Descrіptіve Statіstіcs

Frequencіes

Сонан соң, диалогтық тереземен жұмыс жүргізіледі (Диалогтық терезелер тарауын қараңыз): қажетті өзгермелілік таңдалып, қорытынды шығарылады.

Мобилдік кесте

Q68 Респонденттің жынысы

 

  Frequencіes  

Percent

Valіd Percent Cumulatіve Percent
Valіd 1.ерлер 486

40,5

40,5 40,5
   2.әйелдер 714

59,5

59,5 100,0
   Total

1200

100,0 100,0  
           

 

Frequencіes - жауаптар саны;

Percent - жалпы пайызы;

Valіd Percent - валидты пайыз;

Cumulatіve Percent - жиынтық пайызы.

 

Мобилдік кестені редакциялау үшін оның үстінен мауспен екі рет шеру керек.

 

Графиктер құру

 

Графиктер құру алдында мәліметтерді енгізу қажет. Оны әр түрлі тәсілдер арқылы жасауға болады: Мәліметтер редакторында мәліметтерді енгізу, SPSS форматында бұрын жасалынған мәліметтер файлын ашу, электронды кестені оқу және т.б.

Мәліметтер енгізілген соң, менюде оның типін таңдап, графикті құруға болады (Графиктер). Диалогтық терезе ашылып, ол арқылы қажетті өзгермеліліктер мен өлшемдерді таңдап алып, график құрылады.

 

 

Бағаналық диаграмма

 

 

Мәліметтерді статистикалық өңдеу

 

SPSS бағдарламасының көмегімен алуан түрлі статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, t - өлшемді есептеу, қос және жеке коррелляцияны шығару, бір- және көпфакторлық дисперстік талдау, сызықтық регресстік талдау, дискриминанттық талдау, факторлық талдау, иерархиялық кластерлік талдау және т.б.

Аталған рәсімдер келесі түрінде орындалады:

 менюдың Analyze тарауында талдаудың қажетті типі таңдалады;

 диалогтық терезеде өлшемдер енгізіледі;

 нәтижелер Қорытынды навигаторында шығарылады.


5-тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

Социологиялық мәліметтерді талдаудың объективтілігі көбінесе социологтың зерттеу объектісі мен пәнін білуіне байланысты.

Алынған мәліметтерді талдаудың сапалық бөлігі келесіден тұрады:

 Зерттелетін құбылыстар мен бұрын анықталған фактілермен салыстыру (зерттеу пәні туралы нығайтылған немесе теріске шығарылған болжамдармен бірге) арасындағы байланысты немесе заңдылықты анықтау;

 Анықталған байланыстар мен тенденцияларды сипаттай отырып, олардың қандай жағдайда орын алатынын ескерту қажет;

 Зерттеу мәліметтері негізінде олардың артында тұрған әлеуметтік проблеманы тұжырымдауға әрекет жасалынады;

 Зерттеу мәліметтерін зерттелетін құбылыстар туралы болжамдарға тықпаламау керек.

Осы барлық жәйттер өзінің жиынтығында зерттеудің бастапқы болжамдарын тексеру, жаңаларды ұсыну немесе ескілерді теріске шығару, сондай-ақ, эмпирикалық мәліметтерді белгілі бір әлеуметтік контекстіге енгізу арқылы түсіндіруді құрайды.

Әлеуметтік контекстіге енгізу социологтың “әлеуметтік тапсырысты” (нені зерттеу? қандай мақсатпен? қандай аумақта? респонденттердің іріктеу жиынтығы қандай және т.б.) тұжырымдауды білдіреді. Әлеуметтік тапсырысты тұжырымдау зерттеу бағдарламасын жасауға, болжамдарды анықтауға, түсініктемелік аппаратты таңдауға едәуір әсер етеді.

Эмпирикалық материалды алған соң (математикалық өңдеу және сызықтық үлестірулерді алу, әдетте, барлық белгілер бойынша пайызбен беріледі) оларды талдауға кірісу керек.

Мәліметтерді талдау кезеңдері

Бірінші кезең - мәліметтерді сипаттау. Социологиялық зерттеудің нәтижелерін сипаттау мынаны білдіреді:

 зерттелетін объектінің тіркелетін құбылыстарының өзара байланысын анықтау;

 алғашқы эмпирикалық мәліметтерді реттеу;

 тұрақты байланыстар мен тенденцияларды іздеу;

 зерттелетін объектінің (құбылыстың) тұрақты қасиеттерін іздеу.

Социологиялық ақпаратты сипаттау рәсімі барлық іріктеу жиынтығы мен жеке іріктеуді (жыныстық-жастық, аумақтық, кәсіби және т.б.) бағалануын есепке алуы тиіс. Бұл рәсімнің жүзеге асыруылуы зерттеу мәліметтерінің әрі қарай түсініктемелеуіне қажет.

Мысалы, респонденттердің кез келген мәселені бағалауы олардың білім цензіне, жасына, кәсібіне және т.б. байланысты болады. Сондықтан, іріктеудің сипаттамалары материалды талдау кезде үнемі есте болуы қажет.

Алынған мәліметтерді сипаттау кезінде материалды алғашқы қорытындылау үшін мәліметті “сығу” рәсімі (қарапайым топтарды, белгілерді ірілендіру) қолданылады. Мысалы, әлеуметтік өзгерістердің (жер туралы заңды қабылдау) қолдаушыларын немесе қарсыластарын анықтау.

Социологиялық мәліметті өңдеу зерттеудің алғашқы кезеңінің өзінде зерттеудің бағдарлауын (зерттелетін құбылыс туралы түсініктер, оны тіркеудің индикаторлар жиынтығы, құбылыс туралы болжамдар және т.б.) белгілейді. Зерттеуді бағдарлау жиынтығы эмпирикалық зерттеуде теріске шығарылатын немесе расталатын зерттеу объектісі туралы теориялық ұғымдар болып табылады.

Сонымен, негізгі ұғымдар мен индикаторлар жиынтығы мәліметтерді түсініктемелеудің кейінгі формасын береді.

Сипаттамалық талдау әдістерінің бірі топтастыру әдісі болып табылады.

Мәліметтерді топтастыру әдісі. Осы талдау рәсімінің алғашқы кезеңінде сұралған жиынтық ішінен біркелкі топтарды белгілеу қажет. Мысалы, орта білімі бар 20 мен 25 жастағы әйелдер.

Осындай топтың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы белгілі бір зерттеу мәселесі бойынша алынған пікірлерді түсіндіруге көмектесе алады. Топтастырылған сипаттамалық мәліметтерді салыстыру былай жүзеге асырылады:

1. басқа зерттеулердің мәліметтерімен;

2. бір-бірімен;

3. басқа белгілермен.

Топтастыру рәсімі нәтижесінде алынған мәліметтерді салыстыру зерттелетін құбылыстың жай-күйі мен сипаты туралы алғашқы қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Нәтижелерде тұрақты байланыстарды айқындау, оларды мысалы, екі белгі (жасы және дінге көзқарасы, 1 кесте) бойынша салыстыруды білдіреді.

 

1 кесте. Жасына байланысты діни сенімге көзқарас.

 

Жасы Сенетіні Жалтақтаушы Сенбейтіні Жауабы жоқ
18-30 25,3 52,5 15,2 7
31-45 30 47 12 11
46-60 40,8 33,5 14,3 10,2
61-ден жоғары 44,4 24,3 21,3 9

 

1 кестенің мәліметтері респондеттердің есейген сайын дінге сенімінің өсуінің тенденциясын көрсетеді.

Мәліметтерді талдаудың осы әдісімен қатар басқа да күрделі әдістер қолданылады: кластерлік талдау (объектілерді көп өлшемді жіктеу) және факторлық талдау (белгілердің көп бөлігін статистикалық талдау).

Социологиялық зерттеу мәліметтерін түсініктемелеу - социологтың социологиялық мәліметтерге беретін мән-мағыналар жиынтығы. Объектіге жатқызылатын мағыналардың негізгі тізімі зерттеу бағдарламасында. Болжамдар, зерттеу терминдері белгілі бір “қызығушылыққа” (көбінесе, зерттеуге әлеуметтік тапсырыс түрінде) ие әлеуметтік аясының мазмұнымен үндес. Әлеуметтік шындықты белгілі бір көзқараста қарастыру зерттеудің формальді емес бөлігі болып табылады және социологтың ғылыми мектебіне (білімдердің теориялық-методологиялық деңгейі) байланысты.

Зерттеу мәліметтерін түсініктемелеу кезінде мыналарды ескеру қажет:

А. адамдардың бір нәрсе туралы таптаурынды түсініктерінің деңгейі;

В. индивидтің белгілі бір топқа тиістілігі (топтық бағалаулардың әсері).

Екінші кезең - мәліметтерді түсіндіру. Ғылыми зерттеудегі түсіндіру деп зерттелетін пәннің (“құрылым”, “функция” және т.б.) немесе бағынатын заңның тұрақты байланыстарын жете түсіну болып табылады. Түсіндіру формаларының келесі негізгі түрлері ажыратылады:

а) себептік - басқа объектілермен заңдылықты байланыс орнату; объектінің жай-күйі оның өткен жай-күйі арқылы түсіндіріледі;

ә) себептік түсіндіру түрінде зерттеу болжамдарын талдау белгіленеді. Болжамдар зерттелетін объект туралы бар білімдерден құрырылады. Зерттеудің болжамдарды тексеруге бағдары зерттеуді қажетті байланыстарды (зертеу объектісін) тексерумен шектеуге мүмкіндік береді.

б) генетикалық - объектінің себептік-салдарлық байланыстарға енуі (оның шығу тегін қалпына келтіру);

в) құрылымдық-функциялық - объект жүйенің элементі немесе өзінің функциялық мәніне ие бөліктері бар тұтастық ретінде қарастырылады. Функция деп объектіге өзгермейтіндей тән және осы объектінің сақталуына мүмкіндік беретін белгілі бір жүріс-тұрыс әдісі түсіндіріледі.

Қоғам социология тұрғысынан, күрделі қызмет жасайтын жүйе болып табылады. Әлеуметтік институттар - бұл көп қырлы объектілер.

Қазіргі социологиялық зерттеулерде әлеуметтік проблеманы барынша жеткілікті шешетін бірқатар болжамдарды (баламалы) алға тартады. Болжамдарды тексеру процесі зерттеуде растау (теріске шығару) ретінде алға шығады әрі социологиялық мәліметтерді талдау кезінде ескеріледі.

Социология тәжірибесінде, әдетте, күрделі, аралас және қиыстырылған түсіндірмелер беріледі. Өйткені, әлеуметтік құбылыстарды ашу олардың көп қырлылығына орай түсіндірудің (себептік, функциялық, құрылымдық) әр түрлі типтерінің жиынтығын пайдаланумен жүзеге асырыла алады.

Дұрыстық өлшемі бойынша түсіндіру мынадай түрлерге бөлінеді:

  сенімді түсіндіру - объекті мен оған әсер ететін факторлар арасында себептік байланысты орнату үшін қажет эмпирикалық ақпараттың толық көлемде зерттеудің алғашқы материалдарында орын алуы (объекті мен оған әсер ететін факторлар арасында байланыстың орнауы);

  болжамдық түсіндіру - зерттелетін құбылыстың әлеуметтік контекстісін есепке алумен мәліметтерді қайта талдау (нақтылы зерттеудің мәліметтерінде ақпарат болмайды).

Үшінші кезең - үлгі негізінде түсіндіру. Әлеуметтік объектілерді теориялық типологизацияның түсіндіру (объектінің жетілген үлгісі негізінде әлеуметтік құбылыстардың белгілерін қорытындылау). Осы жағдайда объектіні түсіндіру оны жүйе деп түсінуден шығады (байланыстарды, объект құрылымының ерекшеліктерін айқындау).

Әлеуметтік объектінің теориялық үлгісінің екі негізгі түрі болады:

1) Абстракциядан туындайды (ұғымдар, мысалы, “идеалды газ”);

2) Эмпирикалық фактілерді қорытындылау негізінде құрылған (объектінің өлшемін қорытындылау, сұрыптау және комбинация).

Сонымен, зерттелетін объектінің үлгісі деңгейінде түсіндіру зерттеуде анықталған объектінің белгілерін салыстыруға, (бақыланатын құбылысты тіркеу жиілігі), сондай-ақ, зерттеу мәліметтерінің қабылданған үлгіден ауытқуының көлемін зерттеуге сүйенеді.

Зерттеуде алға қойылатын болжамдарды тексерудің жеке әдісі әлеуметтік эксперимент жүргізу болып табылады (зерттеу объектісіне сүйену). Эксперименттік жағдай тудыру үшін екі (ең кемінде) - эксперименттік (белгіленген әсер ету факторына ықпал жасау үшін) және бақылау (ықпал ету жоқ) іріктеуінің болуы қажет.

Әлеуметтік эксперимент үшін іріктеулерді қалыптастыруда - олар негізі әлеуметтік өлшемдер: жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері бойынша (зерттеу мақсаты үшін) бір-бірімен теңдестірілуі қажет. Осы жағдайда ғана әлеуметтік реакциялардағы айқындалған айырмашылықтарды бақылау факторының ықпалына жатқыза аламыз.

Алынған ақпаратты түсіндіру кезеңінде түсініктемелік болжамдар тексеріліп, зерттеліп жатқан әлеуметтік объектінің себептік-салдарлық байланыстары туралы негізгі қорытындылар алынуы тиіс.

Төртінші кезең - болжам рәсімі. Бұл рәсім талдаудың алдыңғы кезеңдерінің жүзеге асырылуы негізінде орындалады. Болашақта белгілі бір жағдайда зерттелетін объектінің (процестің, құбылыстың) дамуы жөнінде ықтималды пікірдің болуы белгіленеді.

Бұл кезең қайта зерттеулерді жүргізген уақытта ғана мүмкін (объектінің уақыт аралығында өзгеруінің тұрақты тенденциясын анықтау).

Әлеуметтік болжамның шектеулі сипаты болатынын ұмытпау керек. Әлеуметтік жүйелер өзара тәуелді болғандықтан, ол объектіге әсер етіп оның болжамына қатысты айтылғанының жүзеге асырылмауына әкелуі мүмкін.

Болжамның келесі түрлері болады:

  Тривиалды (тұрақты әлеуметтік жүйеде болып жатқан қарапайым оқиғаларды алдын ала білу);

  Тривиалды емес (тривиалды емес оқиғалардың болуына орай әлеуметтік жүйенің өзінде өзгерістерді алдын ала білу).

Тривиалды болжам зерттелетін объект жөнінде мәліметтер сериясын алуын белгілейді. Мысалы, “Отан” партиясының жақтаушыларының бірнеше ай аралығында өсуі:

 

Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір
35% 38% 40% 41,2%

 

Болжам жасау кезінде болжамдалатын объектінің жүріс-тұрысына әсер ете алатын факторларды - “болжам айналасын” есепке алу қажет. Болжам әдісінің бірі - сарапшыларды сұрау (Дельфи әдісі). Қандай да бір объектіге қатысты болжамды жүзеге асыру үшін белгілі бір ереже бойынша сарапшылар - осы білім саласындағы мамандар таңдап алынады. Олардың әрқайсысы өзінің оқиға болжамын жүзеге асырады. Содан кейін, осы мәліметтер қорытындалып, болжамдық құндылық көрсеткіші шығарылады.

Алайда болжам қандай әдістемемен жүзеге асырылмасын, ол міндетті түрде өзінің әрекет етуінің кеңістік пен уақыт шекарасына сондай-ақ, оған әсер ететін “айнала” факторларын көрсетуден тұруы тиіс.

Зерттеу нәтижелерін ұсыну

 

Социологиялық зерттеудің қорытындысы есеп түрінде көрінеді. Есеп - директивті шешімдер мен монографиялар, ұжымдық жарияланымдар, кітаптар, жинақтар, мақалалар, диссертациялар және т.б. түріндегі әр түрлі материалдар дайындау үшін негізгі құжат болып табылады.

Есептің сипаты көбіне зерттеу типіне, атап айтқанда, ол ғылыми немесе қолданбалы мақсаттарға сәйкес жүргізілді ме, осыған байланысты болады.

Ғылыми мақсаттарға сәйкес жүргізілген зерттеулерде есеп жасаған кезде ең алдымен, проблеманың мұқият қойылуына, олардың тұжырымдық жағынан дайындалуына және зерттеу міндеттерінің құрылуына көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда проблеманың жасалуының жай-күйі және оған қолданылатын тұрғылар жеке қарастырылады. Есептің арнайы бөлімі методология проблемаларына - зерттеудің құралдар жиынтығын таңдау мен негіздеуге, іріктеу типологиясына, әлеуметтік ақпарат жинау әдістеріне арналады. Жеке бөлім түріндегі есепте алынған социологиялық зерттеу нәтижелеріне мазмұнды талдау жасалынады. Есептің осы бөлімі тәжірибелік нәтижелер мен нақтылы қорытындыларға жөн сілтеумен аяқталады.

Есептің қосымшаларына іріктеуді негіздеу және оның сапалы сипаттамаларын қоса барлық алдыңғы бөлімдердің ережелерін көрсететін материалдардан тұрады. Осында мәліметтерді жинау жүргізілген негізі әдістемелік материалдар, үлестірулер мен табулеграммалардың негізгі кестелері орналасқан.

Есептің осындай түріне “тапсырыс” зерттеулерінде де жол беріледі. Мұндай зерттеулер кезінде есеп дайындағанда ең алдымен тәжірибелік қорытындылар мен нақтылы ұсыныстарға көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, тапсырыс беруші үшін есеп оған осы іс-әрекет аясының өзіне тән ерекшелігіне жауап беретін, яғни тапсырыс берушіге ыңғайлы, түсінікті болатын тиісті тілді білдіреді. Әдетте, толық есеппен қатар, орындаушы шешілетін міндеттердің негізгі мазмұны мен олардың жүзеге асырылу жолдарын көрсететін қысқартылған нұсқасын дайындайды.

Есепке қойылатын негізгі талаптар:

 жүргізілген зерттеу объектінің барлық деңгейлерінің толық және терең бейнеленуі, оның барлық бөлімдерінің өзара байланыстылығы мен ғылыми ізденістің өз логикасы;

 бағдарламамен жасалынған зерттеудің методологиялық аппаратын дәлме-дәл ұстану;

 орындалатын рәсімдердің логикалық дәйектілігін көрсету, жинақтау жаңа білімдерді түсініктемелеу процесінде олардың әрқайсысының орыны мен рөлін көрсету, социологиялық фактіні түсініктемелеу эмпирикалық мәліметтер мен теориялық негіздеулерді реттеудің барлық орындалатын операцияларын айқын белгілеу маңызды;

 зерттеуге тартылатын барлық ұйымдарды, нұсқаулық кадрлар құрамы мен оларды дайындау тәртібін, зерттелетін бірліктер мен сипатын, формасы мен әдістерін көрсету қажет. Материалды жинауды ұйымдастырудың өзін тура көрсетіп, қосымшада зерттеуде пайдаланылатын құжаттардың барлық үлгілерімен таныстыру маңызды. Сонымен қатар, зерттеуші есепте ақпаратты кодтау жүйесі мен оны машиналық өңдеудің пайдаланылған әдістерінің дұрыс көрсетілуіне көңіл бөледі.

Зерттеу ұсыныстары:

Кез келген есептің міндетті компоненті есептік мәліметтерді талдаудан шығатын негізгі ұсыныстар тізімін білдіретін ұсыныстарды дайындау болып табылады. Ұсыныстар аса мақұлданған сипатта болады және оларға тек ғылыми немесе тәжірибелік іс-әрекетке жатқызылатын нәрсе ғана енгізіледі. 

Есептерді дайындау:

Есепті техникалық дайындау үшін бірыңғай стандарттар жоқ. Сонымен бірге, зерттеу ұйымдарының іс-әрекет тәжірибесінде есепттерді ұсынудың белгілі бір стандарттары қалыптасқан. Әдетте, социологиялық зерттеудің тапсырыс берушілеріне техникалық және талдамалық деген екі есеп ұсынылады.

Мысал: Техникалық есеп.

Социологиялық зерттеу нәтижелерін ұсынудың халықаралық тәжірибесінде (әсіресе ол маркетингтік зерттелерге қатысты) есеп Power Poіnt графикалық бағдарламасын пайдаланумен берілуі тиіс деген бір стандарт бар.

Мысал: Есепті Power Poіnt-та дайындау.

 

Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу

 

Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткізу қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкін әрі тиіс.

Соңғы кездері баспа, электронды сияқты әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары социологиялық сұраудың нәтижелерін пайдалануға талпынады. Әдетте, БАҚ социологиялық сұрауларды дәлел келтірудің немесе иллюстрацияның белгілі бір құралы ретінде пайдаланады. Кейбір БАҚ социологиялық сұрау көмегімен өзінің рейтингін көтереді. Адамдар әдетте сұрау нәтижелерін қызығушылықпен түсіне отырып, көптеген БАҚ-дың өздері социологиялық зерттеудің жүргізілуіне тапсырыс жасайды. Мұндай тәжірибе қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында бар. 90-жылдары “Гиллер институты” деген атпен белгілі қоғамдық пікірді зерттеу орталығы “Караван” газетінің құрылтайшыларымен құрылғаны белгілі. Караван газеті өзінің беттерінде осы институттың зерттеу нәтижелерін апта сайын жариялап отырды (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).

“Панорама” газеті құрамына кәсіби социологтар кіретін сарапшылар тобы (VІP Problem тобы) бірнеше жылдар бойы сараптамалық сұраулардың нәтижелерін жариялайтын айдарды жүргізуде (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).

Хабар агенттігі талдамалық бағдарламаларында, сондай-ақ жаңалықтар топтамасында “КОМКОН-2 Еуразия” зерттеу компаниясы жүргізген социологиялық зерттеудің нәтижелерін жиі пайдаланады.

2002 жылы “Казахстанская правда” республикалық апталық газеті елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің ең өзекті мәселелері, сыртқы саясат мәселелері және т.б. бойынша сараптамалық сұраулар өткізу “Социоөлшеу” жөніндегі жобасының бастамасы болды. Бұл жобаны “Казахстанская правда” газетінің саясат бөлімі “ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтымен бірлесе жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында социологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы есептердің өзі олардың тапсырыс берушілері болған басылымдар материалдары түрінде болады.

Сонымен бірге, өткізілген социологиялық зерттеу туралы есепте баяндалған нәтижелер БАҚ-тағы тиісті басылымдар арқасында қалың жұртшылыққа жеткізілетіні жөнінде мысалдар көп (мысал, мақала көшірмесі).

Осымен қатар, барлық белгілі социологиялық компаниялар өз зерттеулерінің нәтижелерін (тапсырыс берушінің келісілуімен) өз сайттарында жариялайды, бұл ақпаратты олар әрдайым жаңартып отырады. Социологиялық зерттеу нәтижелері берілген социологиялық орталықтар шығаратын электрондық жаршылар да бар. Қазақстанда осы бірегей тәжірибе социологиялық және маркетингтік қызмет көрсету нарығында белгілі “БРИФ” Агенттігімен енгізілген. Көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар “Караван” жаршысын алады (мысал, мақала көшірмесі).


МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ..................................................................................................................................................

I бөлім. СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТЫ................................................................

1-тарау. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ...............................................................................................

Социологияның объектiсi мен пәнi.............................................................................................

Социологиялық бiлiмнiң құрылымы.........................................................................................

Социологияның функциялары..................................................................................................

2-тарау. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГIЗГI КАТЕГОРИЯЛАРЫ

МЕН ҰҒЫМДАРЫ..........................................................................................................................

Социологияның категориялары мен ұғымдарын жiктеу........................................................

Қоғам жүйе ретiнде.....................................................................................................................

Әлеуметтiк iс-әрекеттер, өзара iс-қимылдар және

қарым-қатынастар.......................................................................................................................

Қоғам құрылымындағы тұлға....................................................................................................

Әлеуметтiк мәртебелер және рөлдер.........................................................................................

Әлеуметтiк стратификация.........................................................................................................

Әлеуметтiк топтар.......................................................................................................................

Әлеуметтiк институт...................................................................................................................

Әлеуметтiк ұйымдар...................................................................................................................

3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ....................................................

Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негiздерi.......................................

Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективтiк шолу).......................

Қазақстанда қазiргi заманғы социология ғылымы дамуының негiзгi бағыттары................

II бөлім. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ...........................

1-тарау. КЛАССИКАЛЫІ ӘЛЕУМЕТТIК ТЕОРИЯ

ПРОТОСОЦИОЛОГИЯ РЕТIНДЕ................................................................................................

Әлеуметтiк бiлiм эволюциясы....................................................................................................

Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу..........................................................................

Ежелгi Шығыс пен Ежелгi Греция мемлекеттерiндегi

әлеуметтiк iлiмдер........................................................................................................................

Орта ғасырлардағы әлеуметтiк таным......................................................................................

Жаңа дәуiрдiң социологиялық ойлары.....................................................................................

Ағылшын ағартушылығы...........................................................................................................

Француз ағартушылығы...........................................................................................................

Немiс ағартушылығы................................................................................................................

Қорытынды................................................................................................................................

2-тарау. КЛАССИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯ ТАРИХЫ: ИДЕЯЛАРЫ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ӨКIЛДЕРI.......................................................................................................................................

Огюст Конт................................................................................................................................

Джон Стюарт Милль.................................................................................................................

Карл Маркс.................................................................................................................................

Герберт Спенсер........................................................................................................................

Вильфредо Парето.....................................................................................................................

Фердинанд Теннис....................................................................................................................

Эмиль Дюркгейм.......................................................................................................................

Гаэтано Моска............................................................................................................................

Георг Зиммель............................................................................................................................

Макс Вебер.................................................................................................................................

3-тарау. ҚАЗIРГI ЗАМАН СОЦИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ

МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ..................................................................................................

Жаһанданудың қазiргi теориялары..........................................................................................

Рональд Робертсонның мәдени центристiк теориясы...........................................................

Энтони Гидденстiң жаїандану теориясы................................................................................

Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы.................................................................

Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану

процесi........................................................................................................................................

“Қайраткер — құрылым” теориялары қазiргi қоғамды зерттеудiң құралы ретiнде...........

Маргарет Арчердiң морфогенез теориясы..............................................................................

Энтони Гидденстiң құрылымдық теориясы...........................................................................

Қызмет және құрылым: Джеффри Александердiң жаңа функционализмi..........................

Жаңа институционализм теориясы.........................................................................................

Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы........................

ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ...........................................................................................

1-тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯ..........................................................................

Экономикалық социология пәнi..............................................................................................

Экономикалық социологияның тарихи дамуы......................................................................

Экономикалық социологияның негiзгi категориялары........................................................

Нарық социологиясы................................................................................................................

Кәсiпкерлiк социологиясы.......................................................................................................

Шаруашылық ұйым социологиясы.........................................................................................

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту порблемасының

социологиясы.............................................................................................................................

2-тарау. САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ...............................................................................................

Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы....................................................................

Саясаттану және саяси-әлеуметтiк пікір алысулардың

айырмашылығы.........................................................................................................................

Саяси социологияның зерттеу объектiсi мен пәнi.................................................................

Саяси социологияның субъектiсiн түсiну...............................................................................

Саяси социологияның әдiстерi және заңдылықтары.............................................................

Институттар — саяси социологияның орталық категориясы

ретiнде.........................................................................................................................................

Билiкке түсiнiк беру..................................................................................................................

Саяси социологиядағы мемлекет категориясы......................................................................

Азаматтық қоғам және оның институттары...........................................................................

Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны..............................................................

Саяси жетекшiлiк.......................................................................................................................

Қоғамдық пiкiрдiң саяси социологиясы.................................................................................

3-тарау. ҒЫЛЫМ, БIЛIМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

СОЦИОЛОГИЯСЫ.......................................................................................................................

Ғылым социологиясы...............................................................................................................

Бiлiм беру социологиясы..........................................................................................................

Мәдениет социологиясы...........................................................................................................

4-тарау. ДIН СОЦИОЛОГИЯСЫ................................................................................................

Дiн социологиясының қалыптасуы мен дамуы.....................................................................

Дiн және қоғам. Дiннiң әлеуметтiк функциялары.................................................................

Дiни ұйымдар мен дiни индивид типологиясы.....................................................................

5-тарау. ЭТНОСОЦИОЛОГИЯ....................................................................................................

Этникалылықтың теориялық мәселелері................................................................................

Этносаралық қатынастар..........................................................................................................

Қазақстандағы этносаралық қатынастарды социологиялық

зерттеу.........................................................................................................................................

Этносоциологиялық зерттеу методологиясы.........................................................................

6-тарау. ЖАНЖАЛДАР СОЦИОЛОГИЯСЫ.............................................................................

Әлеуметтiк жанжал табиғаты...................................................................................................

Жанжалды жіктеу......................................................................................................................

Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі..................................................................................

Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдiстерi..........................................................

Жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтiк әрекеттесуiнiң түрi

ретiнде.........................................................................................................................................

ІV бөлім. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ............

1-тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІі МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ЛОГИКАСЫ.......

Ғылыми және социологиялық зерттеудің методологиясы

мен логикасы.............................................................................................................................

Социологиялық зерттеудің кезеңдері......................................................................................

Социологиялық зерттеудің бағдарламасы..............................................................................

Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы..........................................

Сипатты есептеу........................................................................................................................

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері.............................................................................

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы.......................................................................

2-тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ,

БАҒЫТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ....................................................................................................

Социологиялық зерттеулерді жіктеу.......................................................................................

Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік................................................

Формализмге негізделген сұрау...............................................................................................

Формализмге негізделмеген сұхбат.........................................................................................

Фокус-топ...................................................................................................................................

Бақылау.......................................................................................................................................

Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың халықаралық ережелері.............

 

3-тарау. ЗЕРТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ.............................................................

Формализмге негізделген сұрақнама......................................................................................

Фокус-топтың гайды.................................................................................................................

4-тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ..............................................................................

10.0.5. нұсқасындағы SPSS статистикалық мәліметтер........................................................

жинаудың, талдаудың көпфункционалдық кешені...............................................................

5-тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІН

ТАЛДАУ.........................................................................................................................................

Мәліметтерді талдау кезеңдері.................................................................................................

Зерттеу нәтижелерін ұсыну......................................................................................................

Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу..........................................................................

 


[1] Кестеде ҚР ЖАК бекiткен барлық докторлық диссертациялар келтiрiлген.

[2] Диссертация қазақ тiлiнде қорғалған.

[3] Кiтаптың IV бөлiмiн қараңыз — “Социологиялыє зерттеудiң әдiстемесi мен әдiстерi”





Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: