double arrow

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Enterobacteriаceae

Тұқымдастығы: Enterobacteriаceae

Туыстастығы: Klebsіella

Түрі: Klebsіella pneumonіae, K.oxytoca, K.mobіlіs, K.plantіcola, K.terrіgena

Адамға патогенді түрі Klebsіella pneumonіae, үш түрастына бөледі: Klebsіella pneumonіae subsp. pneumonіaе, Klebsіella pneumonіae subsp. ozaenae, Klebsіella pneumonіae subsp. rhіnoscleromatіs. Соңғы жылдары жаңа клебсиелла түрлері анықталған (K.oxytoca, K.mobіlіs, K.plantіcola, K.terrіgena), олардың адам патологиясындағы рөлі анықталуда. Клебсиеллалар адамның және жануардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsіella pneumonіae - ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

Морфологиясы. Клебсиеллалар – грам теріс, шеттері жұмырланған, қысқа таяқшалар, мөлшері өте құбылмалы. Ерекше морфологиялық белгісі – капсула. Талшықтары, спорасы жоқ, кейбір штамдарда кірпікшелері бар. Көбінесе қалын полисахаридті капсуласын көруге болады. Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады.(27-сурет)

Дақылды өсіру. Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу температурасы 35-370С, рН 7.2-7.4. Симмонс қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмірсутегі көзі ретінде қолданады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлынғыр, кілегейлі колониялар түзеді, сонымен қатар. Ет-пептонды сорпада клебсиеллалар ортаны толығымен лайландырады, кейбір кезде бетінде кілегейлі қабықша пайда болады; жартылай сұйық ортада орта бетінде жақсы көбейеді.

Биохимиялық белсенділігі (14.8-кесте). Клебсиеллалар көмірсуларды ыдыратады, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді ыдыратпайды, индол, күкірт сутегін түзбейді. Уреазалық белсенділігі бар, сүтті ірітпейді.

Кесте 14.8

Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың

биохимиялық қасиеттері

Көрсеткіштері   K.pneumoniae
оzaenae pneumoniae rhinoscleromatis
Индол түзілуі + - - -
Метил рот реакциясы +/- + - -
Фогес-Проскауэр реакциясы + - + -
Цитраттың утилизациясы + +/- + -
Малонаттың утилизациясы + +/- + -
Мочевинаны ыдыратуы + +/- + -
Лизиндекарбок-силаза + +/- + -
Лактозаны ыдыратуы + +/- + -

Антигендік құрылымы. Клебсиеллалардың О- және К-антигендері бар. О-антигендері бойынша 11 серологиялық топтары анықталған, К-антигендері бойынша - 82. Клебсиеллалардың серологиялық варианттарын анықтауы К-антигендерін ажыратуымен шектеледі. Кейбір клебсиеллалардың К-антигендері эшерихиялардың және салмонеллалардың К-антигендеріне туыстас болып келеді.

Патогенділік факторлары. Клебсиеллалардың негізгі патогенділік факторлары К-антиген (фагоцитозды тежейді) және эндотоксин. Сонымен қатар, термолабилді және термостабилді энтеротоксин түзеді, әсер ету механизмі мен ақуыздар құрылысы бойынша энтеротоксигенді ішек таяқшасының токсиніне ұқсас келеді. Клебсиеллалардың адгезивтік қасиеті жоғары (маннозаресзистентті фимбриялар). Вируленттік ферменттер түзеді: ДНҚаза, нейраминидаза, фосфатаза.

Экологиясы мен эпидемиологиясы. Ішек, жоғары тыныс жолдары, қынаптың факултативті микрофлорасының құрамына кіреді. Капсуласына байланысты қоршаған орта факторларына тұрақты және топырақта, суда, бөлмелерде көп уақыт сақталуы мүмкін.

Клебсиеллалық инфекция көбінесе ауруханаішілік ауру. Инфекция көзі - науқас адам мен бактерия тасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жұқтырулар кездеседі. Жұғу жолдары – тағам, ауа-тамшы және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы. Негізгі жұқтыру факторлары - тағамдар (әсіресе, ет және сүт тағамдары), су, ауа. Соңғы жылдары өсуде қоздырғыштың патогендік қасиеттерінің күшеюіне және адам ағзасының резистенттілігінің төмендеуіне байланысты клебсиеллез саны. Сонымен қатар, клебсиеллалар антибиотиктерге сезімталдығының төмен болуымен сипатталады.

Клебсиеллалар түрлі дезинфектанттар әсеріне сезімтал, 650С қыздырғанда бір сағат ішінде өледі. Қоршаған ортаға төзімді: кілегейлі капсула қоздырғышты құрғаудан сақтайды, сондықтан клебсиеллалар топырақта, аурухана бөлмелерінің шаңында, жиһаздарда көптеген апта және айлап сақталады.

Патогенезі және клиникасы. Klebsіella pneumonіae көптеген жағдайда ішек инфекциясына ұқсас дамиды және жылдам басталады, лоқсу, құсу, іштің ауырсынуы, диарея, қызба, жалпы әлсіздік байқалады. Ауру ұзақтығы - 1-5 күн. Клебсиеллалар тыныс алу мүшелерін, буындарды, ми қабаттарын, коньюнктиваны, несеп шығару мүшелерін зақымдайды, және сепсис пен іріңді асқынулар тудырады. Аурудың ауыр түрі генерализацияланған септико-пиемиялық үрдіс дамуы өлімге әкеледі.

Klebsіella pneumonіae subsp. рneumonіae көптеген факторларға (дәрілерге) тұрақтылыққа ие, сондықтан қазіргі уақытта ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштары ішінде алдыңғы қатарында тұрады, тыныс және зәр шығару жолдарын зақымдайды.

Klebsіella pneumonіae subsp. ozaenae мұрынның және мұрын қуыстарының кілегей қабықтарын зақымдайды, олардың атрофиясы дамиды, қабыну үрдіс барысында жағымсыз иіс беретін сүйықтық бөлінуімен сипатталады.

Klebsіella pneumonіae subsp. rhіnoscleromatіs мұрынның кілегей қабатын зақымдауымен бірге, көмей, бронх, жұтқыншақты да зақымдайды, сонымен бірге зақымдалған тіндерде арнайы гранулемалар түзіледі, олар склерозданып шеміршек тәрізді инфильтратқа айналады. Ауру созылмалы түрде өтеді.

K.oxytoca урологиялық клиникада ауруханаішілік инфекциялар тудырады.

Иммунитеті. Инфекциядан кейін дамитын иммунитет тұрақты емес, негізінде жасушалық. Инфекцияға қарсы тұрудың негізгі факторы – фагоцитоз. Созылмалы түрінде гиперсезімталдықтың баяу типі дамиды.

Микробиологиялық диагностикасы. Негізгі диагностикалық әдіс - бактериологиялық. Тексеруге әртүрлі материалдар алынады: ірің, қан, экссудат, жұлын сұйықтығы, нәжіс, зәр, жиһаздардан алынған жұғын т.б. Алынған материалды дифференциалды-диагностикалық К-2 қоректік ортаға (құрамында мочевина, рафиноза, бромтимол көгі бар), себеді бір тәулік инкубациялайды, түсті Сары, жасыл-көк сарғыш немесе көгілдір, үлкен, жылтыр кілегейлі колониялар түзеді. Бактериялардың қозғалысын және орнитиндекарбоксилазасын анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларға тән емес. Келесі идентификациясы серологиялық әдіс қолданумен жүргізіледі, К-сары суларымен агглютинация реакциясы қойылады, диагностикалық белгісі - антиденелер титрі төрт есе жоғарлауы байқалғанда оң нәтижелі деп есептеледі. Бөліп алынған таза дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

Алдын алуы және емдеуі. Арнайы сақтандыруы жоқ. Жалпы алдын алу шаралары: тағамдарды сақтаудың санитарлы-гигиеналық ережелерін қатал орындау ауруханаларда асептика мен антисептиканы қадағалау арқылы жүргізіледі.

Клебсиеллездің емдеуі стационар жағдайында жүргізіледі. Ішек зақымдалғанда антибиотиктерді қолдануға болмайды, диарея кезінде тұзды ертінділер құю керек. Жайылған, әлсіз созылмалы түрінде антибиотиктер және аутовакцина тағайындалады. Иммунитетті жоғарылату үшін аутогемотерапия, пирогемотерапия т.б. шаралар қолданылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: