double arrow

Гингивит

Гингивит (лат. gingiva - қызыл иек, itis - қабыну) – жалпы және жергілікті факторлардың қолайсыз әсерінен болатын, қызыл иектің тіске жабысуын бұзбауымен өтетін қызыл иектің қабынуы. Оның катаральды (сероздық), гипертрофиялық және жаралы түрлерің ажыратады.

Катаральды гингивит. Жедел гингивит әдетте организмнің жалпы ауруы бар кезде дамиды (вирустармен, бактериялармен, саңырауқұлақтарымен қоздырылған инфекциялық-аллергиялық аурулар) және ауыз қуысының барлық жердегі шырышты қабығының қабынуымен бірге өтеді, немесе қызыл иектер механикалық, физикалық, химиялық факторлармен зақымдалған кезде пайда болады.

Созылмалы катаральды гингивиттің таралған түрі жүрек тамырлары, қан жүйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары, гормональдық бұзылыстар кезінде, иммундық тапшылықтар пайда болғанда және де дәрі-дәрмектер қабылдаған кездерде дамиды. Гингивиттің басты көрінісі – қызыл иектің қанағыштық. Дәрегерге қаралған кезде қызыл иектің гиперемиясы және көгеру байқалады.

Созылмалы катаральды гингивиттің жергілікті түрінің патогенезінде микробтық тіс дақтардың маңызы зор. Грам - теріс бактериялардың эндотоксиндердің, антигендердің, ферменттердің әсерінен біріншілік қабыну пайда болады, ал 1-3 аптадан соң қабынудың барлық клиникалық көріністері анықталады. Ауру барысында патологиялық өзгерістер гингивиттің асқынуына әкеледі, альвеоланың сүйектері қабына бастайды, гингивитке пародонтит қосылады.

Гипертрофиялық гингивит. Бұл аса түрдегі пролиферациямен сипатталатын созылмалы гингивит. Бұған себепті – гормональдық өзгерістер, мысалыға, жүкті әйелдердің гингивиті, жас өсперімдер гингивиті. Жергілікті гипертрофиялық гингивит механикалық жарақаттану болған жағдайда пайда болады.

Жаралы гингивит – микроорганизмдермен көптеген жағдайларда бактериялармен (фузобактериялармен) немесе вирустармен (герпесвирустармен, Коксаки А, афтовирустармен) қоздырылады. Жаралы-шіріген Венсан гингивиті – бұл альтерация айқындалуымен өтетін қызыл иектің жедел қабынуы. Шіру үрдісінің нәтижесінде қызыл иектің шет жағасы деформацияға ұшырайды да пародонтта потенциальды созылмалы қабынудың ошағы түзіледі (4 тарауын қараңыз).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: