Полиция капитаны М.С.Мукашев 2 страница

Қатардағы Қ.Бакиров өзінің құқыққа сай емес әрекеттерімен бөлім қолбасшысына сыйламайтындығын көрсетіп, өлтірумен қорқытумен, денсаулығына зиян келтірумен білдірілген психикалық күш қолданып, бөтеннің мүлкіне оның құны мен эстетикалық түрін бүлдіре отырып, зиян келтірді. Күдікті алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы таңдап алынған әрекеттерді жасаған жағдайда, Сіз бұл туралы Қазақстан Республикасының ҚПК 143-бабының 3-бөлігіне сәйкес Энск гарнизонының әскери полициясы бөліміне дереу хабарлауға міндеттісіз.

Осымен бір уақытта Қазақстан Республикасының ҚПК 143-бабының 4, 5-бөліктеріне сәйкес қадағалау бойынша оларға жүктелген міндеттердің орындалмауына кінәлі тұлғалар заңнамада көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіремін.

Осы бұлтартпау шарасы қолданылатын кезеңде күдіктіні әскери кезекшілікке, әскери және қарауылдық қызметті өткеруге, гарнизондық наряд құрамындағы қызметке немесе бөлімнің (бөлімшенің) тәуліктік нарядына тартуға жол берілмейді.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

Кәмелетке толмаған адамның

тегі, аты, әкесінің аты:                Асхат Жоламанұлы Иманбаев

Туған жылы, айы, күні:            01.01.2001 ж.т.  

Туған жері:                                   ОҚО, Энск қ.

Тұрғылықты жері:                       Энск қ., 11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

Ұлты:                                             қазақ

Азаматтығы:                                  Қазақстан Республикасының.

Білімі:                                             №15 орта мектептің оқушысы, 8-сынып

Соттылығы:                                    бұрын сотталмаған

АНЫҚТАДЫМ:

16.01.20__ жылы шамамен сағат 11:00-де 01.01.2001 ж.т. Асхат Жоламанұлы Иманбаев №15 орта мектептің киім шешетін орнында тұрып ұрлық жасау, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатымен қасақана пиғылмен кәмелетке толмаған М.Сабыровтың қысқы күртесінің қалтасынан оның анасы А.Сабыроваға тиесілі «Сони-Ериксон» маркалы ұялы телефонды еркін қолжеткізу жолымен шығарған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде кәмелетке толмаған М.Сабыровтың заңды өкілі–А.Сабыроваға 75 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді.

18.01.20__ ж. кәмелетке толмаған А.Ж.Иманбаевтың әрекеті оның заңды өкілдерінің–ата-анасының және адвокатының қатысуымен Қазақстан Республикасының ҚПК 188-бабының 1-бөлігі бойынша қайта сараланды, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау-жасырын жымқыру.

Қазақстан Республикасының ҚПК 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамға ҚПК-тің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

18.01.20__ж. Энск қ. ІІБ-ға кәмелетке толмаған А.Ж.Иманбаевтың ата-анасы жазбаша өтінішхатпен жүгінді. Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету туралы жазған өз өтінішхатында олардың ұлына қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.

Жоғарыда жазылғанды, сондай-ақ кәмелетке толмаған А.Ж.Иманбаевтың ата-анасы олардың ұлы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығынан сенім білдіруге лайықты, кәмелетке толмаған адамның тәрбиесімен айналысатындығы, онымен бірге тұратындығы жағдайларды есепке ала отырып кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. 

Жазылғанның негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК 136, 140, 144, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Кәмелетке толмаған 01.01.2001 жылы туған Асхат Жоламанұлы Иманбаевқа қатысты ата-анасының қарауына беру түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылсын, бұл туралы күдіктінің ата-анасынан жазбаша міндеттеме қабылдансын.

2. Кәмелетке толмаған күдікті А.Ж.Иманбаев ата-анасының қарауына берілсін: Гулшат Асетқызы Иманбаева, 11.01.1977 ж.т., Жоламан Исатайұлы Иманбаев, 25.04.1975 ж.т.

3. Кәмелетке толмаған А.Ж.Иманбаевтың ата-анасын кәмелетке толмаған адам күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өздеріне алған міндеттерді бұзған жағдайдағы олардың жауапкершілігіміз туралы хабарлансын.

4.  Осы қаулының көшірмесі А.Ж.Иманбаевтың ата-анасына берілсін және осымен бір уақытта Қазақстан Республикасының ҚПК көзделген бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілсін.

5. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

 

 =========================================================

Кәмелетке толмаған күдіктіні ата-анасының қарауына алуы және кәмелетке толмаған адамның тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету, оның ішінде қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша міндеттеме туралы

ҚОЛХАТ

 

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты З.Мухтаров Қазақстан Республикасының ҚПК 144-бабының 3-бөлігіне сәйкес мына мекенжайда: Энск қ., 11-шағын аудан, 23-үй, 203-пәтерде тұратын А.Ж. Иманбаевтың ата-анасы: Г.А.Иманбаевадан және Ж.И.Иманбаевтан кәмелетке толмаған адамды ата -анасының қарауына қабылдауы туралы қолхатты қабылдады. Оған сәйкес:

Біз, А.Ж.Иманбаевтың ата-анасы: Г.А.Иманбаева және Ж.И.Иманбаев біздің кәмелетке толмаған ұлымыздың тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету, оның ішінде қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша міндеттенеміз және жауап береміз.

Біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты туралы және қарау бойынша өзімізге алған міндеттерді бұзған жағдайдағы жауапкершілігіміз, сондай-ақ бізге қабылданған міндеттемені орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының ҚПК 160-бабында көзделген ақшалай жаза салынуы мүмкін екендігі туралы бізге хабарланды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының ҚПК 140-бабының 4-бөлігіне сәйкес А.Ж.Иманбаев алдын алу үшін Қазақстан Республикасының ҚПК 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттерді ол жасаған жағдайда оған бұлтартпаудың анағұрлым қатаң шарасы қолданылатындығы ескертілді.

    Біздің кәмелетке толмаған ұлымыз күдікті болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты түсіндірілді, қабылданған міндеттемені орындауға міндеттенеміз және кепілдік береміз:

                                        _________________ анасы: Г.А.Иманбаева

                                        _________________ әкесі: Ж.И.Иманбаев

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің өкіліне сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат беру туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                                                             

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__жылғы 11 қараша күні шамамен сағат 21:00-де А.Н. Азнабеков, мына мекенжай бойынша: Энск қ., Университет көшесіндегі 21-үйде орналасқан «Голд» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана Б.Б. Смағұловқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын салды, сондай-ақ 45 000 теңге сомасына «ГОЛД» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

Мүлікті бұзу бөлігінде іс бойынша жәбірленуші болып заңды тұлға–«ГОЛД» ЖШС танылды, оған 45 000 теңге сомасында мүліктік залал келтірілді.

ҚПК-нің 71-бабының 12-бөлігіне сәйкес, егер жәбірленуші болып заңды тұлға танылса, онда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

20__жылғы 11 қарашадағы № 5898 сенімхатқа сәйкес «ГОЛД» ЖШС-нің мүддесін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында Р.С. Аршкенов жүзеге асырады.

Жазылғаннның негізінде ҚПК-нің 71, 76, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Рүстем Сайрамұлы Аршкенов жәбірленушінің, азаматтық талапкер өкілі ретінде сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат берілсін.

2. Шешім қабылдау туралы мүдделі тараптарға хабарлансын.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Азаматтық жауапкер өкіліне сотқа дейінгі іс жүргізуге

қатысуға рұқсат беру туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

 

20__жылғы 6 тамызда сағат 22.45 шамасында Н.Д. Нарікбаев, Е.С. Хамзин және С.Б. Копбаев алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында пайдакүнемдік ниетпен, бөтен мүлікті иемденіп алу мақсатында, заңсыз, ілініп тұрған құлыпты жұлып алып, мына мекенжайы бойынша орналасқан Энск қаласы Республика даңғылы, 47-үйге кіріп келіп, қабырғалардан батериялар мен құбырларды жұлып алып, жасырып алып, «Ақмешік» ЖШС-ге жалпы сомасы 250 000 теңгеге елеулі материалдық залал келтірді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «Ақмешіт» ЖШС-нің сенімхаты бойынша өкілі Г.Қ. Тұратбекова жалпы сомасы 250 000 теңге материалдық залалды күдіктілерден өндіріп алу туралы талап-арыз келіп түсті. Алдын ала тергеу барысында күдікті Н.Д. Нарикбаевтың қорғаушысы оның әкесі Д.А. Нарікбаев танылды, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қорғаушы Д.А. Нарікбаевтан сотқа дейінгі іс жүргізуге оның азаматтық жауапкер өкілінің қатысуын тану туралы өтінім келіп түсті.

Жазылғаннның негізінде ҚПК-нің 75, 77, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

Азаматтық жауапкердің өкілі Д.А. Нарікбаевқа сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат берілсін, ол туралы оған хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Сотқа дейінге тергеп-тексеру барысында өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

Күдікті Н.Ж. Мамбеталиев 20__ жылғы 5 ақпанда, құрамында қылмыстық құқық бұзушылықтардың болмауына байланысты оған қатысты қылмыстық істі тоқтата тұру туралы №152901032032887 қылмыстық іске өтінім ұсынды, өйткені осы қылмыстық құқық бұзушылықты ол жасамаған болатын. 

Аталған өтінімхат мынадай негіздемелер бойынша қанағаттандыруға жатпайды: Н.Ж. Мамбеталиевтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі, атап айтқанда С.Ө. Айдарханов мырзадан маркасы «Самсунг ДУОС» ұялы телефонын ашық ұрлағаны қылмыстық іс материалдарымен, бейнебақылау камерасының жазбаларымен, куәгерлер А.Ж. Байбилов пен К.Н. Ильясовтың айғақтары толық көлемде дәлелденді.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 99-бабының 3-бөліктерін, 198-бапты және 297-баптың 6-бөлігін басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. № 162901032032887 іс бойынша күдікті Н.Ж. Мамбеталиевтың 20__жылғы 5 ақпандағы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылсын.

2. Қаулының көшірмесі С.Ө. Айдархановқа берілсін және осы шешімі Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 297-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қаулы көшірмесін алған сәттен бастап үш тәулік ішінде прокурорға немесе төрешіге шағым жасауға болатындығы түсіндірілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

 

=========================================================

Энск қ. прокуроры

аға әділет кеңесшісі

Ғ.С. Тоқжуманов

__________________________

(қолы)

20__ жылғы 13 қараша

Куәландыруды жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                       

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

 

         20__жылғы 13 қарашада облыстың ІІД ТБ С.К. Сакенов ПБ қызметкерлеріне қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен жүгінді, олар 20__ жылғы 12 қарашада Қазбекби ауданының Терешкова көш. оған себепсіз дене жарақаттарын келтірді.

Жазылғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 223-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Өтініш беруші С.К. Сакеновке куәландыру жүргізілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

3. Қаулы көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

 Күштеп әкелу (мәжбүрлеп жеткізу) туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

25.09.2016 жылы шамамен сағ. 15.00-де Энск ауданының Энск ауылында Болатов Серик Рүстемұлы, 26.11.1994 жылы туылған, Н. Әбдирова көшесі, 21/3 үйде тұратын 28.06.1957 жылы туылған әжесі Нұрия Қанашқызы Құлыбекованың үйіне келеді. Әжесі үйінде жоқ болғаның пайдаланып және үйге кіретін есік жабық болған. Есіктің ауласынан ол жасыл түсті үш дөңгелекті мотореллердің кузовы тұрғанын көреді, онда бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау пығылы туындайды, ол оның қылмыстық әрекеттерін ешкімнің көріп тұрмағанын пайдаланып, мотороллер кузовына еркін қол жеткізіп, жеке пайдакүнемдік мақсатта аталған мотороллер кузовын ұрлап, оқиға болған жерден жасырынған.

Қылмыс жасады деген күдікті: Болатов Серік Рүстемұлы, 26.11.1994 жылы туылған, Қазақстан Республикасының азам білімі арнайы орта, үйленбеген, сотталмаған, Энск ауылы, Жаяубаева, 19-үй мекенжайы бойынша тұрады.

Күдікті С.Р. Болатовтың тергеуден жасырынуы мүмкін екендігін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198 бабы, 157-бабы 1-бөлігінің талаптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын қолдану туралы мәселені қарау үшін күдікті Болатов Серік Рүстемұлын Энск ауылы, Жаяубаева көш., 19 мекенжайы бойынша Энск АІІБ полиция бөлімшесіне мәжбүрлеп жеткізілсін.

2. Осы қаулы орындау үшін Энск АІІБ-нің ӘПБ-ке жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

«САНКЦИЯ БЕРЕМІН»

Энск қаласының соты

______________ Н.С. Қаспақов

Ж«____» _______________

Тінту жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылы 25 ақпанда 03.30 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Энск қаласы Онтүстік-шығыс шағын ауданда орналасқан №81 үйдегі №25 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсбол битасымен ұрып А.Ө. Айдархановқа дене зақымдарын келтіріп, құны 200 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 150 000 теңге тұратын «SONY» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар А.Ө. Айдархановқа дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 350 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті адам анықталды, ол: Еркін Оразбайұлы Бақтыбаев 27.02.1981 ж.т., Энск қаласы Ермекова көш.54 үй, 16 пәтер мекенжайы бойынша тұрады, ондан жоғарыда аталған ұрланған «Айфон 5 С» маркалы ұялы телефон, «SONY» маркалы ноутбук алынған.

Жазылғандардың негізінде, осы уақытта күдікті Е.О. Бақтыбаевтың тұратын жерінде іс бойынша маңызы бар нәрселер мен құжаттар болуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті деректердің болуын ескеріп, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 252, 254-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. 27.02.1981 ж.т. күдікті Еркін Оразбайұлы Бақтыбаев Ермекова көш. 54 үй, 16 пәтер мекенжайы бойынша тінту жүргізілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Алуды жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                             

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылы 15 қантар күні 04.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Энск қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №21 үйдегі №116 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар Н.А. Азнабековке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Осы факт бойынша Энск қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.

Жәбірленуші ретінде жауап алынған Н.А. Азнабековке оған қатысты қылмыс жасалғаннан кейін, ол белгісіз адамдар оны ұрған жатын бөлмеде еденнің үстінде ол 1989 ж.т. Амантай Орманұлы Дастановтың атына берілген жүргізуші куәлігін тапқан, ол куәлік қазіргі уақытта оның Энск қаласы, 11-21-116 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерде, зал бөлмесінде теледидардың астындағы тумбада жатқанын, оны жасалған қылмыстан кейін осы жерге өзі қойғанын айтты.

Н.А. Азнабековтың пәтерінде жатқан А.О. Дастановтын атына берілген жүргізуші куәлігінің іс бойынша заттай дәлелдеме маңызы бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 253, 254-баптарын басшылыққа алып,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: