double arrow

ГЛОССАРИЙ. АВАНС – материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы төленетін

АВАНС – материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы төленетін төлем есебінен берілетін ақшалай сома.

БАҒА ИНДЕКСІ – тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты немесе аумақтық ауқымда салыстырмалы өзгеруін білдіретін көрсеткіш.

БІЛІКТІЛІК – жұмысшының кәсіп деңгейін игерген шегі.

БІЛІКТІЛІК РАЗРЯД – қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.

ЖАЛАҚЫ - 1) әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстық ақша түріндегі бөлігі; 2)еңбек үшін сыйақы.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ – жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.

ЖҰМЫСТЫ ТАРИФТЕУ – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядка жатқызу.

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ САНДЫҚ НОРМАСЫ - өндірістік тапсырманы орындауға қажетті қызметкерлердің кәсіптік-мамандық құрамының қызметкерлер саны.

ЕҢБЕК – мақсатқа сай атқарылатын қызмет.

ЕҢБЕК КЕЛІСІМ ШАРТЫ - жұмысшы мен жұмыс берушімен еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт.

ЕҢБЕК ҚОЗҒАЛЫСЫ – адамның жұмыс органының бір дүркінді ауысуы (қол,аяқ,дене).

ЕҢБЕК ӘРКЕТІ – бір немесе бірнеше адам органдарының үзіліссіз атқарып аяқталған еңбек әрекетінің жиынтығы (детальді алу, құралды қою).

ЕҢБЕК ТӘСІЛІ – еңбек заттарының өзгермей орындалып аяқталған технологиялық операцияның бөлігі, яғни еңбек әрекетінің жиынтығы (детальді орнықтыру).

ИННОВАЦИЯ – жаңа бұйымдарды, технологияларды, ұйымдық нормаларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапа жағынан жетілдіруге бағытталған процесс.

ЛОКАУТ – жұмысшыларды қойып отырған талаптарынан бас тартуға және нашар еңбек жағдайларына келісуге мәжбүр ету мақсатымен кәсіпорындарды жабу және жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығару.

КӘСІП – белгілі жұмыс түрін орындау үшін қажетті машық пен білімді қолдану сипаттамасы.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӨЛШЕРІ – мауысым ішінде бір немесе бірнеше жұмысшылардың қызмет көрсетуге тиісті құрал-жабдықтарының саны.

МАМАНДЫҚ – бір кәсіп шеңберінде еңбек әрекетінің түрі.

ОКЛАД – айлық ақы – 1) лауазымдық айлық ақы – басшы, инженер – техник қызметкерлердің, қызметшілердің, т.б. айлық жалақысының мөлшері, бұл мөлшер олардың атқаратын қызметіне қарай лауазымдық айлық ақының сызбанұсқасына сәйкес белгіленген; 2) дербес айлық ақы – луазымды айлық ақыдан және дербес үстеме ақыдан тұратын айлық жалақы мөлшері.

ӨНІМ МӨЛШЕРІ – белігілі бір техникалы-ұйымдастыру жағдайында уақыт бірлігі аралығында шығарылуға тиісті өнім көлемі.

САН НОРМАТИВІ – нақтылы жұмысты орындау немесе белгілі объектілерге қызмет көрсету үшін қызметкерлер санын анықтайтын есептелген шама.

ТАРИФ – бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа көрсетілетін өндірістік сипаттағы түрлі қызметтер үшін төленетін ақы.

ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ – елге тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің орташа мөлшерін, сапасын сипаттайтын көрсеткіш.

ТАРИФТІК МӨЛШЕРЛЕМЕ (ЖАЛАҚЫ) – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн, ай) біліктілігінің айқын күрделігінде еңбек нормасын орындаған қызметкердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.

ТАРИФТІК ТОР – бұл разрядтардың және оған меншіктелген тарифтік коэффициенттердің арақатынас мәкілі.

ТАРИФТІК ЖҮЙЕ - әр түрлі топтағы және категориялардағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.

ТАРИФТІК РАЗРЯД – қызметкерлердің біліктілігін және еңбек күрделігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады.

УАҚЫТ МӨЛШЕРІ – беліглі бір жұмысты бір жұмысшының немесе жұмысшылар тобының орындауға кеткен жұмыс уақытының шамасын айтады.

ШАРТ – құқы мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған екі немесе одан да көп адамдар арасындағы келісім.

ХРОНОМЕТРАЖ – қайталанып отыратын еңбек операциялары мен оның элементтерін орындауға кеткен, жұмсалған жұмыс уақытын зерделеу әдісі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: