Миоклонус – эпилепсияда тиімді

1) дифенин

2) этоксуксимид

3) клоназепам

4) фенобарбитал

5) карбамазепин

13.Винпоцетин артериалық қысымды аздап төмендетеді және мидың қан айналымын жақсартады, препараттың әсер ету механизміне жатады:

1) ганглиоблокаторлық әсер

2) спазмолитикалық әсер

3) фосфодиэстеразаны тежеу

4) альфа-2-адренорецепторларды тежеу

5) цАМФ жоғарылату

14.Препаратты анықтау. Мидың қан айналуын жоғарылататын, кальций каналын тежейтін топқа жатады, дигидропиридин туындысы болып табылады, нейропротекторлық белсенділігі бар, мидың артериолдарының тонусын төмендетеді, мидың оттегімен қамтамасыз етілуін жоғарылатады, мидың жедел ишемиясымен, субарахноидалды қан құйылуларда, мидың созылмалы игемиясында қолданылады

1) нимодипин

2) циннаризин

3) винпоцетин

4) ницерголин

5) ксантинол никотинаты

15.Бір дұрыс жауабын таңдау, ницерголин жатады

1) кальций каналының тежегіші

2) пирензепин туындысы

3) a- адреноблокаторлық, спазмолитикалық препарат

4) никотин қышқылының туындысы

5) пурин алколоидының туындысы

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 СӨЖ

1.Тақырыбы: «Тырысу синдромын емдеу принциптері»

2. Мақсаты: Тырысу синдромы кезінде қолданатын заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар бала емдеу практикасында. Тырысу синдромы кезінде қолданылатын препараттарды таңдау принциптерін білу.

3. Тапсырма:

1. Тырысу синдромында қолданылуы және қарсы көрсетілуі, негізгі жанама әсерлері.

2. Эпилепсияның әртүрінде тиімділігі бойынша эпилепсияға қарсы заттардың жіктелуі және олардың әсер ету механизмі

3. Барбитур қышқылы туындыларының салыстырмалы сипаттамалары.

4. Бензодиазепин рецепторлары агонистерінің салыстырмалы сипаттамалары, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері және жанам әсерлері.

5. Тырысуға қарсы заттардың белсенділігі, әсер ету ұзақтығы, тыныс алу орталығына тежегіш әсерлері бойынша сипаттамасы.

6. Паркинсонға қарсы заттардың негізгі жанама әсерлері, оның алдын алу шаралары.

7. Тырысу синдромының алдын алуға арналған заттар. Олардың әсер ету ерекшеліктері.

8. Қазіргі эпилепсияға қарсы заттардың негізгі артықшылығы.

4.Орындалу түрі: Реферат дайындау. Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс орындау. Оқытушы балдық жүйемен бағалау

5. Орындалу критериі:

а) соңғы жылдардың әдебиеттерін таңдау және оқу

б) мәліметтерді өңдеу және жүйелендіру

в) жоспар құру

г) библиография құрастыру

д) реферат жұмысын безендіру

Реферативті жұмысының құрылымы:

- мұқаба парақ (үлгі бойынша безендіріледі);

- мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

- кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

- негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

- қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

- әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

6.Тапсыру мерзімі: «Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критерилері: максималды 100 балл

Критерий Деңгейі, балл түрінде бағалау
Өте жақсы Қолайлы Түзетуді талап етеді Қолайлы емес
1. Реферат мазмұнының тақырыпқа, реферат жоспарына және қойылған міндеттерге сәйкес келуі   9,75 6,5  
2. Тақырыптың толықтығы және ашылуының логикаға сай болуы   9,75 6,5  
3. Материалды жалпыландыру, қорытынды жасай білу қабілеті   9,75 6,5  
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі   9,75 6,5  
5. Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі        
6. Рефераттың безендірілуі модульдің талаптарына сәйкес келуі        
7. Көрнекті материалдардың сапасы мен толықтығы        
8. Әдебиетті іріктеу        
  Барлығы        

Ең жоғары балл – 100

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдарламалық препараттар: фенобарбитал, диазепам, натрий оксибутираты, лидокаин, магний сульфат, тиопентал-натрий, фентанил, дифенин, этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроат, ламотриджин, топирамат, тиагабин, вигабатрин

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1. Эпилепсияның кіші ұстамаларында (petit mal)қолданылатын таңдау препараттары болып табылады:

1.Диазепам, фенобарбитал

2.вальпроты, этосуксимид

3.Топиромат, тиагабин

4.фенобарбитал, дифенин

5.Карбомазепин, ламотриджин

Тест №2. Фенбарбиталдың әсер ету механизмі:

1. ГАМК ергиялық жүйенің белсенденуі

2.Серотонинергиялық жүйенің белсенденуі

3. холинергиялық жүйенің белсенденуі

4.дофаминергиялық жүйенің белсенденуі

5.пуринергиялық жүйенің белсенденуі

Тест №3. Эпилепсияның барлық түрлерінде таңдау препараты:

1.Вигабатрин

2.Этосуксимид

3.Натрий вальпроат

4.Карбамазепин

5.Диазепам

Тест №4. Эпилептикалық статусты жою үшін қолданылатын зат:

1.Диазепам

2.Карбамазепин

3.Натрий вальпроат

4.Этосуксимид

5.Клоназепам

Тест №5. Диазепамның әсер ету механизмі:

1. норадреналин мен серотониннің кері нейроналды ұсталуы

2. бензодиазепиндік рецепторларды ынталандырады

3. натрий каналдарын тежейді

4.кальций каналдарын тежейді

5. холинергиялық рецепторларды тежейді

Тест №6. Барбитур қышқылының туындысы көрсетеді

1.Гемостатикалық әсер

2.Нейропротекторлық әсер

3.Тырысуға қарсы әсер

4.Психоынталандырушы әсер

5.Гипертензиялық әсер

Тест №7. Қандай эпилепсияға қарсы зат гидантоидтік синдромды туындатады:

1.Этосуксимид

2.Дифенин

3.Фенобарбитал

4.Диазепам.

5.Натрий вальпроат

Тест №8. Үлкен тырысулық ұстамалардың (grandmal) алдын алу үшін қолданылады:

1.Диакарб, сультиам

2.Диазепам, клоназепам

3.Этосуксимид, ламотриджин

4.Наркозға арналған заттар

5.Карбамазепин, дифенин

Тест №9. ОЖЖ ГАМКергиялық жүйені белсендендіретін заттар:

1.Циннаризин, нимодипин

2.Натрий вальпроат, ламотриджин

3.Тиагабин, топирамат

4.Клоназепам, фенобарбитал

5.Пирацетам, аминолон

Тест №10. Тыныс орталығын айқын тежейтін тырысуға қарсы заттар

1.Лидокаин, магний сульфат

2.Диазепам, лидокаин

3.Таламонал, хлоралгидрат

4.Фенобарбитал, магний сульфаты, хлоралгидрат

5.Натрий оксибутираты, таламонал

«Эндокриндік жүйе» модулі

«Эндокриндік жүйе» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1.Тақырыбы. «Гипергликемия және гипогликемияда қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. 3.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

5. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: