияларды өрім түрінде (plexus pampiniformis) шырмап алады; оң жақ v.testicularіs тікелей сүйір бұрыш жасай төменгі қуыс венаға құяды, ал сол жақ v.testicularіs тік бұрыш жасай сол жақ бүйрек венасына құяды.

2.vv.renales-бүйрек веналары

3.v.suprarenalis dextra-бүйрек веналарынан жоғарылау, бірден төменгі қуыс венаға құяды.

4.vv.hepaticae-бауыр веналары

Сыңар және жартылай сыңар веналар

Сыңар вена,v.azygos, мен жартылай сыңар вена, v.hemiazygos, іш қуысында бел веналарын бойлық бағытта байланыстыратын белдің өрлеме веналарын -vv.lumbales ascendens түзіледі. Олар m.psoas major артында жоғары жүріп, көкет аяқшаларының бұлшықет шоғырлары арасында кеуде қуысына: v. Azygos –оң жақтағы n.splanchnicus-пен бірге, v.hemiazygos сол жақтағы n.splanchnicus немесе симпатикалық сабаумен бірге өтеді.

v.azygos кеуде қуысында өңештің артқы қабырғасына тығыз жанасып, омыртқа бағанасының оң бүйір жағын бойлай жоғары көтеріледі. Ол IV немесе V омыртқа деңгейінде омыртқа бағанынан ажырап, оң жақ өкпе түбірінен асып, иіліп өтіп, жоғары қуыс венаға құяды. Көкірекаралық ағзаларынан қанды әкететін тармақтардан басқа, сыңар венаға тоғыз оң жақ төменгі қабырғааралық вена және солар арқылы омыртқалық өрімдердің веналары құяды.Сыңар вена оң жақ өкпе түбірінен иіліп асып өтетін жерге жақын жоғарғы үш оң жақ қабырғааралық веналардың қосылуынан түзілетін v.intercostalis superior dextra-ны қабылдайды.

Омыртқа денелерінің сол жақ бүйір беттерінде төмен түсетін кеуде қолқасының артында v.hemiazygos жатады. Ол тек VII немесе VIII кеуде омыртқасына дейін көтеріліп, кеуде қолқасы мен ductus thoracicus артында омыртқа бағанасының алдыңғы бетімен қиғаштай жоғары өтіп, v.azygos-қа құйылады.Ол өзіне көкірекаралық ағзалардан тармақтар мен төменгі сол жақ қабырғааралық веналары, сондай-ақ омыртқа өрімдері веналарын қабылдайды. Жоғарғы сол жақ қабырғааралық веналар v.hemiazygos accessory-ға құйылады, ал ол да v.hemiazygos сияқты омыртқа денелерінің сол жақ бүйір бетінде орналасып, жоғарыдан төмен қарай жүріп, не v.hemiazygos-ке немесе оңға қарай иіліп VII кеуде омыртқасы денесінің алдыңғы беті арқылы тікелей v.azygos-қа құйылады.

Кава-кавальды анастомоздар

Бауырда қан ағыны үшін кедергі пайда болғанда (цирроз)қақпа венасы жүйесінен айналма жол ретінде қан ағу үшін маңызы портокавалды және кавокавалды анастомоздар пайда болады.Мұндай кезде кіндік айналасындағы веналар кеңейіп өзіне тән түрге ие болады(медузаның басы)

Артқы жағында, бел аймағында, тоқ ішектің мезоперитонеалды бөлімдер веналары (қақпа венасы жүйесінен) мен қабырғақасылық- vv.lumbales (v.cava inferior жүйесінен) түбірлері арасында.

Сонымен қатар, артқы құрсақ қабырғасында vv.lumbales түбірлері (v.cava inferior жүйесінен) мен v.lumbalіs ascendens арасында кавокавалды анастомоз бар. v.lumbalіs оі жағында сыңар венаға,сол жағында жартылай сыңар венаға жалғасады, ал олар v.cava superior-ға барып құйылады.

Vv.lumbales және мойын аймағында жоғары қуыс венаның түбірлері болып табылатын омыртқааралық веналар арасындағы кавокавалд анастомоз.

 

 

1.3.10  Жалпы және ішкі мықын артериялары: топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы:

Жалпы мықын артериясы, a.iliaca communis. Оң және сол жақ артериялар IV бел омыртқа деңгейінде орталық сызықтан шамалы солға таман қолқа бөлінетін екі соңғы тармақтар болып табылады, сондықтан оң жақ мықын артериясы сол жақтағыға қарағанда 6-7 см ұзындау. Қолқаның екіге бөлінетін жерінен (bifurcation aortae) aa.iliacae communes сүйір бұрыш (еркектерде ажырасу бұрышы шамамен 60º,ал әйелдерде жамбас астауы жалпақтау болғандықтан 63-70º болады) жасай бөлініп, төмен латералды жүріп, сегізкөз-мықын буынына келіп, сол жердің деңгейінде әрқайсысы екі соңғы тармаққа бөлінеді:a.liaca interna жамбас астауының қабырғалары мен мүшелері үшін және a.liaca externa негізінен аяқтар үшін. Шығу тегі жағынан aа,iliaca communes ұрықтың кіндік артерияларының бастапқы бөліктері болып табылады; қалған жолдың барлығында дерлік ұрықтың aa.lumbales ересек адамда қабысып-бітеліп, lig.umbilicalia mediales-ке айналады.

Ішкі мықын артериясы,a.iliaca interna, жалпы мықын артериясының төменгі шетінен сегізкөз-мықын буыны деңгейінде басталып, кіші жамбас астауына түсіп, үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегіне дейін созылады. Оның қабырғақасылық және висцералды тармақтарға бөлінуі ол көбіне үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегі деңгейінде алдымен негізгі екі сабауға –aa.iliolumbalis.sacralis lateralis, glutae superior беретін артқы сабауға және a.iliaca internae-ның қалған барлық тармақтары шығатын алдыңғы сабауға бөлінеді.A.iliaca interna өз жолында ішастармен жабылады,ал алдыңғы жағынан оның бойымен несепағар төмен түседі.

A.iliacae internae-нің қабырғақасылық тармақтары:

1.a.iliolumbales-мықын-бел артериясы,fossa iliaca-ға келіп, сол жерден a.circumflexia ilii profunda-мен (a.iliaca externa-дан шығатын) жалғасады.

2.a.sacralis lateralis-жоғарғы сегізкөз артериясы,m.levator ani және piriformis-ті,сегізкөз өрімінің нерв сабауларын қанмен жабдықтайды.

3.A.glutea superior-жоғарғы бөксе артериясы,ішкі мықын артериясының артқы сабауының жалғасы болып табылады, n.gluteus superior-ға қосарлана foramen suprapiriforme арқылы жамбас астауынан бөске бұлшықеттерінен шығады.

4.A.obturatoria-жапқыш артериясы, жапқыш тесігіне бағытталады. Жапқыш өзегінен шыққаннан кейін ол m.obturatorius externus-ті аддукторларды қоректендіріп және ramus acetabularis-сан буынына өтіп, lig.capitis femoris пен ортан жіліктің басын қоректендіреді.

5.A.glutea inferior- төменгі бөксе артериясы, foramen infrapiriforme арқылы a.pudenda interna және n.ischiadicus-пен бірге өтеді, соңғыға ұзын жіңішке тармақша- a.comitans n. Ischidici-береді. A.glutea inferior жамбас астауы қуысынан шыққаннан кейін бөксе және басқа ең жақын жердегі бұлшықеттерге тармақшалар береді.

А.iliaca interna-ның висцералды тармақтары:

1.a.umbilicalis-кіндік артериясы,ересек адамда кішкене бөлігінде ғана (басталатын жерінен жоғарғы несепқуық артериясы шыққан жерге дейін ғана) тесік қуысы сақталады да, оның сабауының кіндікке дейінгі қалған бөлігі бітеліп, lig.umbilicale-ге айналады.

2.a.rami uretici –несепағарға шығады

3.aa.vesicales superior et inferior-жоғарғы несепқуық артериясы a.umbilicalis-тің бітелмеген бөлігінен басталып, несепқуықтың жоғарғы бөлігінде тармақталады; төменгі несепқуық артериясы А.iliaca interna-дан басталып, несепағар мен қуықтың түбін қанмен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қынапқа (әйелдерде),қуықасты безі мен ұрық қуықшаларына (еркектерде)тармақтар береді.

4.a.ductus deferentis –шәует шығаратын түтік артериясы (еркектерде), ductus deferens –ке келіп, онымен бірге testis-ке дейін созылып, оған да тармақтар береді.

5.a.uterin-жатыр артериясы(әйелдерде), a.iliaca interna сабауынан немесе a.umbilicalis-тің бастапқы бөлігінен медиалды жаққа қарай шығып, несепағарды қиып өтіп, lig.latum uteri-дің екі жапырағы арасында жатыр мойнының бүйір жағына жетіп, осы жерден төмен қарай қынап қабырғаларына тармақ-a.vaginalis (тікелей a.iliaca interna-дан шығуы да мүмкін)-беріп, өзі жалпақ байламның жатырға беку сызығы бойымен жоғары қарай бұрылады.Жатыр түтігіне ramus tubarius және анабезі – ramus ovaricus-тармақтарын береді; бала туғаннан кейін a.uterine өте иректі пішін алады.

6.A.rectalis media-ортаңғы тік ішек артериясы, не a.iliaca interna немесе a.vesicalis inferior-дан шығып, тік ішектің қабырғаларында тармақталып, aa.rectales superior et inferior-мен жалғасады,сондай-ақ несепағар мен қуыққа,қуықасты безіне, ұрық көпіршіктеріне,әйелдерде –қынапқа тармақтар береді.

7.A.pudenda interna-ішкі жыныс артериясы, жамбас астауында ең жақын бұлшықеттер мен plexus sacralis түбіршектеріне кішкене тармақшалар береді, негізінен diaphragma pelvis-тен төмен орналасқан мүшелер мен шатты ғана қанмен жабдықтайды.Жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы шығады да, spina ischiadica –ның артқы жағынан орай өтіп, кіші шонданай тесігі арқылы қайтадан жамбас астауына кіреді және нәтижесінде fossa ischiorectalis –ке келеді. Ол бұл жерде артқы тесік аймағындағы rectum-ның төменгі бөлімін (a.rectalis inferior), несеп шығаратын өзекті, шат пен қынапты(әйелдерде), бульбоуретралдық бездерді (еркектерде), сыртқы жыныс мүшелерін (a.dorsalis penis, a.clitorideus, a.profunda penis, s.clitorodis)қанмен жабдықтайтын тармақтарға ыдырайды.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: