Силлабус 6 страница

Біліктілік деңгейі жұмысшының өткен кезеңдегі нақты жалақысын ең төменгі жалақыға бөлу арқылы анықталады. Еңбек ақының тарифтік емес жүйесі берілген тарифтік жүйеге пропорция бойынша негізделген.

Біліктілік деңгейі негізінде, сондай ақ түрлі мамандықтағы және лауазымды қызметкерлердің біліктілік талаптарын есепке ала отырып ұжымның барлық мүшелерін біліктілік талаптары бойынша бөледі.

Бөлімшеде еңбек қатысының коэффициенті түрлі кезеңділігімен көрінеді. Бұл мәселе бөлімшеде шешіледі және еңбек қатысының коэффициентіне әсер ететін көрсеткіштер жиынын анықтайды.

Б = Бд х С х ЕҚК, мұнда

Б – цехтың әр жұмысшысының қол жеткізген балы

Бд – біліктілік деңгейі

С – істелген сағат

ЕҚК – еңбек қатысу коэффициенті

Содан кейін цехтың барлық жұмысшыларының қол жеткізген балдарының жалпы сомасы шығарылады. Сосын 1 балдың бағасы есептеледі:

Бб = ЕАҚ: б, мұнда

ЕАҚ – еңбек ақы қоры

б – цехтың барлық жұмысшыларының балл сомасы

Жұмысшының нақты жалақысы келесідей есептеледі:

Ж = Бб х б

Тарифтік емес жүйе кезінде берілген біліктілік деңгейі оған берілген белгілі бір тарифтік ставканы білдірмейді. Біліктілік деңгейді анықтау неғұрлым жауапты кезең болып саналады. Оны анықтаудың 2 әдісі бар:

1. Еңбек ақы төлеуде нақты қалыптасқан қарым қатынастармен;

2. Қолданыстағы ақы төлеу базасымен.

Бірінші әдісте әдістемелік негіз болып жұмысшының біліктілігінің нақты деңгейін оның жалақысы көрсетеді.

Екінші әдістің әдістемелік негізі болып біліктілік деңгейі жұмыс күрделілігі, жұмыс орнындағы еңбек жағдайы, ауысымдылық, интенсивтілігі, кәсіби шеберлігі сияқты көрсеткіштер жиынтығымен анықталатындығы табылады.

Тақырып14. Қосымша және үстемеақылар жүйесі. Мемлекеттік мемкемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу

1. Кепілді төлемдер мен қосымшалар

2. Өтемақы төлемдері

3. Қалыпты еңбек жағдайынан ауытқу кезіндегі еңбекке ақы төлеу

4. Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу

5. Мемлекеттік қызметшілер еңбегіне ақы төлеу

Негізгі ұғымдар: Кепілді төлемдер мен қосымшалар, Өтемақы төлемдері

1. Кепілді төлемдер мен қосымшалар

Кепілді төлемдер – бұл жұмысшының себепті жұмыстан қалу кезінде басқарутық нормаларда қарастырылған еңбек міндеттерін орындаудан босатыла отырып орташа жалақысының толықтай немесе ішінара сақталуы. Бұл төлемдердің жалақыдан айырмашылығы ол жұмысшының өзінің еңбек міндеттемелерін орындаған кезде төленеді.

Кепілді төлемдер заң нормаларында бекітілген, олар сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси басқарутар мен еркіндіктердің жүзеге асырылуын, сондай-ақ белгілі бір міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді және олар бірнеше түрге бөлінеді:

а) мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауда саяси басқарутар мен еркіндікті жүзеге асыру кезіндегі төлемдер;

б) тегін кәсіби дайындыққа және тегін біліктілікті көтеруге басқаруты жүзеге асырумен байланысты төлемдер;

в) демалыс және денсаулықты сақтауға басқаруты жүзеге асырумен байланысты төлемдер;

г) адал еңбектену міндеттерін орындаумен байланысты төлемдер.

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңының 20 бабына сәйкес жедел әскери қызметке шақырылған жұмысшы мерзімін өтегеннен кейін сол кәсіпорынға жұмысқа орналасуға артықшылықты құқығы бар.

Президенттікке, парламент, маслихат депутаттығына кандидаттар олардың тіркелген күнінен бастап сайлау қорытындысы жарияланған күнге дейін жұмыстан босатылады және сайлау өткізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен орташа еңбек ақысы сақталады.

Жұмысшының жұмыс берушінің есебінен тексеруден өтуге міндетті кезеңді медициналық тексеруден өту уақытында жұмыс орны (лауазымы) және орташа айлық жалақысы сақталады.

Жұмысшыны өндірістен қол үзіп біліктілікті көтеруге және қайтадан дайындауға жіберу барысында Еңбек туралы заңның 82 бабына сәйкес оның жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.

Еңбек туралы заңның 80 бабына сәйкес жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыс орны мен орташа айлық жалақысы сақтала отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі.

Кепілді төлемдер болып жұмысқа уақытша жарамсыздығы, жүктілігі және бала тууы, сондай-ақ өзге ұйымға жұмысқа жіберілген жұмысшыларға, дайындық, қайта дайындау және біліктілікті көтеру бойынша курс тыңдаушыларына, білім беру мекемелерінде оқитын студенттерге төленетін әлеуметтік жәрдемақылар табылады.

2. Өтемақы төлемдері

Өтемақы төлемдері – жұмысшының еңбек міндеттемесін орындаумен байланысты немесе өзге мекен жайға басқа жұмысқа ауысуы кезінде шығындалған шығындарын өтеу.

Қызметтік іс сапарға жіберілетін жұмысшыларға қызметтік іс сапар кезінде келесідей өтем ақылар төленеді:

1) іс сапар кезіндегі уақытқа тәуліктік ақы;

2) белгіленген жерге және кері қайту жол шығындары;

3) тұрғын жай жалдау бойынша шығындар.

Қызметтік іс сапар жұмысшының еңбек міндеттерін орындау үшін белгілі бір мерзімге жұмыс берушінің жарлығы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге барып келуі.

Жұмысшының іс сапар мерзімін ұйымның басшысы анықтайды, ол жолдағы уақытты есептемегенде 40 күннен аспауы тиіс. Қажет болған жағдай да іс сапар мерзімі басшының сәйкес бұйрығы бойынша ұзартылуы мүмкін.

Іс сапардағы жұмысшының жұмыс орны, іс сапар кезіндегі тұрақты жалақысы сақталады.

Іс сапарда болған жұмысшыға келесідей шығындар өтеледі:

- іс сапарда болған әр күнге айлық есептік көрсеткіштің 100 % көлемінде тәулік ақы төленеді;

- ұсынылған құжаттар бойынша тұрғын жайды жалдау бойынша: тұрғын жайды жалдау бойынша шығындар мемлекеттік мекемелер басшылары мен оның орынбасарларына – Астана және Алматы қалаларында бес айлық есептік көрсеткіштен, облыс орталықтарында төрт айлық көрсеткіштен, аудан орталықтарында екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Жұмысшының өзге мекен жайдағы басқа жұмыс орнына ауысуы кезінде шығындарды өтеу тәртібі мен көлемі Еңбек туралы заңның 84 бабына сәйкес тараптардың келісімі бойынша анықталады.

Ұйыммен бірге өзге мекен-жайға жұмысшының жұмысқа ауысуына байланысты өтемақы төленетін жұмысшының жанұя мүшелеріне күйеуі (әйелі), балалары және қамқорлықтағы және бірге тұратын ерлі-зайыптылардың ата-аналары жатады.

Тараптардың келісімі бойынша жұмысшы және оның жанұясына жол жүру шығындарына қоса жол жүрген әр күнге тәулік ақы, жұмысшыға айлық жалақысы көлемінде бір реттік жәрдемақы, 6 күннен артық емес жалақысы және мүлікті тасымалдау шығындары төленуі мүмкін.

3. Қалыпты еңбек жағдайынан ауытқу кезіндегі еңбекке ақы төлеу

Еңбек ақы тарифтері ережеге сәйкес қалыпты еңбек жағдайына есептелген. Бірақта кейбір жағдайларда бұл қалыпты еңбек жағдайынан ауытқу болуы мүмкін, бұл үшін ұйым қосымша шығындарды өтеуге бағытталған еңбек ақы төлеу жүйесін қарастырады.

Нормадан артық істелген жұмыстарға еңбек туралы заңның 73 бабына сәйкес 1,5 еседен төмен емес көлемде төленеді. Егер де нормадан артық істелген лауазымды тұлға, құрылымдық бөлімшелер басшыларының жарлығымен іске асса, онда бұл жұмыстың істелгені немесе істелмегеніне байланыссыз ол осы ұйыммен төленеді.

Заңға сәйкес мейрам және демалыс күндеріндегі жұмысқа екі есе мөлшерде төленеді. Мейрам және демалыс күндері жұмыс істегені үшін жұмысшының қалауы бойынша қосымша демалыс күн берілуі мүмкін. Бұл жағдайда еңбек ақы өзгеріссіз қалады.

Түнгі уақыттағы жұмыстарға еңбек ақы 1,5 еседен кем емес мөлшерде төлеу қарастырылған. Түнгі уақыт деп кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін саналады.

Физикалық ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысқа қосымша ақы көлемі жеке еңбек, ұжымдық келісім шарттарда қарастырылған жағдайларға байланысты төленеді. Оның көлемі жұмыс орнын аттестаттау және қалыптан ауытқуды инструментті есептеуден кейін жұмыс берушімен белгіленеді.

Теңізде жүзіп жүрген құрамның еңбек ақысы түнгі уақыттағы әр сағатқа сағаттық тарифтік ставканың 35 % көлемінде қосымша еңбек ақы төленеді.

Уақытша жұмыста жоқ жұмысшының еңбек міндеттерін қоса алып жүру және орындау кезінде еңбек ақы қосымша ақы төленеді.

Жұмыстың тоқтап тұруы кезінде ақы төлеу тәртібі мен шарттары жеке еңбек және ұжымдық келісім шарттармен анықталады.

4. Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу

Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысына сәйкес белгіленген коэффициенттер арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу 14 категория бойынша жүзеге асырылады.

Атқаратын қызметтің лауазымдығына, күрделілігіне, жауапкершіліктің ауырлығына және т.б. ерекшеліктеріне байланысты категорияларға бөлу қарастырылған. Әр қызметкерге еңбек ақы оның категориясы мен жұмыс өтілі байланысты коэффициентін ең төменгі еңбек ақы мөлшеріне көбейту арқылы есептеледі.

5. Мемлекеттік қызметшілер еңбегіне ақы төлеу

Бюджеттік ұйымның қызметкерлеріне еңбек ақы Қазақстан Республикасының Үкіметінің бекіткен қаулысына сәйкес категориялар мен оларға бекітілген коэффициенттер негізінде төленеді.

Тақырып 15. Тұрғындардың өмір сүру және табыс деңгейі. Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау

1. Өмір сүру деңгейі мәні және оны анықтайтын факторлар

2. Өмір сүру деңгейін бағалау әдістемесін және көрсеткіштерін жіктеу

3. Тұрғындар табысының құрылымы және қалыптасу көздері

4. Әлеуметтік саясат

Негізгі ұғымдар: Өмір сүру деңгейі, Тұрғындар табысы, Әлеуметтік саясат

1. Өмір сүру деңгейі мәні және оны анықтайтын факторлар

Өмір сүру деңгейі – тұрғындардың материалдық қажеттіліктер құрылымы және оны қанағаттандыру деңгейі; тұрғындардың материалдық және рухани құндылықтарды тұтынуын сипаттайтын интегральды көрсеткіш және қоғамдық өндірістің дамуының белгілі бір сәтінде осы құндылықтарға қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі.

Өмір сүру деңгейі келесідей көрсеткіштер жүйесімен сипатталады: тұрғындардың жан басына шаққанда нақты кіріс көлемі; азық-түлік тауарларын, қызметтерді тұтыну деңгейі мен құрылымы; тұтынудың негізгі заттарына баға деңгейі мен динамикасы; пәтер ақы төлемдері мен коммуналдық төлемдер, салықтар, транспорт шығындары, жанұяға әлеуметтік төлемдер мөлшері; жұмыс уақытының ұзақтығы; білім беру, медициналық қызмет көрсету, жалпыға бірдей әлеуметтік құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі (мәдениет, демалыс, спорт мекемелері т.б.); өмір сүрудің орташа ұзақтығы; кедейшілік шегіндегі тұрғындар мен өзінің қажеттіліктерін ең жғары қанағаттандыру мүмкіндігіне ие тұрғындардың үлес салмағы.

Өмір сүру деңгейі даму, тұтыну деңгейін, адамдардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін, тұрғындардың тұтынушылық құндылықтармен қамтамасыздығын объективті түрде сипаттайды.

Қанағаттандырылуы өмір сүру деңгейінің құрамды бөлігі болып табылатын адам қажеттілігінің белгілі бір түрлерін өмір сүру деңгейінің компоненттері ретінде (мысалы, тамақтану, денсаулық, білім беру) анықтау қабылданған.

2. Өмір сүру деңгейін бағалау әдістемесін және көрсеткіштерін жіктеу

Өмір сүру деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесін келесілер құрайды:

1. материалдық құндылықтар мен қызметтерді тұтынудың жалпы көлемі, азық-түлік, азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейі;

2. тұрғындардың нақты табыстары, еңбек ақы көлемі, өзге көздерден түсетін кірістердің түсімі (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізу, өндіріске инвестицияланған дивидендтер мен проценттер, жеке еңбек табыстары есебінен);

3. еңбек жағдайы, жұмыс және бос уақыттың ұзақтығы;

4. тұрғын үй жағдайы;

5. білім беру, денсаулық сақтау көрсеткіштері т.б.

3. Тұрғындар табысының құрылымы және қалыптасу көздері

Өмір сүру деңгейін қарастырған кезде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың барлық жиынтығын ескеру қажет, әйтпесе материалдық және рухани құндылықтарды тұтынуды, олрадың адам үшін қол жетімділігін, еңбектің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін, денсаулық және өзге де сипаттамаларды бағаламай тұрғындардың шынайы қалыптасқан өмір сүру деңгейін толықтай сипаттау мүмкін емес.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің құндық көрсеткіштері болып келесілер саналады:

Тұрғындар табысы – жеке еңбек және өзге де көздер есебінен қалыптасатын адамның тұтынуын қанағаттандырудың белгілі бір деңгейінде оның физикалық, моральдық, экономикалық және интеллектуалдық жағдайын қолдау үшін ақшалай және натуралды құралдар жиынтығы.

Жанұяның кірісін қалыптастырудың негізгі көздері – еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік табыс, дивидендтер және меншіктен өзге де кірістер, жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен қаражаттар.

Кірістерді бөліп қарастырады: ақшалай бағаланатын жиынтық кіріс мөлшеріндегі (субъекті белгілі бір кезең аралығында табатын немесе алатын ақша сомасы және өзге де құндылықтар мен игіліктер) номиналды кірістер; ақшалай (номиналды) табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер сомасы ретінде шынайы кіріс, яғни тұтыну бағасы индексіне түзетілген міндетті төлемдер мен жарналар алынып тасталған номиналды кірістер.

Әлеуметтік дифференциация жөніндегі неғұрлым толық ақпаратты еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы түріндегі түсімдер жанұяның жалпы ақшалай кіріс және жиынтық кірісіне аударылған жанұя бюджетін зерттеу нәтижелері бойынша алуға болады.

Жанұяның ақшалай кірісі - еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік табыс, дивидендтер және меншіктен өзге де кірістер, жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен қаражаттар түріндегі ақшалай түсімдер сомасы.

Жиынтық кіріс ақша кірістерінің барлық түрлерін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан алынған және жеке (үй) тұтынуға пайдаланылған натуралдық түсімдер құнын кірістіреді.

Әлемдік практикада тұрғындарды бөлуді есептеу орташа жанұяға ақашалй кіріс көлемі бойынша артықшылықты жүзеге асырылады.

Күнкөріс деңгейі – адамның физиологиялық өмір сүруін және ресурстармен қамтамасыз етілген (республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары мен тауарлар мен қызметтердің бары) оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақша қаражаттарының ең төменгі мөлшері.

Күнкөріс деңгейі бюджеті – ересек тұрғындардың белсенді физикалық жағдайын, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және физикалық даму жағдайын қамтамасыз ететін маңызды материалдық құндылықтар мен қызметтерді ең төменгі рұқсат етілген деңгейде тұтыну көлемі мен құрылымының көрсеткіштері.

Ең төменгі тұтыну бюджеті –азық-түлік өнімдерін, азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтерді тұтынудың ғылыми негізделген ең аз нормалары мен нормативтерін кірістіретін және адамдардың негізгі материалдық және рухани қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қанағаттандыруды қамтамасыз ететін кешенді әлеуметтік норматив.

4. Әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясат – тұрғындардың еңбек мотивациясын қажетті деңгейде қолдауға, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тұлғаның кешенді дамуына мүмкіндік беретін өмір сүру образын бекітуге бағытталған қоғамның әлеуметтік сферасын дамытуды басқару бойынша мемлекеттің қызметі.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты болып тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуін болдырмау және оны одан әрі экономиканың тұрақтану жағдайында көтеру табылады.

Негізгі мақсатты жүзеге асыруға келесідей жағдайларды сақтау кезінде ғана қол жеткізуге болады:

1. тиімді еңбекпен жеке игіліктерді және ел тұрғындарының тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етуге тартылған қоғамның еңбекке жарамды бөлігінің белсенді қызметін ынталандыратын экономикалық және басқарутық нормалар дайындау және жүзеге асыру;

2. тұрғындардың белсенді бөлігі мен еңбекке жарамсыз азаматтардың кірістерінің арасындағы ойға сиымды ара-қатынасты қолдау;

3. кедейшілікті шектеу, кейіннен оның масштабын қысқарту мақсатында бірінші кезекте тұрғындардың әлеуметтік аз қорғалған тобына атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту;

4. тұрғындардың кірісі саласында негізгі кепілдіктерді сақтауға және медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету, білім беру және мәдени дамудың қолданыстағы кепілдіктерінен төмен емес қамтамасыз етуге шаралар қабылдау;

5. тұрғын үй сферасында жағдайды тұрақтандыру, тұрғын үйді ұстап тұру және сатып алу (құрылыс салу) бөлігінде тұрғындардың аз қорғалған бөлігін қолдау жүйесін қалыптастыру;

6. жұмыссыздықты тежеу;

7. мәжбүрлі мигранттарды бейімдеу және әлеуметтік қолдау.

Жоғары да аталғандардан әлеуметтік саясаттың міндеттері туындайды:

1. Кірістің әлеуметтік және экономикалық негізделген деңгейін қамтамасыз ету. Осыған байланысты басымдық азаматтардың тұрмыс жағдайын көтерудің басты көзі ретінде еңбек ақыға және тиімді еңбек қызметін ынталандыру, адамдардың экономикалық мінез-құлқын белсендіруге беріледі;

2. Тұтыну бағаларының өсуімен байланысты ең төменгі әлеуметтік кепілдіктер көлемін индексациялаудың түрлі формалары негізінде ең төменгі кірісті көтеру;

3. Экономика, салалар секторы, жұмысшылар категориялары және ел аймақтары бойынша кірісті реттеуде тарифтік келісімдер мен ұжымдық келісім шарттардың ролін көтеру;

4. Меншіктен және кәсіпкерлік қызметтен кірісті қоғамдық тануға, бұл кірістерді әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік және қоғамдық бағдарламаларды инвестициялау және несиелеу үшін пайдалануға ынталандыратынэкономикалық және басқарутық механизмдерді құруға жәрдемдесу;

5. Жеке тұлғалар кірісін салықтық реттеуді жетілдіру (табыс салығының прогрессивті ставкаларын ұлғайту, кіріс түрлері бойынша салық салынатын базаны анықтау тәртібін өзгерту).

«Еңбек экономикасы» пәнінен семинар сабағын жүргізуге әдістемелік нұсқау

Еңбек экономикасы пәнінен лекция оқумен қатар семинар сабағын белсенді жүргізу оқу процесінің маңызды формасы болып табылады. Семинар және лекция сабақтарының ортақ мақсаты – “Еңбек экономикасы” пәнін студенттерге тереңдетіп оқыту, теорияны практикамен ұштастыру болып табылады.

Бұл курсты оқу барысында студенттерЕңбек экономикасының шығу тегінен бастап, Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктері, негіздері жеке түрлерін жүзеге асырушы мекемелердің рыноктық экономикадағы рөлін, қызметтерін біледі.

Семинар сабағының айырықша міндеті – лекцияны тыңдау нәтижесін және қажетті әдебиеттермен жұмыс істегеннен кейін әрбір тақырыптың сұрақтары бойынша студент білімін тереңдетіп, оны жете меңгеруге тиісті; жоғары оқу орнында осы пәннен алған білімін оны бітіргеннен кейін де толықтырып, жетілдіруге тиісті; семестр бойынша студенттердің өз бетінше ізденіп, семинарға дайындалғанына жүйелі бақылау жасау қажет.

Студент нақты берілген әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, семинар сабақтарында толық қолдана білулері және берілген үй тапсырмалары бойынша осы әдістемелік нұсқаулардан қарап өздерін құқықтық мәдениетін одан әрі жетілдірулері тиіс. Оқу процесінде студенттер көрсетілген әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, ақпарат құралдарын, интернет жүйелерін пайдаланып семинар сабақтарына қосымша материалдар тауып, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеулері керек.

Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік - тақырыптық жоспары


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: