ISBN 978-601-241-059-4 2 страница

§ халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);

§ жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы

(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);

§ демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.

Елді перспективалы аумақтың-кеңістікте дамытудың негізгі әдістері Аумақтық шоғырландыру.

Сирек қоныстанған және инфрақұрылымдық игерілуі нашар, ауқымды аумағы бар Қазақстан үшін өндіріс пен халықтың шоғырлануы үлкен мәнге ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңару тиімділігі халық тығыздығы шаршы км-ге шамамен 40-50 адамды құрағанда жоғары болады. Осыған байланысты, Қазақстанның аумақтық дамуы жергілікті даму аумақтарына шоғырландырылып, олар арқылы ел мен оның өңірлері жалпы әлемдік шаруашылық процестеріне біріктірілуі тиіс. Еліміздің алдында аумақтарды сансалалы дамытуға және өңірлерде қолайлы болатын «халықтың экономикалық тығыздығына» бірте-бірте қол жеткізумен «шоғырландырылған экономикалық кеңістіктің» ареалдары мен нүктелерін орналастыруға көшу міндеті тұр.

Өсу полюстері ретінде жаһандық және өңірлік нарықтармен ықпалдасқан және елдің басқа өңірлері үшін даму қозғаушысы ретінде әрекет ететін неғұрлым серпінді дамитын қалалар мен өңірлер алынады.

Полярлық даму саясатының ұзақ мерзімді жоспардағы мақсатына қазіргі заманғы инновациялық-индустриялық технологияларға негізделген экономиканы әртараптандыру жатады.

Урбандалу және агломерацияларды қалыптастыру.

Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуын базасы ірі қалаларда нақты даму алғышарттарына ие жаңа экономика болуы тиіс. Бұл ел экономикасының басым салаларында жоғары технологиялық өндірістерге бағдарланған кластерлерді қалыптастыруды және дамытуды, урбандалған өңірлерде шоғырландыра отырып көздейді.

Агломерациялық даму қалалардың дамуын жандандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Аумақтардың басты ресурстары қаржылық, адами, инновациялық, табиғиклиматтық, мәдени ресурстар шоғырландырылатын агломерацияларды қолдау осыған ықпал етеді. Агломерациялардың қалыптасуы сапалы демографиялық және аумақтық-кеңістікте өсуді қамтамасыз ете алатын, халық тығыздығы төмен Қазақстанды аумақтық ұйымдастырудың басты нысаны болып табылады. Агломерациялардың дамуы елдің одан әрі урбандалуымен байланысты болады (15-20 жыл ішінде қала халқының саны 70 %-ға жетуі мүмкін), алайда агломерацияларды қалыптастырудың нақты қарқыны адамға толы болудың қалыптасуына және ірі қалалардың экономикалық дамуына, қала маңы аумақтары халқының тығыздығына тәуелді болады. Агломерациялардың дамуын тежеуші факторға - негізгі әлеуеті елдің оңтүстігінде шоғырландырылған адами ресурстардың шектеулі болуы жатады.

Инновациялық даму.

2020 жылға дейінгі негізгі мақсат инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы экономикалық, қаржылық, фискалдық, кадрлық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасау, елдегі инновациялық белсенділік деңгейін жоғарылату болып табылады. Инновациялық көшбасшы болу қалаларда шоғырланған басқарушылық инновацияларда да көрінуі тиіс.

Отандық және шетелдік инновациялық технологиялар трансферті, білім және ноу-хауды жинақтауға бағытталған ұлттық инновациялық жүйе белсенді дамитын болады. Бизнестің инновациялық белсенділігін қолдаудың жаңа нысандары мен тетіктері дами бастайды.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. «Депрессиялық аймақ» ұғымы және мазмұны.

2. Аймақтың дамуын бағалау көрсеткіштері.

3. «Проблемалық аймақ» түсінігі.

4. Аймақтағы дағдарыстың белгілері.

5. Қазақстан аймақтарын топтау және дамыту.

6. Экономикалық аймақтарды құру негіздері және ұстанымдары.

7. Аймақтық саясат пен аймақтық экономика.

3 тарау. Өндіргіш күштерді аймақтарда орналастыру мен дамыту

заңдылықтары, ұстанымдары және факторлары

3.1 Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары мен ұстанымдары.

Өндіргіш күштер — қоғамдық өндіріс үдерісінің материалдық-заттай және адами факторларының жиынтығы.

Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады.

Ең басты өндіргіш күштер – адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі, еңбек құралдарыдамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді.

Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады.

Өндіргіш күштерді орналастыру:

– 1) өндірістің заттай құрамбөліктері мен еңбек ресурстарының географиялық таралуы.

Өндіргіш күштерді орналастыру өндірістің басым әдісімен, құралжабдықтарға меншіктің түрімен, аумақтық еңбек бөлінісінің ерекшеліктерімен, жеке аудандардың табиғи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен, нақты өндіріс пен салалардың орналасу факторларымен анықталады;

- 2) өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылымжәне еңбек ресурстарының орналасуы жөніндегі процестер мен әрекеттердің жиынтығы. Бұл мәнінде "Өндіргіш күштерді орналастыру" ұғымы қоғамдық өндірісті аумақтық орналастыру ұғымына ұқсас деуге болады.

Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары болып - өндіргіш күштермен территория, яғни аумақ арасындағы ортақ қатынастар табылады. Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтарына келесілер жатады:

1. Өндірісті оңтайлы ең ұтымды орналастыру.

2. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді кешенді дамыту.

3. Аймақтар арасындағы еңбектің ұтымды бөлінуі.

4. Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерін теңестіру. Өндіргіш күштерді орналастыру ұстанымдары:

1. Өндірісті шикізат, отын, энергия көздерімен тұтыну аудандарына жақын орналастыру.

2. Ең бірінші ең тиімді табиғи ресурстарды игеру мен кешенді пайдалану.

3. Экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау мен ұтымды пайдалану шараларын жүргізу.

4. Еңбектің халықаралық бөлінісінен түсетін экономикалық пайданы игеру шетелдермен экономикалық қатынастарды қалпына келтіріп дамыту.

3.2 Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары – пайдаланылу кезінде орналастарылған нысан мен аумақ арасында өзара қатынас байқалатын және ең соңында, таңдалған критерийлер мен қойылған мақсаттарға сай нысанның оңтайлы оқшаулануын анықтайтын әр мәнді ресурстардың жиынтығы.

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары ұғымын: өндірісті орналастыру факторлары және халықты қоныстандыру факторлары деп екі туынды ұғымға белуге болады.

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары:

1. Экологиялық факторлар.

2. Табиғи факторлар.

3. Демографиялық факторлар.

4. Ғылыми-техникалық прогресс факторлары.

5. Әлеуметтік факторлар.

Өндіргіш күштердің орналасу түрлері – құрылымдық элементтерінің мөлшерлілігімен, сырт пішінімен, тығыздығымен және өзара байланыста орналасуымен сипатталатын экономикалық-географиялық түзілімдер; бұл сипаттары түзілімнің қызметтік сипаттарымен тығыз байланыста болады.

Өндіргіш күштерді орналастырудың заңдылықтары өндіргіш күштер және территория арасында неғұрлым жалпылаған ара қатынастар болып табылады.

Экономикалық дамудың қазіргі замаңғы жағдайы үшін өндіргіш күштердің неғұрлым тиімді орналастырудың маңызы зор, себебі ол өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етіп, табиғи ресурсты потенциалды рационалды және сақтаулы қолдануы, тұрғындардың экологиялық өмір сүру жағдайларын сақтап жетілдіруі барысында неғұрлым жоғары табыстылыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл бағытта табиғи ресурстарды кешенді қолдану, шикізат пен отынды қайта өндеу барысында қалдықсыз технологияларды еңгізуге мүмкіндік береді.

Өндірісті қазіргі замаңғы жағдайда қалыптасып жатқан нарық жағдайында орналастыру барлық шаруашылық жүйенің құрылымдық қайта құрылысын, экономиканы социологизациялау, ҚР жеке жеке аймақтарының экономикалық даму деңгейін барынша теңдестіруді білдіреді.

Шаруашылықтың территориялық құрылымын жетілдіру, келешекте аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының рационалды үлестіруді қамтамасыз ету, Қазақстанның шаруашылығы ішінде олардың өзара әрекет жасасуын жетілдіруге, аймақтық өндірістік буындарды қалыптастыруға, табиғи және экономикалық ресурстарды рационалды түрде игеруге бағытталуы керек.

Нарық жағдайында өндіріс пен өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың маңызды заңдылықтарына жатады:

- өндірісті рационалды, неғұрлым тиімді орналастыру;

- Қазақстанның барлық аймақтарының, экономикалық аудандарының шаруашылығын кешенді түрде дамыту;

- аймақтар арасында және аймақ ішінде еңбек бөлінісін рационалды және территорияға сай бөлінуі;

- ааймақтардың әлеуметтік, экономикалық дамуын теңестіру.

Өндірісті рационалды неғұрлым тиімді түрде орналастыру өндірісті өндіруде кездесетін шығындарды барынша қысқарту, нақты территорияда өндірістің барлық сатыларын, шикізатты өндеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейін орналастыру.

Қазақстанның алуан түрлі аймақтарында табиғи ресурстар өзінің қорларының көлемі, пайдалы компоненттері бойынша, тау геологиялық орналасуы бойынша ерекшеленеді.

Бұл бағытта өндірісті шикізат, отын, энергия және тұтынуға жақындататын көлік жағдайларының маңызы зор болады.

Сонымен қатар өндірісті орналастыруға өндірісті тасымалдауға жұмсалатын көлік шығындарының маңызы зор, себебі, еліміздің зор көлемді территориясы мен пайдалы қазбалардың біркелкі емес орналасуы мұнда өз септігін тигізеді.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. «Өндіргіш күштер» ұғымы және мазмұны.

2. Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары.

3. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары.

4. Өндіргіш күштерді тиімді орналастыру қағидалары.

5. Өндірістерді орналастыру ерекшеліктері.

4тарау. Аймақтық шаруашылықты жүргізу және басқару

4.1 Аймақтың - шаруашылық жүргізу нысаны ретінде сипаттамасы

Аймақ бұл өзінің құрылымы мен қызметтерінен сыртқы орта мен байланыстары, тарихы, мәдениеті мен және халықтың өмір сүру жағдайларымен сипатталатын біртұтас жүйе. Оны келесідей жүйеде сипаттайды: мөлшері, құрылымы, басқару күрделілігі, әр түрлі динамикалық көрсеткіштер. Әрбір аймақтың шаруашылықтық бірлестігін, шаруашылық қалыптастырады. Аймақтық шаруашылық кешені жалпы ұлттық кешеннің бөлігі және әртүрлі өзара үйлескен тығыз байланыстағы салалар мен кәсіпорындар жиынтығын құрайды. Аймақтар шаруашылығы кешенінің тиімді жұмыс істеуі аймақтық факторлар мен ерекшеліктерді максималды есепке алу мен тығыз байланысты.

Аймақтық экономиканы қалыптастыру мен жүргізу факторы бұл аймақ аумағында өндіргіш күштердің орналасуы мен дамуын белгілейтін нақты жағдайлар мен шарттардың жиынтығы.

Жалпы факторлардың келесі негізгі топтарын ажыратады:

1. Табиғи факторлар – мұнда табиғи ресурстардың болуы, олардың көлемі, сапасы, климат жағдайлары, экологиялық жағдайлар сипатталады.

2. Экологиялық факторлар – бұл аймақтың экологиялық, географиялық орны, жоғары дамыған аймақтарға қатынасы, көлік жолдары т.б. қарастырылады.

3. Демографиялық факторлар – халықтың саны, орналасуы, жастықжыныстық құрылымы, еңбек ресурстар саны, олардың кәсіби деңгейі сипатталады. Аймақтардың шаруашылық кешені келесідей өзара байланысты салалармен сипатталады:

1. Тауарлы өндіріс салалары: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, құрылыс және басқада тауар өндіруші салалар.

2. Нарықтық қызмет көрсететін салалар: көлік, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтану, өндірістік технологиялық бағыттағы өнімдердің көтерме саудасы, ақпараттық есептеу қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік операциялары, жалпы нарыққа қызмет көрсететін жер қойнауының геологиясы, барлануы және негізгі салаларға қызмет көрсету, ғылым, білім беру, денсаулықты сақтау мәдениет.

3. Нарықтық емес қызметтер көрсеткіштері саласы: тұрғын үй шаруашылығы, халық шаруашылығы, мемлекеттік білім беру, денсаулықты сақтау, басқада аймақтық шаруашылық кешенінің салалық құрылымы.

Аймақтық шаруашылық кешенінің салалық құрылымы дегеніміз – бұл белгілі бір салалар мен пропорциялармен сипатталатын салалар жиынтығы. Аймақтық экономиканың салалық құрылымы және оның даму динамикасы салааралық байланысты аймақтық мүмкіндіктерін, еңбек бөлінісіндегі орнын бағалауға мүмкіндік береді.

Аймақтың мамандандырылуы өнім өндіру мүмкіндіктерімен белгіленеді.

Аймақтық мамандандырылу саларының келесі белгілері бар: 1. Ұлттық және аймақтық өндірістің бөлінуі

2. Аймақтың кешенді қалыптастырылуы. 3. Өндірістің жоғары шоғырлануы

4. Ірі мөлшерде өнім шығарылуы.

5. Аймақтық аралық айырбасқа қатысу.

Аймақтың құрылымы экономикалық, әлеуметтік, институтционалдық және басқада тұрғыдан қарастырылады.

Аймақ әлеуметтік – экономикалық жүйе ретінде келесілерден құралады:

1. Жүйені құрушы база.

2. Жүйеге қызмет ететін жүйе.

3. Шаруашылық кешен.

4. Халық.

5. Нарықтық инфрақұрылым.

Аталған жүйенің құрамдас жүйесінің факторы адамның іс әрекеті. Аймақтың экономиканың негізгі өлшемдері халықтың қажеттеліктерімен белгіленуі тиіс.

4.2 Аймақтың басқару нысаны ретінде мазмұны

Аймақтың қызметінде маңызды орынды халық, еңбек ресурстары алады. Аймақты тиімді басқару әлеуметтік факторды ескермеген жағдайда мүмкін емес. Аймақтық қоғамдық өмірді зерттеу әртүрлі жүйелерді біріктіре зерттеуді талап етеді.

Әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты басқарудың келесі маңызды бағыттарын ажыратады:

1. Саяси өмірді басқару.

2. Материалдық өндіріс сферасын басқару.

3. Қаржылық несиелік кешенді басқару.

4. Тұтыну нарығын басқару.

5. Әлеуметтік бюджетті кешенді басқару.

6. Табиғи ресурстарды пайдалануды басқару.

7. Қоғамдық қауіпсіздікті басқару.

8. Ақпараттық ортаны басқару.

Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет.

Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

Ø еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;

Ø аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

Ø аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

Ø инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

Ø елдің экономикалық даму тенденциясы;

Ø тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

Ø институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың

нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б.;

Ø орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

Ø әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

Ø орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

Ø орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. «Аймақтық шаруашылық» ұғымы және мәні.

2. Аймақтық шаруашылықтың ұтымды ұйымдастырылуы жолдары.

3. Аймақтың мамандандырылуы факторлары.

4. Аймақты басқару қағидалары.

5. Аймақты басқару тиімділігін бағалау.

5 тарау. Аймақ экономикасының дамуын мемлекеттік реттеу және аймақтық

Саясат

5.1 Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеу

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу дегеніміз – бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен деңгейін көтеру мақсатында барлық аймақтық жүйені толық тұрақты және теңдікті сақтай қызмет жасауын қамтамасыз ететін арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттер.

Мұндай іс-әрекеттер әр деңгейде атқарылады: жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару түрінде іске асса, аймақтарда ірі аумақтық бірліктің қызығушылығын қорғайтын арнайы органдармен іске асырылады, ал мемлекет деңгейінде жалпы мемлекеттік реттеу жүреді. Әр деңгейде зерттеу нысандары мен субъектілері өзгеріп отырады. Бірақ идеология барлық деңгейде бір қалыпты болады. Яғни барлық деңгейде іс әрекеттер әлеуметтік бағытта болып тұрақтылық пен тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Аумақтардың дамуын реттеу нақты реттеу теорияларына, мазмұнына негіздеме тиімді болады. Өйткені реттеудің мазмұнын нақты саяси, ұйымдастырушылық, қаржылық, экономикалық, құқықтық және басқада әрекеттер құрайды.

Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеудің құрылымын келесідей нақты әрекеттер құрайды:

1. Тікелей және жанама әрекеттер;

2. Айқын және айқын емес әрекеттер;

3.Жалпыға ортақ және жеке селективті әрекеттер.

Бұл әрекеттер міндетті түрде бір бағытта болмайды және оларды орынды пайдаланбаған жағдайда бірінің тиімділігін екіншісі кемітеді.

Аумақтық дамудың мемлекеттік реттеу нысандары мен субъектілерін ажыратады.

Реттеу нысандарына нақты кәсіпорындар, ұйымдар, өндірістер жатады.

Реттеу субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар жатады. Мұнда орталық субъект жұбы географиялық орналасуды сипаттайды.

Ал нақты орталық қаралып отырған қатнастардың кем дегенде 3 субъектісімен ашылады. Олар:

1. ҚР Президенті – ол әр түрлі тапсырыстар беріп заңдар шығарады.

2. ҚР Үкіметі және оның министрлері – олар тиесілі шешімдер қабылдап белгілі бір қаржылық ресурстарды бөліп нормативтік актілерді іске асырады.

3. Жергілікті атқарушы органдар жатады.

Аумақтық дамуды көбінесе мемлекеттің жеке аумақтарға селективтік көмек көрсетуі арқылы іске асырылады.

Көмек көрсетуді қолдау дегеніміз - мемлекеттің билік органдарымен арнайы ұйымдастырылатын саяси құқықтық әлеуметтік қаржылық экономикалық және басқада іс-әрекеттері.

Мемлекеттік қолдаудың келесідей мақсаттары бар:

1. Объективті себептерден өздері өздерін дамыта алмайтын аумақтардың дамуына жағдай жасау дамытуды үстемелеу;

2. Жеке аймақтардың халықтары әлеуметтік жағына көшіп қонуын үстемелеу және ресурсты бағытты миграция;

3. Мемлекеттік тұрғыдан маңызды әлеуеттік өсу нүктелерін құруға және қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасау;

4. Жеке аймақтардың мемлекеттік қызметтерін атқаруды қамтамасыз ету;

5. Ерекше саяси және геосаяси маңызды аймақтарда арнайы ұйымдастырушылық құқықтық тәртіптерді құрып оларды қолдау;

6. Апатты зоналардың құрылымына оперативті іс-әрекеттер жүргізу.

Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеу моделі келесідей 4 блоктан тұрады:

1. Қалыптастыру блогы – мұнда реттеудің құқықтық актілерімен қамтамасыз етілуі, ақпараттық талдауды іске асырады. Негізгі мақсаты белгіленген іс әрәкеттер негізінде және заңдық күш беру;

2. Ресурстық блок – қаржы табиғи ресурстармен қамту;

3. Іске асыру блогы – қабылданған мақсаттарды іске асыру;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: