double arrow

Кіріспе. Психология – психикалық құбылыстардың (жан құбылыстарының) пайда болу

Психология – психикалық құбылыстардың (жан құбылыстарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылыми қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның бірінші –«псюхе» (жан), екінші –«логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын Жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады.Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі.

Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келеді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерт теулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Психология ғылымының салалары, әдістері. қазіргі заманғы психология

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПСИХОЛОГИЯ.ПСИХОЛОГИЯ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ. ҚАЗАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ.

2 Психика мен сананың дамуы

ПСИХИКА МЕН САНАНЫҢ ДАМУЫ. МИ МЕН ПСИХИКАНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.ПСИХИКА МЕН НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФЛЕКСТІК ТАБИҒАТЫ

САНА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ. ЖАНУАРЛАР ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

3 Жеке тұлға және қажеттілік туралы түсінік

ИНДИВИД, ТҰЛҒА, ДАРАЛЫҚ. ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ҚАЖЕТТІІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ. ТҰЛҒАНЫҢ МОТИВТЕРІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ, ҚЫЗЫҒУЛАРЫ. ТҰЛҒА ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ДҮНИЕТАНЫМ, СЕНІМ, МҰРАТ.

4 Әрекеттің психологиялық теориясы

ІС-ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ІС-ӘРЕКЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ: ДАҒДЫ, ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ӘДЕТ. ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ. ЕҢБЕК ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.

5 Топтарға психологиялық сипаттама

ТОП ЖӘНЕ ҰЖЫМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ТОПТЫҢ ТҮРЛЕРІ. ШАҒЫН ТОП ЖӘНЕ ҰЖЫМ. ҰЖЫМДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІК.

6 Танымдық үрдістер психологиясы

ТҮЙСІК ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ. ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ. ҚАБЫЛДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ. ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ. АДАМ ПСИХИКАСЫНДАҒЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ОРНЫ.

7 Ес және елес

ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІС РЕТІНДЕ ЕСТІҢ СИПАТТАМАСЫ. ЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІ ЕСТІҢ ТҮРЛЕРІ. ЕСТІҢ ЖЕКЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ЕЛЕС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ. ЕЛЕСТІҢ ТҮРЛЕРІ.

8 Ойлау және сөйлеу

ОЙЛАУДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ. ОЙЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ОЙЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ. СӨЙЛЕУ НЕГІЗГІ ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІС РЕТІНДЕ. СӨЙЛЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ.

9 Зейін және ерік

ЗЕЙІННІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ. ЗЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ. ЗЕЙІННІҢ ҚЫЗМЕТІ. ЕРІКТІК ҮРДІСТЕР МЕН ЕРІКТІҢ СИПАТТАМАСЫ. ТҰЛҒАНЫҢ ЕРІКТІК ҚАСИЕТТЕРІ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: