double arrow

СИЛЛАБУС 2 страница

Еңбек қызметіне байланысты миграция еңбек миграциясы деп аталады.

Осы мемлекеттің территориясына жұмысшы күшінің ағымын иммиграция деп атайды, ал мемлекеттен тысқары тұрғындардың ағымын эммиграция деп атайды.

Жұмысшы күшінің келу коффициенті жыл ішінде келгендер санының тұрғындардың орташа жылдық санына қатынасы арқылы анықталады.

Жұмысшы күшінің миграциялық ағымы коффициенті немесе миграция сальдосы Келу коэффициенті мен кету коэффициентінің айырмасы ретінде анықталады.

Келу, кету коффициенттері және миграция сальдосы жұмысшы күшінің миграциясын талдау үшін қолданылады.

Дәріс 3. Еңбек нарығының сегменттелуі.

1. Еңбек нарығындағы сегменттелуі жөніндегі жалпы түсінік.

2. Еңбек нарығының негізгі сегменттері

3. Еңбек нарығының моделдері

Негізгі ұғымдар: Еңбек нарығының негізгі сегменттері, Еңбек нарығының моделдері

1. Еңбек нарығындағы сегменттелуі жөніндегі жалпы түсінік

Еңбек нарығын сегменттеу – жұмысшыларды және жұмыс орындарын жұмысшы күшінің байланыстылығын өздерінің шекараларымен шектейтін тұрақты және аралас секторларға немесе аймақтарға бөлу.

Еңбек нарығының сегменттері бастапқы және екінші деңгейлі еңбек нарықтары болып табылады.

Еңбек нарығын сегменттеу белгілері: географиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық, психофизиологиялық, мінез-құлықтық.

Кейбір жалпы белгілерге ие тұтынушылар, тауар немесе кәсіпорындар тобының, нарықтық ерекше сипатта бөлінген бөлігі нарық сегменті деп аталады.

2. Еңбек нарығының негізгі сегменттері

Еңбек нарығының негізгі сегменттері болып бастапқы және екінші деңгейлі нарықтары табылады.

Бастапқы еңбек нарығы – жұмыспен қатудың тұрақты деңгейі және еңбек ақының жоғары деңгейі, кәсіби өсу мүмкіндігі, прогрессивті технология, басқару жүйесі тән нарық.

Екінші деңгейлі еңбек нарығы – кәсіби дайындықты және жоғары біліктілікті талап етпейтін және қызмет көрсету жұмысшылары, біліктілігі жоқ жұмысшылармен қызметшілердің төмен категориясы жататын нарық.

Еңбек нарығының сегментке бөліну себептері:

- өндірістің экономикалық тиімділігі деңгейінде айырмашылық;

- еңбекттің әлеуметтік деңгейіндегі айырмашылық;

- өндірістің әлеуметтік тиімділігі деңгейінде айырмашылық;

Еңбек нарығын сегменттеу, жұмыс күштерінің бағасын бекіту және оны орналастыру әкімшілік ережелер мен және прцедуралармен анықталатын бір кәсіпорын шеңберінде шектелген әлеуметтік – еңбек қатынастарының жүйесін сипаттайтын ішкі еңбек нарығын кірістіреді.

Ел, аймақ, сала шеңберінде жұмыс берушімен жалдамалы жұмысшылар арасындағы әлеуметтік- еңбек қатынастарының жүйесін білдіретін нарық сыртқы еңбек нарығы деп аталады.

Бастапқы еңбек нарығы екі ішкі сегментке бөлінеді:

1. Бастапқы тәуелсіз жұмыс орындары.

2. Бастапқы бағынышты жұмыс орындары.

Ағымдағы еңбек нарығы- жұмысшылардың және жұмыс орындарының табиғи және механикалық қозғалысы есебінен қалыптасатын нарық.

Ағымдағы еңбек нарығы өзі екіге бөлінеді:

1. Ашық еңбек нарығы – жұмыс іздейтін және дайындыққа және қайта дайындауға мұқтаж экономикалық белсенді тұрғындардан тұратын нарық.

2. Жасырын еңбек нарығы – формальді жұмыспен қамтылғандар, бірақта өндірістің қысқаруымен немесе оның құрылымының өзгеруімен байланысты бірінші кезекте қысқартуға ұшырайтын тұлғалар кіретін нарық.

Бастапқы тәуелсіз жұмыс орындарын жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандар, басқарушылар, жоғары білікті қызметкерлер иеленеді.

3. Еңбек нарығының моделдері

Кез-келген мемлекет өзінің экономикасының ерекшелігін есепке ала отырып өзінің еңбек нарығын қалыптастырады. Сыртқы және ішкі еңбек нарығына бейімделген елдер бар. Әдетте ұлттық нарықтар моделі келесілерді қалыпталыстырады: дайындық жүйесі, қайта дайындау, жұмысшылар біліктілігінің өсуі, бос жұмыс орындарын толтыру жүйесі және еңбек қатынастарын реттеу тәсілі. Осыған байланысты еңбек нарығының бірнеше неғұрлым белгілі модельдерін бөліп көрсетуге болады. Олар: жапондық, американдық, шведтік.

Жапондық модельге тұрақты жұмысшыға 55-60 жасқа жеткенге дейін жұмыспен қамтуға кепілдік берілетін «өмірлік жалдау» принципіне негізделген еңбек қатынастарының жүйесі тән. Жұмысшының жалақысы және әлеуметтік төлемдер көлемі істелген жылына байланысты болады.

Американдық моделге пайдаланылатын еңбек көлемінің немесе өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты жұмыстан шығару сияқты жұмысшымен қатаң қарым-қатынас жасау тән.

Шведтік моделге елде жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі болып табылатын мемлекеттің жұмыспен қамту облысында белсенді саясат тән.

Жапондық- жұмысшылар ішкі фирмалық қызметттерге сәкес біліктілікті көруден өтеді және жаңа жұмыс орындарына ауыстыру жоспар бойынша қатаң жүргізіледі. Мұндай саясат фирма жұмыстарын өзінің міндеттерін орындауға, творчествалық қатынаста мәліметтеуге мүмкіндік береді, жұмыс сапасы үшін олардың жауапкершілігін арттырады, фирма беделі жөнінде ойлауды немесе ішкі фирмалық патриотизмді қалыптастырады. Кәсіпкер өндірісті қысқарту қажеттілігі кезінде бұл проблеманы персоналды жұмыстан шығару жолымен емес, жұмыс уақытын қысқарту немесе жұмысшының бір бөлігін олармен келісім бойынша өзге кәсіорындарға ауыстыру жолымен шешеді.

Американдық – мұнда нарығына әр штатта жеке – жеке қолданылатын жұмыспен қамту және жұмыссыздарға көмек жөніндегі заңдарды орталықсыздандыру тән. Жұмысшылар жұмыстан шығару туралы алдын – ала емес шығару алдында белгілі болады. Ұжымдық келісім шартттармен жұмысшылардың 4/1 қамтылған. Персоналды ішкі фирмалық дайындауға көңіл аз бөлінеді, фирма жұмысшылары үшін арнайы дайындық жоқ. Қызмет бойынша жоғарылау біліктілікті көтеру линиясымен емес, жұмысшыны өзге жұмысқа ауыстыру кезінде жүреді. Фирманың мұндай саясаты жұмысшылардың жоғары географиялық және кәсіподақтық байланыстарына және жоғары жұмыссыздық деңгейіне алып келеді.

Шведтік – еңбек нарығындағы саясаттың басты бағыты- жұмысын жоғалтқандарға жәржемдесу емес, жұмыссыздықты алдын ала ескрту. Толық жұмыспен қамтуға келісімдерді жүргізу жолымен жүзеге асырылады:

- шектеулі фискалды саясат – ол табысы аз кәсіпорындарды қолдауға бағытталады және еңбек ақыны көтеруге фирмалар арасындағы инф-қ бәсекені төмендету үшін жоғары табысты фирмалардың пайдасын бөлу;

- еңбек ақыдағы «біртұтас саясат» фирманың қаржылық жағдайына қарамастан бірдей еңбекке бірдей ақы төлеуге жету мақсатын білдіреді. Аз табысты кәсіпорындар жұмыс істеушілердің санын қысқарту өзінің қызметін қайтадан қарау немесе өзгерту, ал жоғары табысты фирмалар - өзінің мүмкіндігінен төмен еңбекке ақы төлеу деңгейін шектейді;

- еңбек нарығында төмен бәсеке қабілеті жұмысшыларды қолдау бойынша белсенді саясат. Субсидие бөледі.

- қызметтің төмен нәтижесі, бірақта әлеуметтік міндеттерді иелеуді қамтамасыз ететін экономикалық секторындағы жұмыспен қамтуды қолдау.

Дәріс 4. Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамту саясаты

1. Жұмысбастылық: мәні және түрлері

2. Жұмыссыздықтың мәні

3. Жұмыспен қамту саясаты.

Негізгі ұғымдар: жұмыспен қамту, жұмыссыздық,

1. Жұмысбастылық: мәні және түрлері

Жұмысбастылық деп адамдардың өзінің өмір сүруінде қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін белгілі бір табыс әкелетін іспен айналысуы.

Жұмыспен қамтумен еңбек нарығы – ұлттық құндылықтар таңдап алынған реформалардың тиімділігі, олардың тұрғындар үшін тартымдылығы жөнінде саралауға болатын маңызды әлеуметтік индикаторлар. Сондықтан да барлығын жұмыспен қамту көптеген елдердің мемлекеттік саясаттың маңызды аспектісі болып табылады. Әр адамның жұмыс істеуге құқығы бар деген ұғым 20 ғ. 30-шы АҚШ-та қалыптасты. Американдық ғалымдар Т.Рузвельт және Г. Логкинс жұмыс орнын құрудың жаңа стратегиясын жасады. 1946 жылы жұмыспен қамту жөніндегі заң қабылданады, онда жұмысқа тұру мүмкіндігін жасау қажеттілігі айтылған, бірақта жұысқа деген басқаруқа кепілдік берілмейді. Толық жұмыспен қамту ұғымы КСРО кезінде кеңінен қолданылды.

Нарықтық экономика жағдайында қоғамдық өндіріске еңбекке қабілетті тұрғындарды жоғары мәжбүрлі тартуға емес, ол өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне, адамның еркін дамуына және оның қабілетіне бейімделген «тиімді жұмыспен қамту» ұғымы пайда болды. Көптеген отандық экономистер тиімді жұмыспен қамту деп жоғары табыс, денсаулығы, әр мүшесінің білім және кәсіби деңгейінің еңбектің қоғамдық өнімділігі өсу кезінде өсумен түсіндіріледі, яғни тиімді жұмыспен қамту жұмысшы күшін жоғалтпай пайдалану нәтижесінде неғұрлым жоғары материалдық нәтиже алуды сипаттайды.

Тиімді жұмыспен қамту бірнеше көрсеткіштер арқылы сипаттау болады.

Бірінші көрсеткіш бұл жүйедегі тұрғындардың кәсіби еңбекпен жұмыспен қамтылу деңгейі. Кәсіби қамтулар жалпы тұрғындар.

Екінші көрсеткіш – қоғамдық шаруашылығындағы еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі кәсіби еңбекпен қамтымғандардың еңбекке жарамды тұрғындар санына проценттік қатынасы ретінде анықталады.

Үшінші көрсеткіш - қоғамдық еңбек ресурстарының қоғамдық пайдалы қызмет сферасы бойынша бөліну пропорциясы.

Төртінші көрсеткіш – экономика салалары және секторлары бойынша жұмыс істейтіндерді бөлудің рационалды құрылымы өнімді және толық жұмыспен қамтылу қатынасы.

Бесінші көрсеткіш – кәсіби – біліктілік қатынасында жұмысшылардың тиімді құрылымымен байланысты.

ҚР-ң Заңдық айнаымына жұмысшы күшін тиімсіз пайдалануды білдіретін «толық емес жұмыспен қамту» ұғымы енгізілген.

Оның екі формасы бар:

- көзге көрінетін толық емес жұмыспен қамту (жұмыс уақықытын қысқарту);

- көрінбейтін толық емес жұмыспен қамту- жұмысшылар біліктілігін тиімсіз пайлалану, еңбектің төмен өнімділігі.

2. Жұмыссыздықтың мәні

Жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың бір бөлігінің нарықта қажет болмай қалуына негізделген әлеуметтік- экономикалық құбылыс.

Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, сәйкес келетін жұмыс іздеушілер және оны істеуге дайын еңбекке қабілетті жастағы азаматтар.

Жұмыссыздықтың келесідей негізгі түрлерін бөлуге болады: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.

Фрикциондық жұмыссыздық жаңа жұмыс іздеу кезінде жұмыстағы уақытқа байланысты.

Құрылымдық жұмыссыздық өндіріске ҒТП жетістіктерін енгізумен байланысты жұмысшы күшінің қалыптасқан кәсіби біліктілік құрылымының жұмыс орындарының жаңа құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды.

Циклдік жұмыссыздық экономикалық циклмен байланысты.

Жұмыссыздық бұл үш негізгі түрлерінен басқа келесідей түрлері болмауы мүмкін:

- ерікті жұмыссыздық, төмен жалақы, жұмыс орнының қашықтығы және т.б. себептерге байланысты бос жұмыс ррындары бола тұрсада адамның жұмыс істегісі келмеуі.

- мәжбүрлі жұмыссыздық – еңбек ұсынысының болмауынан пайда болады.

- жасырын жұмыссыздық өндірістегі жұмысшылар сае\ны қажетті санынан жоғары болуы.

- маусымдық жұмыссыздық – экономиканың жекелкген саланың технологиясы ерекшеліктеріне байланысты.

Жұмыссыздық деңгейі – тұрғындардың жалпы санына жұмыссыздар санының қатынасы.

Жұмыссыздықты талдау кезінді келесідей қолайсыз бағыттарды анықтауға болады:

1. Жұмыссыздық қоғамының экономиклық потенциалын толық емес пайдалануға алып келеді.

2. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне соқтырады.

3. Қоғамда қылмыстың өршіуіне жағдай жасайды.

3. Жұмыспен қамту саясаты

Тұрғындарды жұмыспен қамту саясатымен мемлекеттік айналысады. Ол әр түрлі заңдық және нормативтік актілерді қабылдай отырып тұрғындарды жұмыспен қамтуда әр түрлі шараларды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту саясатының басты міндеті жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жұмыссыздар санын азайту. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту саясатының екі бағыты бар: белсенді және енжар. Жұмыспен қамту саясатының белсенді саясаты әр түрлі шараларды жүзеге асыра отырып, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу, банкроттық алдында тұрған кәсіпорындардың қызметін жандандыру, жұмыссыздарды дайындау және қайта дайындау курстарына оқыту т.б. Енжар жұмыспен қамту саясатына жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу, атаулы әлеуметтік көмек төлеу, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту т.б. жатады.

Жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырушы ең жоғарғы мемлекеттік орган Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті жерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың облыстық, қалалық, аудандық департаменттер.

Жұмыспен қамтудың икемді формалары бар. Толық емес жұмыспен қамтуды өндірісі тоқырап, жұмысы дұрыс жүрмеген кәсіпорындар қолданылуы мүмкін.

Дәріс 5. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.

1. Еңбек нарығында жүретін процестерді реттеуге мемлекеттің ролі.

2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмі.

3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу органдары және олардың қызметтері.

4. Тұрғындарды жұмыспен қамтудағы жәрдемдесудің мемлекеттік емес құрылымдары.

Негізгі ұғымдар: Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясат, Еңбек биржасы

1. Еңбек нарығында жүретін процестерді реттеуге мемлекеттің ролі

Нарықты реттеу саясаты экономикалық бөлігі ретінде үш негізгі мақсатқа жетуді қарастырады:

- құрылымдық қайта құруды ынталандыру және босаған жұмысшыларды қайта бөлу процесін жеделдету;

- жұмыссыздарды еңбек өміріне неғұрлым тезірек тарту;

- жұмыс іздеп жүргендердің әрқайсысына жұмыс ұсыну.

Еңбек нарығындағы саяси бағыттары

Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясат
Еңбекке орналастыру кадрларды дайындау және қайта дайындау   Икемді еңбек нарығын дамыту, басқарутық қамтамасыз ету   Әлеуметтік қолдау

Жұмыспен қамту мемлекеттік саясат шараларды келесідей жіктеледі:

- әсер ету обьектісіне (жалпы және арнайы шаралар)

- қаржыландыру көздеріне

Жұмыспен қамтуға әсер ету әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:

- тікелей (әкімшілік): Заңдық реттеу, еңбек заңдары, ұжымдық келісім шарттар

- жанама (экономикалық): қаржылық, фиксалды саясат

Жұмыспен қамтуға мемлекеттік әсер ету типтері:

- енжар – жұмыспен қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек

- белседі еңбек ұсынысын ынталандыру, еңбекке сұранысты ынталандыру, сұраныс пен ұсыныс келісім бойынша шаралар.

Қазақстанда қайта жүргізілген қайта құрулар әлеуметтік бейімделген нарықтық экономика қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бір елдің еңбек потенциялын тиімді пайдалану болып табылады. Тар мағынада еңбек нарығын реттеу механизмі – бұл жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру кезінде әріптестер жетекшілікке алатын нормативтік актілер, Заңдық және ұжымдық келісім шарттар жиынтығы. Кең мағынада реттеу механизмі еңбек нарығының қызмет етуін анықтайтын барлық экономикалық, заңдық, әлеуметтік, және психологиялық факторларды қамтиды. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарының кең тараған желісін, жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер қорын, жұмыссыз тұрғындарға кәсіби білім алуына және еңбекке орналасуына көмек көрсету мемлекеттік бағдарламасын, өндірісті жаңартуды жоспарлаумен байланысты кадрларды қайта оқытуды қарастыратын мақсатты бағдарламаларды, кәсіпорында кадрларды тұрақтандыру саясатын жүргізуді қоса алғанда еңбекке орналастыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмі

2004 жылы 23№01 қабылданған ҚР «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметін қайта ұйымдастыру жүзеге асырылады, яғни жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі құзыретті органдар біртіедеп қысқарады. Мемлекеттік саясат негізінен еңбек нарығында белсенді шаралар жүргізуге бағытталады, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу қысқарып кейіннен тоқтатылды. Бұл шараның орнына шағын кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша, жұмыссыздарды белсенді кәсіби қайта дайындау, қоғамдық жұмыстарға ұмысдастыру сияқты шаралар жүргізілді.

Жұмыспен қамту сферасында мемлекеттік азаматтарға төмендегідей кепілдік беріледі:

-кез-келген дискриминация формасынан қорғау және білім және жұмысқа тұру кезінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

- жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау;

- құзыретті органдар делдалды,ы кезінде еңбекке орналастыруға және жұмыс таңдауға жәрдемдесу.

Мемлекет келесідей тұрғындардың мақсатты топтарына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етеді:

- аз қамтылғандар;

- 21 жасқа дейінгі жастар;

- Балалар үйінің тәрбиенушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

- жалғыз басты, көп балалы мәліметке жетпеген балалар тәрбиелеп отырған ана-аналар;

- ҚР-ң Заңдарына сәйкес күтім, көмек немесе қадағалауға мұқтаж азаматтар;

- Зейнет жасы алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуға 2 жыл қалған);

- Мүгедектер;

- ҚР қарулы күштер қатарына бағытталған тұлғалар;

- Бас бостандықтан айыру орындарынан немесе мәжбүрлі емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;

- Оралмандар;

Қазіргі кезде еңбек нарығын және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары келесідей:

- жұмыспен қамту деңгейінің төмендету бойынша шаралар;

- әлеуметтік көмекті қажет ететін, әсіресе ауылдық жердегі тұрғындардығ жекелеген тораптарын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру;

- қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру және қолдау;

- еңбек нарығындағы жжағдайдағы ескере отырып жұмыссыздарды кәсіби дайындау және қайта дайындаудың икемді жүйесін ұйымдасдастыру;

- қоғамдық жұмысшыларды ұйымдастыруды жетілдіру;

- жұмыспен қамтудың аймақтық проблемасын шешуде жергілікті атқарушы органдардың ролін жоғарлату;

- жұмыспен қамту сұрақтары бойынша мәліметтің ақпараттық ббазасын жетілдіру;

- инвестициялық бағдарламаларды жасау кезінде еңбек нарығындағы жағдайдағы ескере отырып қосымша жұмыс орындарын ашу;

- жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті органдар қызметімен жұмыс берішілер, қоғамдық бірлестіктердің жұмыспен қамтуды реттеуде бірігуі.

3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу органдары және олардың қызметтері

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу органдары жұмыспен қамтуды реттеу жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.

ҚР-ғы еңбек тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сферасында мелекеттік саясатты жүргізетін және басқаруды жүзеге атқаратын атқарушы биліктің республикалық органы болып еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табылады.

Министрлік өзінің өкілеттілегі шегінде:

- өкілетті органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға;

- жұмыскүшіне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және тұрғындар мен ҚР үкіметін еңбек нарық жағдайы жөнінде хабардар етуге;

- тұрғындарды жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасын жасауға;

- ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық жобаларды қарауға қатысуға;

- шетелдік жұмыс күшін тартумен немесе ҚР-ң шекарасынан тыс жерге әкетумен байланысты қызметтерге лицензия беруге, жоқтатуға және тартып алуға;

- мүдделі органдпармен біріге отырып кадрлар дайындауға және оларды еңбекке орналастыру қажеттілігін анықтауға міндетті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: