Полиция капитаны М.С.Мукашев 3 страница

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. 1989 ж.т. Амантай Орманұлы Дастановтың атына берілген жүргізуші куәлігін алу жүргізілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Заттай дәлелдеме деп тану және

қылмыстық іске қоса тіркеу туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

02.01.2016 жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, пластик терезені қысу арқылы Энск қаласы 11 шағын ауданда орналасқан № 36 үйдегі № 2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсбол битасымен А.Н.Дархановты соққыға жығып, дене жарақаттарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 6» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар А.Н.Дархановқа дене жарақатын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Аталған дерек бойынша Энск қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1, 3, 4 тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті А.А.Нүркенов анықталып, оның тұратын мекен жайынан «Айфон 6» маркалы ұялы телефон айғақты зат ретінде алынды.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Н.Н.Нүркеновтен алынған «Айфон 6» маркалы ұялы телефон айғақты зат ретінде маңызы бар екендігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 118, 198, 221 баптарын талаптарына сай,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын заттай дәлелдемелер ретінде танып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеуге.

2. «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын А.Н.Дархановке сақтау қолхаты арқылы қайтаруға.

3. Қаулының көшірмесі прокурорға жіберуге.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

«ҚОЛДАЙМЫН»

Энск қаласының прокуроры

әділет кеңесшісі

Д. Қасымбеков

Ж. 1 маусым

 

Тергеу судьясы алдында эксгумациялау жүргізу туралы өтінішхат

ҚАУЛЫСЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

    Энск қаласының тұрғыны В.В. Колесов Б.Б. Волковты өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу барысында күдіктіден сұрақ алу барысында күдікті Б.Б.Волковты өлтіргенге дейін ол 2016 жылғы 22 мамыр айында оның қартаң және ауру анасын–С.С.Волкованы клонофилмен улағандығын айтты.

    С.С. Волкова созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқас ретінде есепте тұрғандықтан және 89 жаста болуына байланысты оны жерлегенге дейін сот-медициналық сараптамасы жүргізілмей, тек емдейтін дәрігердің өлімі туралы қорытындысының және туыстардың сараптама жүргізуге қарсылық білдіретіндігі жайлы өтінішінің негізінде ғана жерлеген. 

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК 198, 225, 226 баптарын басшылыққа ала отырып

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Энск қаласының тергеу судьясына Энск қаласының қалалық православие зиратында жерленген 1924 ж.т. Волкова Светлана Сергеевнаның мәйітін жерленген жерінен алу (эксгумация жүргізу) туралы өтінішхат.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі жақтарға хабарлауға.

3. Энск қаласының прокурорына қаулы көшірмесімен бірге 48 бетте жинақталған № 16550003100995 қылмыстық істің материалдарын жолдауға.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Үлгілерді алу туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

«Қылмыстық әрекетті имитациялайтын адам» әдісі бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 01.01.1950ж.т. аз. Иван Иванович Ивановтың аса ірі мөлшерде салмағы 2,25 грамм «героин» есірткі затын заңсыз сатып алу және сақтау фактісі анықталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «Гном» цифрлық диктофонына И.И. Ивановтың қылмыстық іс-әрекетті имитациялаған аз. С.П. Афанасьевке есірткі құралдарынзаттарын сату фактісінің дыбысжазбасы жүргізілген.

Жазылғандарға байланысты Иван Иванович Ивановтың дауыс және сөйлеу үлгілерін алу қажет болды, ол үшін оған Энсе қаласының ІІБ келу қажет. Кейін үлгілерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі СЗҒПЗ Энск қаласының филиалына сот-фонографиялық сараптама өткізу үшін жіберу қажет.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 262–268, 198 баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Энск қаласының ІІБ ғимаратының № 6 кабинетте күдікті 01.01.1950

ж.т. Иван Иванович Ивановтан дауыс үлгілері алуға.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлауға.

3. Қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Заттай дәлелдеме деп тану және

қылмыстық іске қоса тіркеу туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

02.01.2016 жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, пластик терезені қысу арқылы Энск қаласы 11 шағын ауданда орналасқан № 36 үйдегі № 2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсбол битасымен А.Н.Дархановты соққыға жығып, дене жарақаттарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 6» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар А.Н.Дархановқа дене жарақатын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Аталған дерек бойынша Энск қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1, 3, 4 тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті А.А.Нүркенов анықталып, оның тұратын мекен жайынан «Айфон 6» маркалы ұялы телефон айғақты зат ретінде алынды. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Н.Н.Нүркеновтен алынған «Айфон 6» маркалы ұялы телефон айғақты зат ретінде маңызы бар екендігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 118, 198, 221 баптарын талаптарына сай,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын заттай дәлелдемелер ретінде танып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеуге.

2. «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын А.Н.Дархановке сақтау қолхаты арқылы қайтаруға.

3. Қаулының көшірмесі прокурорға жіберуге.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

Сот-фонографиялық сараптаманы тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

«Қылмыстық әрекетті имитациялайтын адам» әдісі бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 01.01.1950 ж.т. аз. Иван Иванович Ивановтың аса ірі мөлшерде салмағы 2,25 грамм «героин» есірткі затын заңсыз сатып алу және сақтау фактісі анықталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында «Гном» цифрлық диктофонына И.И. Ивановтың қылмыстық іс-әрекетті имитациялаған аз.С.П. Афанасьевке есірткі құралдарын сату фактісінің дыбыс жазбасы жүргізілген.

    01.01.20__жылы И.И. Ивановтан дауыс үлгілері алынды.

Қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін «Гном» цифрлық диктофонына жазылған И.И. Ивановтың дауысын аықтау үшін арнайы білімнің қажет екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 272, 198 бабын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. № 16594603100001 санды қылмыстық іс бойынша сот-фонографиялық сараптама тағайындалып, оны өткізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі СЗҒПЗ Энск қаласы филиалының сарапшысына тапсыруға.

2. Сарапшының шешуіне келесі сұрақтарды қоюға:

- ЖІІ барысында «Гном» цифрлық диктофоны қолданылып, тіркелген жазудың сөзбе-сөз мәтіні қандай?

- ЖІІ барысында «Гном» цифрлық диктофоны қолданылып, тіркелген адамның дауысы И.И. Ивановқа тиесілі ме?

3. Зерттеу үшін сарапшының қарауына келесі заттарды ұсынуға:

жедел іздестіру іс-шараларының жазбасы бар «Гном» мен И.И. Ивановтың дауысы мен сөз сөйлеуінің эксперименталды үлгілері бар жазбалармен «Олимпус» цифрлық диктофондары.

4. Танысу үшін сарапшыға қылмыстық іс материалдыры берілсін.

5. Қаулы көшірмесі прокурорға жолдауға.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

БЕКІТЕМІН Энск қ. ІІБ бастығы С.Ә.Дюсебаев САНКЦИЯ БЕРЕМІН Энск қ. прокуроры Д. Қасымбеков

Орынға жасырын кіру (немесе) тексеру туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

                                                                          

Энск қаласы ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Ж.Қасымов №16353603100022 санды қылмыстық іс бойынша, Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н.Мукашевтің 20__ж. 02 қазандағы №7 жеке тапсырмасын, сондай-ақ жасырын тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдарды қарап,

АНЫҚТАДЫМ:

30.09.20__жылы полиция бөліміне Энск қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілтті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256 Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Байтұрсынов көш., 16-89 мекен жайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Жоғарыдғылардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 231 бап 1 бөлімі 6 тармағы, 233 және 247, 198 -баптарын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Іске қатысты заттар мен нәрселерді табу мақсатында Энск қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру жүргізілсін.

2. Осы қаулының орындалуын Қазақстан Республикасының ІІМ-нің Энск қ. бойынша Жетінші Басқармасына тапсырылсын.

3. Барлық алынған материалдар қапталған және мөрленген түрде берілсін.

 

Энск қаласы ІІБ КПБ жедел уәкілі

полиция капитаны                                                       Ж.Қасымов

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің Энск қ. бойынша

Жетінші Басқармасының бастығы              (қолы)    С.Байжұманов

=========================================================

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Энск қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256 Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Осы іс бойынша бір қатар тергеу әрекеттері жүргізілді, алайда олар оң нәтиже бермеді, қазіргі уақытта қылмыс жасаған адам анықталмады.

Жоғарда баяндалғандардың негізінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің өтіп кетуін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198-бабын, 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Адамдардың анықталмауына байланысты №16353603100022 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілсін.

2. Қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы барлық мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

     

=========================================================

Күдіктіге іздеу жариялау туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, Н.К. Қанжекенов және Б.Т. Күшқаев М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, қоғамды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, қасақана дене жарақатын салды.

Сонымен бірге, осы істегенімен қоймай, Н.К. Қанжекенов үстел үстінде жатқан пышақты алып, азамат Д.А. Әбдрахмановтың ішінен екі рет ұрған, сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.  

09.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

10.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

10.06.20__ жылы Б.Т. Күшқаевқа қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды, алайда оның күдіктінің қайда екенін анықтау мүмкін болмады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша Б.Т. Кушкаевтың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтардың жиналғанын ескере отырып, оған іздеу жариялау қажеттілігі туындады.

Осы айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК 198-бабын және 45-бабы 7-бөлімінің 3-тармағын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. 1986 жылы 3 наурызда дүниеге келген, Энск облысы Энск ауданының тумасы, Энск қаласы, Новаторов, 12-78 мекенжайында тұратын күдікті Күшқаев Бақытбек Назарбекұлына іздеу жариялансын.

2. Іздеу Энск қаласы ІІБ КПБ қызметкерлеріне тапсырылсын.

3. Осы қаулының көшірмесі Энск қаласы ІІБ КПБ-ға орындау үшін жіберілсін, Энск қаласының прокурорына мәлімет үшін жіберілсін.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Қылмыстық істі бөлектеп алу туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, Н.К. Қанжекенов және Б.Т. Күшқаев М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, қоғамды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, қасақана дене жарақатын салды.

Сонымен бірге, осы істегенімен қоймай, Н.К. Қанжекенов үстел үстінде жатқан пышақты алып, азамат Д.А. Әбдрахмановтың ішінен екі рет ұрған, сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

09.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

10.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 10.06.20__жылы Б.Т. Күшқаевқа қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды, алайда оның күдіктінің қайда екенін анықтау мүмкін болмады.

Б.Н. Күшқаевтың күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын бөлу сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жан-жақтылығына, толықтығына және істің шешілуіне әсер етпейтіндігін ескеріп, Қазақстан Республикасының ҚПК 44 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. №16631003101152сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары Б.Н.Кушкаевқа қатысты қылмыстық іс материалдары бөлектелсін.

2. Қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

     

Қылмыстық істерді біріктіру туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 және № 16353603100055 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, белгісіз тұлғалар М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, пышақты қасақана қолдана отырып, дене жарақатын салды. 

09.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, азамат Д.А. Әбдрахмановқа өміріне қауіп төндіру белгісі бойынша жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген дене жарақаты салынды.

10.04.20__ жылы осы дерек Қазақстан Республикасының ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Энск қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеліп отырған құқық бұзушылықтың екеуін де жасаған бір белгісіз тұлғалар екендігін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК 43 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Оларға ортақ №16353603100022 нөмірін бере отырып, №16353603100022 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары мен №16353603100055 материалы бір іс жүргізуге біріктірілсін.

2. Іс бойынша іс жүргізу мерзімі №16353603100022 материалының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күнінен бастап саналсын.

3. Қаулының көшірмесі Энск қаласының прокурорына жіберілсін.

4. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

 =========================================================

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау туралы

ҚАУЛЫ

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 және № 16353603100055 санды қылмыстық істерді қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, белгісіз тұлғалар М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, пышақты қасақана қолдана отырып, дене жарақатын салды. 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: