Полиция капитаны М.С.Мукашев 5 страница

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күзетпен ұстауға дейін Энск қ. 5 мөлтек ауданындағы 16 үйдің 21 пәтерінде тұрған тергеу-қамауға алынған Ануар Болатұлы Каренов, Энск қаласында 20.05.83 ж.т. тергеу амалдарын жүргізу үшін ЛА-155/18 тергеу изоляторынан Энск қ. ІІБ УҰИ-ға этапталсын.

2. Осы қаулының көшірмесі Энск қ. ІІБ тергеу изоляторының бастығына орындау үшін жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны            (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

«КЕЛІСЕМІН»

Энск қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

___________ А. Әміров

20__ж. «____» қараша

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы

ҚАУЛЫ

(үйқамағы)

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы қарашаның 2-нен 3-не қараған түні мына мекенжай бойынша Энск қаласы 5 мөлтек ауданы 20-үйдің 1-пәтерінде болған А.Б.Каренов аталған пәтердің иелері Сағатовтардың жоқ екенін пайдаланып, кілттерді таңдау жолымен барлығы 1 500 000 теңге сомасында олардың мүлкін тонаған.

20__ жылғы 4 қарашада А.Б.Каренов Сағатовтардың мүлкін сатуға ниеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

20__ жылғы 6 қарашада Энск қаласының қалалық соты күдікті А.Б.Кареновқа қатысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер минстірлігінің ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінде ұстау арқылы қамау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу барысында күдікті А.Б.Кареновтың жәбірленуші Б.С.Сағатовқа келтірілген зиянды толығымен өтегені анықталды, бұл туралы соңғысының жазбаша өтініші бар, сондай-ақ А.Б.Кареновтың жасағанына күдіктелген басқа да қылмыстар жасағаны туралы фактілер анықталмады және оның кінәсін ашу үшін басқа деректердің болмауына байланысты қамаққа алу және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту қажеттілігі туындады.

Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198 бабы, 153-бабының 2 және 5-бөліктерін басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күдікті Ануар Болатұлы Кареновқа, 20.05.83 жылы туылған қатысты күзетпен ұстау (үй қамағы) түріндегі бұлтартпау шарасы оны күзетпен ұстаудан босата отырып, шықпау туралы қолхат және тиісті тәртібі түріндегі бұлтартпау шарасын қолданылсын.

2. Қаулыны Қазақстан Республикасының Ішкі істер миністірі ҚАЖК ЛА-155/18 тергеу изоляторының бастығына орындау үшін жіберілсін.

3. Қаулының көшірмесі Энск қаласының Энск қалалық сотына және прокурорына мәлімет үшін жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

Осы қаулының көшірмесі маған берілді

20__ жылғы «___» ____________

Сонымен бірге маған оған шағым беру тәртібі түсіндірілді.

Күдікті                                                                   А. Каренов

 

Қаулының көшірмесі мыналарға жіберілді:

1) Энск қалалық сотына (шығыс. № 14562 21.11.20__ ж.)

2) Энск қаласының прокурорына (шығыс №14563 21.11.20__ ж.)

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

«КЕЛІСЕМІН»

                                                                        Энск қаласының прокуроры

                                                                    әділет кеңесшісі

                                                                     ________ А. Әміров

                                                                     20__ ж.«____» қараша

Бұлтартпау шарасын өзгерту туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы қарашаның 2-нен 3-не қараған түні мына мекенжай бойынша Энск қаласы 5 мөлтек ауданы 20-үйдің 1-пәтерінде болған А.Б.Каренов аталған пәтердің иелері Сағатовтардың жоқ екенін пайдаланып, кілттерді таңдау жолымен барлығы 1 500 000 теңге сомасында олардың мүлкін тонаған.

20__ жылғы 4 қарашада А.Б.Каренов Сағатовтардың мүлкін сатуға ниеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

20__ жылғы 6 қарашада Энск қаласының қалалық соты күдікті А.Б.Кареновқа қатысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер миністірі ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінде ұстау арқылы қамау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу барысында күдікті А.Б.Кареновтың жәбірленуші Б.С.Сағатовқа келтірілген зиянды толығымен өтегені анықталды, бұл туралы соңғысының жазбаша өтініші бар, сондай-ақ А.Б.Кареновтың жасағанына күдіктелген басқа да қылмыстар жасағаны туралы фактілер анықталмады және оның кінәсін ашу үшін басқа деректердің болмауына байланысты қамаққа алу және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту қажеттілігі туындады.

Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 153-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

    ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

Күдікті Ануар Болатұлы Кареновқа қатысты күзетпен ұстау арқылы қамауға алу–бұлтартпау шарасы шықпау және тиісті тәртібі туралы қолхатқа өзгертілсін.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

                                                               «ҚОЛДАЙМЫН»

 Энск қаласының

 прокуроры

 әділет кеңесшісі

_______С.С. Сұлтанов

 20__ жылғы «___» желтоқсан

Күдіктіні лауазымынан уақытша шеттету туралы сот алдында

өтінішхат қозғау туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                                                             

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

Тергеу органдары А.Кареновты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмысты жасалған деп күдіктеледі. А.Каренов өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің қылмыстық әрекетін жалғастыру мүмкіндігі бар.

Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 155, 158-бабтарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

Күдікті Арман Темірұлы Каренов «Қалалық су арнасы» ММ-нің директоры лауазымынан уақытша шеттету туралы Энск қаласы сотының алдына өтінішхат берілсін.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

«КЕЛІСІЛДІ»

Энск қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

______С.С. Сұлтанов

20__ж.«___» желтоқсан

 

Күдіктіні лауазымынан уақытша шеттетуді алып тастау туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                     2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ ж. 12 желтоқсанда сотпен Арман Темірұлы Каренов «Қалалық су арнасы» ММ-нің директоры лауазымынан уақытша шеттетілді, қазіргі уақытта осы процессуалдық еріксіз көндіру шарасын қолданудың қажеттілігі болмай қалды.

Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198 және 158-бабының 8-бөлігін басшылыққа ала отырып,

 

                                          ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күдікті Арман Темірұлы Кареновты лауазымынан уақытша шеттетудің күші жойылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына, күдіктінің жұмыс орны бойынша және «Халық Банк» АҚ-ға жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Энск қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

____________С.С. Сұлтанов

20__ жылғы «___» қаңтар

Мүлікке тыйым салу туралы өтінішхатты қозғау туралы 

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                     2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

Тергеу органы А.Сакеновтың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмысты жасағанына күдіктенеді, жеке меншік құқығында мекенжайы Энск қаласы, Азаттық көшесінің 7-үй, 6-пәтері бойынша орналасқан пәтері бар, қылмыстық жолмен 10 000 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген.

Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 155, 161-163 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күдіктінің мүлкіне Энск қаласы, Азаттық көшесінің 7-үй, 6-пәтері мекенжайы бойынша пәтеріне тыйым салуға рұқсат беру туралы Энск қаласының №2 сотына өтінішхат қозғалсын.

 

1-қосымша: Әділет департаментінен анықтама 47 парақта.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

«ҚОЛДАЙМЫН»

Энск қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

____________С.С. Сұлтанов

20__ жылғы «___» қаңтар

Жақындауға тыйым салуға рұқсат беру туралы өтінішхатты сот

алдында қозғау туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы 12 қаңтарда сағат 22:00-де «Береке» кафесінде пышақпен қорқыта отырып, А.Умбетқалиевтен «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын ашых ұрлап кетті, сол арқылы қылмыстық іс-әрекеттерімен соңғысына 300 000 теңге мөлшерінде материалдық зиын келтірілген, бостандықта жүріп өзінің қылмыстық іс-қмылын жалғастыруы және процестің басқа қатысушыларына қауіп төндіруі мүмкін, сондай-ақ іс-әрекетіне шектеу қозғау қажет.

Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 155, 165-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күдіктіге тыйым салуға рұқсат беру туралы Энск қаласының № 2 сотының алдында өтініш берілсін:

Аты-жөні: Біләлов Серік Сәкенұлы

Туған күні: 01.01.1970 ж.т.

Туған жері: Энск қ.

Отбасылық жағдайы: бойдақ

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Ұлты: қазақ

Соттылығы: бұрын сотталған

Тұрғылықты мекенжайы: Энск қ. Муканов көшесі 7-үй, 6-пәтер.

2. Жеке басын куәландыратын құжат: №001002003007, 2 ай мерзімге, яғни 20__жылғы 12 қаңтардан бастап 20__ жылғы 12 наурызға дейін 09 сағат 00 минуттан 22 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт кезеңінде А. Үмбетқалиевке жақындауға.

3. С.С.Біләловтің жақындауға тыйым салуды орындауына бақылау Энск қаласының ІІБ-ға учаскелік инспектор А.Әбіловке жүктелсін.

4. Осы қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

5. күдікті С.С.Біләловке, қорғаушы А.Тілешоваға, қорғалатын тұлға А.Үмбетқалиевке және бақылауды жүзеге асыратын орган Энск қаласының ІІБ-ға полиция учаскелік инспектор А.Әбіловке тапсырылсын. 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

        

Осы қаулының көшірмесі мыналарға тапсырылды:        

20__ жылғы «12» қаңтарда 10 сағ.00 мин. (қолы)   С.Біләловке

Қорғаушыға берілді:

20__ жылғы «12» қаңтарда 10 сағ.00 мин.     (қолы)           А.Тілешеваға

 

Қорғалатын тұлғаға берілді:

20__ жылғы «12» қаңтарда 11 сағ.00 мин. (қолы)   А.Үмбетқалиевке

 

Бақылауды жүзеге асыратын органға берілді:

20__ жылғы «12» қаңтарда 11 сағ.00 мин.    (қолы)   А.Әбіловке

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Күдікті ретінде тану туралы 

ҚАУЛЫ

 

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

    20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелеттік толмаған Жанат Қанатұлы Сәкенов, 25.02.1999 ж.т., Энск қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен.

    Іс бойынша Қазақстан Республикасының ҚК 192-бап. 2-б. 5-т. көзделген–ауырлату жағдайларын кезіндегі қарақшылық қылмысты жасауда Ж.Қ.Сәкеновті күдікті деп тану үшін негіз болатын айғақтардың жеткілікті жиналғанын назарға алып, Қазақстан Республикасының ҚПК 198, 202, 205-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

 

1. Кәмелетке толмаған Жанат Қанатұлы Сәкенов 25.02.1999. ж.т. осы іс бойынша күдікті ретінде танылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы күдіктіні және оның қорғаушысына хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)               Н.С.Мукашев

 

    Осы қаулымен маған 20__ жылғы 19 қыркүйекте күдік жарияланды және оның мәні түсіндірілді______________ Ж.Қ.Сәкенов

    Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 202-бабының талаптарына сәйкес маған Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 64-бабында көзделген мынадай: ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіме тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу; өзіме не үшін күдік келтірілгенін білу; өз бетімше немесе өзімнің туыстарым немесе сенім білдірген адамдарым арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы ҚПК-тің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзімді азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану; таңдаған немесе тағайындалған қорғаушыммен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу; күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушым қатысып отырған кезде ғана айғақ беру; күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу; айғақ беруден бас тарту; дәлелдемелерді ұсыну; өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу; ана тілінде немесе өзім білетін тілде айғақ беру; аудармашының тегін көмегін пайдалану; өз өтінішхатым бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу; заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарымды баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіру және процестік келісімді жасасу; өзімнің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру; тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру; өзімнің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау; сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіме сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде ҚПК-тің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру; тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысу және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру; қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру; жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзімді қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуі, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу; өзіме қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзім көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру құқықтары түсіндірілді.

Күдікті  _____________ Қорғаушы    _______________

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

                                                   

Аудармашыны тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

 

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

        

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

    Қылмыстық істі тергеу барысында Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 30-бабына сәйкес іс бойынша сот ісін жүргізу тілі қазақ тілі таңдап алынғанымен, кәмелетке толмаған жәбірленуші Е.А.Мамыров заң өкілінің қатысуымен ана тілі–қазақ тілінде баяндайтыны анықталды.

    Істегі барлық жағдайларды зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге байланысты және жәбірленуші мен күдіктінің қатысуымен бірқатар тергеу амалдарын өткізу мақсатында осы іс бойынша орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген аудармашы–білімі аударма үшін қажет Энск Мемлекеттік заң университетінің қазақ тілінің оқытушысы Айгүл Амангелдіқызы Жұмабаеваны, 29.09.1973ж.т. тағайындау қажеттілігі туындайды.

    Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 81, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Айгүл Амангелдіқызы Жұмабаева, 29.09.1973ж.т. №15311003100111 қылмыстық іс бойынша аудармашы етіп тағайындалсын, бұл туралы оған осы қаулыда қолхат арқылы хабарласын.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

Маған Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 81-бабының 3-бөлігінде көзделген аудармашының мынадай, атап айтқанда: 1) аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қою; 2) жүргiзуiне өзiм қатысқан тергеу әрекеттерінің немесе өзге де процестік әрекеттердiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын ескертулер жасау; 3) егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тарту; 4) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттерiне шағым келтіру; 5) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзімнің тергеу әрекеттеріне және өзге де процестік әрекеттерге қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқығы түсіндірілді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: