Силлабус 4 страница

1. Еңбектің психофизиологиялық жағдайы

Еңбек жағдайы – еңбек процесінде адамның жұмыс қабілеттілігіне және денсаулығына әсер ететін өндірістік ортаның факторларының жиынтығы.

Еңбек жағдайы – бұл өзара байланысты әлеуметтік –экономикалық, техника- ұйымдық және жаратылыстану – табиғи сипаттағы факторлардың әсерінен еңбек процесінде қалыптасқан және адамның денсаулығына, жұмыс қабілеттілігіне, оның еңбекке қатынасына және өндірістің өзге де экономикалық нәтижелеріне өмір сүру деңгейіне және қоғамның басты өндіруші күші ретінде адамның жан жақты дамуына әсер ететін күрделі объективті қоғамдық құбылыс.

Адам еңбек жағдайын қалыптастыруын түрлі өндірістік факторларды басынан өткереді. Оларды келесідей топтарға бөледі.

А) психофизиологиялық­­­

Б)санитарлық - гигиеналық

В) эстетикалық

Г) әлеуметтік - психологиялық

Психофизикалық - физикалық және жүйке-психикалық ауырлық, жарақаталу қапіптілігі, еңбек қарқыны және ритмі.

Еңбек процесі кезінде адам негізінен белгілі бір қозғалыстарды орындаумен байланысты физикалық ауырлықты өткереді.

Қол жұмысының ауырлығы тамыр соғысына, тынысалу, оттегі шығындауға байланысты болады.

Физиологиялық көрсеткіштерді өлшеу үшін неғұрлым кең таралған-тынысалу жиілігі және тамыр соғысы. Бұл жіктеу бойынша барлық жұмыстарды ауырлығы бойынша 3 топқа бөледі.

1- ші топқа немесе жеңіл жұмыстарға минутына оттегі тұтыну 350 мл.дейін, тынысалу жиілігі -12 л. және тамыр соғысы минутына 80-90 соққы.

2- ші топқа немесе орташа жұмыстарға оттегі 600мл, тыныс алу жиілігі -20 л, тамыр соғысы -100 соққы /минутына жатады.

3- ші топқа немесе ауыр жұмыстарға минутына оттегі жұмсау-1000 мл. көп, тыныс алу жиілігі -30л, тамыр соғысы -120 соққы жұмыстар жатады.

Осымен бірге жүктердің немесе күштердің салмағына байланысты физикалық ауырлық өзгереді. Осыған байланысты жеңіл жұмыстарға қол жүгінің салмағы 5-15 кг., орташа ауыр жұмыстар -16-30 кг., ауыр жұмыстарға-31-50 кг. және өте ауыр жұмыстарға -51-80 кг салмақтан асатын жұмыстар жатады.

Қазіргі жағдайда жүйке – психикалық ауырлық үлкен маңызға ие: көңіл аудару, ойлау және сезім органдарына – көру, есту және т.б. түсетін салмақтар.

Жүйкеге салмақ түсу деңгейі бойынша механикаландырылған жұмыстарды 3 топқа бөлуге болады.

1-топ – жүйке аз салмақтан түсіретін жұмыстар – мұнда қарапайым механикалық басқарылатын жұмыстар жатады.

2-топ – орташа салмақ түсетін жұмыстар.

3-топ – жоғары салмақ түсетін жұмыстар.

2. Еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайлары

Еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайының жай – күйіне әсер ететін маңызды факторлар болып:

-физикалық энергия шығындары;

-климаттық жағдай;

-шу;

-вибрациялық жүктеме;

-жарықтылығы;

-токсикалық және токсикалық емес шаңның болуы;

-ионды шығылыстырушы микро белдеулер;

-мәжбүрлі түрде жұмыс істеу т.б.

Жекелеген жұмыс орындары үшін еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайының деңгейі мына формуламен есептеледі:

Корм =

Мұнда Ксі – жекелеген санитарлық – гигиеналық факторлардың әсерін көрсететін коэффициент;

І – факторлар.

Егерде бір немесе бірнеше коэффициенттер нөлге тең болса, онда Ксрм→0.

Жұмыс орнындағы еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайының деңгейінің карточка – формуляры толтырылады.

Бірінші категориялы жұмыстарға физикалық энергияның шығындалуы 125 ккал\сағ. Мұнда жай қозғалыспен жеңіл қол жұмысы жатады.

Екінші категориялы жұмыстарда физикалық шығындалуы 125-200 ккал\сағат жүріп жеңіл немесе орташа жұмыстар, жай қозғалыспен ауыр қол жұмысы.

Үшінші категориялы жұмыстарда энергияның шығындалуы 200ден 250 ккал\ сағат.

Төртінші категориялы жұмыстарда 250 -300 ккал\сағат.

Бесінші категориялы жұмыстарда 300 ккал\сағат жоғары.

Жұмыс әдетте шу жағдайында орындалады. Шу жағдайында тұрақты жұмыс істеу денсаулыққа кері әсер етіп, еңбек өнімділігін төмендетеді.

Шу децибелмен (дб) өлшенетін дыбыс күшімен сипатталады. Физиологтардың зерттеуі бойынша жұмыс орындағы қалыпты жағдай келесідей шу деңгейінде сақталады: төмен жиілікті (дыбыс жиілігі 400 герцке дейін) – 90 дб дейін, орташа жиілікті (400- 1000 гц)-75 дб, жоғары жиілікті (1000 гц жоғары)- 65 дб.

Шуды қандай да бір құралсыз келесідей бағалауға болады:

- ешқандай шу жоқ – 4 балл.

- дауыс көтермей әңгімелесу – 3 балл.

- дауыс көтеріп әңгімелесу – 2 балл.

- әңгімелесу мүмкін емес – 1 балл.

Жарықтылықтың әсер етуі әсіресе жұмысты өндірістік ғимаратта орындау кезінде маңызды. Тым қатты жарықтылық көрудің бұзылуына алып келеді. Толық емес жарықпен қамту көзге салмақ түсіріп, көрудің нашарлауына және зақым алуына әсер етеді. Бір қалыпты жарықпен қамтымау көру огандарының үнемі бейімделуін талап етеді, олардың сезімталдығын төмендетуге, бас ауруының пайда болуына мүмкіндік жасайды.

Жарықтылық күші күндізгі жарық және жарықтандырудың жасанды көздерімен қалыптасады.

Өндірістік ғимараттарды табиғи жарықтандыру жоғарыдан, қабырғадан және біріккен (аралас) болуы мүмкін. Жасанды жарықтандыру: жалпы – барлық ғимаратты толық жарықтандыру үшін, жергілікті – жұмыс орнын жарықтандыру үшін және біріккен.

3. Еңбек жағдайына эстетиклық және әлеуметтік –психологиялық талаптар

Еңбектің жағдайының эстетикалық факторларына ғимараттың сәулет – конструкторлық сапасы, құрал – жабдықтар, жұмыс орнының тазалығы, өндірістік киімдер, жарықтандырылуы, функционалды музыка, цех территорияларының және ғимарат ішінің көгалдандырылуы.

Өндірістік эстетиканың маңызды элемент болып әдемі әрі қолайлы киім, функционалды музыка және тазалық.

Адамға түстің психологиялық әсері әртүрлі. Түстерді сонымен қатар зақым алып қалуды ескерту үшін пайдаланылады. Машинаның неғұрлым қауіпті бөліктерін ашық түсті қызыл, сары, жасыл түстермен боялады.

Еңбек жағдайының әлеуметтік – психологиялық факторларына еңбек ұмжымының мүшелерінің арасындағы өзара қарым – қатынас, еңбек пен демалыстың режимдері, ондағы психологиялық климат, өзара көмектесу, еңбек тәртібі т.б.

4. Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы еңбек жағдайларын және қорғауды жақсарту бойынша негізгі бағыттар

ҚР экономика салаларындағы еңбекті қорғау және жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыттар өндірісте қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуді, өндірістік зақым алуды алдын ала ескерту және алдын алу, басқарутық, ұйымдық, техникалық және әлеуметтік – экономикалық шараларды дайындау және жүзеге асыру есебінен еңбек процесінде адам өмір мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуді қарастырады.

Еңбек жағдайы және қорғауды жақсартудың басқарутық және нормативтік базасын қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылдың 28 ақпанында ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі» Заңы қабылданды. Бұл Заң ҚР еңбекті қорғау саласында қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесі кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай ақ еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілерін қарастырады.

Тақырып 10. Еңбек өнімділігі және тиімділігі

1. Еңбек өнімділігі мәні

2. Еңбек өнімділігі және тиімділігін жоғарлату

3. Еңбек өнімділігін өлшеу көрсеткіштері

4. Нарықтық типтегі экономикада еңбек өнімділігінің өсімін қамтамасыз ететін факторлар және резервтер

Негізгі ұғымдар: Еңбек өнімділігі, Еңбек өнімділігі факторлары

1. Еңбек өнімділігінің мәні

Экономикалық теория мен практикада еңбек ресурстары мен жұмысшы күшін пайдаланудың екі бағыты әрекет етеді: өнім бірлігіне кететін шығындарды азайтуды қарастыратын интенсивті және ұлттық өндірісте жұмыспен қамтылмаған не қандайда бір себеппен уақытша жұмыс істемейтін тұлғаларды жұмысқа тартумен немесе жұмыс уақыты бюджетін арттырумен сипатталатын экстенсивті.

Еңбек өнімділігі материалдық құндылықтар өндірісінде адамның еңбек шығындарының тиімділігі деңгейін немесе еңбектің уақыт бірлігінде көп немесе аз өнім санын жасау қабілеттілігін білдіреді.

Еңбек өнімділігі тірі, нақты еңбектің функциясы болып табылады және оның өнімділігін білдіреді. Уақыт бірлігінде неғұрлым өнім көп жасалса, соғұрлым уақыт бірлігіне еңбек аз шығындалады. Еңбек өнімділігімен бірге – күрделі екі сипатты құбылыс бұл нақты және абстрактылы еңбектің жиынтық нәтижесі, өндіргіш күштердің бірлігі және еңбектің интенсивтілігі.

Еңбек өнімділігі қоғамдық өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Оның жүйелі түрде өсуіне ел экономикасының дамуындағы табыстар, халықтың тұрмыс-жағдайының жоғарлауы байланысты болады. Еңбек өнімділігін жеке және қоғамдық деп бөледі.

2. Еңбек өнімділігін және тиімділігін жоғарлату

Қоғамдық өндіріс процесінде еңбек кеңістікке және уақытқа бөлінген. Сондықтан да әр жеке кәсіпорындарда өнім бірлігіне еңбектің жиынтық шығындары өткен еңбек шығындары ретінде, материалдық шығындар мен амортизация түрінде ағымдағы шығындарға қосылатын өндіріс құралдары; еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыруға аударымдар формасында өндірістің ағымдағы шығындарына қосылатын тірі еңбек шығындары ретінде көрінеді.

К.Маркстың әдістемесі бойынша еңбек өнімділігін көтеру тұтынылған құнның бірлігіне тірі және қоғамдық еңбектің үнемделгенін білдіреді. Осыған байланысты тірі еңбек үлесі азаяды, ал өткен еңбек үлесі артады, бірақ тауардағы еңбектің жалпы сомасы азаяды. Басқаша айтқанда, жұмысшы белгілі бір уақыт аралығында негізгі капиталды өнімге көп айналдырған сайын, соғұрлым оның еңбек өнімділігі жоғарылайды.

Экономиканы басқару практикасында бұл тәсіл өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау үшін (өндіріс шығындары, рентабельділік, пайдалы тиімділік бірлігіне жиынтық шығындар динамикасы) қолданылады.

Еңбек өнімділігінің өсімі шығынның барлық түрлерінің төмендеуіне алып келеді. Бірақта өнімнің еңбек сиымдылығы, материал сиымдылығы және қор сиымдылығы әр түрлі бағытта өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдай уақыттың белгілі бір кезеңінде капиталдың жиынтық көлемі ұлғайып, ал жұмысшы күшінің саны тез өседі, осыған байланысты еңбек өнімділігі құлдырап, әр жұмысшының еңбектің қормен қарулануы қысқаруы кезінде болады. Бірақта барлық жағдайда да еңбек өнімділігі өндірістің тиімділігі және интенсификациясы деңгейін сипаттайтын өндірістік қызметтің қорытынды, нәтижелі көрсеткіш болып қала береді. Бұл өндірістің нақты құралдарымен қаруланған және кеңістікте және уақытта белгілі бір сипатта ұйымдастырылған тірі еңбек тиімділігінің интегральды көрсеткіші.

3. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

Экономикалық қызмет практикасында еңбектің өнімділігі мен тиімділігін жоспарлау, есеп және талдау үшін еңбек өнімділігін жұмыс орындарында, кәсіпорындағы еңбек ұжымдарында, өндірістің жекелеген салаларында, сондай-ақ барлық экономика масштабында немесе елдің халық шаруашылығында өлшеуді қарастыратын көрсеткіштердің белгілі бір жүйесі қодданылады.

Экономика салаларында, кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында, жұмыс орындарында еңбек өнімділігінің көрсеткіштері болып өндіру және еңбек сиымдылығы табылады.

Өндіру өндірілген өнім көлемін уақыт бірлігіне қатынасын сипаттайды:

В = V,

Т

Мұнда, В - өндіру, V - өндірілген өнім көлемі, Т – жұмыс уақыты.

Еңбек сиымдылығы жұмыс уақыты шығындарының өнім бірлігі өндірісіне қатынасын білдіреді:

Q = T,

V

Мұнда, Q – еңбек сиымдылығы.

Өндіру және еңбек сиымдылығы өзара байланысты және бір-біріне қарама қарсы көрсеткіш: еңбек өнімділігі төмендеген кезде өндіру артады, ал өндіру артқан кезде еңбек сиымдылығы төмендейді.

Экономиканың түрлі салаларында өндіруді өлшеу шығарылатын өнімнің өндірісінің ерекшеліктерімен байланысты ерекше белгілерге ие.

Өнеркәсіпте өндіру шығарылатын өнім көлемінің бір және сол уақыт кезеңіндегі өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жұмысшыларының орташа тізімдік санымен көрсетілген оның өндірісіне кеткен еңбек шығындарына қатынасымен анықталады.

Құрылыста өндіру құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемінің құрылыс-монтаж жұмыстарында және көмекші өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады.

Транспортта өндіру тасымалдау көлемінің (т/км) тасымалдауда жұмыс істейтін жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.

Саудада өндіру бөлшек сауда айналымы көлемінің сауда жұмысшыларының орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады.

Қызмет көрсету сферасында өндіру күнтізбелік уақыттың белгілі бір кезеңінде қызмет көрсетудің материалдық шығындар құнысыз қызмет құнының осы кезеңдегі сфера персоналының орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады.

Қоғам масштабында (халық шаруашылығында) еңбек өнімділігі белгілі бір кезеңде қайтадан жасалған құнның (ұлттық табыс) осы кезең аралығында материалдық өндіріс сферасында жұмыспен қамтылған персоналдың орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады. Кәсіпорындарда өндіруді анықтаудың ерекшеліктері өнім көлемі мен еңбек шығындарын өлшеуде түрлі әдістерді пайдалануға байланысты болады.

Кәсіпорындарда өндіруді анықтау үш негізгі тәсілмен жүзеге асады: натуралды, еңбек және құндық.

4. Нарықтық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсімін қамтамасыз ететін факторлар мен резервтер

Еңбек өнімділігінің өсімінің факторлары деп олардың әсер ету нәтижесінде еңбек өнімділігінің деңгейі өзгеретін қозғалмалы күштер, көздер түсініледі. Еңбек өнімділігінің факторлары әр түрлі сипатта және көп қырлы болып келеді. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуін болжамдау және жоспарлау мақсаты үшін макро және микро деңгейде әр түрлі топтастырулар қолданылады. Еңбек өнімділігі факторларының өсімінің факторларының жіктелуі келесідей:

1. Материалды-техникалық факторлар.

2. Ұйымдық – экономикалық және құрылымдық факторлар.

3. Экономика-басқарутық және нормативтік.

4. Жұмысшыларды материалдық ынталандырушы факторлар.

5. Әлеуметтік-психологиялық факторлар.

Еңбек өнімділігін көтерудің материалды-техникалық факторлары жаңа техниканы жасау, игеру және енгізуді; алдыңғы қатарлы технологияны игеруді және қолдануды; ішкі және сыртқы нарықта өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін көтеруді; өндірісті кешенді автоматтандыруды және өндірістік процестерді басқаруды; қолданыстағы құрал-жабдықтарды және өндірісті модернизациялауды; бәсеке қабілеттілікті қолдауды кірістерді.

Ұйымдық – экономикалық және құрылымдық факторларға нарық талаптарына сәйкес өндірісті қайта құру; өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу; алдыңғы қатарлы құрылымдар мен өндірісті және персоналды басқару функцияларын дамыту, өнім сапасын, оның бәсеке қабілеттілігін көтеру жатады.

Экономика-басқарутық және нормативтік факторлар барлық деңгейде еңбек өнімділігін жоғарылату үшін материалдық, әкімшілік және әдістемелік сілтемелер құрайды және еңбек өнімділігін көтеру бойынша жұмыстардағы экономиканың нақты секторының субъектілеріне жәрдемдесуде мемлекет пен үкіметтің роліне байланысты болады. Бұл факторларға жататындар:

· еңбек өнімділігінің өсімінің нормативтік-басқарутық қамтамасыз етуді жетілдіру;

· экономикалық стимулдарды күшейту және микро және макро деңгейде өзін өзі ұйымдастыруды дамыту;

· ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және экономика субъектілері үшін ақпарат базасын құру.

Жұмысшыларды материалдық ынталандырушы факторлар тарифтік ставка деңгейін көтеруді; еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіруді; марапаттау жүйесін жетілдіруді кірістіреді.

Әлеуметтік-психологиялық факторлар еңбек өнімділігін көтеруде үлкен ролге ие. Олар бөлімшелердегі, тұтастай кәсіпорындағы басшылық стилімен; экономиканы басқарудың мотивациясымен анықталады.

Еңбек өнімділігінің өсімінің резервтері деп тірі және өткен еңбек шығындарын үнемдеудің пайдаланылмаған нақты мүмкіндігі түсініледі. Резервтер қолданылады және әр түрлі факторлар әсерімен қайтадан пайда болады. Резервтердің сандық барын белгілі бір уақыт аралығында қол жеткендер мен еңбек өнімділігінің ең жоғары деңгейінің арасындағы айырма ретінде анықтауға болады.

Резервтер олардың пайда болу деңгейі бойынша келесідей жіктеледі:

1. Жалпы мемлекеттік

2. Аймақтық

3. Салааралық

4. Салалық

5. Ішкі өндірістік

1. Жалпы мемлекеттік – бұл макроэкономикалық резервтер. Оларды пайдалану ел экономикасының нақты секторындағы еңбек өнімділігінің өсіміне әсер етеді. Олар шикізаттық және өзге де материалдық ресурстарды, білікті жұмысшы күшін, тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін, шаруашылық жүргізудің пайдаланылмаған нарықтық әдістерін есепке ала отырып ел территориясы бойынша өндірісті тиімді орналастырумен байланысты.

2. Аймақтық резевтердің болуы сол аймақ үшін тән өндіргіш күштерді рационалды және тиімді пайдалану мүмкіндігін сипаттайды.

3. Салааралық резервтер салааралық байланыстардың жақсару, өнімнің транспорттық ағымы, түрлі салалардағы кәсіпорындар арасында келісімді пәндерді нығайту қажеттілігімен анықталады.

4. Салалық резервтер экономиканың ішкі нақты салаларының кәсіпорындарын тиімді мамандандыру және кооперациялауды дамыту есебінен еңбек өнімділігін көтеру мүмкіндігін көрсетеді.

5. Еңбек өнімділігі өсімі резервтерінің ең үлкен тобын ішкі өндірістік резервтер құрайды. Олар кәсіпорында шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтар, жұмыс уақыты мен жұмысшы күшін пайдалануда жетіспеушіліктермен анықталады.

Еңбек өнімділігінің өсімінің резервтері пайдалану мерзімі бойынша ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді.

Тақырып 11. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі еңбекке ақы төлеу

1. Еңбек ақы түсінігі

2. Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы мәні

3. Еңбек ақы қызметтері және оның дифференциация принциптері

4. Еңбек ақы құрылымы және түрлері

Негізгі ұғымдар: Еңбек ақы, Жұмыс күшінің бағасы, Жұмыс күшінің нарығы

1. Еңбек ақы түсінігі

Еңбек ақы төлеу проблемалары тек қана экономикалық емес, сонымен қатар экономикалық теория мен тәжірибенің өзекті мәселелерінің арасынан маңызды орын алатын әлеуметтік болып табылады.

Шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдістерінен нарықтық экономикаға өту өндірістің субьектілері арасында өндірістік қатынастарда кардиналды реформалардың жүргізілуін қажеттілігін, жекелей алғанда еңбекке ақы төлеуде ұсынады. Сонымен қатар еңбек ақы республика экономикадағы дағдарыс құбылыстарын құраушылардың бірі болды. Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер еңбек қатынастарын ынталандыруды қамтамасыз етпейді.

Бұл курс ҚР да жүргізіліп жатқан реформаларды тереңірек оқып білуге, кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру принциптерімен мәнін, оның формасы мен жүйесін, сондай ақ әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуын түсінуге мүмкіндік береді. Негізгі назар Қазақстандағы және шетелдегі еңбек ақы реттелуіне бөлінеді.

Курстың пәні болып кәсіпорындардағы еңбек ақы басқарудың методологиясы мен тәжірибесін оқып білу болып табылады, сондай ақ өндіріс ыңғайына және процесте еңбек ақы түріндегі жалпы ынталандырулар әсеріне жауап ретінде жұмыс берушілер мен жұмысшылар мінез – құлқын оқып білу.

Кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеу курсы көптеген стратегиясы, еңбек экономикасы, персоналды басқару, еңбек құқығы, еңбек статистикасы, еңбек қатынастары, менеджмент және т.б.

Еңбек ақының түсінігі тар және кең мағынада қолданылады.

Еңбек ақы – бұл орындалған жұмыстың белгілі бір санына және сапасына берілетін сыйақының бір формасы, жұмыс күшінің бағасы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: