Силлабус 5 страница

Жұмыс күшінің бағасы – жұмыс күші нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасында қалыптасатын ара – қатынасты есепке ала отырып жұмыс күшін өндіруге қажетті шығындардың дифференциялық деңгейін білдіретін оның құнының ақшалай көрінісі.

Жұмыс күшінің нарығы – адам қызметінің түрлерін таңдауда өз еркін, азаматтардың еңбек мүдделерін заңды қорғалу жағдайына кәсіпкерлердің жұмысшыларды жалдау еркіндігін қарастытарын оларға ұсыныс пен сұраныс әсерінен пайда болатын жұмыс күшін ұсынушылар мен оны сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Кең мағынада бұл термин түрлі жұмысшылардың еңбегіне ақыны білдіреді: түрлі профессиядағы жұмысшылар; еңбегі оқу шығындар талап ететін жоғары білікті мамандар; дәрігерлерді; оқытушыларды; заңгерлерді және т.б. арнайы оқыту; тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсететін ұсақ кәсіпорындардың иелері (тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шебер, шаштараз және т.б.). Еңбек ақыны бұл анықтамасына гонорар, сыйақы және оның өзге де түрлері түріндегі табыстар қосылады.

Еңбек ақының тар мағынасында еңбек ақының ставкасы, яғни белгілі бір уақыт (сағат,күн т.б.) аралығында пайдаланылған еңбек бірлігіне төленетін баға қарастырылады.

Жұмысшы үшін еңбек ақы – бұл жеке табыстың басты және негізгі көзі, жанұяның тұрмыс деңгейін көтерудің құралы болып табылады.

2. Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы мәні

Жұмысшыға еңбек ақы төлеу жұмыс беруші үшін бұл өндірістік және қызмет құнындағы шығындардың негізгі статьялардың бірін құрайтын тартылған жұмысшы күшін пайдаланғаны үшін шығындалатын қаражат. Осыған байланысты жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмыс күшінің үлестік шығындарын төмендету мүмкіндігіне қызығушылық танытады. Еңбек ақы деңгейі еңбек нарығындағы жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысының тұрақты өзгеру жағдайында жұмысшы мен жұмыс берушінің мінез құлқына әсер етеді.

Еңбек ақының нақты көлемі өндірісте, нарықта қамығатын түрлі факторларға сондай ақ әлеуметтік қатынастар сферасындағы: жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныс ара қатынасына, профессия, білімі, жынысына, жасына, аймақтық факторларға, еңбек жағдайларына, заңдық шектеулерге, жұмысшылардың қоғамдық психологиясына байланысты.

Адамның еңбектеніп табатын ақшасы оның жұмыс күшінің құнының көлеміне байланысты. Әр топ үшін мұндай құнның төмен және жоғары деңгейі бар. Төменгі шек болып еңбектенушінің жұмыс қабілеттілігін қалыптастыруға, мамандық алуға және жанұя асырауға ақша құнының соммасы табылады.

3. Еңбек ақы қызметтері және оның дифференциация принциптері

Еңбекке ақы төлеудің келесідей принциптері бар:

1. Еңбек ақы төлеу жүйесімен формасының қсымдылығы және принципі және олардың мәні жөнінде кең ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Жұмысшылар өздеріне нақты еңбек ақы төлеу жағдайына және сыйақы беруді талап етеді.

2. Өндіріс тиімділігінің өсу жағдайында нақты еңбек ақыны көтеру принципі өзінің еңбегімен өз материалды құндылықтарды неғұрлым қанағаттандыруға сәйкес тұтыну өсуінің экономикалық заңының әсерімен байланысты.

Бірдей еңбекке ақы төлеу принципі – кәсіпорын ішінде еңбекті бөлу кезінде әділдік сақталуын білдіреді.

Мемлекеттік реттеу принципі әлеуметтік нормативтермен еңбек ақы саясатының негізігі бағыттарының мемлекеттік деңгейде реттелуі қажеттілігін білдіреді.

Бұрын еңбек ақы кәсіпорынның шаруашылық есебі табысының бір бөлігі ретінде саналғанда, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша оның дифференциясы еңбектің күрделілігі жағдайы, аймақтық жағдайы, халық шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесінде кәсіпорын жұмысшысының еңбек салымын бағалау формасы бойынша анықталады.

Еңбек күделілігі бойынша дифференциация принципі – күрделі еңбек қарапайым еңбекке қарағанда неғұрлым көп құнды қарайды.

Еңбек жағдайындағы физикалық энергияның әртүрлі шығындарын талап етеді және оған сәйкес жұмыс күшін өндіру бойынша шығындарға әсер етеді.

Еңбек ақының аймақтық дифференциация негізінде жұмыс күшінің бағасының деңгейіндегі айырмашылықты негіздейтін экономикалық, табиғи климаттық, әлеуметтік, экологиялық факторлар жатады.

ҚР территориясының табиғи географиялық және климаттық жағдайларының әртүрлілігі жұмыс күшін өндіру түрлілігін талап етеді.

Ұдайы өндіріс функциясы өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру, жұмыс күшінің ұдайы өндіріс құралы ретінде көрінеді және еңбекке ақы төлеудің абсолютті деңгейін анықтайды.

Еңбекке ақы төлеу функциясы – еңбек ақының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу, біріңғай таифтік кестені құру арқылы іске асады. Оның мәні жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының арасындағы ара қатынасы, персоналды қалыптастыру, жұмысшылар саны және олардың жұмыспен қамтылу деңгейі әсерімен анықталады. Реттеу түрлі деңгейлерде жүзеге асырылады: кәсіпорынның бас және салалық тарифтік келісімдер және ұжымдық келісім шарттар шеңберінде.

Ынталандыру функциясы өндірістегі жоғары нәтижелерге жету үшін материалдық ынталандырулар арқылы жүзеге асырылады. Оның мақсаты – еңбек нәтижесі, саны және сапасына байланысты еңбек ақы деңгейін белгілеу.

Бұл функция сондай ақ еңбек ақының еңбек өнімділігін және тиімділігінің өсуін қамтамасыз ететіндігін білдіреді.

Өлшеуші – бөлу функциясы өндірістік процестің әр қатысушысының еңбек ақы құралдарындағы жеке үлесін анықтау жолымен тірі еңбекті шаралары үшін белгіленген.

Ресурстық – орналастыру функциясы еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша орналастырудың тиімділігін білдіреді. Қазіргі таңда бұл функцияның маңызы өсуде. Еңбек ресурстарын орналастыру сферасында мемлекеттік реттеу нашар жүргізілсе, ал тиімді жұмыс күні нарығы енді қалыптасу үстінде, жүмысшының өмір сүру деңгейін жоғарлатуға ұмытылуы өзінің тұтынушылық қажеттелігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жұмыс іздеп орнын ауыстыруын білдіреді.

Тұрғындардың төлем қабілеттігі бар сұранысын қалыптастыру – тұтынушылардан ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілген қажеттілік пайда болу формасы және тұтынушының тауарларды өндірісі түсінілетін төлем қабілеті сұранысы.

Төлем қабілетті сұраныс тұтыну және табыс әсерінен қалыптасса, нарық жағдайында еңбек ақы көмегімен тауарлық ұсыныс және сұраныс арасындағы пропорция қалыптасады.

4. Еңбек ақы құрылымы және түрлері

Еңбек ақыны ұйымдастыру деп оның құрылуы, еңбек санының оның төлем көлемімен өзара байланысын қамтамасыз ету, сондай ақ құрамды элементтердің жиынтығы түсініледі. Кәсіпорындағы еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың негізгі элементтері болып тарифтік жүйе, еңбек ақының формалары және жүйесі, еңбекті мөлшерлеу табылады.

Тарифтік жүйе – біліктілік, еңбек жағдайы, географиялық орналасуына байланысты жұмысшылардың еңбек ақы деңгейі бекітілетін түрлі нормативтік материалдардың жиынтығы.

Еңбек ақының формалары мен жүйесі –бұлеңбек саны мен сапасына байланысты еңбек ақы мөлшерінбекіту механизмі.

Еңбекті мөлшерлеу – ғылыми негізделген еңбек шығындарын және оның нәтижелерін бекіту (уақыт нормасы, өнім өндіру, қызмет көрсету нормасы, жұмысшылар саны).

Тақырып 12. ҚР еңбек ақы жүйесін реформалау.

1. Реформалау кезеңдері

2. Еңбек ақы ұйымдастырудағы мемлекеттің ролі

3. Тарифтік жүйе мәні

Негізгі ұғымдар: Тарифтік жүйе, Бірыңғай тарифтік кесте, Еңбек күрделілігі

1. Реформалау кезеңдері

Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Бұл реттеудің себептері болып келесілер табылады:

- экономикасы дамыған елдер деңгейімен салыстырғанда Қазадқстанда қалыптасқан жұмыс күшінің төмен бағасы;

- минимальды еңбек ақының төмен деңгейі;

- экономика салалары, жұмысшылардың кәсіби білікті топтары, аймақтар бойынша еңбек көлемінің негізделмеген айырмашылығы;

- еңбек ақыны келісімді реттеудің тиімді механизімінің болмауы;

- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың дамыған нарығының болмауы;

- еңбек ақыны реформалаудың заңдық базасының жеткілікті дамымауы;

Қазақстанда мемлекеттік реттеудің бағыттары болып келесілер табылады:

- тұрғындарды еңбек ақы сұрақтары бойынша басқарутық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

- ең төмен өмір сүру деңгейіне сәйкес келетін еңбек ақының негізделген минималды деңгейін бекіту;

- зейнетақы, жәрдемақы, степндияларды есептеу үшін есептік көрсеткішті бекіту;

- кедейшілік шегін анықтау және осы шектегі тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу;

- түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді реформалардың заңдық және әдістемелік негізін құру;

- шаруашылық әрекет етуші субьектілердің жұысшыларының еңбек ақысына салық салудың тиімді жүйесін құру;

- әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында Үкімет деңгейінде бас келісімге қол қою;

- шетелдік жұмысшы күшін әкелуді реттеу бойынша іс шаралар жүргізу;

- уақытында төленбеген еңбек ақы үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін бекіту.

Мемлекеттік реттеудің принциптері болып:

- еңбек ақының болашақта тұтынушылық қабілеттілігін төмендеуін тоқтатуға мемлекеттің Заңдық және нормативтік актілерді қабылдау негізінде араласуы;

- еңбек ақының ынталандыру функциясының орындалуына мемлекеттік ықпал етуді күшейту;

- макроэкономикалық процестерге әсер ету;

- еңбек ақы төлеудің ең төменгі ставкасын қалыптастыру.

2. Еңбек ақы ұйымдастырудағы мемлекеттің ролі

Бүгінгі күні еңбек ақы қорын мемлекеттік реттеу тетігі ретінде кәсіпорындардың төлейтін әлеуметтік салығы көрінеді. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар және нотариустар төлейді.

Жеке кәсіпкерлер арнайы салық режимін есептелмеген де әлеуметтік салыққа үш айлық есептік көрсеткішке әр жұмысшы үшін екі айлық есептік көрсеткішке қоса отырып төлейді. Осыған байланысты салық салудың обьектілері болып кез келген формадағы кіріс түрі жұмыс берушінің келесідей шығындары алынып тасталғаннан кейінгі табылады:

- жинақтаушы зейнетақы қорларына жұмысшылардың зейнетақы жарналары;

- қоғамдық жұмыстар үшін төлем және мемлекеттік бюджет есебінен кәсіби оқыту;

- жүктілігі және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар;

- қызметтік іс сапарлар бойынша өтемақылар;

- вахталық әдіс жұмыс кезінде тұрғын жайды жалдау бойынша шығындар;

- арнайы киімдер құны;

- медициналық қызметкерлерге төлеу үшін материалдық көмектер.

Мүгедектер жұмыс істейтін маманданған ұйымдар мүгедектер үшін әлеуметтік салықты 6,5% ставка бойынша төлейді.

Әлеуметтік салық бойынша кәсіпорындар салық декларациясын тапсырады.

Сонымен бірге, кәсіпорындардың әр жұмысшының еңбек ақысына жеке табыс салығы салынады.

ҚР «Салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес жеке табыс салығының ставкасы.

Табыс мөлшері Салық сомасы
15 есе жылдық есептік көрсеткішке дейін Табыстың сомасының 5 % - і
15 еседен 40 есеге 15 есе жылдық есептік көрсеткіш сомасы + 10% одан асатын сомадан
40 еседен 600 есеге 40 есе
Дивиденттер, марапаттау, ұтыстар Табыстың 15%
Адвокаттар табысы Табыстың 10%

Жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметтің тек бір түрімен айналысатын және табысы 1 млн. теңгеден аз кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимдері қолданылады.

3. Тарифтік жүйе мәні

Еңбек шығынынан басқа еңбек ақы төлеуді анықтау үшін тарифтік ставканы білу қажет. Еңбек ақы төлеу реформасының негізін бірыңғай тарифтік кесте құрайды.

Бірыңғай тарифтік кесте (БТК)- разряд бойынша барлық мамандықтар мен лауазымдардың барлық каталогі жазылған 21- разрядты шкаланы білдіреді. Жұмысшылардың сол білікті лауазымдық топқа жатуы еңбектің күрделілігіне негізделеді.

Еңбек күрделілігі – орындалатын жұмыстың мазмұнын білдіретін және жұмысшы біліктілігіне қойылатын талаптарда көрінетін оның обьективті қасиеті.

ҚР-ғы Біріңғай Тарифтік кесте.

БТК разряды Тарифтік коэффициент (1разрядқа) БТК разряды Тарифтік коффициент (1разрядқа)
  1,0 1,07 1,15 1,24 1,33 1,43 1,54 1,66 1,78 1,91 2,05   2,20 2.37 2,55 2,74 2,95 3,17 3,41 3,67 3,94 4,24

Тақырып 13. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні және оның жіктелуі

1. Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесі

2. Еңбекке ақы төлеудің мерзімді жүйесі

3. Еңбекке ақы төлеудің тарифтік емес жүйесі

Негізгі ұғымдар: Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесі, Еңбекке ақы төлеудің мерзімді жүйесі, Еңбекке ақы төлеудің тарифтік емес жүйесі

1. Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесі

Еңбек ақы төлеудің екі формасы бар: мерзімді және кесімді.

Еңбек ақы төлеудің кесімді формасы жұмысшының еңбекақысы көлемін орындалған жұмыс көлеміне байланысты белгілеуге мүмкіндік береді.

Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде еңбек шарасы болып жұмысшының өндірген өнімі (орындалған жұмыс көлемі) табылады және еңбек ақы бекітілген кесімді есептеулер бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасына байланысты төленеді.

Еңбек ақы төлеуде тікелей кесімді жүйені дұрыс қолданудың негізгі жағдайлары болып келесілер табылады:

1) жұмысшылардың өндірісте жұмсаған еңбегінің сапасы мен санының неғұрлым дәл есебін қамтамасыз ететін уақыттың, өндірудің техникалық негізделген нормасының болуы және дұрыс қолданылуы;

2) қолданыстағы тарифтік–біліктілік анықтамалыққа сәйкес жұмысты дұрыс тарифтеу;

3) нақты орындалған жұмыс көлемін қоспағанда өндірудің дәл есебі;

4) ақаулы өнімге ақы төлеуге жол бермейтін орындалған жұмыстың сапасына қатаң бақылау;

5) өндірістің тұрып қалу және жұмысшылардың өндірістік емес шығындарын мүмкіндігінше болдырмау; барлық жұмыс ауысымы аралығында толық жұмыс істеуді қамтамасыз ету.

Еңбек ақының кесімді формасы кезінде жұмысшының табысы келесі формуламен есептеледі: Ек = Ке х ЖӨ, мұнда Ке – өнім бірлігіне кесімді есептеу, ЖӨ – шығарылған өнім саны

Өнім бірлігіне кесімді есептеу келесідей есептеледі:

Ке Тс х Му немесе Ке = Тс: Мө, мұнда Тс уақыт бірлігіне сәйкес разрядтың тарифтік ставкасы (тг/сағ)

Му – уақыт нормасы (сағат)

Мө – өндіру нормасы (дана, т, кг)

Кесімді форма келесідей жүйелерді біріктіреді: тікелей кесімді, жанама кесімді, кесімді – прогрессивті, аккордты – кесімді, кесімді – сыйлықты.

Тікелей кесімді жүйе өндірілген өнім санын немесе орындалған жұмыс көлемін белгіленген бағаға көбейту арқылы анықталады.

Еңбек ақының кесімді – сыйлықты жүйесі келесідей есептеледі:

Еа = Е х ЖӨ (1(с + К х п): 100), мұнда

Е – өнім түрінің есептеуі;

ЖӨ – өндірілген өнім көлемі, натуралды бірлігі;

К – артық орындалған көрсеткіштің әр процентіне сыйақы көлемі және марапаттау жағдайы,

с – тарифтік ставкаға % есебіндегі сыйақы көлемі;

п – сыйақы берудің көрсеткіштерін артық орындау, %

Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшының табысы негізгі кесімді есептеу бойынша нақты орындалған жұмысқа төленген жалақыдан және өндірістік тапсырмаларды орындағаны және артық орындағаны үшін, сондай ақ сапа көрсеткіштері үшін аударылатын сыйақыдан тұрады. Өндірістің ерекшелігіне және орындалатын тапсырманың сипатына байланысты сыйақы берудің өзіндік көрсеткіштері мен көлемі бекітіледі.

Еңбек ақы төлеудің кесімді – прогрессивті жүйесі кезінде берілген база шегінде жұмысшының өндіргені тікелей кесімді есептеумен төленеді, ал одан жоғары өндірілген өнімге (жұмысқа) көтеріңкі кесімді есептеумен төленеді.

Прогрессивті төлеу үшін ай ішіндегі кезекті және қосымша демалыстар (еңбек ақы сақталмайтын демалысты қоса алғанда), ауырғаны, іссапар, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды орындағаны, өндірістің жұмысшының кінәсінсіз тұрып қалуы, мейрам күндері алдында қысқартылған жұмыс күндері немесе демалыс алуды алып тастағандағы толық жұмыс күні есепке алынады.

Кесімді – прогрессивті жүйемен еңбек ақы төлеу келесідей жүзеге асады:

Ек = Ес + Ес х (Өп – Бп): Өп х Ке, мұнда

Ес – тікелей есептеу бойынша жұмысшының кесімді жалақысы,

Өп – өндіру нормасының орындалуы проценті,

Бп – өндіру нормасының %–те орындалуын білдіретін прогрессивті аудару үшін берілетін база,

Ке – тікелей кесімді есептеуді арттыру коэффициенті.

Еңбек ақы төлеудің жанама кесімді жүйесі өнім шығарумен тікелей байланысты емес, бірақта көрсеткен қызметі негізгі жұмысшылардың қызметінің нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың еңбек өнімділігін ынталандыру үшін пайдаланылады.

Кесімді форманың ерекше түрлерінің бірі болып аккордты жүйемен еңбек төлеу табылады. Оның мәні жұмысшыға немесе олардың тобына негізделген жұмыс көлеміне еңбек ақының жалпы сомасы алдын ала есептеледі. Аккордты төлеудің көлемі нақты жұмысқа кәсіпорындағы қолданыстағы нормалар мен бағаларға байланысты болады.

2. Еңбекке ақы төлеудің мерзімді жүйесі

Мерзімді форма – еңбек ақының жұмысшыға уақыттың табельдік есебі және бекітілген тарифтік ставка немесе окладқа сәйкес істелген санына байланысты аударылуын сипаттайды.

Бұл келесі формуламен анықталады:

Еа = Тс х Қтаб,

мұнда, Тс жұмыс разрядына берілген тарифтік ставка (сағатқа, тәулікке/ теңге)

Қтаб – уақыт табелі бойынша нақты істелген қоры (сағат, күн)

Мерзімді еңбек ақы төлеу кезінде келесілер маңызды болып саналады:

1) нақты орындалған жұмыстың біліктілік деңгейінің есебімен жұмысшыларға тарифтік разрядтарды дұрыс беру, яғни олардың еңбегін дұрыс бағалау осыған байланысты;

2) әр жұмысшының нақты істеген жұмыс уақытының нақты есебі.

Мерзімді форманың өзі қарапайым мерзімді және мерзімді сыйлықты болып бөлінеді.

Еңбек ақы аудару тәсілі бойынша еңбек ақы төлеудің қарапайым мерзімді жүйесі сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді.

Мерзімді сыйлықты еңбек ақы кезінде жұмысшыға нақты істелген уақытқа тарифтік ставка немесе оклад бойынша табысына жұмыста нақты көрсеткіштерді орындағаны және артық орындағаны үшін қосымша сыйақы төленеді.

Еа = м х Т (1 + (с + К х п): 100), мұнда

м ай ішінде нақты істелген уақыт саны, адам/сағ

Т – уақыт бірлігіне сәйкес разрядтың тарифтік ставкасы (тг/сағ)

с – тарифтік ставкаға процент есебіндегі сыйақы көлемі

К – артық орындалған көрсеткіштің әр процентіне сыйақы көлемі және марапаттау жағдайы, %

п – сыйақы берудің көрсеткіштерін артық орындау проценті.

Өндіріс пен жұмыс сипатының спецификалық ерекшеліктеріне байланысты уақыт бойынша жекелеген жұмысшылар мен орындалатын жұмыстарға сыйақы берудің түрлі көрсеткіштері қолданылады.

Еңбек ақы төлеудің мерзімді сыйлықты жүйесі еңбек ақы төлеудің кесімді және мерзімді формасының элементтерін біріктіреді.

Бұл жүйені қолдану келесілермен байланысты:

– тұтастай алғанда жұмыс орындары және бөлімшелері бойынша мөлшерленген тапсырманы орындауды қамтамасыз ету қажеттілігі;

– материалдық ресурстарды үнемдеу туралы тапсырма беру;

– еңбек ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында мамандықтар мен көп сатылы қызмет көрсетуді біріктіру.

Еңбек ақы төлеудің мерзімді формасы мен жүйелері жұмысшылар біліктілігін көтеруді, себепсіз жұмыс жібермеуге ынталандырады, жоғары сапалы жұмысқа қызығушылықты арттырады.

3. Еңбекке ақы төлеудің тарифтік емес жүйесі

Еңбек нәтижелерін және біліктілікті бағалау, табысты бөлу арнайы коэффициенттер негізінде іске асатын еңбек ақы төлеудің тарифтік емес жүйесі қолданылады. Осыған байланысты әр бөлімшенің еңбек ақы төлеу қоры кәсіпорынның кірісінің белгілі бір үлесін құрайды. Жұмысшыдан бастап директорға дейін бөлімшенің еңбек ақы төлеу қорында өзінің үлесі болады. Ол жұмысшының біліктілік деңгейіне, оның еңбек қатысының коэффициентіне және істелген уақытына байланысты болады. Еңбек ақы төлеудің тарифтік емес жүйесінің негізі болып жұмысшының нақты өнімділігін сипаттайтын біліктілік деңгейі табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: