Полиция капитаны М.С.Мукашев 6 страница

Аудармашы:  ___________________Д.Смағұлова

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Қорғаушыны тарту туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

    20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелеттік толмаған Жанат Қанатұлы Сәкенов, 25.02.1999 ж.т., Энск қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен.

    Күдікті Ж.Қ.Сәкеновтің кәмелеттік жасқа толмағандығын, ал Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 67-б. 1-б. 2-т. талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде қорғаушының қатысуы міндетті екендігін назарға ала отырып, кәмелетке толмаған күдікті Ж.Қ.Сәкеновқа білікті заң көмегін ұсынудың қажеттілігі туындады.

    Қылмыстық істі тергеу кезінде кәмелетке толмаған күдіктінің заңды өкілдерінен №1 Энск заң консультациясынан адвокатты–Маржан Асқарқызы Жанатованы тағайындау туралы өтініш хаты келіп түсті.

    Жазылғандардың негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК 67, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. №1631100310111 қылмыстық іс бойынша №1 Энск заң консультациясынан адвокатты–Маржан Асқарқызы Жанатованы, 25.03.1962т.ж. қорғаушы ретінде тартылсын.

2. Маржан Асқарқызы Жанатоваға қорғаушының құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін.

3. Қабылданған шешімдер туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарласын.

4. Осы қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

        

=========================================================

Қорғаушыны алмастыру туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

    АНЫҚТАДЫМ:

    20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелетке толмаған Жанат Қанатұлы Сәкенов, 25.02.1999 ж.т., Энск қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен.

    Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты кәмелет жасқа толмағанды қарауға беру түрінде бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі туындады, алайда күдікті таңдап алған қорғаушы жиырма төрт сағат ішінде белгіленген уақытта келмеді.

    Осыған байланысты кәмелетке толмаған күдіктіге басқа қорғаушыны шақыру ұсынылды, ол бұрын тағайындалған қорғаушы М.А.Жанатова келгенге дейін адвокаттардың кәсіби ұйымы арқылы қорғаушы ұсынуға тілегін білдірді.

    Жазылғандардың негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК 68-бабының 3-4-бөліктерін және198 бабы, басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай тізілімінде 01.01.20__ж. №16311003100111 енгізілген, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің қорғаушысы ретінде шақырылған Маржан Асқарқызы Жанатова Энск қаласының заң конторының адвокатына алмастырылсын.

2. Қабылданған шешімдер туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарласын.

3. Осы қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

 

    Кәмелетке толмаған күдіктінің заңды өкілі деп тану туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                              

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

    20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелетке толмаған Жанат Қанатұлы Сәкенов, 25.02.1999 ж.т., Энск қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен. 

    Осы факті бойынша кәмелетке толмаған Жанат Қанатұлы Сәкеновтың іс-қимылы Қазақстан Республикасының ҚПК 192-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша жіктелді - қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданумен ұласқан шабуыл.

    Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 537-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған күдіктінің ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдері бар болған кезде олардың іске қатысуы міндетті.

    Кәмелетке толмаған күдікті Ж.Қ.Сәкеновтың қылмыстық қудалау органдарының алдында кәмелетке толмаған ұлы Ж.Қ.Сәкеновтың заңды өкілі ретінде қатысуға өтініш беретін жақын туысы ретінде әкесі – Қанат Серікұлы Сәкенов, 13.02.1975ж.т. және анасы Айнур Аманқызы Сәкенова, 27.04.1977ж.т. бар.

    Кәмелетке толмаған Ж.Қ.Сәкеновтың жасаған қылмыстық құқықбұзушылығы бойынша іске оның заңды өкілдері тартылатындығын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК 75, 537, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Әкесі–Қанат Серікұлы Сәкенов, 13.02.1975ж.т. және анасы Айнур Аманқызы Сәкенова, 27.04.1977ж.т., сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізу материалдары бойынша кәмелетке толмаған күдікті Ж.Қ.Сәкеновтың заңды өкілдері деп танылсын, бұл туралы оларға қолхат арқылы хабарлансын.

2. Қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Күдіктінің әрекетін саралау туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 22:00-де Н.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша: Энск қ. Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана А.Б.Болатовқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын салды, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

Күдікті Н.Қ. Қазтаевтың әрекеті ҚК-ның 293-бабының 3-бөлімі 2-тармағының сараланған белгілеріне қатысты болатынын есепке ала отырып, ҚПК-тің 198, 203 және 204-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Осы іс бойынша 11.11.1991 жылы туған Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаевтың әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК-ның 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер саралансын.

2. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешімдер туралы күдікті мен оның қорғаушысына хабарласын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Әрекетті саралау туралы қаулыны жариялау үшін шақырту туралы Сауалнамалық деректерді нақтылау туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 22:00-де Н.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша: Энск қ. Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана А.Б.Болатовқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын салды, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

Сонымен қатар, кейбір процестік құжаттарда, атап айтқанда қылмыстық істі ондіріске алу туралы қаулыда күдікті Н.Қ. Қазтаевтың сауалнамалық деректері «Кәртаев» деп жазылса, онда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес: Қазақстан Республикасы азаматының жеке басының куәлігі №123456789,11.11.2007 жылы Қазақстан Республикасының Әділетмині берген Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаев, 11.11.1991 жылы туған дегенді ресми жеке деректер деп есептеген жөн.

    Жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК-ның 24, 60 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 20__жылғы «02» қыркүйекте №15357203100555енгізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаев, 11.11.1991 жылы туған деген дұрыс деп есептелсін.

2. Күдікті Н.Қ. Қазтаевқа қатысты жүргізілген тергеу әрекетін және қабылданып отырған бұрмаланған процестік шешімдер қабылданды деп есептелсін.

3. Қабылданған шешімдер туралы мүдделі тұлғалар хабарласын.

4. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Жәбірленуші деп тану туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                                                                 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 22:00-де Н.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша: Энск қ. Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана А.Б.Болатовқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын тигізді, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

А.Б.Болатовқа тікелей тәндік зиян келтіріліп, бұл Энск қ. ОЕ дәрігері берген 20__ жылғы 1 қыркүйектегі №1-333/1дб-6 қорытындымен расталған қылмыстық құқық бұзушылық екендігін есепке ала отырып, ҚПК 71, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Аман Бүркітұлы Болатов, 01.09.1979 жылы туған, осы сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізу материалдары бойынша жәбірленуші деп танылсын, ол туралы қол қойып хабарласын.

2. Жәбірленушіге ҚПК-ның 71-бабында көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін.

3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

Жәбірленушінің:1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; 2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 3) дәлелдемелерді ұсынуға; 4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 6) өкілінің болуына; 7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; 8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; 9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; 10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; 12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; 13) өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 14) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; 15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге; 16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; 17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; 18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; 19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; 20) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; 21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

Қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ оның ҚПК-ның 76-бабымен белгiленген қағидалар бойынша өкiлге арналған шығыстарын қоса алғанда, қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етiледi

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол ҚПК-ның 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған ҚПК-ның 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.

Жәбірленушінің құқықтары мен міндеттері маған түсіндірілді.

Жәбірленуші:                         (қолы)            А.Б.Болатов

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

 

Күдіктінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                                                             

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылы 3 тамызда шамамен 23 сағатта кілттерді таңдап алу арқылы Энск қаласы Комсомольская көш., 36 – 98 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге заңсыз кіріп, аз. Д.К. Сарсеновтен 430.000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты жасырын ұрлап, осыдан кейін құқық бұзушылық жасаған жерден жасырынған.

20__ жылы 1 қазанда А.Ж.Наурызбаев жәбірленуші Сарсеновке материалдық зиян толығымен өтелгендіктен, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішпен жүгінді.

Алайда, осы өтінішті қанағаттандыру мүмкін емес және мынадай негіз бойынша одан бас тартылуға жатады.

Қосымша жауап алынған жәбірленуші Д.К. Сарсенов материалдық зиянның оған толығымен өтелгенін және мүліктік сипаттағы қандай қарсылықтарының жоқ екендігін айтты.

Сонымен бірге, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында А.Ж.Наурызбаевтің Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмыс жасағанын көрсететін барлық дәлелдемелер жиналды, оны Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына ғана сәйкес – Қазақстан Республикасының ҚК ережелеріне байланысты (ҚК-нің 68-бабы – татуласуға байланысты) тоқтатуға болады.

Жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 104, 105, 297-баптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Күдікті А.Ж.Наурызбаевтың аз. Д.К. Сарсеновтің мүлкін жасырын ұрлау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі күдікті А.Ж Наурызбаевқа табыс етілсін және оған қабылданған шешімше шағымдану құқығы түсіндірілсін.

3. Қаулының көшірмесі Энск қаласының Октябр ауданының прокурорына жіберілсін.  

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

Қаулы маған 20__ ж. «1» қазанда жарияланды және қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 99, 100, 102, 104-баптарына сәйкес шағымдану тәртібі түсіндірілді.

 

Қаулы көшірмесін 20__ жылы «1» қазанда алдым.

Күдікті _________________ А.Ж. Наурызбаев

Қаулыны жариялаған және көшірмесін табыс еткен:

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Тәркілеу туралы іс жүргізуге материалдар бөлу туралы

ҚАУЛЫ

 

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істерді қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

    М.Т.Батырбеков 20__ жылдың 25. 04. Энск қ. Октябрь ауданында болған кезінде Восток-1 ықшам ауданындағы азамат А.С. Серіковаға тиесілі №45 үйдің сарайына жасырынып кіріп, үш тауықты ұрлап, артынан қылмыс орнынан жасырынған.

    20__ жылдың 28.04. күні М.Т.Батырбеков өзі ұрлаған үш тауықты Үштөбе ауылының тұрғыны Ж.О. Мұратоваға 5000 теңгеге сатады, мұны соңғы аталған тұлғаның жауабы растайды.

    Тергеуге ұрланған заттардың қайда тұрғаны, сонымен қатар оның иесінің А.С. Серікова екені, осыған қарамастан күдікті М.Т.Батырбеков қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүргені тергеуге белгілі екенін ескеріп, баяндалғандардың негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК 198, 667 бабтарына сүйеніп


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: