Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия


1 бөлім. Пагпологиялық анатомияның зерттеу әдістері



 


Өлу заңцылықтарын, оның себептерін жөне өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейпін ілімді танатология деп атайды. Дцам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қарау керек. Бірақ, өр түрлі зертгеулер арқылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлген-нен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатындығы анықталғаң. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіңдерін транспланта­ция үшін пайдалану мүмкіншілііі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға көшіріп отырғызу тәжірибиде кең жол алған. Кейінгі уақытта тек жеке ағзаларды ғана емес, ағза-лар кешенін (мысалы, өкпе-жүрек) көшіріп отырғызу мүмкіншіліктері бар. Ағзаларды трансплантацияға дайындамастан бүрьш кенеттен қайтыс болған адамның анық өлгеңцігіне көз жеткізу керек. Бүл жағдайда өлім жөніндегі қорытындыны өдетте сот меди-цинасының сарапшылары береді. Бірақ та өлім белгілерін білу, өлім себептерін анықтау барлық дөрігерлер үшін, өсіресе, патологоана-томдар үшін аса қажет. Патологоанатом тек аурухана жағдайында қайтыс болған науқасты ашып көріп, өзінің қорытынды сөзін өлімнің қаңдай ауру салдарынан болғанын, оның пайда болу механизмдерін ашьш беруді арнайтыны мөлім.

Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан түрады. Ола- рға: жамталасалды куйі, жанталас (агония) жөне клиникалық өлім түсінікгсрі кіреді. Өлімнің өрбір сатысыньщ үзақгық мерзімі өр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім өдетте 5-6 минутган соң биоло-гиялық өлімге өтеді. Бүл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсьгі өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организмді мәйіт деп атауға болады.

Өлімнің себептеріне қарай табиғи (физиологиялық), зорлық-зомбылық нөтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыра-тады.

Табиги өлім адам өбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте өлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты. Адам өмірінің үзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бүл жасқа осы күндері же-келеген адамдар ғана жетіп отыр.

Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медйцинасы зерттейдд.

Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патоло-гоанатомдар тексереді.

Ауру асқыньш кеткенде, мысалы, миға қан қүйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында адам ке­неттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. Ал


көптеген созылмалы аурулар нөтижесінде пайда болатын өлімді дәрігерлер клиника жағдайында бақылап, оларды өлімнен алып қалу үшін реанимация (латынша — reanimatio — қайта тірілту) шараларын кеңінен қолданады.

Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің мор-фологиялық белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бүл өзгерістерді анық білу жөне зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалган өлімді анықтауда аса қажет. Сол үшін мәйітті клиникада кемінде екі сағат сақтап, өлімнің алғашқы белгілері байқалғанда ғана патологиялық анатомия бөлімдеріне көшіреді.

Өлімнің алғашқы белгілеріне: 1) мәйіттің сууы; 2) мәйіттің сіресіп қалуы; 3) мәйіттің кебуі; 4) қанның қайта бөлінуі; 5) мөйіт дақтары кіреді.

Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айнала-дағы температурадан 0,5-1 °С төменірек дәрежеге дейін түседі.

Орташа есеппен мәйіт температурасы сшгатъша 1 °С төмендейтіні анықталған. Бірақ кейбір ауруларда (сіреспе, сепсис, бөртпелі сүзек) мәйіт температурсы бірнеше сағатқа дейін бүрынғыдан да жоғары болуы мүмкін.

Мәйіттің сіресіп қалуы дене бүлшықеттерінің қатайып, тар-тылып қалуына байланысты. Бүл өзгерістердің негізіндегі биохи-миялық үрдістер жатады. Тірі организмдегі бүлшықеттердің белгілі бір тонуста түруы аденозинүшфосфат (АҮФ) қышқылының бүлшы-қеттермен байланысты болуымен түсіндіріледі. Өлгеннен соң АҮФ-тың бір бөлігі бүлшықеттерден бөлініп шығып, олардың 2-4 сағат бойында босап қалуына себеп болады. АҮФ-тың бірте-бірте жой-ылуына байланысты және сол жерде сүт ідышқылының, калыщидің жиналып қалуы себепті бүлшықеттер қайтадан тартылып, сіресіп қалады.

Мәйіттің сіресуі жақ, бет, мойын бүлшықеттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды, бір тәуліктен кейін барып олар қайтадан босай бастайды. Мәйіттің сіресуін жасанды түрде жою үшін біраз күш жүмсау керек. Мәйіттің сіресу күші көптеген себептерге бай­ланысты. Дене жаттықтырумен шүғылданатын адамдарда, кейбір науқастарда (холера, сіреспе ауруларында, стрихнинмен уланған-да) ол жақсы байқалса, ал кәрі кісілерде, жас балаларда, сепсистен кейін сіреспе күші өте әлсіз болады.

Мәйіттің кебуі - өлгеннен кейін денедегі сүйықтықтардың қүрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бүл үрдіс өлгеннен соң бірнеше сағаттан кейін басталып, терінің, шырышты қабықтар-дың кеуіп қалуьша алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгіртгеніп,


 



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: