Полиция капитаны М.С.Мукашев 4 страница

09.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 16.05.20__ жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі Қазақстан Республикасының ҚПК 45-бабының 7-бөлімі 1-тармағының негізінде мерзімі үзілген. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу іс-әрекетін жүргізу қажеттілігі туындады, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін қайта бастау қажет.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі үзілген негіз болған жағдайларды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК 45 бабының 9 бөлімі мен 198-бабын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. №14631003101152 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша іс жүргізу қайта басталсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3. Қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (қылмыстық қудалауды)

тоқтату туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 және № 16353603100055 санды қылмыстық істерді қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

 

Сонымен, А.Б.Сағындыков, 22.02.1978 ж.т., «Опиді қолдану салдарынан психикасының және тәртібінің бұзылуы. Тәуелділік синдромы»» диагнозымен «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК-де 05.02.2012 жылдан бері есепте тұратындығын анық біле тұра, жүргізуші куәлігін алу мақсатында, «Рассвет» ЖШС-да медициналық тексеруден өту кезінде оның наркологиялық диспансерде есепте тұрмағандығы туралы 09.09.2011 жылғы №27653 жалған құжатты көрсеткен.

Кейіннен, «Расвет» ЖШС-ның медициналық анықтамасының негізінде А.Б.Сағындыков «Облыстық наркологиялық диспансер» МҚКК-де есепте тұрмайтын тұлға ретінде жүргізуші куәлігін алған.

Осылайша А.Б. Сағындыковтың іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының ҚК 3-бөлімінің 385-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері, яғни жүргізуші куәлігін алуға құқық беретін жалған құжатты пайдалану байқалады.

Қазақстан Республикасының ҚК 71-бабына сәйкес тұлға егер жеңіл қылмыс жасағаннан кейін қылмыс жасаған күнінен бастап екі жыл өтсе, онда ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Қазақстан Республикасының ҚК 11-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының ҚК 3-бөлімінің 325-бабында көзделген қылмыс жеңіл қылмыс санатына жатады, ол үшін берілетін жаза 2 жыл бас бостандығынан айырудан аспайды.

А.Б.Сағындыковтің 2012 жылы қылмыс жасағандығын және содан бері 3 жылдан аса уақыт өткендегін ескере отырып, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған мерзімінің өткені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК 35, 198, 288-баптары 1-бөлімінің 4-тармағын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Қазақстан Республикасының ҚК 3-бөлімінің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша № 16270001100254 қылмыстық іс жөніндегі іс жүргізу, А.Б.Сағындыковқа қатысты, оны қылмыстық жауапкершілікке тартқан мерзімнің өтуіне байланысты тоқтатылсын.

2. А.Б.Сағындыковке қатысты, көріну түріндегі міндеттеме түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасының күші жойылсын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

   

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

Осы қаулымен таныстым, қаулыға шағымдану құқығы маған түсіндірілді:

 

«_____» ________ 20__ ж.      ___________________________

 (Аты-жөні)

 

=========================================================

Тәркілеу туралы іс жүргізуге материалдар бөлу туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

    М.Т.Батырбеков 20__ жылдың 25. 04. Энск қ. Октябрь ауданында болған кезінде Восток-1 ықшам ауданындағы азамат А.С. Серіковаға тиесілі №45 үйдің сарайына жасырынып кіріп, үш тауықты ұрлап, артынан қылмыс орнынан жасырынған.

    20__ жылдың 28.04. күні М.Т.Батырбеков өзі ұрлаған үш тауықты Үштөбе ауылының тұрғыны Ж.О. Мұратоваға 5000 теңгеге сатады, мұны соңғы аталған тұлғаның жауабы растайды.

    Тергеуге ұрланған заттардың қайда тұрғаны, сонымен қатар оның иесінің А.С. Серікова екені, осыған қарамастан күдікті М.Т.Батырбеков қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүргені тергеуге белгілі екенін ескеріп, баяндалғандардың негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК 198, 667 бабтарына сүйеніп

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Тәркілеу жасау үшін Қазақстан Республикасының ҚК 188 бабының 2 бөлімінің 3 тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне № 16353603100022 қылмыстық ісінің материалдарын жатқызу

2. Осы қаулының көшірмесін прокурорға жіберу.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлау.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

 

Күдіктінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                       

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылы 3 тамызда шамамен 23 сағатта кілттерді таңдап алу арқылы Энск қаласы Комсомольская көш., 36–98 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге заңсыз кіріп, аз. Д.К. Сарсеновтен 430.000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты жасырын ұрлап, осыдан кейін құқық бұзушылық жасаған жерден жасырынған.

20__ жылы 1 қазанда А.Ж.Наурызбаев жәбірленуші Сарсеновке материалдық зиян толығымен өтелгендіктен, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішпен жүгінді.

Алайда, осы өтінішті қанағаттандыру мүмкін емес және мынадай негіз бойынша одан бас тартылуға жатады.

Қосымша жауап алынған жәбірленуші Д.К. Сарсенов материалдық зиянның оған толығымен өтелгенін және мүліктік сипаттағы қандай қарсылықтарының жоқ екендігін айтты.

Сонымен бірге, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында А.Ж.Наурызбаевтің Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмыс жасағанын көрсететін барлық дәлелдемелер жиналды, оны Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына ғана сәйкес–Қазақстан Республикасының ҚК ережелеріне байланысты (ҚК-нің 68-бабы–татуласуға байланысты) тоқтатуға болады.

  Жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 104, 105, 297-баптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күдікті А.Ж.Наурызбаевтың аз. Д.К. Сарсеновтің мүлкін жасырын ұрлау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі күдікті А.Ж Наурызбаевқа табыс етілсін және оған қабылданған шешімше шағымдану құқығы түсіндірілсін.

3. Қаулының көшірмесі Энск қаласының Октябр ауданының прокурорына жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

Қаулы маған 20__ ж. «1» қазанда жарияланды және қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 99, 100, 102, 104-баптарына сәйкес шағымдану тәртібі түсіндірілді.

 

Қаулы көшірмесін 20__ жылы «1» қазанда алдым.

Күдікті _________________ А.Ж. Наурызбаев

Қаулыны жариялаған және көшірмесін табыс еткен:

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

«Қ ОЛДАЙМЫН»

Энск қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

_______________ А. Әміров

20__ жылғы «____» қараша

Күдіктіні үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат ету туралы сот алдында өтінішхатты беруді қозғау туралы

Қ А У Л Ы

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ ж. қарашаның 2-сінен 3-не қараған түні А.Б.Каренов, мынадай мекенжайдағы: Энск қ., 5-шағын аудан, 20-үй, 1-пәтерде болып, көрсетілген пәтердің үй иелері Сағатовтардың үйде болмауын пайдаланып, кілт таңдап салу жолымен олардың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеге мүлкін ұрлауды жасаған.

04.09.20__ ж. А.Б. Каренов Сағатовтардың мүлкін өткізуге әрекеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Күдікті Ануар Болатұлы Кареновты тұрақты тұратын жері, жұмыс барын және асырауында екі жасы кішкентай балалары барын назарға ала отырып оған қатысты күдіктіні үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалынуы мүмкін.

    Жоғарыда жазылғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК 198, 137, 146-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

Энск қалалық соты алдында мынадай күдіктіге

Тегі, аты, әкесінің аты:              Каренов Ануар Болатұлы

Туған күні:                       20.05.1983 жылы туған

Туған жері:                                Энск қ.      

Отбасылық жағдайы:       үйленген

Азаматтығы:                     Қазақстан Республикасы

Ұлты                                 қазақ

Соттылығы:                      сотталмаған

Тұратын жерінің мекенжайы:Энск қ., 5-шағын аудан, 16-үй, 21-пәтер

Жеке басын куәландыратын құжат: жеке куәлік № 0035678931 2.06.2011 ж.

1. Мына мекенжай бойынша тұрумен және тұрғылықты сонда болумен үйқамақ түрінде: Энск қ., 5-шағын аудан, 16-үй, 21-пәтерде, 2 ай мерзімге, яғни 04.09.20__ ж. бастап 04.11.20__ ж. қоса алғанда, 18 с.30 мин.-тан бастап 07 с. 30 мин-қа дейінгі уақыт кезеңінде бұлтартпау шарасына рұқсат ету туралы өтінішхат берсін.

2. А.Б.Кареновтың таңдалынған бұлтартпау шарасын орындауын бақылау Энск қ. ІІБ УПИ-ға жүктелсін.

3. Осы қаулының көшірмесі Энск қ. прокурорына жіберілсін.

 

Күдікті А.Б.Кареновқа және бақылауды жүзеге асыратын Энск қ. ІІБ УПИ-ға берілсін.

Осы қаулының көшірмесі:

Күдіктіге берілді: «__»__________20___ж. ____ с. ___ мин. ________________

қолы (т.а.ә.а)

Қорғаушыға берілді:

«__»__________20___ж.  ____ с. ___ мин. ________________

қолы (т.а.ә.а)

 

Бақылауды жүзеге асыратын органға берілді:

«__»__________20___ж. ____ с. ___ мин. ________________

қолы (т.а.ә.а)

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

«К Е Л І С Е М І Н»

Энск қаласының

прокуроры әділет кеңесшісі

                                                                               ________ А. Әміров

                                                                               20__ ж.«____» қараша

Сот алдында күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхат беруді қозғау туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

 

АНЫҚТАЛДЫМ:

20__ ж. қарашаның 2-сінен 3-не қараған түні А.Б.Каренов, мынадай мекенжайдағы: Энск қ., 5-шағын аудан, 20-үй, 1-пәтерде болып, көрсетілген пәтердің үй иелері Сағатовтардың үйде болмауын пайдаланып, кілт таңдап салу жолымен олардың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеге мүлкін ұрлауды жасаған.

04.09.20__ ж. А.Б. Каренов Сағатовтардың мүлкін өткізуге әрекеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Күдікті Ануар Болатұлы Кареновтың тергеуден және соттан жасырынуы мүмкін екенін, тұрақты тұратын жері мен жұмыс орнының жоқ екенін назарға ала отырып оған қатысты күдіктіні күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалынуы мүмкін.

    Жазылғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК 198, 136, 137, 138,139, 140, 147-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Энск қалалық соты алдында мынадай күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхат берсін

Тегі, аты, әкесінің аты:              Каренов Ануар Болатұлы

Туған күні:                       20.05.1983 жылы туған

Туған жері:                                Энск қ.      

Отбасылық жағдайы:       үйленген

Азаматтығы:                     Қазақстан Республикасы

Ұлты                                 қазақ

Соттылығы:                      сотталмаған

Тұратын жерінің мекенжайы: Энск қ., 5-шағын аудан, 16-үй, 21-пәтер

Жеке басын куәландыратын құжат: жеке куәлік№ 0035678931 2.06.2011 ж.

2. Энск қалалық соты алдында күдікті Ануар Болатұлы Кареновқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат ету туралы өтінішхатты қолдау үшін қылмыстық істің материалдары Энск қ. прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

«К Е Л І С Е М І Н»

Энск қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

_______________ А. Әміров

20__ жылғы «____» қараша

Күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы сот алдында өтінішхат беруді қозғау туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАЛДЫМ:

20__ ж. қарашаның 2-сінен 3-не қараған түні А.Б.Каренов, мынадай мекенжайдағы: Энск қ., 5-шағын аудан, 20-үй, 1-пәтерде болып, көрсетілген пәтердің үй иелері Сағатовтардың үйде болмауын пайдаланып, кілт таңдап салу жолымен олардың жалпы сомасы 1 500 000 теңгеге мүлкін ұрлауды жасаған.

04.09.20__ ж. А.Б. Каренов Сағатовтардың мүлкін өткізуге әрекеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды. 

05.09.20__ ж. А.Б.Каренов Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабының 2 бөлімінің 3 тармағы бойынша күдікті болып отыр.

06.09.20__ ж. күдікті А.Б.Кареновқа қатысты Энск қалалық соты алдында қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалынды.

Күдікті А.Б.Кареновті қамауда ұстау мерзімі 04.11.20__ ж. аяқталады, ал іс бойынша А.Б.Кареновтің бірқатар ұрлық жасауының қосымша эпизодтары белгіленді.

А.Б.Кареновқа қатысты бұлтартпау шарасын алып тастауға не өзгертуге негіз жоқ.

Жазылғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ҚПК 198, 60, 137, 138, 139, 140, 147, 151-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Энск қалалық соты алдында мынадай күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат берілсін:

Тегі, аты, әкесінің аты:              Каренов Ануар Болатұлы

Туған күні:                                 20.05.1983 жылы туған

Туған жері:                                Энск қ.      

Отбасылық жағдайы:       үйленген

Азаматтығы:                    Қазақстан Республикасы

Ұлты                           қазақ

Соттылығы:                      сотталмаған

Тұратын жерінің мекенжайы: Энск қ., 5-шағын аудан, 16-үй,

21-пәтер                                                               

Жеке басын куәландыратын құжат: жеке куәлік№ 0035678931 2.06.2011 ж.

2. Қаулы күзетпен ұстау мерзімін ұзартуға келісім алу үшін Энск қ. прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

«БЕКІТЕМІН»

Энск қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

_______________А. Әміров

20__ жылғы «____» қараша

Бұлтартпау шарасы ретінде ұсталғандарды ұстау орындарында (УҰИ және гаупвахтада) қамауда ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

16195203100456 қылмыстық істің материалдарына сәйкес күдікті 20.05.1983 жылы туған А.Б.Каренов ҚК 188-бабының 2-тармағының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда күдік туғызған, № ЛА-155/18 тергеу изоляторының алыстығын және сотқа дейінгі процестік мерзімдердің тығыздығын, сондай-ақ күдікті А.Б.Кареновтың кінәсін растау үшін ол болмағанда мүмкін болмайтын тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуде оның қатысуы қажет және міндетті екенін, сол үшін оны Энск қаласының ІІБ УҰИ-да 30 күн, яғни 21.10.20__ ж. дейінгі мерзімге қалдыру талап етілетіндігін есепке алып,

     Қазақстан Республикасының ҚПК 198 бабы, және 150-бабының 1бөлігін басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күдікті 20.05.1983 жылы туған Ануар Болатұлы Каренов тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізу үшін Энск қаласының ІІБ УҰИ жағдайында 30 күнге, яғни 21.10.20__ ж. дейін қалдырылсын.

2. Қаулыны орындау үшін Энск қ. ІІБ УҰИ бастығына жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

                                                                          

«БЕКІТЕМІН»

                                                                           Энск қаласыныңпрокуроры

                                                                      әділет кеңесшісі

                                                                       __________ А. Әміров

20__ж. «____» қараша

Күдіктіні этаптау туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы қарашаның 2-нен 3-не қараған түні мына мекенжай бойынша Энск қаласы 5 мөлтек ауданы 20-үйдің 1-пәтерінде болған А.Б.Каренов аталған пәтердің иелері Сағатовтардың жоқ екенін пайдаланып, кілттерді таңдау жолымен барлығы 1 500 000 теңге сомасында олардың мүлкін тонаған. 20__ жылғы 4 қарашада А.Б.Каренов Сағатовтардың мүлкін сатуға ниеттенген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

20__ жылғы 6 қарашада Энск қаласының қалалық соты күдікті А.Б.Кареновқа қатысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер миністірі ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінде ұстау арқылы қамау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Энск қаласы прокурорының қаулысымен 20__ жылғы 21 қараша күдікті А.Б.Кареновті Энск қаласының ІІБ УҰО жағдайында ұстау 30 күнге дейін ұзартылғанын назарға ала отырып, себебі күдікті А.Б.Каренов № 15195203100956 қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде тергеу және өзге де процестік іс-қимылдар ісін жүргізуді қажет етеді.

 Жазылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 198 бабы және 150-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: