Тапсырма. 1. Астық тұқымдас шөптерді гүл шоғырлары бойьшша анықтауды үйрену

1. Астық тұқымдас шөптерді гүл шоғырлары бойьшша анықтауды үйрену.

2. Астық тұқымдас шөптерді тұқымдары бойынша анықтауды үйрену. Қоңырбастар (астық) тұқымдасына жататын көпжылдық мал

азықтық шептер-еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, көкшіл сүр бидайық, итқонақ, (Тимофеевка), бетеге ж.б. егістікте шөп өсіруде маңызды орын алады.

Қазақстанда астық тұқымдас шөптерден еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық алдыңғы қатардан орын алады, егістіктегі көпжылдық шөптердің 80%-ке жуығы осы шептердің үлесіне тиеді. Соңғы жылдары көкшіл сұр бидайық та өсіріле бастады. Түптену өркендерінің даму сипаты мен бұтасының құрылысы бойынша олардың барлығы борпылдақ бұталы астық тұқымдас шөптерге жатады, тек қана қылтықсыз арпабас қана жер сабақтанып (көген тамырланып) түптенеді.

Астық тұқымдас мал азықтық шөптерді гүлденген күйде анықтау. Астық тұқымдас шөптер түрлерін гүлденген өсімдік күйінде анықтаған жақсы, алайда гербарийланған немесе кептірілген өсімдік бұталарын пайдалануға да болады. Гүл шоғырларының типіне (қүрылысына) қарай барлық көпжылдық астық тұқымдас іиөптер масақты жөне шашақты (сіпсебасты) топтарға бөлінеді. Анықтама 83-кесте бойынша жүргізіледі.

83-кесте

Мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шөптерді анықтауға арналған

Кілт

1. Гүл шоғыры-масақ (масақшалар отырған, аяқшалары жоқ немесе қысқа бүтақтанбаған аяқшаларға орналасқан 2

0. Гүл шоғыры-шашақ (сіпсебас) 9

2.Білікте масақшалар бір-бірден орналасқан 3

0. Білікте масақшалар екі-екіден орналасқан, қылтықты. Масақтар

иілген. Масақ қабықшаларының жүйкелері бүдырлы – Сібір қияқ -

3. Масақ қабықшалары екеу, масақтың бүйір жақтарына орналасқан. Масақшалар масак білігіне кең бетімен багытталган 4

4. Жер асты өрмелегіш өркенді-көген тамырлы өсімдік. Кеген тамырлы бидайық - А^горугоп герепз

Көген тамырлы қысқа өсімдік

4а. Көген тамыры қысқа өсімдік —

көкшіл сұр бидайық - Агоругоп 1аисит

0. Өсімдігінде көген тамыр жоқ 5

5. Масақ борпылдақ (борпас) масақшаларында қысқа қылтық терізді үшкірленген өскіндер бар немесе олар жоқ-көген тамырсыз бидайық - Коепегіа ігасһусаиіоп

0. Масақ тығыз, масақшалар жалпа 6

6. Масақ жалпақ, тарақ тәрізді, жұмыртқа немесе ұзынша жұмыртқа пішівді. Масақшаларының үшкір қылтық тэрізді өскіндері (ұзындығы 3,0 мм-ден асады)7

0. Масақ жіңішке, сызықты, цилиндрлі. Масақшаларының үшкір қылтық тәрізді 3,0 мм-ге дейін ұзындықта әскіндері бар немесе олар жоқ 8

7. Масақ тығыз, бірақ масақшалардың арасы саңылаулы ашық. Теменгі гүл қабықшасы түксіз —

Тарақша еркекшөп — А§горугоп ресііпоіогте

0. Масақ өте тығыз, масақшалар арасында саңылау жоқ. Төменгі гүл қабықшасы жиі түктенген -

Иректісті еркекшөп — А§горугоп сгаіаШт

8. Масақтар линиялы (сызықты), үзындығы 5-15 см, тарақ тәрізді сібірлік (қүмдық) еркекшөп - Аёгоругоп зіЬігісит

0. Масақтары қысқа сызықты, тарақ тәрізді емес, масақшалары бір-бірінен қабысып тығыз орналасқан —

Шөл еркекшөбі - А§горугоп сіезезіогит

9. Шашақ (сіпсебас) қомақты. Шашақтағы масақшалар біркелкі. 10

10. Гүл қабықшалары қылтықсыз немесе қылтықты қабықшаның ұшынан шығады 11

11. Жапырақ қынабы ашық - Шалғындық бетеге - ҒезШса ргаіеше

0. Жапырақ қынабы жабық - Қылтықсыз арпабас Вгототаз іпегтіз

Мал азықтық астық тұқымдас шөптерді тұқымдары бойынша аиықтау. Астық тұқымдас шөптерді тұқымдары бойынша жалпы




белгілері біріктірілген түрлер топтары бойынша анықтаған қолайлы (63-4суреттер, 84-кесте).


63-сурет. Мал азықтық астық түқымдас шөптердің түқымдары: 1-атқонақ; 2-ақ суоты (полевица); 3-кәдімгі суоты; 4-шымды селдірек; 5-шалғындық қоңырбас; 6-жима тарғақ; 7-шалғындық бетеге; 8-көпшыбалмалы райграс; 9-жайылымдық райграс; 10-көген тамырлы бидайық; 11-көген тамырсыз бидайық; 12-тарақша еркекшөп; 13-шөл еркекшөбі; 14-биік райграс; 15-шалғындық түлкіқүйрық; 16-қылтықсыз арпабас.

ЕРКЕКШӨП - ЖИТНЯК –AGROPYRON ТАПСЫРМА

1. Еркекшөп түрлерін оқып-үйрену. Айырмашылық белгілерін сипаттап жазу.

2. Еркекшөптің аудандастырылған сорттарының шаруашылық- биологиялық сипаттамасын окып-үйрену.

3. Еркекшөпті мал азығына өсірудің операциялық технологиясын жасау.

4. Еркекшөпті түқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Еркекшөп-Қазақстанның далалық және қүрғақ далалық аймақтарында кең тараған мал азықтық дақыл. Ол кепжылдық шөптесін өсімдік, қуаңшылық пен қыстың қолайсыз жағдайларына жоғары тезімділігімен және ұзақ өміршендігімен ерекшеленеді.

Еркекшөп бидайықтар туыстығына (Агоругоп) жатады. Ол төбелік, борпас-бұтақты, 2 м және одан да тереңге бойлайтын қуатты тамыр жүйесі бар астық тұқымдасқа жатады. Биіктігі 25-100 см шөптесін бұта қалыптастырады, пәрменді түптенуге қабілетті, бүтада генеративті сабақтар басым. Жапырақтары жіңішке сызықты, төменгі жағы тегіс, жоғарғы жағы бүдырлы. Гүл шоғыры-ұзындығы 1,5-6,5 см масақ, ені 1,0-2,5 см, төбесіне қарай сүйірленеді, масақшалар 3-10 гүлді. Өсімдігі айқас тозаңдануы да мүмкін. 1000 дәннің массасы 1,4-2,7 г.

84-кесте Астық тұқымдас шөптер тұқымдарының айырмашылық белгілері


Мөлше-рі, мм Пішіні Білікше (стерженок) Қылтықтар немесе қылтық тәрізді өскіндер^ Гүл қабықшалары (қауыздары) Түр
5-6 Ланцетгі Шығыңқы жоғарғы жағы кең ойықты Үзындығы 3-4 мм шамасындағы қылтық тәрізді өскін Түсі ашық-сары Тарақша еркекшөп
5-6 Сондай Сондай Сондай Сыртқы қабықша жиі түктелген, ашық-сары түсті иректісті еркекшөпі
4-5 Совдай Сондай Сондай Жасылдау түсті Шөл еркекшөбі
4-5 Сондай Сондай 1 мм дейін ұзыңдықтағы қылтық тәрізді өскін Сондай Сібірлік еркекшөп
9-12 Кең ланцетті Тік, домалақ келген, үзындығы 3 мм Жоқ Сыртқы қабықшаның төбесі жалпақ, күңгірт-сүр түсті, кейде жасылдау, күлгіндеу Қылтықсыз арпабас
8-11 Ланцетті Шығыңқы, кең түкті, ұзындығы 1 мм Қылтық төрізді өскін, үзындығы 2-3 мм Сыртқы қабықшаның килі жоқ, ашық-сары түсті Көген там-ырсыз бидайық
8-11 Сондай Шығыңқы, түкті, 1,0- 1,5 мм-дей Қылтық тәрізді өскін 1,5-2,0 мм Сыртқы қабықша килсіз, күлгін реңці Талшықты регнерия
10-12 Кең ланцетті Шығыңқы, жалпақ, туксіз үзындығы 1,5-2,0 Жоқ Сыртқы қабықшаның килі жоқ, ішкі қабықшадан ұзынырақ, ішкі қабықша қайық төрізді: қабықша түсі ашық-сары Көкшіл сүр бидайық
6-7 Ланцетті Тік, үзындығы 2 мм Жоқ Дөрекі, ішкі қабықша, таға тәрізді, қабықшаның түсі жасьщцау-сүр Шалғывдық бетеге
5-12 Сондай Тік, домалақ, ұзындығы 1 мм шамасында, қиық кесілген Қылтығы қабықша ұшына бекіген, ұзындығы 25 мм-ге дейін Ішкі қабықша сыртқы қабықшадан 0,5-0,7 мм-дей ұзын, қасы жоқ, қабықша жасылдау-сүр түсті Сібір қияқ

64-сурет. Астық тұқымдас мал азықтык шөптердің гүл шоғырлары: 1-жайылымдық райграс масағы; 2-шалғындық түлкіқұйрыктың масақ тәрізді шашағы; 3-итқоиақтың масак тәрізді шашағы; 4-шалғындық қоңырбастың; 5-ақ суотының; 6-қылтықсыз арпабастың; 7-шалғындық бетегенің; 8-жима тарғақтың; 9-биік райграстың масақ тәрізді шашағы.

Еркеиюп түрлерінің ішінде жабайы ортадан өсетін мьшадай түрлері бар: пуалистгүлді, дондық, керчендік, михно, сыңғақ, бадамдық, понтийлік, қарағайжапырақты ж.б.

Жабайы өсетін тарақша еркекшөптің үш экологиялык топтары бөлінген:

1.Өзен аңғары-шалғындық, жабайы түрде Орта Еділ және Батыс пен Солтүстік Қазақстанның өзен аңғары-шалғыңдық ассоцияларыңда өседі.

2.Далалық топ. Бұл топтың өсімдіктері қүрғақ жерлерде өседі: төбелерде, қүрғақ таулы шалғындықтарда, қиыршықтасты беткейлерде. Қазақстан, Қырым, Солтүстік Кавказдың кұрғақ далаларында өседі.

3.Алтай тобы. Бұл топтың өсімдіктері жабайы түрде Алтайдың тау етегі мен Шығыс Қазақстанның таулы аймағында өседі.

Егістікке еркекшөптің 4 түрі енгізілген, бір-бірінен биологиялық және морфологиялық белгілерімен ең алдымен масақ пен дөңдердің қүрылысы бойынша ажыратылады.

Олардьщ екеуі кең масақты — таракша (А§. ресііпоймтае) жөне иректісті (А&. сгізіаіит), қалған екеуі жіңішке масақты — сібірлік немесе құмдық еркекшөп (А§. зіЬігісит) және шөл еркекшөбі (А§. (іекегіогат). Бұл түрлердің айырмашылық белгілері 65-сурет пен 85-кестеде келтірілген.

65-сурет. Еркекшөп: 1,2-масақтану және егін көгі кезендсріндегі өсімдіктер; 3,4,5-тарақша еркекшептің масағы, масақшасы жөне жемістері; 6,7,8-ирекгісті еркекшөптің, сібірлік және шел еркекшөбінің масақтары.


Кесте


Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері


Белгілері Кеңмасакты Жіңішке масақты
  Тарақша (А&. ресііпоҒогте) Иректісті (А§. егізШшп) Сібірлік (А£. 5І-Ьігісит) Шөл (А§. сіеяеііогит)
Масақ-тар мен масақшалар Жиі тарақ тәрізді, бірақ масақшалар арасында анық керінген саңлаулар бар, ұзынша-жүмыртқа тәрізді, ұзындығы 1,5-5,0 см, ені 1-2 см, төбесіне қарай сүйірленген, масақшалар жасыл немесе көкшіл сүр жасылдау түсті, 3-10 гүлді Өте жиі, тарақ тәрізді, масақшалар арасында саңылау көрінбейді, ұзынша-жұмыртқа ланцетті пішінді, төбесіне қарай аздап сүйірленген, ұзындығы 1,5-5,0 см, ені 1-2 см, қысқа қылтықты, масақшалар бір-біріне тығыз қабысқан, 3-10 гілді_ Сызықты, тарақ тәрізді көп масақшалы, ұзындығы 7-10 см, ені 0,5-1,2 см Қысқа сызықты тарақ тәрізді емес цилиндр пішінді, гүлдері жайыла орналасқан, масақшалары бір-біріне ілесіп келген, талшықты қылтығы бар
Төменп гүл қабық-шасы Жалаңаш, ұзындығы 5-7 мм, қысқа қылтықты, (3-4 мм) Ланцетті, жиі талшықты, ұзындығы 5-7 мм, қысқа бұдырлы қылтығы (3-4мм) бар Жылтыр, жалаңаш, ұзыңдығы 6-8 мм, үшкірленген, қылтығы 1 мм дейін, немесе мүдде жоқ Ланцетті, қайықша тәрізді, жалаңаш, ұзындығы 6-7 мм, қылтықты (2-3 мм)
Сабақ-тары Биіктігі 25-75 см Биіктігі 25-60 см, масақ асты жұмсақ түкті келген Сабақтары тік, немесе иілген биікгігі 30-80 см (егістікте 100 см дейін) Сабақтары ұшар басында иілген, (биіктігі 25-50 см) егістікге 80 см дейін
Жапырақтар Жіңішке сызықты (мәдени өсімдіктерде кең ланцетті пішінге дейін) жалпақ немесе бүгілген, шеттері оратылған Жіңішке ланцетгі, бүгілген немесе жалпақ, шеттері оратылған Жіңішке сызықты, (мәдени түрлерінде айтарлықтай кең, жіңішке ланцетті) Қатты, көкшіл сүр жасылдау, бүгілген

Қазақстаңда аудандастырылған еркекшөп сорттары:

Тарақша еркекшөптен - Актюбинский, Батыр, Долинский I, Карабалыкский 202, Краснокутский ширококолосный 4;

Сібірлік еркекшөптен - Краснокутский узкоколосый 305, Таукумский гибридный, Уральский узкоколосый;

Шөл еркекшөбінен — Актюбинский узкоколосый местный.

Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:

Карабалыкский (кең масақты) 202 - Қарабалық МАТС-да шығарылған. Тарақша еркекшөп түріне жатады, жапырақтануы 21-35%, 1000 тұқымның массасы 2,5 г. көктемгі көктенгеннен алғашқы шабысқа дейінгі өсіп-даму кезеңі 55-65 тәулік, тұқымның шаруашылыққа жарамды пісу кезеңі 90-100 тәулік. Қысқа жөне қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1949 (1,3,4,7,8,9,11,12).

Долинский 1. -Қарағанды МАТС-да шығарылған. Еркекшөптің тарақша түріне жатады. Жапырақтануы орташа, кеш піседі, қысқа және қуаңшылыққа жоғары төзімді, 1968 (7).

Батыр -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1992 (1,12).

Антюбинский узкоколосый местный, 1948 (2);

Тобагай, 1998 (11);

Красноводопадский 414, 1984 (3);

Таукумский гибридный, 1984 (3);

Уральский узкоколосый,1994 (6);

Местные сорта, 1967 (3).

ҚЫЛТЫҚСЫЗ АРПАБАС - КОСТРЕЦ БЕЗОСТЫЙ –BROMOPSIS INERMIS ТАПСЫРМА

1. Қылтықсыз арпабастың морфологиялық ерекшеліктерін оқып- үйрену.

2. Сорттардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасын оқып- үйрену.

3. Қылтықсыз арпабасты мал азығына өсірудің операциялық технологиясын жасау.

4. Қылтықсыз арпабастың тұқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Қыжықсыз арпабас-маңызы мен таралуы бойынша Қазақстанда еркекшөптен кейін көпжылдық астық түқымдас шөптердің ішінде шабындық-жайылымдық дақыл ретінде екінші орын алады.

Арпабас туыстығына (Вготорзіз) 40-тан аса түрлер кіреді, оның ішінде Қазақстанда 20 түрі өседі, олардың арасында қылтықсыз, қарабидайлы, тік, шүбар, сібірлік т.б. бар.

Қазақстанның егіншілігіңде қылтықсыз арпабас (Вготор5І5 іпегтіз) тараған. Соңғы жылдары пайдалануға тік арпабас (Вг. агуепзів) жіберілген. Қылтықсыз арпабас-кепжыддық көген тамырлы жер асты сабақты, борпас бұтақты төбелік типтегі өсімдік, Ол жайыла өсетін көген тамыр түзеді және жер асты өркендерін қалыптастырады. Көген тамыры шалғындық арпабасты топыраққа 8-10 см, ал далалық тобында 15-20 см дейін бойлайды. Жер асты еркендердің бірнеше буын (түйін) аралықтары болады, олардан қосалқы өркендер дамып, жер беті сабақтарын құрайды, жөне қосымша түптену тамырларын береді. Өсімдіктің бірінші тіршілік жылында тамырлар 50-100 см дейін, ал кейінгі жылдары 200-225 см дейін терендейді. Қылтықсыз арпабас генеративті (жемісті) жөне вегетативті (жеміссіз) сабақтардан түрады. Жемісті сабақтардың үлесі жалпы санының шалғындық тобывда 25-45%, ал далалық топтарында 30-55 %. Өсімдік биіктігі 0,6-1,7м. Жапырақтары жалаңаш, өсіп-даму кезендерінің басында-көктеу кезеңінде-ғана өсімдіктер түкті келеді. Жапырақтануы бірінші шабыста 50-56%, екіншісінде 55-70%.

Гүл шоғыры-сіпсебас (шашақ), ұзындығы 10-30 см, шашақ иілген, қысыңқы, жартылай қысыңқы, біржалды түрде кездеседі және ол бүтақтардың саны мен тығыздығына байланысты өзгереді. Масақшалары ірі, көпгүлді, ұзын күлгін реңді. Жемістері (егістік материал)-қабықты, дәннің үзындығы 9-12 мм, ені 2,5-3,0 мм күңгірт-сүр немесе қоңыр түсті, қылтықсыз, сусымалы емес. 1000 тұқымның массасы орта есеппен 3,5 г, алайда сорттық ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты 2,8-ден 4,5 г дейін өзгереді.

Өсімдік сәуір айының ортасында көктей бастайды, маусымның екінші жартысында гүлдейді, ал тұқымы шідденің аяғы-тамыздың басыида піседі де жалпы есіп-жетілу кезеңі 80-110 тәулік құрайды (66-сурет).

66-сурет. Қылтықсыз арпабас: 1,2-шашақтану жөне епн көгі кезендеріндеп өсімдіктер; Зі4-шашақтану және гулдену кезендеріндегі шашақтар; 5-масақша; 6-жемістер (сол жақта-үлкейтілгендері).

Қазақстанда паңцалануға рұқсат етілген қылтыксыз арпабас сорттары:

Восточно-Казахстанский -Шығыс Қазақстан МАТС-да шығарылған. Сорт ормавды-далалық экологиялық тобына жатады.

Өсіл-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейін 47-52 тәулік, тұқымының пісуіне дейін 97-108 төулік. Қыстың суығына төзімділігі жақсы, қуаңшылыққа төзімді, алайда ылғалдалуға жақсы өсер етеді, малдың жайылуы мен таптауын жеңіл көтереді, 1972 (1,4,6,7,9,12).

Лиманный -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, ормаңцы далалық экологиялық топқа жатады. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден алғашқы шабысқа дейін 47-58 тәулік, тұқымының пісуіне дейін 79-88 төулік, көктемде жөне өрбір шабыстан кейін жақсы көктейді. Құрғақшылыққа орташа, ал қысқа жақсы төзімді, 1975 (1).

СИБНИИСХОЗ 189 -Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, далалық экологиялық топқа жатады, өсіп-жетілу кезеңі бірінші шабысқа дейін 50-56 төулік қысқа төзімділігі орташа, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1957 (1,11,12).

Степной (№ 460) -Қарабалық МАТС-да шығарылған, далалық экологиялық топқа жатады. Өсіп жетілу кезеңі көктемгі кектеуден алғашқы шабысқа дейін 53-70 тәулік, көктемде жақсы көктейді, ал шабылғаннан кейін қарқынды көктеп өседі. Қуаңшылыққа, қыстың суығына төзімділігі жақсы, мол ылғалға жақсы қажетсінеді, малдың таптауын жеңіл кетереді, 1966 (2,4,9).

Акмолинский 91, 1998 (11); СИБНИИСХОЗ 88, 1994 (2,12); Тік (жағалаулық) қылтықсыз арпабас Целиноградский 30, 1991 (3).

КӨГЕН ТАМЫРСЫЗ БИДАЙЫҚ-ПЫРЕЙ БЕСКОРНЕВИЩЫЙ ТАПСЫРМА

1. Көген тамырсыз бидайықтың морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену.

2. Сорттардың шаруашылық-биологаялық сипаттамасын оқып- үйрену.

3. Мал азығы мен тұқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Көген тамырсыз бидайық Қазақстанның орманды дала жөне далалық аймақтарында өсірілетін кепжыддық мал азықтық өсімдік. Ол регнерия туыстығына (Коепегіа) жатады, Қазақстанда оның 40-тан аса түрлері өседі. Егістікке көген тамырсыз бидайық (Коепегіа ігасһусаиіоп) жөне талшықты бидайық (К.оепегіа Ягова) енгізілген. Бұлар төбелік типтегі, борпас астық тұқымдас, қуатты тамыр жүйесі, 1,0-1,2 м терендікке бойлайды. Шөптесін бұтасы көптеген жіңішке сабақтардан тұрады, биіктігі 0,6-1,1 м жапырақтануы 24-30%. Жапырақтары жіңІшке, ұзын, қатты. Гүл шоғыры-борпылдақ (борпас) қосқатарлы масақ, ұзындығы 8-15 см, масақшасы 2-3 гүлді, айқас тозанданатын өсімдік. Жемістері (егістік материал)-қабықты дәндер. 1000 тұқымның массасы 2,5-3,5 г. даму типі-күздік-жаздық. Талшықты бидайық көген тамырсыз бидайыққа қарағанда ерте піседі (кектемгі көктеуден шабылмалы пісуіне дейін 45-50 теулік, тұқымның

пісуіне дейін 65-75 төулік), масағы ұзын (12-16 см), доға төрізді иілген, ал тұқымдары күштірек түктенген және күлгін ренді. Бидайықтың кейбір морфологиялық белгілері 67-суретте келтірілген.

67-сурет. Бидайык- 1-егін кегі кезеңіндегі есімдік; 2-кеген тамырлы бидайықтың масақтану кезеңіндегі өсімдігі; 3,4,5-көген тамырлы бидайықтьвд масақтары, масақшасы және жемістері (сол жақта-үлкейтілгендері); 6-коген тамырсыз бидайық өсімдігінің төменгі бөлігі; 7,8,9-көген тамырсыз бвдайықтың масақтары, масакдіасы, жемістері (сол жақта-үлкейтілгендері).

Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген көген тамырсыз бидайық сорттары:

Карабалыкский -Қарабалық МАТС-да шығарылған. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден масақтануға дейін 62-66, түқымның пісуіне дейін 84-100 тәулік. Көктемде және шабылғаннан кейін баяу көктейді, қуаңшылыққа орташа, ал қысқа жақсы тезімді, 1959 (1,7,9,12).

Колутонский (Арман) -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған. Бұтасы тік еседі, борпас, сабағы түкті, биһсгігі 65 см дейін. Бұтақтануы жоғары жапырақтануы 54% дейін. Көктемде жөне бірінші шабылғаннан жақсы көктейді, ал екінгі шабыстан соң баяу. Кектеуден шабылмалы пісуіне дейінгі вегетациялық толық пісуіне дейін 90 төулік. Құрғақшылыққа және қысқа төзімді сорт, 1994 (1). КӨКШІЛ СҮР БИДАЙЫҚ-ПЫРЕЙ СИЗЫЙ-АСКОРҮКОК СЬАІІСІШ

Көкшіл сүр бидайық (орташа бидайық)-А§горугоп £Іаисит, көпжылдық, қысқа көген тамырлы төбелік типтегі астық түұқымдас, шабывдық және жайылымдық өсімдік. Сабақтары тік өседі, буындарында біршама жуанданған, жалаңаш, жақсы жапырақтанған. Жапырақтары түкті, көкшіл сүр түсті. Гүл шоғыры үзындығы 7-10 см борпас масақ, көпгүлді, өлсіз қылтықты. Жемісі-дән, 1000 түқымның массасы 2,5-3,0г. Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:

Ростовский 31 - Зерноград МАТС-да шығарылған. Тік өсетін бұтасының биіктігі 65-90 см, бұтада 23-56 сабақ болуы мүмкін. Масақтануға дейін сабақтары нәзік, жапырақтары сызықты, көкшіл сұр-жасыддау, жұмсақ. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден шабылмалы пісуіне дейін 49-77 тәулік, шабылғаннан кейін жөне көктемде баяу көктейді, қуатты тамыр жүйесі бар, шөптесінде ұзақ уақыт сақталады. Қысқа және қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1974 (1,4,9,12).

Омич-Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, 1989 (1,7,9).

Карабалыкский сизый, 1998 (7).

Жоғарыда аталған сорттардан басқа көпжыддық астық тұқымдас шөптердің темендегідей сорттары пайдалануға рұқсат етілген:

Шалғындық бетеге: Каргалинская, 1991 (3); Пензенская, 1989 (6).

Сібірлік пырейник: Гуран, 1974 (1,12).

Даурлық пырейник: Нарынкольский, 1991 (3).

Ситник ломколоснигі: Бозойский, 1975 (1,2,3,4,5,6,7,9,11,12,13); Шортақцинский, 1975 (1,3,9,11,12).

Тік арпабас: Целиноградский 30, 1991 (3).

Жима тарғақ: Заилийская, 1993 (3); Каркара, 2000 (3).

Қазақстанда көгалға (көгаддық дюптер) себуге рүқсат етілген шалғындық қоңырбас сорты Барон, 1985 (3,5,8,13,), түрліжапырақты бетеге сорты Изумрудная, 1986 (3,5,8,13).

Пайдалануға рүсат етілген басқа түқымдастардың кепжылдық жөне біржыддық өсімдіктері: Қара сексеуіл сорты; Жан-Сая, 2000 (8,13); Шашақты амарант сорты: Атлант, 1995 (3,4,13); Изен (прутняк) сорттары ~ Алма-Атинский песчаиый 1, 1985 (3); Бактоген, 1999 (3); Задарьинский, 1990 (13); Күйреуік сорттары-Айдарлинский 1, 1985 (3); Сэн, 2000 (8,13): Теріскен сорттары-Арысский, 1990 (13); КЛХ-2, 1990 (3); Қызыл-күм, 1999 (13); Чолон (азжапырақты эления) сорты: Сырдарьинский, 2000 (8,13).

Бақылау сұраұтары

1. Қазақстанда егістікте және шалғындық жайылымдық шаруашылықта өсірілетін кепжылдық астық тұқымдас шөптердің азықтық құндылығын сипаттау.

2. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің негізгі түрлері және оларды Республика мен Солтүстік Қазақстанның топырақ-климат аймақтарына орналастыру.

3. Астық тұқымдас еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық ж.б. шөптердің морфологиялық ерекшеліктері, жапырақтануы.Еркекшөп пен бидайықтың негізгі түрлері.

4. Еркекшөп, бидайық, райграс, арпабас, бетеге ж.б. түрлерін тұқымдары мен гүл шоғырлары бойынша айырмашылық белгілері.

5. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің өсіп-даму ерекшеліктері. Топырақ-климат жағдайларына байланысты өнімді пайдаланудың ұзақ-еміршеңцігі.

6. Көгакылдық астық тұқымдас шөптердің биологаялық ерекшеліктері (жылуға, ылғалға, топыраққа талаптары). Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарында өнімділігінің потенциальды мүмкіндігі. Агротехника мен себілгеннен кейінгі жағдайларға байланысты танаптық өнгіштігі және өсімдіктерінің сақталуы.

7. Республика мен Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген көпжылдық шөптердің сорттары.

8. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді мал азығы мен тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері:

а. алғы дақылдар мен жамылғысыз және жамылғылы себу тәсілдерінің жағдайлары;

б. қалыптасқа жағдайларға байланысты себу мерзімдерін негіздеу;

в. себу кезеңіндегі нақты жағдайларға байланысты тұқымның себу мөлшері мен олардың сіңіру терендігі;

тыңайтқыштар мөлшерін есептеудің ерекшеліктері және оларды көпжылдық шөптерге енгізу;

д. бірінші және одан кейінгі тіршілік жыддарындағы шөптердің егістігін күтіп-баптау.

10. Мал азығын жинау жөне дайындау технологиясы. Мал азығьш дайындаудың прогрессивті технологиялары.

4.3. МАЛ АЗЫҚТЫҚ БІРЖЫЛДЫҚ БҰРШАҚ

ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: