Силлабус 1 страница

Экономика кафедрасы

Еңбек экономикасы пәні бойынша

5В090200 Туризм мамандығы үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 4

Кредит саны: 3

Сағат саны: 135, соның ішінде:

Дәрістер: 30

Тәжірибелік сабақ: 15

ОСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: 4 семестр

1

Талдықорған 14

Оқытушы туралы мәлімет: Казиева Лаура Жеңіс қызы

Экономика кафедрасының аға оқытушысы

Жұмыс стажы: 16 жыл, Е-mail: ka08.76@mail.ru,

Пререквизиттер: Экономикалық теория

Постреквизиттер: кәсіпорын экономикасы

Курстың қысқа мазмұны

Қазіргі экономикалық жағдайда еңбек экономикасының проблемаларын оқып білу еңбектің қызмет етуі және тиімділігі, еңбек потенциалының қалыптасуы және реттеуі, сондай-ақ нарықтық қатынастар дамуы жағдайында еңбек сферасында өтетін нақты экономикалық және әлеуметтік процесстерді талдаужөніндегі жаңа концептуалды ұсыныстарға негізделген. Нарықтық экономиканың принциптері жұмыс күшін тарту және пайдалану процесінде белсенді көрінеді, әлеуметтік-еңбек қатынастар жүйесіне, еңбек ақы төлеу және ұйымдастыру, жұмысшылар табысын қалыптастыру және пайдалану, тұрғындар өмір сүруін деңгейін және сапасын көтеру жүйесіне енгізіледі. Бұл сұрақтарды оқытумен «Еңбек экономикасы» пәні айналысады.

«Еңбек экономикасы» пәнінің мақсаты – әр түрлі факторлардың әсерімен еңбек процесінде туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу, сонымен бірге еңбек категориясына байланысты сұрақтарды қарастыру.

Курстың міндеттері:

- жалпы экономика және еңбек секторы арасындағы өзара қатынастарды талдау;

- еңбек өнімділігі, жұмыссыздық, еңбекпен қамту деңгейлерін анықтау;

- еңбекпен қамту және еңбек ақы, инфляция мен жұмыссыздық, өндірістегі қысқарту мен еңбекпен қамту арасындағы өзарабайланыстарға болжау жасау білу;

- факторлар бойынша еңбек өнімділігінің өсімін анықтау;

- еңбек қатынастарының нысандарын ажырата білу.

Курсты толық меңгерген соң студент білуге тиіс:

- еңбек нарығындағы жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныс қалай жүзеге асырылатынын;

- қоғамда және нақты кәсіпорында (ұйымда) кәсіпкер неғұрлым тиімділік (пайда) алуы үшін еңбекті қалай ұйымдастыруы қажет екенін;

- еңбек өнімділігін және тиімділігін көтеру үшін, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру деңгейін және сапасынкөтеруүшін жағдай туғызуға еңбекке ақы төлеуді қалай қалыптастыру қажеттілігін;

- жұмыссыздық деңгейін қалай төмендету және сенімді әлеуметтік кепілдер жүйесін қалай қалыптастыру қажеттілігін;

- қоғамдағы еңбек потенциалын тиімді пайдалануды жоғарлату үшін еңбек ресурстарын қалай басқару керек екенін;

Еңбек нарығы экономикасы сферасындағы білім тек теориялық ғана емес, сондай-ақ жоғары білікті мамандарға өте қажет олардың болашақ кәсіби қызметтерінің сферасына тәуелсіз еңбек нарығына бейімделген практикалық білімге ие.

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріп жүйесі Цифрлік эквивалент Пайыз Дәстүрлі баға
А 4,0 95-100 ӨТЕ ЖАҚСЫ
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 ҚАНАҒАТАНАРЛЫҚ
С   65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F   0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 апта үшін бағалау мөлшері 9-15 апта үшін бағалау мөлшері Балдың максималдық мөлшері Электронды журналға балл қою кезеңі
Ағымдағы бақылау     әр бір бағалау – 100 бал әр бір апта сайын (бірінші аптаны есептемегенде)
СӨЖ     әр бір СӨЖге – 100 бал 4,7,11,14 апталар
Аралық бақылау     әр бір межелік бақылауға – 100 бал 8 және 15 апта
Жіберу рейтингі 1 R 1   8 апта
Жіберу рейтингі 2 R2   15 апта
Академиялық мерзімде жіберу R = (R1+R2)/2   15 апта
Емтихан E   16-19 апталар
Қорытынды баға I = R*0.6+E*0.4    

Баға қоюдың критерийлері

Бақылаудың түрі Максималды баға Оқытушының журналына қою мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл (дәріс, семинар, ОСӨЖ сабақтары) үй тапсырмасын орындауы ОСӨЖ тапсырмаларын орындау белсеңділік (лекция, семинар, ОСӨЖ барысындағы жауаптар)   Әр бір сабақта
СӨЖ 1*) Тапсырма 1 Тапсырма 2   СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 4 апта
СӨЖ 2*)   СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 7 апта
СӨЖ 3*)   СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 11 апта
СӨЖ 4*)   СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 14 апта
1 аралық бақылау: Коллоквиум   8 апта
2 аралық бақылау: Коллоквиум   15 апта

*) ӨЖ тапсырмаларының мазмұны силлабустың сәйкесінші бөлімінде келтірілген

Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тараулар бойынша лекция тақырыптары Сағат саны Апта Әдебиет
  1 тақырып. Еңбек нарығының түсінігі және құрылымы     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,14,18,23,25,26,27
  2 тақырып. Еңбек ресурстары және қоғамның еңбек потенциалы     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,14,18,23,26,36
  3 тақырып. Еңбек нарығының сегменттелуі     1,2,3,4,5,6,7,8,9,23,26,36
  4 тақырып. Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамту саясаты     1,2,3,4,5,6,7,8,9,26,36
  5 тақырып. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу     1,2,3,4,5,6,7,8,9,26,36
  6 тақырып. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу. Әлеуметтік әріптестіктің дамуы     1,2,3,4,5,6,7,8,9,26,36
  7 тақырып. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекті мөлшерлеу     1,2,3,4,5,6,7,8,9,23,26,36,15,16,21,22
  8 тақырып. Еңбек және демалыстың рационалды режимдері     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,
  9 тақырып. Еңбек жағдайы     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,
  10 тақырып. Еңбек өнімділігі және тиімділігі     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  11 тақырып. Нарықтық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,14,18,23,25
  12 тақырып. Қазақстан Рсепубликасында еңбек ақы жүйесін реформалау     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,
  13 тақырып. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні және оның жіктелуі     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,14,18,23,25,26,27
  14 тақырып. Қосымша және үстемеақылар жүйесі. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
  15 тақырып. Тұрғындардың өмір сүру және табыс деңгейі. Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,14,18,23,25
  Барлығы      

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дәріс 1. Еңбек нарығының түсінігі және құрылымы

1. Еңбек нарығының түсінігі

2. Еңбек нарығының құрылымы

3. Еңбек нарығының принциптері және ерекшеліктері

4. Еңбек нарығының қызмет ету механизмі

5. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және оның қызметтері

Негізгі ұғымдар: еңбек, еңбек нарығы, Халықаралық еңбек ұйымы

1. Еңбек нарығының түсінігі

Еңбек нарығы ол жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшы күшінің мүдделерінің келісуінің қоғамдық қатынастарының жүйесін білдіреді.

Еңбек нарығы ол жұмысшы күшіне деген сұраныспен ұсыныстың өзара қатынастар жинағы.

Жұмыс күшіне деген сұраныс бұл – нарықтағы жұмысшы күші деген төлем қабіліттілігі бар қажеттілік.

Жұмыс күшінің ұсынысы – бұл нарықта жалдамалы жұмысшылардың өздерінің еңбегін ұсынуы немесе сатуы.

Еңбек нарығында жұмысшы күші немесе еңбек сатылады немесе сатып алынады. Нарықтық қатынастардың маркстік теориясын жақтаушылар еңбек нарығында жұмысшы күші яғни еңбекке деген қабілеттілік сатылады, ол оны жұмыс беруші пайдаланады. Қазіргі экономикалық теория еңбек нарығында тек еңбек сатылып және сатып алынады, ал жалақы еңбекке төленетін төлем.

Еңбек нарығындағы еңбек бағасы жұмыс беруші және жұмысқа жалданушы арасындағы жасалынытын келісім шартта көрсетілетін еңбекқы ставкасы формасында көрінеді.

2. Еңбек нарығының құрылымы

Еңбек нарығы өзінің қызмет қызмет етуінде бірнеше маңызды ерекшеліктерге ие:

1. Тауар (еңбек) меншік құқығының оның иесінен бөлінбейтіндігі.

Еңбекті сатып – сатып алу процесінде айрықша қатынастар туындайды, яғни еңбек жұмыс күшінің өзінің өндірушісінен шығындалу процесін білдіреді.

2.Сатушы мен сатып алушы арасындағы байланыстың ұзақ мерзімділігі.

3. Мәміленің ақшалай емес аспектілерінің болуы және әрекет етуі. Бұл еңбек жағдайы, ұжымдағы микроклимат, қызмет бойынша ауыстырулар және кәсіби өсу болашағы.

4. Ерекше институционалдық құрылымдардың көп санының болуы. Олар: еңбек заңдылықтар жүйесі; Еңбекті реттеудің түрлі мекемелері мен қызметтері, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар.

5. Жеке мәмілелердің жоғары деңгейі. Әр жұмысшы және жұмыс орны бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Еңбек нарығының басты құрамды бөліктері болып жиынтық барлық жалдамалы жұмысшы күшін қамтитын жиынтық ұсыныс және жалдамалы жұмысшы күшіне деген экономиканың жалпы қажеттілігі ретінде жиынтық сұраныс табылады.

3. Еңбек нарығының принциптері және ерекшеліктері

Еңбек нарығының барлық элементтерінің болуы және өзара әрекеті оның қызмет етуі үшін қажет. Еңбек нарығы келесідей қызметтерді орындайды:

- жұмысберушімен жалдамалы жұмысшылардың кездесуін ұйымдастыру

- еңбек нарығында жұмыс бершілер арсында, және жалдамалы жұмысшылар арасында бәсекені қамтамасыз ету;

- тең еңбек ставкасын бекіту;

- тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу;

- халық шаруашылығындағы жұмысшы күшін өндірістің салалары мен сфералары арасында қайта бөлу жолымен жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету.

Нарық коньюнктурасы – еңбек нарығының құрылымын құрайтын сұраныс пенр ұсыныстың ара қатынасы.

Еңбек нарығының коньюнктурасы сұраныс пен ұсыныс арасындағы ар – қатынасқа байланысты үш типі болуы мүмкін:

- еңбек жетіспеушілігі

- еңбек артықшылығы

- тепе – теңдік

Бәсеке нарығындағы тәуелсіз сатып алушылар көп санының болуы және оған кіруімен щығу еркіндігі мүмкіндігі.

4. Еңбек нарығының қызмет ету механизмі

Еңбек нарығы - бұл жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын сфера.

Еңбек нарығының компоненттері болып табылатындар:

1.Субьектілер

2.Субьектілердің қабылдаған экономикалық бағдарламалары,шешімдері және заңдық нормалары

3.Нарықтық механизм

4.Нарықтық инфрақұрылым

5.Жұмыссыздық

ЕН субьектілері болып жалдамалы жұмысшылар,жұмыс берушілер және мемлекет табылады

Жалдамалы жұмысшы бұл өзінің жұмыс күшін өндіріс құралдарының иесіне немесе өндіріс ұйымдастырушы-менеджеріне беретін қоғамдық өндіріске қатысушы.

Жұмыс беруші бұл дербес өзі жұмыс істейтін және тұрақты түрде бір немесе бірнеше адамды жалдайтын тұлға.

Еңбек нарығында мемлекет келесідей қызметтерді атқарады:

-әлеуметтік-экономикалық;

-заңдық;

-реттеуші;

-басқару қорғаушы және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс беруші

Еңбек нарығының компоненті ретінде нарықтық механизм келесі элементтерді кірістіреді: еңбек сұранысы және ұсынысы, баға және бәсеке.

Жұмысшы күшіне сұраныс дегеніміз жұмыс берушілердің белгілі бір баға бойынша белгілі бір жұмысшы күшін белгілі бір уақытқа сатып алуға қажеттілігі. Ал жұмысшы күшінің ұсынысы дегеніміз өзінің жұмыс күшін белгілі бір бағамен белгілі бір уақытқа ұсынатын жұмысшылар саны.

Еңбек нарығында жалдамалы жұмысшылар арасында ең жақсы жұмыс орындары үшін, ал жалдамалы жұмыс берушілер арасында ең жоғары білікті жұмысшылар үшін бәсеке болады.

Еңбек нарығында жұмысш күші бағасы еңбек ақы формасында көрінеді.

5. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және оның қызметтер

Халықаралық еңбек ұйымы 1919 жылы құрылды.

Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қызметтері:

-Еңбек мәселесі бойынша халықаралық бағдарламаларды жасау;

-Нормативтік;

-техникалық көмек;

-ЕЗЖ;

-Баспа.

-Қазақстан ХЕҰ мүше болып табылады.

Адам капиталы адамның қалыптастырған сол қызмет сферасында мақсатты-бағытты қолданылатын денсаулығы, білімі, жаңалықтар енгізуі, қабілеттерінің белгілі бір қоры.

Дәріс 2. Еңбек ресурстары және қоғамның еңбек потенциалы.

1. Тұрғындар және еңбек ресурстары: мәні және мазмұны

2. Еңбек ресурстарының құрлымы

3. Еңбек потенциалы, оның мәні және еңбек ресурстарынан айырмашылығы

4. Еңбек миграциясы және еңбек нарығы

Негізгі ұғымдар: Еңбек ресурстары, Еңбек потенциалы, Еңбек миграциясы, еңбек нарығы, еңбек ресурстары

1. Тұрғындар және еңбек ресурстары: мәні және мазмұны

ҚР. «ҚР-дағы Еңбек туралы» Заңында «еңбек ресурстары деп еңбекке қабілетті 16 жастан 58 жасқа дейінгі және 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар жатқызылады».

Тұрындар деп белгілі аумақта- аудан, қала, аймақ, елде тұратын адамдар жиынтығы түсініледі.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы – азаматтардың ҚР-ң Конституциясына, Заңдары мен өзге де нормативтік басқарутық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызмет.

Жұмыспен қамтылған халыққа:

1.Жеке еңбек шартымен жұмыс істейтіндер;

2.Кәсіпкерлік қызметімен шұғылданатын;

3.Өз бетінше жұмыспен айналысатындар;

4.Қосадқы кәсіпшілікпен айналысатын және өнімд шарттар бойынша өткізетін;

5.Жұмысты азаматтық – басқарутық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, өндірістік кооперативтердің мүшелері;

6.Ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;

7.ҚР-ның Қарулы күштерінде, ҰҚО- да, ІІМ ішкі әскерлерінде,Республикалық Ұланда, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет өткеріп жүрген азаматтар жатады.

Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек нарығында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтік экономикалық құбылыс.

Жұмысыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кіріп кетуге әзір, еңбекке жарамды жастағы азаматтар.

Жұмыссыздықтың үш түрі кездеседі: циклдік, құрылымдық және фрикциондық. Сонымен қатар маусымдық жұмыссыздық болуы мүмкін.

Еңбек ресурстары – еңбек қызметіне физикалық және интеллектуалдық қабілеттері бар, материалдық құндылықтар өндіруге және қызмет көрсетуге қабібілеті бар тұрғындардың еңбекке жарамды бөлігі.

Тұрғындардың ұдайы өндірісі деп туу және адамдардың қайтыс болу нәтижесінен олардың ұрапқтарының үзіліссіз жаңару процесі түсінеледі.

Тұрғындардың өндірісінің үш типін ажыратады:

- қайтыс болғандар санынан туылғандар санының артуымен сипатталатын кең ұдайы өндіріс;

- жай ұдайы өндіріс – бұл жағдайда өсім болмайды;

- апатты ұдайы өндіріс – қайтыс болғандар саны туылғандар санынан артып кеткен жағдайда.

Еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі-бұл қалыптасу, бөлу, пайдалану фазаларын кірістіретін экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың сандық және сапалық сипаттамаларының жаңару процесі.

Еңбек ресурстарының ұдайы өндірісінің типтері: Экстенсивті және интенсивті.

Мына формула бойынша туу коэффициенті көрсеткіші анықталады: К=Р/Нс*1000,

мұнда Р-жыл ішіндегі туылғандар саны; Нс-тұрғындардың орташа жылдық саны.

Төмендегі формула бойынша өлу коэффициенті көрсеткіші анықталады: К=С/Нс*1000,

мұнда С-жыл ішінде өлгендер саны;Нс-тұрғындардың орташа жылдық саны.

2. Еңбек ресурстарының құрлымы

Жұмыс істеу белсенділігі бойынша еңбек ресурстарын екіге бөледі:

1.Экономикалық тұрғыдан белсенді халық;

2. Экономикалық тұрғыдан енжар халық:

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық қа еңбекке жарамды жастағы экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады.

Экономикалық тұрғыдан енжар халыққа кәмелетке толмаған жастар, жұмыс істемейтін және іздемейтін азаматтар, оның ішінде үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс істемейтіндер, зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер күндізгі бөлім тыңдаушылары мен курсанттары, сондай ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті жалға беруден кіріс алатын өзге де тұлғалар.

Еңбек ресурстарының құрылымы көп қырлы. Еңбек ресурстарының құрылымына келесідей құрылымды бөліктер сипаттайды: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты және тілі, қоғамдық топтары, діні, тұрғын жайы, жұмыспен қамтылу сферасы, мамандығы.

3. Еңбек потенциалы, оның мәні және еңбек ресурстарынан айырмашылығы

Кәсіпорын еңбек потенциалы – жұмыс істеушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін, кәсіби білім деңгейімен жинақталған тәжірибесін ескере отырып өндіріске мүмкін қатысуының шекті мөлшері.

Кәсіпорынның еңбек потенциалы әр түрлі потенциалды мүмкіндіктері бар бірнеше әр түрлі жастағы жұмысшылар тобын кірістіреді. Ол техникалық және ұйымдық факторлар әсерімен қалыптасады, мамандандыруды ескере отырып өндірістік процесті жүзеге асыру мақсатында әр кәсіпорын қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылады.

Өндірістік ұжымның потенциалды жұмыс уақыты қоры жиынтық көлемі календарлық қор көлемімен жұмыста болмаулар мен үзіліссіздер жиынтық көлемі арасындағы айырмашылықты білдіреді. (Демалыс және мейрам күндері, негізгі және қосымша демалыстар және өзге заңмен негізделген үзіліссіздер мен жұмыста болмауы).

Мына формула бойынша кәсіпорынның еңбек потенциалының мөлшері көрсеткішін анықтауға болады: ФП= Ч х Д х ТСМ,

мұнда Ч- жұмысшылар саны, адам;Д-кезеңдегі жұмыс күндері саны; ТСМ-жұмыс күнінің ұзақтығы,сағат.

Ал тұрғындардың табиғи өсімі коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады: К=Крс,

мұнда Кр-тұрғындардың туу коэффициенті;Кс-тұрғындардың өлу коэффициенті.

4. Еңбек миграциясы және еңбек нарығы

Жұмысшы күшінің миграциясы-бұл өндіріс орналастыру және дамуында өзгерістер әкелетін еңбекке қабілетті тұрғындардың кеңістік кесіп өтуі.

Миграцияның сыртқы және ішкі түрлері бар.

Елдің ішіндегі тұрғындардың миграциясы ішкі миграция деп аталады. Мемлекеттің шекарасын қиып өтетін миграция сыртқы миграция деп аталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: