Пробиотиктер

Пробиотиктер адам ішегінің қуысын мекендейтін қалыпты микробтарының арасынан алынған патогенсіз, бірақ тірі микробтардың дайындалған ИБП-лар. Олар адам денесіндегі қалыпты микробтар түрі, саны бұзылған кезде (дисбактериоз) соларды қайта қалпына келтіру, не соның зардабынан пайда болған ауруды емдеу үшін қолданылады.

Пробиотиктерді әртүрлі жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың әсерінен, экология және кәсіпке байланысты болған дисбактериоздардың алдын алуға және емдеуге қолданады. Сонымен қатар, олар екіншілік иммундытапшылықта, немесе дұрыс тағамданбағанда қолдануға қажет болады. Дисбактериоз көрнісі халық арасында көп тарағандықтан, оның этиологиялық пайда болу себебтері әр түрлі болатындықтан пробиотиктер жаппай қолданылатын препараттар тобына жатады.

Кең тараған пробиотиктерге жататындар: «Колибактерин», «Бифидумбактерин», «Лактобактерин», «Бификол», «Субтилин». Пробиотиктердің құрамына ішек таяқшасы, бифидобактериялар, лактобактериялар, субтилис бактериясының спорасы, не олардың қосындылары кіреді.

Пробиотиктер лиофилді тәсілмен кептірілген, тұрақтатушылар қосылған құрғақ ұнтақ, не таблетка түрінде болады. Өлшемі бір таблеткадағы, не бір грамдағы микробтар санымен көрсетіледі.

Казіргі уақытта қышқыл сүт өнімдері «Био-кефир», «Бифидок» кефирі кең қолданылады.

Пробиотиктердің құрамында тірі микробтар болғандылықтан олар арнайы жағдайда сақталынуы керек (белгілі температура, күн сәулесі түспейтін..).

Пробиотиктерді ұзақ уақыт (1 айдан 6 айға дейін), күніне 2-3 рет, әдетте басқа емдеу тәсілдерімен қатар колданады.

13.2.5.Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар.

Антиденелер ағзаның иммундық жағдайын анықтайтын және көптен-көп иммуно-логиялық реакцияларға қатынасатын иммундыреагенттердің санына жатады. Олардың құрылысы және атқаратын міндеті әртүрлі.

Антигендердің тегіне және қасиеттеріне сәйкес оларға қарсы пайда болған антиденелер антибактериалық, антивирустык, антитоксикалық, қатерлі ісікке қарсы, лимфоциттерге қарсы, трансплантацияға қарсы, цитотоксиндік, рецепторлық т.б. түрлері болуы мүмкін.

Осыған байланысты антиденелер негізінде жұқпалы, не жұқпалы емес аурулардың алдын алу, диагнозын қою және емдеу, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жүмыстары үшін көптеген иммундыбиологиялық препараттар жасалған.

Антидене негізінде жасалған ИБП-ларға жататындары төменгідей:

Иммунды қан сарысулары.

Иммундыглобулиндер (бүтін молекулалы және доменды).

Моноклоналды антиденелер.

Иммундытоксиндер, иммундыадгезиндер.

Абзимдер (антидене –ферменттер).

13.2.5.1.Иммунды қан сарысулар. Иммундыглобулиндер.

Иммунды сарысулармен аурудың алдын алу, не емдеу ертеден белгілі. Беринг алғашқы рет күл ауруына қарсы антитоксикалық қансарысуын қолданған еді. Осы заманда антитоксикалық сарсулармен қатар антибактериалық, антивирустық сарысулар аурудың алдын алу және емдеу үшін қолданылып жүр.

Иммунды сарысуды алу үшін жануарды (жылқы, есек, кейде ор қоян) арнайы антигенмен (анатоксин, бактерия не вирус дақылы, не олардың антигені) гипреимунизациялау тәсілі қолданылады. Антидене түзілудің ең жоғары деңгейінде малдың қанын толығынан ағызып, одан сарысуды дайындайды. Жануарлардан алынған иммунды сарысуды гетерогендік деп атайды, өйткені онда адамға бөгде ақуыз бар.

Ауырып сауыққан адамдарадан, не арнайы иммунизацияланған донор адамдардан, не жатырдан, не түсіктен кейінгі қанның құрамынан алынған, не вакцинациялаудан кейін пайда болған антиденелер бар иммундық сарысулар гомологиялық деп аталады. Әрине гомологиялық сарысуларды пайдалану жағымды және қолайлы. Алынған сарысу тазартылады, өйткені оның құрамында керексіз ақуыздар болады. Тазартылған, концентрацияланған сарысуда тек қана имундыглобулиндер қалады. Тазарту үшін спиртпен, не ацетонмен суық жағдайда тұнбаға түсіру, ферментпен өңдеу, аффиндық хроматография және ультрасүзу әдістері қолданылады.

Иммунды сарысудың белсенділігін антитоксикалық өлшеммен, вирусты бейтараптау титрімен, гемагглютинациялық, преципитациялық, агглютинациялық белсенділігімен есептейді. Титр дегеніміз антидененің антигенмен көрністі спецификалық байланысқа түсетін ең төменгі өлшемі. Мысалы, сіреспе антитоксикалық сарысу антитоксикалық бірлігімен (АБ, АЕ), не халықаралық бірлігімен (МЕ) өлшенеді.

Иммунды сарысулар мен иммундыглобулиндерді арудың алдын алу және ауруды емдеу үшін колданады. Токсинемиялық ауруларды (сіреспе, ботулизм, күл, газды гагрена) сарысулық препараттармен емдеген өте нәтижелі. Сонымен қатар, кейбір бактериялық және вирустық ауруларды (қызылша, қызамық, оба, түйнеме т.б.) емдеуге болады. Емдеу үшін мүмкіншілікке қарай сарысуды ертерек және жоғарғы өлшемін бұлшық ет ішіне еңгізу қажет.

Аурудың алдын алу үшін қолданылатын иммунды сарысудың өлшемі төменірек. Әдете ол ауру адаммен қарым-қатнаста болған адамдарға енжарлы имунитет құру үшін колда-нылады. Иммунитет бірнеше сағат арасында пайда болып, гетерологиялық сарсудан 2-3 жұма, ал гомологиялықтан кейін 4-5 жұма сақталады.риофагтарды ауыз ќуысы арќылы не сырттай жараны µњдеуге агтарды суспензия т‰рінде де д

Иммунды сарысу алған адамда жанама асқыну көрнісі болуы мүмкін (анафилактикалық естен тану, сарысу ауруы). Сондықтан, сарысу қолданудың алдында адамның сезімталдығын тексеріп, содан кейін препаратты Безредка тәсілімен еңгізу керек.

Кейбір жағдайларда иммунды сарысумен қатарлас белсенді имунитет тудыру үшін вакцина егіледі. Мысалы, адам жараланғанда сіреспеге қарсы тұру үшін, не болмаса құтырудың алдын алу үшін сол тәсіл пайдаланылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: