double arrow

Хронометраж. · Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Бастапқы білім деңгейін бағалау – 10 мин.

· Инновациялық әдісті қолдану арқылы тақырыптың негізгі сұрақтарын бақылау – 37 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы – 25 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 20 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Ми қабатының қабыну арурулары кезінде қолданатын дәрілік заттар. Классификациясы.

2.Ми қабатының қабыну аурулары кезінде қолданылатын препараттардың әсер ету механизмі және принциптері.

3. Ми қабатының қабыну аурулары кезінде қолданылатын антибактериялдық препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

4. Бас ми тінін және ми қабығының микроцеркуляциясын және қанның реалогиялық қасиетін жақсартатын заттар, қабылдау ерекшеліктері.

5. Ми қабатының қабыну аурулары кезінде патогенетикалық емнің негізгі бағыттары..

6. Дезинтоксикациялық терапия кезінде қолданатын дәрілік заттар, препараттардың сипаттамасы.

7. Дегидратациялық терапия кезінде қолданатын негізгі дәрілік заттар, қолдану ерекшеліктері.

5. Оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау, кейс-стади.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии.\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдарламалық препараттар: бензилпенциллин натрий тұзы, оксациллин, уназин, карбенециллин, цефотаксим, цефтриаксон, цефепим, меропенем, тиенам, ванкомицин, ципрофлоксацин, моксифлоксацин, ко-тримоксазол, метронидазол, интерферон, метилпреднизолон, гепарин, реополиглокин.

Рецепт жазуға арналған препараттар: бензилпенициллина натрий тұзы, цефтриаксон, меропенем, ванкомицин.

7.Бақылау: Тақырыптардың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.

Тесттік тапсырмалар:

Тест №1. Ми қабатының қабыну ауруларында дәрілік терапияға қажетті шарт болып табылады.

1.эмпирикалық терапия

2.антибиотиктердің гематоэнцефальді тосқауылдан өтуі

3. плаценталық тосқауылдан өтуі

4.миркроорганизмдердің резистенттілігі

5.микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығын анықтайтын тест

Тест №2. Антибактериялды терапияның келесі препараттармен қосқанда әсері күшейеді:

1. Гепарин

2. Эуфиллин

3. Пентоксифиллин

4. Фуросемид

5. Азитромицин

Тест №3. Ми қабатының қабыну аруларында қолданылатын антибиотиктер:

1. Оксациллин

2. Уназин,

3. Диазепам

4. Цефтриаксон

5. Метопролол

Тест №4. Ми қабатының қабыну аруларында дезинтоксикациялық терапия үшін қолданылатын препарат:

1. Реополиглюкин

2. Контрикал

3. Фенобарбитал

4. Дифенин

5. Имипенем

Тест №5. Региональді дәрілік заттардың енгізу жолы введение:

1. көк тамырғы, бұлшық етке

2. Самай артериясына дренаждау әдісімен ұзақ уақыт артерия ішілік инфузия

3. пенициллинді аорта ішіне енгізу әдісі

4. ұртқа енгізу, пероральді енгізу

№6. Дегидратациялық терапия:

1. Маннит

2. Фуросемид

2. Левомицетин

3. Натрия вальпроат

4. Ламотриджин

Тест №7. Карбапенем тобының артықшылығы:

1. гистогематологиялық тосқауылдан өтеді

2. үлкен биожетімділік

3. үлкен дозаларда жақсы көтеріледі

4. цефалоспариндерге тұрақтылық болғанда бета-лактамазам сезімталдығына тұрақты

5. гепато-және-ототоксикалық

Тест №8. Гипокалиемии коррекция үшін қолданылады:

1. Фенобарбитал

2. Меропенем

3. Панангин

4. Магния сульфат

5. Дифенин

Тест №9. Тиенамом мен меропенемді салыстырғанда артықшылығы:

1. нефротоксикалық әсердің болмауы

2. эпилептоген активтілігі болмауы

3. грам теріс микроорганизмдерге жоғарғы активте

4. дегидропептидазды бұзбайды

5 гепатотоксикалық әсердің болмауы

Тест № 10.Вирусты минингит кезінде этиотропты терапия кезінде қолданылады:

1. Интерферондар

2. Интерфероногендер

3. Ацикловир

4. Кетотифен

5. Пармидин

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1.Тақырыбы. «Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау

2.Мақсаты: Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктері туралы, сәйкес патологиялық үдерістерді түзетуге бағытталған препараттарды таңдаудың негізгі принциптері туралы білімді жалпыландыру, сондай-ақ студенттердің «Жүйке жүйесі» модулі бойынша материалды игеруі барысында қалыптасқан компетенцияларды бағалау

3.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың ФК және ФД заңдылықтарын білу

2. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттарды таңдау және қолдану мүмкіндіктерін білу

3. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсетулері мен қарсы көрсетулерін, жағымсыз жанама әсерлерін білу

4.Дәрілік қалыптарды жазу ережелерін білу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: