Какой метод исследования нужно провести при подозрении на скользящую грыжу? 8 страница

А) ФГДС

Б) Лапароскопия

С) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

Д) Құрсақ қуысы ағзаларының КТ-сы

Е) MRCP

16. 48 жастағы науқасқа бауыр шаншуы жиі орын алып отыратынын созылмалы калькулезді холециститке байланысты жоспарлы түрде холецистэктомия операциясы жасалған, операциядан кейін 3 ай өткен соң оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезімі қайта мазалай бастаған. Екі рет қысқа уақыт аралығындағы (3-5 тәулік) механикалық сарғаю белгілері байқалған. УДЗ мен MRCP зерттеулерінде жалпы өт өзегінің 1,5 см дейін кеңейгені және өзек қуысында 0,6-0,9 см конкременттердің бар екендігі анықталған. Осы жағдайға байланысты қандай хирургиялық емдеу тәсілігін қолданған жөн?

А) Эндоскопиялық папиллотомия

Б) Холедоходуоденостомия

С) Холедохолитотомия

Д) Трансдуоденалды палиллосфинктеротомия

Е) Холедохоэнтеростомия

17. 55 жастағы әйел төс арты аймағындағы ауру және күйдіру сезімдеріне, ауамен кекіруге, әркез қыжылдың болуына шағымданады. Эзофагографияда диафрагманың өңеш саңылауының жарығы анықталған. Бірнеше рет консервативті ем алған, бірақ айтарлықтай әсері болмаған. Осы жағдайда қандай операцияны жоспарлаған жөн?  

А) Ниссен бойынша фундопликация

Б) Льюстің операциясы

С) Өңештің резекциясы

Д) Асқазан резекциясы

Е) Өңештің пластикасы

18. Хирургия бөлімшесіне 65 жастағы ер адам жоспарлы түрде шап жарығының операция жасату үшін келіп түскен. Хирург дәрігер шап каналына Бассини бойынша пластикасын жоспарлап отыр.   Операцияның осы түрінде шап каналының қайсы қабырғасын бекіту қарастырылған?  

А) Шап каналының алдыңғы қабырғасын бекіту

Б) Шап каналының төменгі қабырғасын бекіту

С) Шап каналының артқы қабырғасын бекіту

Д) Шап каналын жою

Е) Шап каналының жоғарғы қабырғасын бекіту

19. 55 жастағы әйел, «Теріасты, кілегейасты парапроктит» диагнозымен емхана жолдамасымен хирургиялық емдеуге келген. Осы жағдайда қандай операция қолданған жөн?

А) Тирш операциясын

Б) Габриэль операциясын

С) Гартман операциясын

Д) Миллиган-Морган операциясын

Е) Зеренин-Кюммель операциясын

20. Бірнеше рет босанған 37 жастағы әйелде, босанғаннан кейінгі кезеңде сол аяқ көк қантамырларының варикозды кеңеюі пайда болған. Ангиохирургтың кеңесінен кейін «сол аяқ теріасты веналарының варикозды кеңеюі» диагнозы қойылған. Бірнеше рет склеротерапия жасалынған, бірақ әсері болмаған. Осы жағдайға байланысты төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған жөн?

А) Склеротерапияны жалғастыру

Б) Аяқтардың үнемі жластикалық бинтпен таңып жүру

С) Линтон операциясы

Д) Антикоагулянтты терапия

Е) Бэбкок-Нарат бойынша флебэктомия

21. Қабылдау бөліміне іштегі кенеттен пайда болған толғақ тәрізді ауырсынулармен, жеңілдік әкелмейтін бірнеше реттік құсумен науқас түсті. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында аш ішектің ілмектерінің ісінуі, мықын ішектің терминалды бөлімінде ішек өткізгіштігін жауып тұратын дөңгелек көлеңке анықталды. Анамнезінде созылмалы тасты холецистит. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) ішектің механикалық странгуляциялық өтімсіздігі

Б) ішектің механикалық обтурациялық өтімсіздігі

С) ішектің динамикалық өтімсіздігі

Д) спастикалық өтімсіздігі

Е) ішек инвагинациясы

22. 48 жастағы науқаста деструктивті холециститтің клиникалық көрінісі анықталады. Консервативті ем жүргізуде Түскеннен 6 сағаттан кейін ішінде қатты ауырсынулар, салқын тер пайда болды. Пульс 120рет/мин. Іші кернеулі ж/е барлық бөлімдерінде ауырсынулы. Щеткин – Блюмберг симптомы оң мәнді. Науқасқа не болды.

+А. өт қабының перфорациясы

В. өт қабы эмпиемасы

С. асқазан ойық жара перфорациясы

Д. іріңді холангит

Е. бауыр абсцесі

23. 36 жастағынауқасқа жайылмалы перитонитпен перфоративті саңылауды тігу жүргізілді. 5 тәулікте ішінде толғақ тәрізді ауырсынулар, жүрек айну, қайталамалы құсу пайда болды. Медикоментозды емнен кейін газдар аз мөлшерде кетті., бірақ ауырсыну қайтадан пайда болды, өтпен құсу болды. Жағдай орташа. Пульс 100 соққы, тілі құрғақ, іші үрілген, барлық бөлімдерінде жұмсақ. Ішектің сирек, бірақ күшейген перистальтикасыбар, «шылпыл шуы». Құрсақ қуысыныңбірінші рентгенограммадан кейін 4 сағат өткен соңқайталамалы рентгенограммасындакөптеген Клойбер тостағаншалары анықталды. Сіздің диагнозыныз:

А) диафрагмаастылық абцесс

+В)жедел жабысқақтық ішек өтімсіздігі

С) жедел панкреатит

Д) Ішекаралық абцесс

Е) перитонит

24. Ер кісі 22 жаста қабылдау бөліміндегі хирургқа апат орнынан жеткізілді. Бір сағат бұрын жұмыста қазан жарылған, және сынықтарымен оң жақ сан аймағынан жарақат алған. Жедел жәрдем дәрігері оң жақ санның ортаңғы үштігі аймағына бұрау және таңғыш салды. Қарағанда жағдайы мәжбүрлі емес, ТЖ 16 рет мин, АҚ 120/80 мм. с.б.б., ЖСЖ 84 рет мин. Бұрауды алуға әрекеттенген кезде таңғыш қанмен ылғалданды. Осы жағдайда сіздің одан әрі әрекетінің қандай?

А) Жараға суық қою және наркотиктер енгізу.

В) Жараға БХӨ жасау және қан кетуді тоқтату.+

С) Бұрауды алып тастау және теріге тігіс салу.

Д) Бұрауды алып тастау және жараға нығыздалған тампонада жасау.

Е) Алдымен шоққа қарсы ем жүргізу.

25. Диагностикалық лапароскопия кезінде іштің оң жақ қаптал каналында серозды перитонит және 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында перфорациялық саңылау анықталды. науқас 42 жаста /ойық жарасы/ анамнез жоқ. дұрыс тактика:

 а. Джаджу-Хорсли бойынша пилоропластика

в. жоғары ортаңғы лапаротомия тігу, құрсақ қуысын дренирлеу ж/е санациялау

+с. перфорацияны лапароскопиялық тігу құрсақ қуысын дренирлеу ж/е санациялау

д. перфорацияны тігу мен бағаналы екі жақтық ваготомияны лапароскопиялық жүргізуге тырысу

е. жоғары ортаңғы лапаротомия ж/е асқазанның 3/2 резекциясы

26. 36 жастағы науқаста ауруханаға түспес 2сағат бұрын тамақ асқазаннан кейін құрсақ қуысында толған тәрізді ауырсынулар пайда болған. көп реттік құсу, аз көлемде бір реттік нәжіс болған. Науқастың өзі бір апта бойы тамақ ішпеген. Науқастың жағдайы ауыр, мазасыз төсекте жата алмайды. Акроцианоз бет-әлпеті мұңайлы, тынысы жиілеген. пульс -112рет/мин. АҚҚ 100/60мм.с.б. Іші аздап үрленген ассимметриялы. Мезогастрий аймағында тығыз эластикалды дөңгелек пішінді түзіліс пальпация кезінде анықталды. Толғақ тәрізді ауырсыну кезінде перистальтика күшейген / Шылбыр шуы/ анықталады. Дұрыс клиникалық диагноз қойыңыз:

А. төмендеген жиек ішектің ісігі жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі

В. геморрагиялық панкреонекроз

С. аортаның құрсақтық бөлімінің жыртылуы

Д. гангренозды холецистит, мүмкін перфорациямен                  

+Е. аш ішектің айналуы, жедел странгуляциялы ішек өтімсіздігі.

27. Холецистэктомия мен холедохотомиядан кейін 12 тәуліктен кейін Кера дренажынан күніне 1литр өт ағуда. Фистулографияды холедохтың резидуальды конкременті анықталды. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі тиімді?

А) Конкрементті алу мақсатынмен қайта лапаротомия

Б) Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия, литоэкстракция

С) Дренаж арқылы литолитикалық ем жүргізу

Д) Дистанциялық толқынды литотрипсия

Е) Тері арқылы бауырлық эндобилиарлы кірісу

28. Науқаста іштің тұйық жарақатын алғаннан кейін ішінде ауырсыну, жүрек айну, әлсіздік пайда болды. Жедел жәрдеммен жарақаттан 2 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілді. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, қалпы ортопноэ, науқасты жатқызған кезде ауырсыну күшейеді. Тері жамылғылары боз, жабысқақ термен жабылған. Гипотония, АҚ 80-40, пульс – 100, толымды, әлсіз, ритмді. Іштің тыныс алуына қатысуы шектелген, алдыңғы құрсақ қабырғасында сол жақта жарақат және гематома анықталады. Пальпация жасағанда сол жағында ауырсыну, ішперде тітіркенуі жоқ. Болжамды қан сараптамасы Hb-100 г/л, эритроциттер 3,9х1012/л, Ht-38%. Осы науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?

А) қуысты мүшенің жыртылуы, перитонит

Б) ұйқы безінің зақымдануы, панкреонекроз

С) алдыңғы құрсақ қабырғасының жарақаты және көлемді гематомасы

Д) паренхиматозды мүше жыртылуы, гемиперитонеум

Е) сол бүйректің жарақаты, урогематома

29. Ер кісі 66 жаста екі аяғындағы жедел ауру сезімі, ентігу шағымдарымен қабылдау бөліміндегі хирургқа жеткізілді. 5сағат бұрын жедел ауырған. Анамнезінен жүректің ишемиялық ауруы, жыпылықтаушы аритмиямен шегеді. 2 жыл бұрын миокард инфарктісі болған. Қарағанда АҚ 160/90 мм.с.б.б., пульс 110 рет, ТЖ 26 рет мин. Екі аяғы, бөкселері, алдыңғы құрсақ қабырғасы айқын мрамор түстес, ұстағанда суық, буындарында белсенді қозғалыс жоқ, ауру және жанасу сезімдері жоқ. Артерияларда пульсация анықталмайды. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?

А) Құрсақ аортасының қатпарланған аневризмасы

Б) Құрсақ аортасы бифуркациясының эмболиясы+

С) Жедел илеофеморальды тромбоз

Д) Өкпе артериясының тромбоэмболисы

Е) Қайталанған миокард инфарктісі

30. Науқас С., 27 жаста оң жақ қысылған шап жарығы анықталған. Операция жасау кезінде жарық қапшығындағы жіңішке ішектің екі ілмегі өзгермеген. Екі ілмекті де құрсақ қуысына салып, Жирар- Спасокукоцкий әдісі бойынша шап өзегіне пластика жасалды. Осы жағдайда хирург тағы не істеу керек еді?

А) Ішек декомпрессиясын жүргізу

Б) Іш қуысына дренаж қою

С) Шап өзегінің пластикасының басқа түрін таңдау

Д) Ішектің үшінші аралық ілмегін қарау

Е) Жіңішке ішек шажырқайына 0,25% новокаин ерітіндісін енгізу

31. Ер кісі 68 жаста сол аяғындағы тұрақты, қатты ауру сезімі, әлсіздік шағымдарымен қабылдау бөліміндегі хирургқа жеткізілді. Екі тәуліктен бері ауырады. Анамнезінен: ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз, жыпылықты аритмия. Артериалық гипертензия. Қарағанда: Жағдайы ауыр. АҚ 120/80 мм с.б.б, пульс 112 рет мин, ТЖ 28 рет мин. Бозғылттық, сол аяғының мұздауы, тотольды бұлшықеттік контрактура, сезімталдық және пульсация жоқ. Осы жағдайда Сіздің одан әрі әрекетіңіз қандай?

* Тамырға протез жасау;

* Жедел эмболэктомия жасау;

* Қантамыр кеңейтетін терапия тағайындау;

* Аяққа біріншілік ампутация жасау; +

* Рентгенэндоваскулярлы зерттеуді тағайындау;

32. 37 жастағы еркек артқы өтіс аймағындағы қатты ауырсынумен ауруханаға жатқызылды. Қарау кезінде шартты циферблаттың 3 сағатында тығыз, ауырсынатын, өлшемі 2,0*3,0 см қошқыл көкшіл түсті түзіліс анықталды. Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжамды диагноз болуы мүмкін?

А) Геморрой

Б) Жедел шырышасты парапроктит

С) Аналды канал жарығы

Д) Тік ішектің түсуі

Е) Геморраидалбды түйіннің тромбозы

33. Жедел деструкциялық холецистит бойынша көлденең миниену жолымен холецистэктомия жасау барысында және Кало үшбұрышының элементтерін шығару кезінде қиындықтар туындады. Өт қабының өзегін және артериясын байлағаннан және кескеннен кейін өт қабы алынып тасталды. Содан кейін операция кезінде холедохтың экстирпациясы анықталды. Хирургтың тактикасы қандай?

А) Гепатикохоледохты сыртқы дренаждау

Б) Кер бойынша дренаждау

С) Декомпрессиялық дренажды қоймай Ру әдісімен гепатикоеюноанастамоз салу

Д) Гепатикохолангиостомия

Е) Тампондау, бауырастылық кеңістікке дренаж қою және басқа ауруханаға ауыстыру

34. 48 жастағы әйел майлы және қуырылған тамақ жегеннен кейін пайда болған оң қабырға астындағы ауырсынуға шағымданды. Пальпацияда іші эпигастрий және оң жақ қабырға асты ауырсынады. Құрсақ қуысын ағзаларының УДЗ: өт қабы 8,0х4,0 см,  қабырғасы 0,3см. Қуысында өлшемі 0,3 см дейін көптеген конкременттер анықталды. Холедох 2,1 см дейін кеңейген, холедохта 0,5 см-ге дейін конкремент бар. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсынын осы жағдайда жүргізген жөн?

А) Шұғыл түрде ЭРХПГ пен ЭПСТ жүргізу, кейін лапароскопиялық холецистэктомия

Б) УДЗ бақылауымен өт қабын тері арқылы дренаждау

С) Операция алды дайындаудан кейін шұғыл холецистэктомия

Д) Жоспарлы лапароскопиялық холецистэктомия

Е) Антибиотикалық препараттармен тек консервативті емдеу

35. 68 жастағы науқас хирургияның қабылдау бөліміне сол жақта шап жарығының болуынағ зәр шығарудың қиындауына шағымданып келді. Хирург қарағанда болжам диагноз «жылжымалы шап жарығы». Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды нақтылауға негізделген?

А) УДЗ

Б) Цистография

С) Рентгенография

Д) Ирригоскопия

Е) Колоноскопия

36. Хирургия қабылдау бөліміне 63 жастағы науқас ішінің толғақ тәрізді ауруына, ішінің үрілуіне, құсуға, газдар мен нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Қарау барысында іші ассимметриялы, үрілген, перкуссияда метал реңкті жоғары тимпанит анықталады. Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды нақтылауға негізделген?

А) Ирригоскопия

Б) Компьютерлі томография

С) ФГДС

Д) құрсақ қуысының шолу ренгенографиясы

Е) құрсақ қуысының УДЗ

 

37. 35 жастағы еркек шап жарығының қысылуынан 6 сағат өткен соң операцияға алынды. Операция кезінде жарық қапшығында тіршілік қасиеті бар жіңішке ішектің екі ілмегі анықталды. Қысылған сақинаны ашқаннан кейін ішек ілмегі құрсақ қуысында. Қысылудың қай түрі болуы мүмкін?

А) Ретроградты

Б) Қабырғалық

С) Рихтерлік

Д) Жылжымалы

Е) Нәжістік

38.59 жастағы адам «жедел панкреатит» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруымен 10 жыл бойы ауырады. Соңғы уақытта эпигастрийдағы ауырсыну ұстамалары мазалайды, арқаға таралады, кейде айналмалы сипатта. Ойық жараның қандай асқынуы жедел панкреатиттің клиникасын беруі мүмкін?

А) малигнизация

Б) пенетрация

С) қан кету

Д) перфорация

Е) Стеноз

39. Науқас жол жарақатын алды. Ауыр жағдайда жеткізілді. IV шоктың белгілері. Жамбас сүйектерінің сынуы анықталды. Айқын ентігу, тахикардия. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің тынысы әлсіреген, перкуссия жасаған кезде сол жақта тимпанит анықталады. Сол жақ кеуде клеткасының жоғарында перистальтикалық шулар естіледі. Диафрагманың сол жақ күмбезінің жыртылуы аныталады, рентгенологиялы қ зерттеумен негізделген. Емдік шаралар қандай:

+А) Жедел торакотомия

В) новокаинды бөгемелердің әр түрін қолдану

С) Лапароскопия

Д) бақылау және симптоматикалық ем; наркотикалық заттарды қолданумен

Е) Торакоскопия

40. 33 жастағы науқаста ауруханаға жедел түрде кеуде клеткасындағы ауырсынуға, ентігу, әлсіздікке шағымданып түсті. Науқас 5 күн бұрын биіктен құлаған және кеуде клеткасын жараланған. Қараған кезде ішкі үлкен ұйыған гемоторакс анықталды. Не істеу керек?

 А) Торакотомия +

B) Плевра қуысын дренаждау

C) Гемоторакс аймағына стрептаза немесе басқа ферменттер енгізу

D) Қайталамалы плевра пункциялар жасау

E) Ұйыған гемоторакс аймағына антибиотик енгізу

 41.28 жастағы еркек кеуде клеткасының оң жартысындағы ауырсынуға, ауырсынудың терең дем алу күшеюіне, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Анамнезінен жоғарыда айтылған шағымдар ауыр көтергеннен кейін пайда болды. Кеуде клеткасының шолу рентгенографиясы жүргізілді, оң өкпенің көлемі 2/3 коллапсы анықталды. Диагноз қойылды: «оң жақты спонтанды пневматоракс». Осы жағдайда төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс?

А) торакотомия

Б) торакоспопия

С) Ауаны белсенді аспирациясымен плевра қуысын дренаждау +?

Д) консервативті терапия

Е) Бақылау

42. 45 жастағы ер адам жалыннан күйік алды. Қабылдау бөліміне жеткізілді. Қай клиникалық белгі терең күйікті көрсетеді?
А)күйік беткейінде қара-қоңыр қабыршақтың болуы+
Б)тері жамылғыларының ісінуі жəне гиперемиясы
С)дененің 20% ауданында күйік жараларының болуы
Д)күйік беткейінде геморрагиялық құрамды көпіршіктің болуы
Е)күйік беткейінде сары құрамды үлкен емес жəне кернеусіз көпіршіктер

43. 42 жастағы науқас автобустан шығар кезінде құлап қалды. Жарақат пунктіне келді. Оң жақ білек рентгенограммасы жүргізілді. Суретте көрсетілген сынық түрін атаңыз.


А)Гетченсон сынығы
Б)Коллис сынығы
С)Ролланд сынығы
Д)Смит сынығы
Е)Бартон сынығы

44. 47 жастағы науқас оң жақ балтырдың асықты жілігінің жабық сынығы.Мына суретте көрсетілген сынықта жабық интрамедуллярлы остеосинтез əдісінің қай түрін қолданған?


А)Динамикалық
Б)компрессиямен динамикалық
С)статикалық
Д)импакциялық
Е)универсальды

45. 42 жастағы науқас иығының ортаңғы және төменгі үштік шекарасында білезіктің белсенді бүгуі және үлкен саусақты жазуы болмайды. Рентгенограммада сынықтың  ені бойынша және бұрыш астындағы ығысуы анықталды. Сынумен қоса болған зақымдалуды көрсетіңіз:

А) ортаңғы нервтің зақымдалуы

Б) шынтақ жілік нервтің зақымдалуы

С) бұлшықет терілік нервтің зақымдалуы

Д) кәрі жілік нервтің зақымдалуы +?

Е) иық өріміні зақымдалуы

46. 34 жастағы науқас көктайғақ кезінде иығымен жерге құлап қалды және жерге соғып алды. Қарау кезінде иық буыны аймағында деформация, ісіну, сүйек үгінділерінің крепитациясы, қимылдағанда қатты ауырады. Екі кескіндегі рентгеноргаммада тоқпан жілік сүйегінің хирургиялық мойны деңгейінде көлденең сынық, бұрышы сыртқа 40 ° және артқа 40 ° жылжумен

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

A) Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық абдукциялық сынығы +

B) Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық аддукциялық сынығы 

C) Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық сынығы

D) Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық ығысумен сынығы

E) Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының бір-біріне кіріп сынуы

47. Биіктен құлаған науқаста оң жақ қабырғасының шектелген сынуы анықталды. Осы жағдайда ұтымды жансыздандыру әдісі қандай?

А) Вагосимптаматикалық новокаин бөгемесі +?

Б) қабырғааралық новокаин бөгемесі

С) кетаналды бұлшықетішілік енгізу

Д) промедолды бұлшықетішілік енгізу

Е) паравертебралды новокаин бөгемесі

 

48. А.В.Вишневский новокаин қолдануымен жергілікті анестезияның барлық түрін ойлап тапты, мынадан БАСҚА:

А) алдыңғы көкірек бөгеме

Б) вагосимптоматикалық бөгеме

С) паранефральді бөгеме

Д) бел бөгемесі

Е) инфильтрация футлярлы бөгеме

49. Босану үйінде табан деформациясымен нәресте туылды. Басқа табан деформацияларынан ажырату керек. Туа пайда болған майтабандылыққа қай клиникалық беліглер тән емес:

А) табан эквинусы

Б) табан экскавациясы

Д) табан варусы

С) табан вальгусы

Е) табанның алдыңғы бөлімінің әкелінуі

50. 42 жастағы науқас құлап, сол жақ иықтың проксималды бөлімінің сүйек қалдықтарының артқа ашылған, бұрышына қарай ығысқан сынығымен түсті. Артқа ашылған бұрыштық деформациясы қалай аталады

A) вальгусты

B) варусты

C) антекурвация+

D) рекурвация

E) ротация

51. Науқаста иықтың ортаңғы 1/3 бөлігінің қиғаш сынығында білектің белсенді жазылуы және үлкен саусақты әкетуінің болмауы. Сынық қалдықтарының ені және бұрыш асты ығысуы. Сынуға қоса болған зақымдалу түрін көрсетіңіз:

А) ортаңғы жүйкесінің зақымдалуы

Б) шынтақ жілік жүйкесінің зақымдалуы

С) бұлшықеттік- терілік жүйкесінің зақымдалуы

Д) кәрі жілік жүйкесінің зақымдалуы

Е) иық өрімінің зақымдалуы

52. Үлкен балаларда туа пайда болған санның шығуының клиникалық белгісіне кірмейді:

А) ара кідік ақсаңдау

Б) Тренделенбург оң белгісі

С) аяқтың қысқаруы

Д) біржақтық ақсау және «үйрек жүрісі»

Е) Розер-Нелатон сызығынан жоғары үлкен вертел

53. Балаларда туа пайда болған қысқа өңеште қай белгі анамнезіндегі жетекші белгісі болып табылады:

А) Құсу

В) Ықылық

С) Регургитация +

Д) Дисфагия?

Е) саливация

54. Урологиялық бөлімшеге 3 жастағы науқас түсті. Емдеуші дәрігердің жүргізілген тексерістен кейін мына диагноз қойылды.: Сол жақ қуықтың несепағарлық рефлюксі. Балалардағы қуықтың несепағарлық рефлюксте қолданылатын негізгі диагностика әдісі:

А) Микционды цистография+

В) өрлемелі уретрография

С) Урофлоуметрия

Д) Инфузиялық урография

Е) Микционды урография

55. 3 жастағы баланың... ұманың үлкеюіне байланысты ұма ассиметриясы, пальпаторлы жұмсақ эластикалы консистенциялы, құрсақ қуысына салынбайтын түзіліс анықталады. Анасының айтуы бойынша түзіліс таңертеңгілік мезгілде кішірейеді, кешке жақын ұлғаяды. Сіздің диагнозыңыз:

А) Аталық без қабырғаларының байланыспайтын шемені

В) Шәует шалбырының жарығы

С) Ісінулі ұма синдромы















Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: