Полиция капитаны М.С.Мукашев 1 страница

=========================================================

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша

ұстап алынған адамды босату туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                     

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы 01 қаңтарда 11 сағат 00 минут-12 сағат 30 минут аралығы кезеңінде 15.06.1989 ж.т., Д.Қ.Бакиров мына мекенжай бойынша: Гравийная көш. №1 үй ауласында болып, ашық кіру арқылы алюминий фляганы ұрлап әкеткен, осы арқылы 1967 жылы туған азамат З.Мартбековқа 10 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Көрсетілген мән-жайлар кезінде Д.Қ.Бакиров Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті ретінде ұстап алу мән-жайлары.

20___ жылғы 1 қаңтарда 13 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасының ҚПК 128-бабы тәртібімен 15.06.1989 ж.т. азамат Д.Қ.Бакиров ұстап алынды, ол мына: Энск қ., Сейфуллин көш., 125 үй мекен-жайы бойынша тұрады, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орташа, бұрын сотталмаған. 

Жазылғандарды назарға ала, іс материалы бойынша Д.Қ.Бакировқа қатысты бұлтартпау шарасы – күзетпен ұстауды таңдау үшін және оны УҰИ одан әрі ұстауға негіз жоқ екенін ескере келе, Қазақстан Республикасының ҚПК, 198,133-бабы 1-бөлігінің талаптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Д.Қ.Бакиров, 15.06.1989 ж.т. Энск қ., ІІБ УҰИ-дан дереу босатылсын.

2. Д.Қ.Бакировқа ұстап алынғаны туралы анықтама берілсін.

3. Осы қаулы Энск қ., ІІБ УҰИ бастығына орындау үшін жіберілсін.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы

ҚАУЛЫ

 Энск қ.                                                         2016 жылғы 01 ақпан

                                

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

Тегі, аты, әкесінің аты: Бакиров Дамир Қайратұлы

Туған жылы, айы және күні: 16.05.1989 ж.т.

Туған жері: ОҚО, Энск қ.

Тұратын жері: ОҚО, Энск қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер,тел.: 8 707 518 05 37

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының.

Білімі: орта

Партияда болуы: партияда жоқ

Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді

Отбасылық жағдайы: үйленбеген

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланды ма: сайланған жоқ

Паспорт немесе басқа құжат: №134512578 жеке куәлігі,Қазақстан Республикасының ІІМ 2009 жылғы 21 тамызда берген

Қорғаушы қажет пе: қамтамасыз етілген

Қандай тілде айғақ беруді қалайды: орыс тілінде.

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес

Соттылығы: бұрын сотталмаған

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы 19 қаңтарда шамамен 17:00 сағатта Д.Қ.Бакиров Энск қ. Ломоносов көш. бойында орналасқан теміржол вокзалының жанында болып, алдау және З.Мартбековтың сенімін теріс пайдалану арқылы соңғысына тиесілі мүлікті иемденіп алған, осы арқылы З.Мартбековқа 23 000 теңге материалдық залал келтірген.

Нақты айтқанда, З.Мартбеков 20__ жылғы 19 қаңтарда шамамен 19.00 сағатта Энск қ., Ломоносов пен Уалиханов көшелерінің қиылысында орналасқан Энск Теміржол вокзалының жанындағы алаңда оған бұрын таныс емес З.Мартбеков пен С.Ж. Аязбергенов келіп, жалдамалы 2-бөлмелі пәтер туралы сұрайды, Д.Қ.Бакиров жалға беретін пәтері болмаса да, қасақана, пайдакүнемдік мақсатпен, бөтен біреудің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ұрлау мақсатында, З. Мартбековты шатастырып, бірнеше мәрте әрекет жасай отырып, Энск қ., Кереев көш., орналасқан меншікті пәтері бар екенін және оны 10 000 теңгеге жалға беруге дайын екенін айтқан.

З. Мартбековтың пәтерді жалдау құнын төлеуге мүмкіндігі болмағандықтан Д.Қ.Бакиров кепіл ретінде өзінің «Самсунг-Ериксон» ұялы телефонын ұсынады, оған соңғысы келіседі. Олар Энск қ., Кереев көшесінде орналасқан №1 үйдің ауласына өтеді, сеніп қалған З.Мартбеков алданып отырғаны туралы білмей Д.Қ.Бакировқа пәтер ақысы ретінде құны 5000 теңге болатын өзінің «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын береді, Д.Қ.Бакировқа өз кезегінде өзінің ұсынысын жүзеге асыруға ұмтылмай, оған қоса пәтер ұсынудың нақты мүмкіндігі болмай тұрса да З.Мартбековтың ұялы телефонын алаяқтық жолмен алып, қылмыс жасалған орыннан кетіп қалады. Д.Қ.Бакировтың алаяқтық әрекеті салдарынан жәбірленуші З.Мартбековқа 5000 теңге сомасында материалдық залал келтірілген.

Қазақстан Республикасының ҚПК 136-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынады не істің объективті тергелуіне не оны сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастыра береді деген жеткілікті негіздер болғандықтан, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органның үкімін орындауды қамтамасыз ету үшін өз құзыреті шегінде бұл адамға осы Кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқылы.     

Д.Қ.Бакировтың қылмыс жасауға бейім болу мән-жайларын ескере отырып, оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туындады.

Айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК 136, 140, 141,198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Дамир Қайратұлы Бакировқа, 16.05.1989 ж.т., қатысты «Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылсын, бұл туралы оған осы қаулыға қол қойғыза отырып хабарлансын.

2. Осы қаулының көшірмесі Д.Қ.Бакировқа тапсырылсын және мұнымен бірге Қазақстан Республикасының ҚПК көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағым беру тәртібі түсіндірілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

                                     

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

Тегі, аты, әкесінің аты: Бакиров Дамир Қайратұлы

Туған жылы, айы және күні: 16.05.1989 ж.т.

Туған жері: ОҚО, Энск қ.

Тұратын жері: ОҚО, Энск қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер,тел.: 8 707 518 05 37

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының.

Білімі: орта

Партияда болуы: партияда жоқ

Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді

Отбасылық жағдайы: тұрмыста емес

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланды ма: сайланған жоқ

Паспорт немесе басқа құжат: жеке куәлігі№ _________

Қорғаушы қажет пе: қамтамасыз етілген

Қандай тілде айғақ беруді қалайды: орыс тілінде.

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес

Соттылығы: бұрын сотталмаған

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы 19 қаңтарда шамамен 17:00 сағатта Д.Қ.Бакиров Энск қ. Ломоносов көш. бойында орналасқан теміржол вокзалының жанында болып, алдау және З.Мартбеков сенімін теріс пайдалану арқылы соңғысына тиесілі мүлікті иемденіп алған, осы арқылы З.Мартбековқа 23 000 теңге материалдық залал келтірген.

Нақты айтқанда, Д.Қ.Бакиров, 20__ жылғы 19 қаңтарда шамамен 19.00 сағатта Энск қ., Ломоносов пен Уалиханов көшелерінің қиылысында орналасқан Энск Теміржол вокзалының жанындағы алаңда оған бұрын таныс емес З.Мартбеков пен С.Ж. Аязбергенов келіп, жалдамалы 2-бөлмелі пәтер туралы сұрайды, Д.Қ.Бакиров жалға беретін пәтері болмаса да, қасақана, пайдакүнемдік мақсатпен, бөтен біреудің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ұрлау мақсатында, З.Мартбековты шатастырып, бірнеше мәрте әрекет жасай отырып, Энск қ., Кереев көш., орналасқан меншікті пәтері бар екенін және оны 10 000 теңгеге жалға беруге дайын екенін айтқан.

З.Мартбековтың пәтерді жалдау құнын төлеуге мүмкіндігі болмағандықтан Д.Қ.Бакировқа кепіл ретінде өзінің «Сони-Ериксон» ұялы телефонын ұсынады, оған соңғысы келіседі. Олар Энск қ., Кереев көшесінде орналасқан №1 үйдің ауласына өтеді, сеніп қалған З.Мартбеков алданып отырғаны туралы білмей Д.Қ.Бакировқа пәтер жалы ретінде құны 5000 теңге болатын өзінің «сони-Ериксон» маркалы ұялы телефонын береді, Д.Қ.Бакировқа өз кезегінде өзінің ұсынысын жүзеге асыруға ұмтылмай, оған қоса пәтер ұсынудың нақты мүмкіндігі болмай тұрса да З.Мартбековтың ұялы телефонын алаяқтық жолмен алып, қылмыс жасалған орыннан кетіп қалады.

Д.Қ.Бакировтың алаяқтық әрекеті салдарынан жәбірленуші З.Мартбековқа 5000 теңге сомасында материалдық залал келтірілген.

Қазақстан Республикасының ҚПК 136-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынады не істің объективті тергелуіне не оны сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастыра береді деген жеткілікті негіздер болғандықтан, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органның үкімін орындауды қамтамасыз ету үшін өз құзыреті шегінде бұл адамға осы Кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқылы.

20__ ж. 12 қаңтарда Энск қ., ІІБ-ге күдікті Д.Қ.Бакировтың ата-анасы–Қ.Бакиров және Н.Бакирова жазбаша өтінішхатпен келді, өтінішхатта өз қыздарына қатысты жеке кепілгерлік түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды өтінеді, онда оның тиісті мінез-құлық көрсететіні және қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келетіні туралы көрсетті.

Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ Д.Қ.Бакировтың ата-анасы күдіктімен бірге тұрғандықтан, бұрын сотталмағандықтан олар сенімге лайық болып отырған мән-жайды ескере отырып, Д.Қ.Бакировқа қатысты жеке кепілгерлік түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға болады.

Жазылғанның негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК 136, 140, 142, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Дамир Қайратұлы Бакировқа, 16.05.1989 ж.т., қатысты «жеке кепілгерлік» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылсын, бұл туралы күдіктінің ата-анасынан жазбаша міндеттеме алынсын.

2. Күдікті Д.Қ.Бакировтың кепілгерлері ретінде–Бакиров Қайрат Жұманұлы, 11.01.1952 ж.т., сондай-ақ Бакирова Назира Болатқызы, 15.05.1954 ж.т, танылсын,олар бұрын сотталмаған, Энск қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер мекенжайы бойынша тұрады.

3. Кепілгерлерге олар кепілгер болып отырған адамға қатысты күдіктің мәні, күдікті алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы қолданылып отырған әрекеттер жасаған жағдайда оларға ақшалай өндіріп алу қолданылатын жауаптылық түсіндірілсін.

4. Осы қаулының көшірмесі Д.Қ.Бакировқа берілсін және сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҚПК көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағым жасау тәртібі түсіндірілсін.

5. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)               Н.С.Мукашев

        

    Қаулымен таныстық, оға қатысты біз кепілдік беріп отырған адамға келтірілген күдік мәні және күдікті алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы қолданылып отырған әрекеттер жасаған жағдайда болатын жауаптылық бізге түсіндірілді:

                       _________________ кепілгер Қ.Ж.Бакиров

(қолы)

_________________ кепілгер Н.Б.Бакирова

            (қолы)

 

Қаулы хабарланды:                                       20__ ж. «___» қаңтар

Таныстым және сонымен қатар бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағым жасау тәртібі түсіндірілді.

 

Күдікті:_________________ Д.Қ.Бакиров

 

                     (қолы)

=========================================================

Күдікті

Алмаз Даулетұлы Байжұмановқа

кепілді қолдану

САНКЦИЯ БЕРЕМІН

Энск қаласының прокуроры

әділет аға кеңесшісі

___________ Т.Р.Садиков

Ж. «___»___________

 

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы

Қ А У Л Ы

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

Тегі, аты, әкеісінің аты:            Дулат Заңғарұлы Қанағатов

Туған жылы, айы және күні:              24.07.1985 ж.т.  

Туған жері:                                Энск қ.

Тұрғылықты жері:                     Энск қ., Сәтпаевк-сі, 24-үй,

52-пәтер. Тел.: 8 707 516 07 37

Ұлты:                                         қазақ

Азаматтығы:                              Қазақстан Республикасының

Білімі:                                         орташа

Партияда болуы:                                партияда емес

Жұмыс орны, лауазымы:          уақытша жұмыс істемейді

Отбасылық жағдайы:                үйленген, 2 бала тәрбиелеуде

Үкіметтік марапаттаулары:      жоқ

Депутат болып сайланған ба:   сайланбаған

Паспорт немесе басқа құжаттары:     жеке куәлігі №1542656146 Қазақстан Республикасының ІІМ 21.05.2005 жылы берген

Қорғаушы қажет пе:                  қамтамасыз етілген

Қандай тілде жауап бергісі келеді:    орысша.

Әскери міндетке қатысы:          әскери міндетті

Соттылығы:                               бұрын сотталмаған

 

АНЫҚТАДЫМ:

05.01.20__жылы шамамен 17:00 сағатта Д.З.Қанағатов Энск қаласы Жеңіс көшесі бойынша орналасқан Темір жол вокзалының жанында Қ.С.Сайлауовтың сенімін қасақана пайдалану және алдау жолымен соңғысына тиесілі мүлікті иеленді, осылайша Қ.С.Сайлауовқа 23 000 теңге сомаға материалдық залал келтірген.

07.01.20__ж. Д.З.Қанағатовтың әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша қайта сараланған. 

Күдіктіге Қазақстан Республикасының ҚПК 64-бабының 9-бөлігінде көзделген құқықтары түсіндірілген кезде Д.З.Қанағатов оған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухат жазды. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Д.З.Қанағатов онда құны 2 000 000 теңге тұратын «Лада – Гранта» маркалы, м/н М 797 REА В автокөліктің барын растайтын құжаттарды ұсынды. Қазақстан Республикасының ҚПК 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамға ҚПК-тің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

Саржанов жасаған әрекет ауырлығы аз қылмыс санатына жатады.

Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ Д.З.Қанағатовтың бұрын сотталмағандығы, оң мінездемеге ие екендігі, келтірілген материалдық залалады өтеуге дайын екендігі және кепіл түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухаты есепке алына отырып Д.З.Қанағатовқа қатысты бұлтартпаудың көрсетілген шарасы қолданылуы мүмкін.

Жазылғанның негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК 136, 140, 145, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Қазақстан Республикасының азаматы, Энск қаласының тұрғыны 24.07.1985 ж.т. күдікті Д.З. Қанағатовқа қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылсын.

2. Д.З.Қанағатовқа меншік құқығына тиесілі «Лада-Гранта» маркалы м/н М 797 REА автокөлік түріндегі кепіл Халық банкінің №00001312151515 депозиттік шотына енгізілуі тиіс елу есе айлық көрсеткіште айқындалсын.

3. Д.З.Қанағатовқа меншік құқығына тиесілі «Лада-Гранта» маркалы м/н М 797 REА автокөлікке тыйым салынсын.

 

Осы қаулының көшірмесі 20__ ж. "___" қаңтарда маған берілді және ҚПК 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілді.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны            (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

«КЕЛІСІЛГЕН»

Энск гарнизоны

Әскери полиция

бөлімінің бастығы

Подполковник

Д. Нариманов

20___ жылғы «___» қаңтар

 

 

Әскери қызметшіні әскери бөлім қолбасшылығының байқауда байқауында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                                     

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

Т.А.Ә.А.                                  Бакиров Дамир Қайратұлы

Туған жылы:                         16 мамыр 1989 ж.т.

Туған жері:                           Энск қ-сы

Мекенжайы:                                   Энск қ-сы, Мәметова к-сі,39-үй

Ұлты:                                    қазақ

Азаматтығы:                              Қазақстан Республикасы

Білімі:                                    орта

Жұмыс орны және лауазымы: 66597 ә/б жедел қызметінің әскери

                                                        қызметшісі

Отбасылық жағдайы:                бойдақ

Үкіметтік марапаттаулары:  жоқ

Соттылығы:                                    бұрын сотталмаған

 

АНЫҚТАДЫМ:

08.01.20__ жылы сағат 18:45-та Энск гарнизоны ӘПБ кезекші бөліміне 30238 ә/б командирі подполковник Қ.А.Жанабаевтан 597 ә/б әскери қызметшісі жедел қызметтің қатардағы Қ.Бакировтың қызметтік кабинетінің жанында тәртіпсіздік жасағаны туралы хабарламасы түсті. Дәлірек айтқанда ол оған ашық айтқанда этимологиясында А.Жанабаев пен оның балаларын өлтіруге қауіп төндіре отырып қорқыту мағынасындағы нормативтік емес лексикадағы дөрекі сөздер айта отырып әлімжеттік көрсетпекші болып қатер төндірген, оның кабинетінің есігін қолының жұдырығымен ұрғылаған.

Қатардағы Қ.Бакиров өзінің құқыққа сай емес әрекеттерімен бөлім қолбасшысын сыйламайтындығын көрсетіп, өлтірумен қорқытумен, денсаулығына зиян келтірумен білдірілген психикалық күш қолданып, бөтеннің мүлкіне оның құны мен эстетикалық түрін бүлдіре отырып зиян келтірді.

Күдікті К. Бакировты оқшаулау қажеттілік туғызбайтындығын назарға ала отырып және осы адамның бұрын сотты болмағандығын, 597 ә/б нақты жедел қызметті өткеруде екендігін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК 136-140 және 143-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. 597 ә/б әскери қызметшісі 1989 жылғы 16 мамырда туған күдікті Дамир Қайратұлы Бакировқа «597 ә/б қолбасшылығының қадағалауы» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылсын, оған осы қаулыға қол қойғызу арқылы хабарлансын.

2. Осы қаулының көшірмесі 597 ә/б командиріне орындау үшін жіберілсін.

3. Осы қаулының көшірмесі Энск гарнизоны әскери прокурорына жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)             Н.С.Мукашев

 

20__ жылғы «___» қаңтарда қаулымен таныстым, көшірмесін алдым, оған шағымдану тәртібі туралы осымен бір уақытта түсіндірілді.

Күдікті _______________________ Д.Қ.Бакиров

 

597 ә/б командирі

полковник Н.Нұрланов

        

Қазақстан Республикасының ҚПК 143-бабының 2-бөлігіне сәйкес әскери қызметші Қ.Бакировқа қолбасшылығының қадағалауы түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы орындау үшін жіберіледі.

Күдіктену мәні: 08.01.20__ жылы сағат 18:45-та Энск гарнизоны ӘПБ кезекші бөліміне 30238 ә/б командирі подполковник А.Жанабаевтан 597 ә/б әскери қызметшісі жедел қызметтің қатардағы Қ.Бакиров оның қызметтік кабинетінің жанында тәртіпсіздік жасағаны туралы хабарламасы түсті. Дәлірек айтқанда ол оған ашық айтқанда этимологиясында Жанабаевпен пен оның балаларын өлтіруге қауіп төндіре отырып қорқыту мағынасындағы нормативтік емес лексикадағы дөрекі сөздер айта отырып әлімжеттік көрсетпекші болып қатер төндірген, оның кабинетінің есігін қолының жұдырығымен ұрғылаған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: