Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10. Хрипкова А.Г.,Колесов Д.В. Ұл есейсе,қыз өссе. А., Мектеп. 1988.

9-дәріс. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары

1. Пало Алто мектебі.

2. Психоаналитикалық отбасы терапия.

3. Жүйелі отбасы психотерапиясы.

4. Стратегиялық отбасы психотерапиясы.

5. Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы.

6. Коммуникативті отбасы терапиясы.

7. Ерлі-зайыптылар психотерапиясы.

Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.

Пало Алто мектебі. Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, «мәселені шешу терапиясы» әдісінің авторы. Ол М.Эриксонмен бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейлидің айтуынша, отбасы қатынасы ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінің арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны - қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру. Отбасы терапиясында емдеу мәнді болсын десеңіз, терапевтік кездесуге отбасы мүшелерінің бәрінің келуі абзал. Хейли отбасы терапиясына бірнеше директивтер (тапсырма) қосқан. Тапсырманы орындай отырып, отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз ойын тепе-тең деңгейде айтуға немесе орындауға мүмкіндік алады. Психотерапевт кездесу кезінде және үйге де тапсырма беріп отырады. Тапсырма мақсаты:

-отбасы мүшелерінің мінез-құлқын өзгерту;

-психотерапевт отбасы мүшелерімен қатынас құруда қосымша ынталандыратын тәсілдер табу;

-тапсырманы орындау барысында отбасы мүшелерінің әрекетін зерттеп білу;

-отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп отыру, себебі тапсырманы орындау барысында психотерапевт көрінбейтін деңгейде қатысып отырады. Хейли сондай-ақ метафралық және парадоксалды тапсырмаларды да қолданатын еді.

Алғашқы жолда жағдай мен әрекет арасындағы ұқсастықты табуда, көз-қарастар әр түрлі болып келді, екіншіде нұсқау бойынша әрекет етуде қарсыласу байқалады, бірақ әркім өз мінез-құлқын қажетті бағытқа бұра отырып өзгерді.

ХХ ғасырдың 60 жылдары Мюррей Боуэн отбасы психотерапиясының төрт ұстанымын құрастырды:

1. Қатынасты анықтау және түсіндіру;

2.«Үшбұрышқа қатыстырмау» (Боуэн ұсынысы бойынша психотерапевт қақтығысқа эмоционалды қатыспау, назарын тек қатынас процесіне аудару;

3. Ерлі-зайыптылардың мәнді эмоциоаналды қарым-қатынасты меңгеруі;

4. «Мен көзқарасы» сабағы.

Психоаналитикалық отбасы терапия. Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты-қатысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевтер басқаларға қарағанда олар да директивке жақын. Осы терапевтік бағытта қолданылатын техникалар төмендегідей: конфрантация, интерпретация және тәжірибені қайта өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге техникалар, «еркін ассоциация» техникасы. Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды тез тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас қояды.

Отбасы жүйелі терапиясы. Бұл бағыттың көрнекі қайраткерлері-Мара Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды. Қазіргі таңда жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі, экономикалық мақсаттылығы және отбасы терапиясындағы мәнді терапевтік бағыт жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.

Отбасы бұл бағытта бүтін жүйе деңгейінде қарастырылып, эволюциялық қалыптасқан байланысты сақтауға арналады. Отбасы барлық даму кезеңдерінде заңды дағдарыстан (некеге отыру, отбасынан бөлініп шығу, жүктілік, баланың өмірге келуі, баланың бала-бақша, мектеп мекемесіне баруы, мектеп бітіріп, өмірге өз таңдауын жасауы, ата-анасынан бөлініп шығуы, ата-анасының зейнеткерлікке шығуы) өтеді. Отбасы осындай кезеңдерде жаңа мәселелерді бұрынғыдай шеше алмайтын қабілет көрсетіп, бейімделу әрекетін күрделендіру қажеттігін түсінеді. Жүйелі отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары төмендегідей көрінеді:

1.Психотерапевтің отбасымен бірігуі, отбасы құрылымында ұсынылған рөлге қосылу.

2.Психотерапевтік тапсырысты құрастыру.

3.Отбасылық қатынасты қайта құру.

4.Психотерапияны қорытындылау және бөліну.

Мара Сельвини-Палаццоли жұмысқа мынадай ұстаным енгізді, терапевт құрамы отбасымен жұмыс жүргізіп жатқанда, келесі тобы бір жақты –мөлдір әйнектен олардың әрекетін бақылап отыруы қажеттігін түсіндірді. Отбасының барлығы бірлі жарым жағдайда ғана кездесуге түгелдей қатысуы кездесетінін айта кетіп, айына бір мәрте кездесуге келісу және барлығы көп дегенде он реттен аспауы қажеттігін ұсынды. Оның әдістері қысқа әрі тұтқиылдан болды, ол әдістерді күтпеген жағдайларды өзгертуге шешуші қимыл болып табылатын тұстарды көре білді. Кездейсоқ тапсырмалар (басқаша айтқанда өзгермеушілік белгілер) өте тыңғылықты отбасындағы қалыптасқан қиялы және тоқталған ережелерді қарама-қайшы деңгейі ескеріліп, отбасы мүшелерінің бәрі қатысуына қажетті қимылдар қарастырылады.

Отбасының стратегиялық терапиясы. Отбасы терапиясында бұл бағытты «мәселені шешуші», «қысқа» негізі мәселе шешу әдістері деп аталады. Бұл бағыттағы танымал тұлғалар –Джей Хейли, Карл Уитекер, Клу Маданес. Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Ықпалдың ерекше сипаты отбасына онша қызықпай, тек жағдай белгісіне назар аударуды жөн көреді. Бұл бағыт 1970 жылдары кең қолданысқа түсті. Басты идеялардың көбін М.Эриксон тәжірибесіндегі әдістерден алып қарастырды. Оның тәжірибесіндегі екі ықпалдың сипаты: қолданылған қосымша әдістердің әсері және клиенттің ұсынғандарының бәрін қабылдау болып табылады. Стратегиялық ықпалдың мазмұны отбасында маңызды өзгеріс, оның бұзылу себебін анықтау емес, мәселені шешудің жолдарын қарастыру деп түсіндіреді. Стратегиялық терапевтер мәселеге тұрақтылық беретін факторларды зерттей отырып, отбасында қалыптасқан өзара қимылды қолдау арқылы, мәселеге негізделген мінез-құлықтан қосымша күшті табуды қарастырады. Стратегиялық терапевтердің көбі қалыпты отбасы қызметі, - деп жағдайға байланысты белгілерден қаша білетін және талаптарға сәйкес өзгере алатын қызметті атайды.

Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы. Мінез-құлықтық отбасы терапиясының басты ұстанымы мінез-құлық деп қарастырып, одан кез-келген жағдайға байланысты мінез-құлықтағы қарсыластық, оны тек жағымды жағдайдан қараудың қажеті жоқ деп түсіндіреді. Бұл бағыт өкілдерін әрекеттің жүйелілігін талдау қызықтырады. Негізгі ой желісі етіп, бір-біріне қанағаттануды сыйлау емес, өзара қобалжудың болмауы немесе оның мәнінің төмендеуі некедегі қанағаттануға әкеледі деп қарастырады. Ата-аналармен жиі қолданылатын техниканың түрі мінез-құлық тренингі болып табылады. Психотерапия процесінің басталуында психотерапевт клиенттің мәселе мәнісін түсінуді қайта құру және оны шешуге мүмкін жолдарына түсінік беріп өтеді. Мінез-құлықтық психотерапевт емдеуге отбасы мүшелерін шақырмайтындардың қатарына жатады, тек баланың өзі немесе ата-анасының бірі ғана қажет деп табады. Ата-аналармен жүргізіліетін мінез-құлықтық тренинг мақсаты бала тәрбиесіндегі кездесетін сұрақтарға білікті жауап бере білуіне, эмоционалды-мінез-құлықтық реттелуді жүйелеу және тани білуді меңгерту болып табылады. Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясында қолданылатын жұмыс техникалары:

-қалыптастыру (shaping)- шағын мөлшерде жүйелі бекітулер арқылы қалыпты мінез-құлыққа жетуді көздеу.

-жетонды жүйе –жемісті мінез-құлық көрсеткені үшін марапаттауда сыйлық ретінде ақша немесе ұпай жинатады.

-келісім шарт жүйесі-ата-аналармен келісім шартқа, олардың өздерінің мінез-құлық өзгерген кезде, балаларда да мінез-құлық үйлесім табатынын енгізеді;

-өзгеруді сый ақыға ауыстыру;

-тоқтату (timeout)- жазада оқшаулау түрін қолдану.

Отбасы мінез-құлықтық психотерапиясы - танымал әдістердің бірі, олар қарапайымдығы мен үнемділігі арқылы ерекшеленеді, бірақ оның көбі бір жақты және қысқа уақытқа созылуы мүмкін.

Интегративті модель - коммуникативті отбасылық терапияретінде айтылған ой бірнеше когнитивті деңгейде беріледі, жүйелі отбасы ықпалына қатысы бар. Бұл модель Пало-Альто бағытынан бөлініп шыққан. Оның көрнекті қайраткерлері П.Вацлавик, Д.Джексон және басқалар болды. Коммуникативті отбасылық терапия мақсаты коммуникация жағдайын өзгерту немесе «саналы қимылда нашар қызмет бейнесіндегі интеракцияны өзгерту» болып табылады.

Алғаш бұл бағытқа үлес қосқандардың бірі В.Сатир болды, оның мақсаты отбасында қарапайым коммуникацияны жақсарту болды, кейіннен бұл тақырып жұқарып, мәселені қолдайтын коммуникация жағдайын өзгертуге өтті. Коммуникативті отбасы терапиясында қолданылатын техникалар негізіне: отбасы мүшелерін ашық коммуникациялық ережесімен танстыру; отбасындағы коммуникация жағдайын интерпретациялау және талдау; отбасы коммуникациясын түрлі тәсілдер және ережелер арқылы манипуляциялау. Отбасының бұл бағыты жоғары мәндегі әдіске ие бола алмады.

Ерлі-зайыптылар психотерапиясы. Ерлі-зайыптылар психотерапиясы- отбасы жұбына бағыттала арналған, өзара қақтығыс және дағдарыс жағдайын жеңуге көмектеседі, қажеттілікті қанағаттандыруды қамтамасыз ету, үйлесімге жетуді көздейді. Бұл бағыт өз алдына дербес әдіс немесе отбасы психотерапиясы кезеңдері ретінде қолданылады. Психотерапевт жұмысты ерлі-зайыптылардың жұбымен немесе қабылдауға келген біреуімен де жүргізе береді. Ерлі-зайыптылар психотерапиясында психотерапевт неке мәселесін шешпейді, ол ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сезімдерін, ойлау деңгейлерін қарастырады. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында кең тараған динамикалық, мінез-құлықтық және гуманистік ықпалдар белгілі. Динамикалық ықпалда ерлі-зайыптылар үйлесімсіздігі екі серіктестің ішкі мотивациялық мінез-құлқы ретінде қарастырылады. Тұлғааралық қатынас әсері мен психикалық процестер динамикасының байланысы бақылауға алынады.

Мінез-құлықтық ықпалдағы мақсат - серіктестердің мінез-құлықтарының өзгеруінде қолданылатын әдістер байланысын меңгеру.

1.Ерлі-зайыптылардың бір-бірін өзара жағымды мінез-құлықта басқаруы.

2.Қарым-қатынас аймағында және пайда болған мәселені бірге шешуге қажетті әлеуметтік білім мен дағдыны меңгеруі.

3. Ерлі-зайыптылар өзара келісімінде мінез-құлықты өзгерту және оны жүзеге асыруы.

Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында мінез-құлықтық ықпал кеңінен қолданыс табуда. Оның кең тараған түрлері-ерлі-зайыптылар келісіміне отыру, коммуникативті тренингтер, конструкциялық талас, мәселені шешудің тәсілдері және т.б. Соңғы кезде мамандар кешенді ықпал қолдануда, ол когнитивті-мінез-құлықтық және жүйелі отбасы терапиясы болып табылады. Ерлі-зайыптылардың келісім шарт негізіне мінез-құлық терминіне талаптары мен өздеріне алатын жауапкершіліктері нақты қарастырылады. Талапты құрастыруда ұсынылатын ереже төмендегідей: жалпы шағымы, ары оны нақтылау, жағымды ұсыныстар, соңында әр зайыптың міндеттерін нақты атап шығу келісімі болады.

Гуманистік ықпалға ерлі-зайыптылардың психологиялық коррекциясы үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутентілік, төзімділік, өзін көрсетуді қажетсінуі, әркімнің жеке бас дамуына қарамай, өзгеге өзін тиесілі етуі жатады. Бұл ықпал динамикалық түрге қарама-қарсы, тарихи даму мен отбасына, ата-анасының әсеріне бағытталған, манипулятивті мінез-құлық ықпалына көбірек кетеді. Бұл ықпалда психотерапевт ерлі-зайыптылар вербалды түрде сезімдерін шығаруы мен өзара түсіністікті жетілдіруге талаптануына жағдай туғызады. Серіктестердің жеке тұлғалық жетілуіне жақсы жағдай жасала отырып, ашық неке ұстанымдары қарастырылған:

1. «Қазір осы жерде» ұстанымы;

2. Серіктесінің жеке өміріне құрметпен қарау.

3. Ашық қарым-қатынас жасау-біреудің ойын оқымай, өз ниеті және сезімі туралы ашық айту;

4. Отбасы рөлін орындауда жылдамдық таныту;

5. Тең құқылық:

6. Бір-біріне сене білуі;

7. Аутенттілік-өзін және өз бағасын білу, өзгенің құқығы мен өмір сүруін бағалай білу;

8. Ашық серіктестік-әркімнің өз қызығушылығы мен құштарлығы болатынын ескеру.

Бақылау сұрақтары

1. Пало-Альто мектебінің өкілі

2. Осы мектепке өткен әдіс-тәсілдердің мәні неде

3. Психоаналитика теориясын ұсынған ғалым

4. Жүйелі терапияда қандай қадамдар бойынша жұмыстар жасалынады

5. «Мәселені шешуші», «қысқа» негізі мәселе шешу әдістері деп аталатын қандай бағыт терапиясы

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: