Плазмолемма (цитоплазмалыҚ мембрана) патологиясы

Мембраналық белоктардың қүрылымы, қызметі сан алуан. Плазмолемманың өзі екі қатар белоктардан жөне оның ортасын-дағы фосфолипидтерден, яғни үш қабаттан түрады. Мембраналық белоктардың бір бөлігі лшіидтік қабаттың ішке қарай өтіп (транс-мембраналық протеиндер) ішкі белоктар деп, ал мембрананың бетщцеп белоктар сыртқы белоктар деп аталады. Сыртқы белок-тар қүрамындағы аминқышқылдардың белгілі бір ретпен орнала-суы домен деп аталады. Мембрана қүрамыңдағы фосфолипидтер гендік материадды жасушаға жеткізу қызметіне де қатысады (сиг- налдық трансдукция).

Әрбір жасушаны жөне жасуша органеллаларын өте күрделі түзшске ие болған мембраналар (жүқа қабықтар) қоршап жата­ды. Мембрана белоктары жасушаны таңбалау (маркировка), ре­цепция (өсерлесу), тасымалдау, қоргау жөне түйісу (контакт) қызметтерін атқарады.


Әрбір жасушаның өзіне төн цитоплазмалық белоктары (тан-басы) болады. Цитоплазмалық мембрана бетіндегі рецепторлық белоктар кешені тек белгілі бір заттармен (лигандар) ғана өсерлеседі. Мысалы, гормондар нысана-жасушалардағы арнайы рецепторлар-мен қосылып цитоплазма мембранасының бір бөлігімен бірге (эн-доцитоз жолымен) жасуша ішіне енеді, сонда ғана өз әсерін корсе­те алады.

Мембрана арқылы тасьшалдаудьщ бірнеше түрлері бар. Ци-топлазмалық мембрана жартылай өтюзгіппік қасиетке ие. Судьщ осы жерден өтуі жасушааралық ортадағы түздардың концентраци-ясьша байланысты, ол жоғары болса, су жасуша ішіне өтіп, жасу­ша ісінеді. Сүйық заттар жасушаға пиноцитоз жолымен де (ци-топлазмалық мембрананың инвагинациясы нөтижесінде) енуі мүмкін. Пассивті диффузиямен қатар активті диффузия да бар. Бүл кезде заттар концентрация градиентіне қарсы бағытта жүріп, оған көп энергия жүмсалады. Мысалы, К+, Na+ насосьшың жүмы-сында. Электрондық микроскоппен қарағанда бүл мембрананың үш қабаттан түратыны анықталған: ішкі жөне сыртқы белокты қабат жөне ортаңғы липидті қабат (оның өзі бір-біріне өте жақын жатқан екі қабаттан түзілген). Мембранадағы липидтер фосфоли­пидтерден, сфингомиелиннен, гликолипидтерден және стеролдар-дан түрады. Жасуша мембранасының өткізгіштігі артып кеткенде төмендегі өзгерістер дамиды (Авцын А. П., Шахламов В. А., 1979):

1) мембранада көпіршіктер пайда болуының күшеюі ("мемб-рананың азаюы");

2) микропиноцитоз нәтижесінде плазмолемма сыртының кеңеюі ("мембрананың көбеюі");

3) жасуша мембранасы есебінен цитоплазмалық өсінділердің түзілуі;

4) микроклазмациоз жөне клазмацитоз үрдістерінің күшеюі;

5) мембрана қабаттарының қалындауы;

6) "ірі" микротесіктердің пайда болуы;

7) плазмолемманың жергілікті ыдырауы;

8) жергілікті ыдыраған плазмолемманың "жамалуы";

9) миелин тәрізді қүрылымдардың түзілуі.

Осы өзгерістер нөтижесінде плазмолемманың, жасушаның ішкі мембраналарының өткізгіштігі күшейеді немесе әлсірейді. Мемб­ранада көпіршіктердің көптеп пайда болуы цитолемма өткізгіш-тігінің асып кеткендігінің белгісі больш саналады.

Микропиноцитоз үрдісінің күшеюі плазмолемманың кеңеюіне — жасушаның ісінуі нәтижесінде кейде оның жарылып кетуіне со-қтырады. Цитоплазмалық өсінділердін пайда болуы жасуша сыр-




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: