Силлабус 3 страница

Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды қамту саясатын келесі жлдармен жүзеге асырпуды қамтамасыз етеді.

-жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар жасау;

- осы территорияда тұратын мақсатты топтарды анықтау және оларды әлеуметтік қорғау бойынша шараларды іске асыру;

- жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қорғау көрсету;

- қоғамдық жұмысшылар ұйымдастыру.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган өз кезегінде:

- жұмысшылармен азаматтарды бос жұмыс органдары, жұмыс берішілерді жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру;

- азаматтар мен жұмысшыларға жұмыс таңдауға жәрдемдесу, еңбек орналасуға және оқуға жолдама беру;

- еңбек нарығы бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру

- азаматтарды 10 күн ішінде тіркеп, есепке қою;

- азаматтармен жұмысшылардың кәсіби бейімделуіне ақысыз қызметтер көрсету;

- жұмыссыздарды олардың келісім бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу;

- жұмыспен қамтудың аймақтық бағасын іске асыру.

4. Тұрғындарды жұмыспен қамтудағы жәрдемдесудің мемлекеттік емес құрылымдары

Тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік емес құрылымдарына еңбек биржаларын, жұмысқа орналастыру орталықтарын, дайындық және қайта дайындықтан өткізу курстарын жатқызуға болады.

Еңбек биржаларында бос жұмыс орындары жарияланады. Бұл жерде жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің, яғни уақытша жұмыссыз жүрген адам кездесіп, өздеріне ыңғайлы келісім шартқа отырады. Бұл биржаның басты мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің кездесуін ұйымдастыру.

Жұмысқа орналастыру орталықтары қамтыған аумағы бойынша бос жұмыс орындары жөнінде мәлімет жинап жұмыс берушілермен келісім шартқа отырады. Осы шарт бойынша бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметті тұрғындарға таратып, жұмыс берушінің қойған талабына сай келетін жұмысшыны таңдайды. Олардың резюмелерін қабылдап, қандай бос жұмыс орындары бар екенін хабарлайды. Бұл жұмыстардың барлығы келісім шар бойынша ақылы түрде жүргізілуі мүмкін.

Дайындық және қайта дайындықтан өткізу курстары қазіргі заман талабын ескере отырып, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дайындауды және қайта дайындауды жүзеге асырады.

Дәріс 6. Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу. Әлеуметтік әріптестіктің дамуы.

1. Еңбек нарығының дамытудағы әлеуметтік еңбек қатынастарының мәні.

2. Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің мазмұны және ролі.

3. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері және жүйесі.

4. Қазақстандағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы.

Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік еңбек қатынастары, әлеуметтік саясат, Жеке еңбек келісім шарты

1. Еңбек нарығының дамытудағы әлеуметтік еңбек қатынастарының мәні

Әлеуметтік еңбек қатынастары – бұл еңбек өмірінің сапасын реттеуге бағытталған еңбек прцессі қатынастарындағы субьектілердің обьективті әрекет ететін өзара байланысы және өзара әрекеті.

Әлеуметтік еңбек қатынастарының субьектілері келесілер: тұлға, топ, ұжым, кәсіпорын, аумақтық құрылым.

Әлеуметтік еңбек қатынастары төмендегідей деңгейлерде жүруі мүмкін:

- жеке, топтық, аралас, кәсіпорын, сала, аймақ.

Қоғамдағы әлеуметтік еңбек қатынастарының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар келесідей:

- әлеуметтік саясат

- экономиканы жаһандандыру

- Қоғамдық еңбектің және өндірістің даму деңгейі.

Қоғамдағы әлеуметтік еңбек қан\тынастарын реттеу үшін мемлекеттік және қоғамдық шаралар қолданылады.

Әлеуметтік еңбек қатынастарын қоғамдық және мемлекеттік реттеу әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік әріптестік әдістер арқылы жүзезе асырылады.

Бас келісім құжаты әлеуметтік - еңбек қатынастарының жоғары деңгейін реттейді.

Салалық келісімдер әлеуметтік - еңбек қатынастарын салалық деңгейінде реттейді.

Аймақтық келісім әлеуметтік - еңбек қатынастарын аймақ деңгейін реттейді.

Ұжымдық келісім шарттар әлеуметтік - еңбек қатынастарын кәсіпорын деңгейінде реттейді.

Ұжымдық келісім шарттар - бір немесе бірнеше жұмыс беруші және бір немесе бірнеше кәсіподақтармен, не кәсіподақ комитетінің мүшесі болып табылмайтын мүшелердің келіссөз жүргізу үшін құрған өздерінің ұйымдары қол қойған жазбаша түрде рәсімделген басқарутық акті

Жеке еңбек келісім шарты – жұмысшы белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс орындауға міндеттенетін, ал жұмыс беруші өз уақытында жұмысшыға жалақысын толық көлемде төлеуге, еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттеме алатын жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша түрдегі келісімі.

Жұмыс берушімен жұмысшы арасындағы әлеуметтік – еңбек қатынасын жеке еңбек шарты реттейді.

Жеке еңбек келісім шарты мерзімнің аяқталуы бойынша тараптардың еркіне байланыссыз жағдайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Жеке еңбек келісім шарты келісім бойынша бір тараптың бастамасы бойынша заң актілерімен қарастырылған өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.

Жұмыс берушімен еңбек қатынасындағы және жеке еңбек бойынша жұмыс орындайтын жеке тұлға жұмысшы деп аталады.

Жеке еңбек шартын жасасуға 16 жасқа толған тұлғаларға рұқсат етіледі.

2. Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің мазмұны және ролі

Өзекті және экономикалық проблемаларды шешуге жәрдемдесу, әлеуметтік тұрарақтылықты сақтау, әріптестік қатысушыларының барлығымен келісімге қол жеткізу әлеуметтік әріптестіктің негізгі мақсаты болып табылады.

Әлеуметтік әріптестік жүйесінің обьектісі болып әлеуметтік – еңбек қатынастары табылады.

Әлеуметтік әріптестік субьектілері: жұмысшы, жұмыс беруші, мемлекет

Үш жақты өкілдік жүйесі трипартизм деп аталады.

Жеке еңбек шартымен негізделген жұмысшы мен жұмыс берушінің міндеттемесі еңбек міндеттемесі деп аталады.

Жеке еңбек шарты және ұжымдық келісім шарттар негізінде жақтардың белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыру барысы бойынша жұмыс беруші мен жұмысшы арасында пайда болатын қатынас еңбек қатынастары деп аталады.

Әлеуметтік әріптестік жүйесінің келесідей деңгейлерін бөліп қарастыруға болады:

1.Жалпы ұлттық - Үкімет, кәсіподақтар және жұмыс берушілер бірлестіктер арасындағы Бас келісім;

2.Аймақтық – еңбектенушілердің кәсіподақтар, жұмыс берушілер бірлестіктер және жегілікті билік өкілдері арасындағы облыстық, территориалдық келісімдер;

3.Салалық – үш жақтық негізінде тарифтік келісімдер;

4.Локалды – кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық келісім;

5.Жеке – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісім шарт немесе еңбек келісім.

3. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері және жүйесі

Әлеуметтік әріптестіктің басты принциптері:

-Заң нормаларын сақтау;

-тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;

-нақтылық;

-бақылау және жауакершілік.

Әлеуметтік әріптестік – қатысушы жақтардың барлық қарама - қарсылықтарында өзара мүдделерін ескеруге және осының негізінде келісімдер мен келісімшарттарда қарастырылған әлеуметтік - экономикалық сұрақтар бойынша келісімге жетуге мүмкіндік беретін жұмысшылар (олардың өкілдері), мемлекет және жұмыс берушілердің арасындағы өзара қарым- қатынастар жүйесі.

Еңбек ақы төлеуді басқаруды жетілдірудің жолдарының бірі болып оны тарифтік реттеу механизімінің дамуы көрінеді. Мемлекеттік реттеуде директивті әдістен экономикалық әдіске көшуі әріптестікке алып келеді.

Әлеуметтік әріптестік – белгілі бір шешімдер шығару және жақтардың келісім нәтижелеріне жеру және келісу мақсатында сол қатынасқа қатысушылардың достастығы негізінде қоғамдық қарым – қатынастарды ұйымдастыру және реттеу тәсілі ретінде көрінеді. Әлеуметтік әріптестіктің пәні болып мемлекеттің әлеуметтік – еңбек саясаты табылады.

Әлеуметтік әріптестіктің негізгі ұстамдары болып: Заң нормаларын сақтау, тараптардың өкілдерінің өкілеттіліктері, келісімдер және келісімшарттарды талқылау кезіндегі жақтардың тең құқылығы, жақтардың міндеттемесі, бақылау және жауапкершілігі бойынша шешімдерді қабылдаудағы дербестік табылады.

4. Қазақстандағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы

1. Кәсіподақтар немесе өзге де өкілетті жұмысшылар, сондай ақ жұмысшы мүддесі үшін тұлғалар;

2. Жұмысберушілер бірлестігінің өкілетті органдары

3. Мемлекет мүддесін білдіретін атқарушы билік органдары.

Кәсікерлердің кәсіби бірлестігі арқылы өздерінің мемлекет пен қарым – қатынасын реттейді. Мемлекеттік Заң және әлеуметтік – экономикалық саясат мәселелрі бойынша жалпы бағыттарды енгізуге мүдделік танытады. Жекелей алғанда, салық саясаты, еңбек қатынастары бойынша Заңдар, өздерінің мүдделерін қорғау. Саяси лоббирлеу арқылы олар неғұрлым өздерінің мүдделеріне сәйкес келетін Үкімет тарапынан Заң актілері мен практикалық шаралардың қабылдануына қол жеткізуге тырысады.

Мемлекет әлеуметтік әріптестік жүйесінде мүлік иесі және жұмыс беруші ретінде көрінеді. Еңбек облысындағы нарықтық қатынастар дамуымен байланысты оның функциялары өзгереді. Енді мемлекет еңбек қатынастарын реттеу координаторы және ұйымдастырушысы, делдал және негізгі бақылаушы ретінде көрінеді. Негізгі функциясы әлеуметтік әріптестік ұйымдастыруды жетілдірудің механизмін және басқарутық негізін жасау, ең төменгі әлеуметтік – еңбек стандарттарының тәртібін және көлемін бекіту табылады.

Тақырып 7. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекті мөлшерлеу.

1.Еңбекті мөлшерлеу міндеттері.

2.Еңбекті мөлшерлеу әдістері.

3.Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу және жіктеу.

Негізгі ұғымдар: Еңбекті мөлшерлеу, Уақыт нормасы, Өндіру мөлшері

1. Еңбекті мөлшерлеу міндеттері

Мөлшерлеу - еңбек бөлінісі және кооперациялау, жұмысшы күшін орналастыру, жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету сұрақтарын дұрыс шешуге мүмкіндік беретін еңбек ұйымдастырудың маңызды элементі. Кәсіпорында көбінесе жұмсалған еңбек санына және оның күрделілігіне байланысты болатын жұмысшылардың еңбек ақысының дифференциясы жүреді. Тәжірибеде ол еңбек өнімділігін өндіру, еңбек сыйымдылығы, жүктеме, жұмысшылар саны, істелген уақыт саны, мөлшер және мөлшерленген тапсырманы орындау деңгейі сияқты көрсеткіштер арқылы сипатталады және есепке алынады.

Еңбекті мөлшерлеу - бұл белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайда уақыт бірлігіне белгілі бір жұмыс орындауға, өндіріс құралдарына қызмет көрсету, өнім алу немесе орындалған жұмыс санына, өндірістің қызмет көрсетілетін құралдарына, өндірілетін өнімге еңбек мөлшерін бекітуге бағытталған тәсілдер жиынтығы.

Еңбекті мөлшерлеудің басты міндеті еңбек шығынын өлшеу ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытын үнемдеу және еңбекті рационалды ұйымдастыру есебінен бұйымдардың еңбек сиымдылығын төмендету. Сонымен қатар еңбекті мөлшерлеу еңбек ақының шығындалған еңбек санымен байланысын анықтайтын еңбек ақы ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Еңбекті мөлшерлеудің негізгі принциптері болып келесілер табылады:

- мөлшерді ұйымдық - экономикалық,техникалық,психофизиологиялық және әлеуметтік негіздеу;

- мөлшердің өндірістің нақты жағдайына сәйкестігі, өндіріс үшін олардың ұқсас ұйымдық – техникалық жағдайлармен біртұтастығын сақтау;

- еңбек мөлшерін бекіту кезінде ғылым мен техника есебі;

- мөлшердің динамикалығы, жағдайдың өзгеруіне байланысты оларды міндетті түрде нақтылау;

- жұмысшылардың барлық категорияларын қамту.

Кәсіпорында қолданылатын еңбек шығындарының мөлшері уақыт мөлшері, өндіру мөлшері, қызмет көрсету және жұмысшылар саны мөлшері түрінде көрінеді.

Уақыт нормасы – белгілі-бір ұйымдық-техникалық жағдай кезінде жұмыс бірлігін (операцияны) орындауға немесе өнім бірлігін дайындау үшін қажет жұмыс уақыты.

Өндіру мөлшері - жұмыс уақыты бірлігінде (минут,сағат,ауысым,тәулік т.б.) орындалуға тиіс жұмыс көлемі.

Қызмет көрсету мөлшері - ауысым немесе жұмыс күнінде бір жұмысшы немесе топпен қызмет көрсетілуі тиіс обьектінің саны.

Орындаушылар санының мөлшері - белгілі бір кезеңде белгілі бір обьектіге қызмет көрсету үшін қажет белгілі бір мамандығы бар тұлғалар саны.

Еңбек тиімділігін көтеру мақсатында мерзімді еңбек ақы төленетін жұмысшыларға мөлшерленген тапсырма бекітіледі.

Мөлшерленген тапсырма - бұл белгілі бір кезеңде жұмыс сапасына (өнім) қойылатын талаптарды сақтай отырып бір жұмысшы немесе топпен орындалуы тиіс жұмыс көлемі.

2. Еңбекті мөлшерлеу әдістері

Мөлшерлеу әдісі - бұл еңбек шығыны мөлшерін анықтау үшін еңбек процесін зерттеу. Мөлшерлеудің екі негізгі әдісі әрекет етеді: жиынтық және аналитикалық немесе элемент бойынша.

Еңбекті мөлшерінің жиынтық әдісі кезінде тәжірибелі немесе салыстырмалы жолмен, яғни орындаушылардың орташа өндіру немесе мөлшерлеушілердің тәжірибесі негізінде бекітіледі.

Аналитикалық әдістің 2 түрі бар: аналитикалық-экспериментальды және аналитикалық-есептік.

Аналитикалық-экспериментальды мөлшерлеу байқау және өзге де зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ тікелей кәсіпорында еңбек шығындарының мөлшерін анықтау үшін қажет есептеулер ұсынады.

Аналитикалық-есептік мөлшерлеу кәсіпорындағы нақты еңбек мөлшерін алдын-ала жасалған нормативтер көмегімен анықтауды ұсынады.

Бірыңғай, типтік және жергілікті деп бөледі.

Бірыңғай мөлшер - бірдей немесе ұқсас технологиямен өндірістің ұқсас жағдайларында орындалатын біртекті жұмыстарға жасалады.

Типтік мөлшер - бірдей, неғұрлым кең таралған жұмыстарды типтік технология және еңбекті ұйымдастыру негізінде мөлшерлеу үшін қолданылады.

Жергілікті мөлшер - бұл нақты кәсіпорындарда қолданылатын мөлшерлер.

3. Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу және жіктеу

Жұмыс уақыты шығындарын зерттеп білудің негізгі тәсілдері хронография, хронометраж, фотохронометраж, видео –кинотүсірілім.

Хронография - ауысым кезінде жұмыс уақыты шығынын тіркеп отыру. Оның мақсаты - жұмыс уақыты жоғалтуларын анықтау, оны пайдалануды жақсарту резервтерін табу.

Хронометраж - еңбек процесінің қандайда бір бөлігін терең оқып білуге мүмкіндік береді. Бұл үшін еңбек процесін бөлшектеу деңгейін анықтау және фиксажды нүктесін дұрыс байқау өте маңызды.

Фиксажды нүкте - бір элементтің екіншісінен бөлетін шекара, яғни бір элементтің аяқталу және екіншісінің басталу сәті.

Үшінші тәсіл – фотохронометраж. Жекелеген әрекеттермен қозғалыстарды зерттеу үшін видео - кино түсірілімдер қолданылады. Олардың көмегімен тек әрекеттер мен қозғалыстар ғана емес, жүргізуге мүмкіндік беретін ағымдағы уақытты тіркейді.

Еңбек процесін рационализациялау және зерттеу, еңбек шығынының негізделген мөлшерін жоспарлау үшін ауысымның жұмыс уақыты шығындарын жіктеу үлкен маңызға ие.

Осы жіктеуге сәйкес ауысымның жалпы уақыты жұмыс уақыты және үзілістер уақытына бөлінеді.

Жұмыс уақыты – бұл орындаушының ауысым кезінде еңбек тәсілдері мен әрекеттерін орындау кезеңі.

Үзілістер уақыты регламенттелген және регламенттелмеген үзілістер уақытына бөлінеді.

Тақырып 8. Еңбектің және демалыстың рационалды режимдер.

1.Жұмыс және жұмыстан тыс уақыт.

2.Еңбек пен демалыстың ішкі ауысымдық және тәуліктік режимдері.

3.Еңбек пен демалыстың апталық, айлық және жылдық режимдері.

Негізгі ұғымдар: Жұмыс және жұмыстан тыс уақыт, Жұмыс уақытының қоры

1. Жұмыс және жұмыстан тыс уақыт

Жұмыс уақытын тиімді пайдалану қоғам, еңбеккерлер ұжымы және жекелеген жұмысшылар арасындағы қатынастың ерекше формасын сипаттайтын маңызды экономикалық проблемалар қатарына жатады. Жұмыс уақыты қоғамдық категория ретінде келесідей қызметтерді орындайды:

- жұмыс уақыты еңбек шарасы болып табылады, яғни тәжірибеде уақыт мөлшерін, өндіру мөлшерін немесе қызмет көрсету мөлшерін, сондай-ақ басқарушылық мөлшерін бекіту жолымен анықталады.

- тауарлы өндіріс жағдайында жұмыс уақыты құндық шарасы болып табылады;

- үшіншіден, жұмыс уақыты міндетті түрде мемлекетпен бекітілетін еңбек мөлшерін анықтай отыра басқарутық функцияда көрінеді.

Жұмыс уақытының қоры –бұл бір жұмысшының жыл, тоқсан, ай ішіндегі жоспарланған немесе нақты жұмыс уақытының жиынтығы (сағат немесе адам-сағат, күн немесе адам –күн өлшенеді).

Жұмыс уақыты қоры күнтізбелік, номиналды, пайдалы болып бөлінеді.

Күнтізбелік жұмыс уақыты қоры жоспарланған немесе есепті кезеңдегі күнтізбелік саны (365).

Номиналды жоспарланған немесе есепті кезеңде күнтізбелік қордан демалыс және мереке күндерінің алынып тасталуы.

Пайдалы –осы кезеңде жұмыс уқытының номиналды қорынан жұмысқа шықпай қалған күндерді алып тастау арқылы анықталады.

Уақыттың жалпы күнтізбелік қоры екі бөліктен тұрады: жұмыс және жұмыстан тыс уақыт.

Жұмыс уақыты деп жұмысшы жеке еңбек келісім шарты ережелеріне сәйкес еңбек міндеттемелерін орындауға міндетті уақыт.

Жұмыстан тыс уақыт –жұмыс уақыты алынып тасталған уақыттың күнтізбелік қорының бөлігі.

Жұмыстан тыс уақытты бос емес, бос және ұйқы уақыты деп бөлуге болады.

Бос емес жұмыстан тыс уақыт –жұмысқа бару және одан қайту уақыты, тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын уақыт: дүкенге бару, тамақ әзірдеу, киім тігу және т.б.

Бос уақыт – бұл белсенді және енжар демалыс уақыты, мәдени орындарына, демалыс орындарына бару, творчествамен шұғылдану.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың маңызды міндеттерінің бірі еңбек пен демалыстың режимдерін жетілдіру. Ауысым кезінде кәсіпорын жұмысшысы демалу үшін үзілістерге шығуы қажет. Бұл жұмысшы шаршаған кезде оның өнімділігі төмендеуімен негізделеді. Жұмысқа кіріскен кезде жұмысшының құлшынысы төмен болады. Біртіндеп организм үйрене бастайды. Бұл кезең бір сағатқа созылады, кейіннен 3-4 сағат тұрақты жұмыс қабілеттілігі жалғасады. Жұмыс күнінің ортасында жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Бұл уақытта түскі үзіліс қажет.

2. Еңбек пен демалыстың ішкі ауысымдық және тәуліктік режимдері

Ішкіауысымдық және тәуліктік режимдер.

Еңбек және демалыстың дұрыс режим проблемасын шешу кезінде еңбекті ұйымдастыруға әсер ететін көптеген түрлі факторларды ескеру қажет. Жұмыс күні кезінде еңбек пен демалыстың ішкі аусымдық және тәуліктік режимдерін бөліп қарастырады. Еңбек пен демалыстың ішкіауысымдық режимдері ауысым ұзақтығын, үзілістер ұзақтылығын, олардың санын, ауысым уақытында бөлінуін, түскі үзіліс ұзақтылығын анықтайды. Демалыстың тиімді формаларының бірі қызметтің өзге түріне, өзге жұмыстарға ауысу болып табылады. Демалыстың үзілістер жұмыс жағдайын бұзатындай ұзақ бломауы тиіс. Демалыстың формасы - активті және пассивті.

Еңбек пен демалыстың екі ауысымдық режимі нғұрлым прогрессивті деп саналады: жұмысты орындау сапасы артады, сондай-ақ техника пайдалану коэффициенті, өндіріске аумақтарды пайдалану артады, жұмыс графикке сай жүзеге асырылады. Жұмыс уақытының тәуліктік қорын реттеу үшін күн тәртібін дұрыс жасау керек.

Күн тәртібі - бұл орындалатын жұмыс пен демалыс үзілістерінің және басталуы немесе аяқталуы көрсетілген түскі астық регламенттелен тізімі.

3. Еңбек пен демалыстың апталық, айлық және жылдық режимдері

Еңбектің апталық кестесі апта ішіндегі жұмыс күндері санымен сағаттарын, сондай-ақ жұмыс және демалыс күндерінің, ауысымдарының орналасу тәртібін бекітетін кестені білдіреді. Көптеген кәсіпорындарда жұмыс аптасының негізінен екі тип қолданады: 6:1 және 5:2.Жұмыс апта санын заңмен белгіленген ұзақтығы -40 сағат.

Тақырып 9. Еңбек жағдайы

1.Еңбектің психофизиологиялық жағдайы

2.Еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайлары

3.Еңбек жағдайына эстетиклық және әлеуметтік –психологиялық талаптар

4.Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы еңбек жағдайларын және қорғауды жақсарту бойынша негізгі бағыттар

Негізгі ұғымдар: Еңбектің жағдайы, Еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайлары


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: